Пятница , 23 мая 2025

КҮН МЕН ТҮН 14 наурызда ТЕҢЕСТІ

Міне, түр­кінің төл жаңа жылы 14 наурыз бен 15 наурыз қауы­сқан түн­гі сағат 00:00-дегі мәлі­мет бұл! Маңғы­стау (Ақтау), Алма­ты, Аста­на үше­уінің уақы­ты алын­ды. Демек, Ақта­уда күн 07:45-те шығып, 19:45-те бата­ды; Алма­ты­да 06:02-де күн шығып, 18:02-де бата­ды; Аста­на­да 06:23-те күн шығып, 18:24-те бата­ды. Қалған жер­лер де осылай.

Енде­ше неге біз көр­гені­нен жаз­бас соқыр­дай: «Күн мен түн 22 науры­зда теңе­седі. Жыл басы сол!» деп, «қызылбас»-шиғалардың мере­кесіне жабысып, айы­рыл­май­мыз?! Бұл 1988 жылы әлдебір шала сая­сат­кер­лер­дің кесірі­нен, бәл­кім, қасты­ғы­нан неме­се көр­ші пар­сы­лық мәде­ни­ет ықпа­лын­дағы тәжік, өзбек­тер­ге еріп, бекіп кет­кен қателік болатын!

Тұран мен Иран қоң­сы­лық хақы ғана бар деме­сең, мүл­де бөлек екі тек, екі әлем ғой! Иран­ды­қтар­дың Тұран мәде­ни­еті­нен қашып, «аст­ро­ло­ги­я­лық теңе­су» жасап, 22 науры­зға тығы­лып жүр­гені де сол емес пе?! Әлде сен сол елден сат­ты­ққа кел­ген құл мен күң бе едің?! Бұрын да неше рет жаз­дым, 22 науры­зда күн түн­нен 22–23 мүй­нет озып кете­ді! Бұдан бес мың жыл бұрын адам миы­на ота жасаған, 6–7 мың жыл бұрын ұлы өрке­ни­ет­ке ие болға­ны ғылы­ми дәлел­ден­ген біздің баба­ла­ры­мыз жеті қат көк, жеті қат жер­дің сырын қапы­сыз таны­ған! Өйт­кені олар­да Жүрек-Қақ­па­сын аша­тын алтын кілт болған! Саф алтын­дай ұлт­тық салт-дәстүрі­мізді, тәр­би­елік мәні зор әдет-ғұр­пы­мы­зды өзге жұрт­тың қаң­сы­ғы­мен ара­ла­стыр­май, таза сақтаған! Сон­ды­қтан да дана баба­лар дүниенің сыры­нан еш жаңы­лы­спаған, есеп­терін­де қате болмаған!

Біз сор­лы ала­ман-асыр бұлғақтар­да сол кілт­ті жоғал­тып алып, соқы­раң­дап жүр­міз. Сол асыл баба­лар­дың азған ұрғы­ны біз ғана: өзі жетім, өзі соқыр қозы құсап әркім­нің емше­гіне жабы­са­мыз! Ал олар реті кел­се, Тыныш ақын айтқан­дай: «Бүй­ірің­нен солқ еткі­зе сала­ды». Бірақ оған да еш апшы­май­сың. Ашса да – көр­мес, түрт­се де сезбес қорен болып­пыз! Қорен­сің, қорен болған­ды­қтан да – алы­стағы баба­ның үнін есті­мес, жақын­дағы дана­ның мұңын ескер­мес кереңсің!

Ұрпақтың тілін отар­шыл­дарға бер­дік, дінін уақап­шыл­дарға бер­дік, Жаңа жылын шиға­ларға бер­дік, дәу­лет-кенін кім-көрін­ген­ге бер­дік, сон­да өзі­міз­де не қал­ды?! Уақыт тым жүр­дек болып бара­ды. Біз тез өз құбы­ла­мы­зды айқын­дап, жоғал­тқан­да­ры­мы­зды тауып, өз орны­на қой­ып үлгер­ме­сек, айтқан жер­ден аулақ, жоға­лып кету қау­пін­де тұрмыз!

Есенға­ли марқұм­ның: «Ұға­мысың сен мені, ей, тұқы­мы көбей­гір, өгіз емес – бура­сың!» деген жыры бар. Ей, түр­кі төлі, алаш зәу­за­ты, қазақ ұрпағы, сенің тегіңнің кім екенін өзіңе түсін­ді­ре алмаудың қан­ша­лық аза­пқа салып жатқа­нын қашан ұғар екенсіңдер?!

Сон­ды­қтан билік­тің «14 наурыз – Көрі­су күні, 22 наурыз – Жыл басы» деп бел­гіле­гені мүл­дем қате! Жыл­дың басы – Ұлы­стың Ұлы күні 14 наурыз! Мұны Шәкәрім қажы Құдай­бер­діұ­лы әулие де шеге­леп айтып кет­кен! Енде­ше қателік түзетілуі керек. Ең әуелі, төл Ұлт­тық мей­ра­мы­м­ы­здың шын күнін бел­гілеп, шынайы атын айқын­дап алуы­мыз шарт! «Көрі­су» сал­ты сол Ұлық мере­кенің қаси­ет­ті қазық-атри­бут­та­ры­ның бірі ғана! Ғажап жоралғы! Егер бұл сал­ты­мы­зды дұрыс жолға қоя алсақ, оны адам мен адам­ды, қоғам мен қоғам­ды, тіп­ті елдер мен елдер­ді жақын­да­сты­ру­дың нағыз желі­міне айнал­ды­руға болар еді!..

Осын­дай қаси­ет­ті түн­де қатқыл сөз жазға­ны­ма қай­та-қай­та ғафу өті­нем! Тағы да Шәкәрім ата­ма сүй­е­нем (сүй­е­нетін тау­ла­рың болға­ны нет­кен ғани­бет!): «Сөк­кенім бол­сын – сүй­генім, ащы тіл­мен тигенім – жоғал­сын деп міндерің!».

Айлар­дың һәм күн­дер­дің сұл­та­ны­мен бір­ге – сәу­лесі күл­лі ғалам­ды, тәу­бесі күл­лі адам­ды орап кел­ген; Күн мен Түн­ді, қуа­ныш пен мұң­ды, алыс пен жақын­ды, қара мен ханды, жас пен кәріні теңе­сті­ре кел­ген; «көк тасты балқы­та», балқы­ған жүрек­тен Хақ жұпа­рын аңқы­та кел­ген Ұлы­стың Ұлы күні – төл Жаңа жылы­мыз құт­ты бол­сын! Жаңа­ра бер, жаса­ра бер, жаңғы­ра бер, Тұран жұр­ты Қазақ елі! Тезірек Темірқа­зы­ғы­ң­ды табуы­ңа зар илеп тілектеспін!

Уай, Мей­ірім­ді Жаратқан Ием, осы­нау қастер­лі түн­де – аспан мен жер­дің ара­сын­да қылған дұғам­ды жер­ге түсір­мей қабыл ете гөр!

 Светқа­ли НҰРЖАН ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері

Республиканский еженедельник онлайн