Пятница , 4 июля 2025

КӘСІБИ ЖУРНАЛИСТИКА Бәсі жоғары ҚАЖЕТТІЛІК

Әкесін­дей кісі­ге әкірең­деп, ата­сын­дай адам­ның алдын­да астам­сып сөй­лей­тін, мақа­ла жаз­са, жекіріп, ұрсып жаза­тын жур­на­ли­стер­дің қара­сы 90-жыл­дар­дың соңын ала көріне бастаған еді. Теле­ар­на­лар­да теп­сініп, тістеніп тұрып бағ­дар­ла­ма­лар жүр­гі­зетін, жаңа­лы­қтар жет­кі­зетін әріп­те­стері­міз де сол «тоқ­сан­ның» аяғын­да пай­да бол­ды. Әріп­те­стері­міздің әлгін­дей қылы­ғын біре­улер өткір­лік­ке, мінез­ге балап жүр­ді. «Ой, сой­ып сал­ды, сой­қан» десетін. Ал «сой­ып сал­ды сой­қан­дар» соқа­лап тастаған бас­пасөз­де қан­дай мәде­ни­ет, қан­дай кәсі­би­лік болсын?..

Аты­шу­лы бір арна­да бір жур­на­лист бол­ды… ашу­лы ару­ақ сияқты. Экранға шығып алып абы­рой­лы аза­мат­тарға ақпа­рат­тық тұрғы­дан абью­зер жасап отыратын.

«Кара­ван» дей­тін газет басқа­ны қой­ып, тұтас ұлт­тың ар-намысын аяққа тап­тап, талай мақа­ла жаз­ды. «Кара­ван­ның» көшіне ілес­кен­дер де тілі кемістік көріп жатқан қаза­қты аяған жоқ. Бас­пасөз май­да­нын­да сон­дай кезең­нен өттік. Әл-әзір де сон­дай келеңсіздік әредік шаң беріп қояды.

Қазір, міне, интер­нет зама­ны. Дәстүр­лі БАҚ-ты жай­ы­на қал­ды­рып, ала­манға жаңа медиа шықты. Бұл күн­де қолын­да гад­жеті бар­дың бәрі – «жур­на­лист», бәрі бло­гер. Мұның бір есеп­тен қоғам­дық пікір­дің пәр­менін арт­ты­руға сеп­ті­гі тиіп-ақ жатыр, зия­ны да жоқ емес. Зия­ны – жалған ақпа­рат­тың көбе­юі, оқиға­лар­дың мей­лін­ше бұр­ма­ла­нып берілуі, деректер­дің тек­серіл­ме­уі, сарап­та­ма­лық мате­ри­ал­дар­дың азаюы…

Осы күні жур­на­лисі мен бло­гері бәсе­ке­ге түс­кен­дей қоғам­ды жалаңа­шта­уға жары­са кіріс­кен. Құн­ды­лық ата­у­лы қал­май бара­ды. Жұрт­тың құлағы да, құлы­ғы да жаман­ды­ққа үйрен­ді. «Атып кет­ті, шауып кет­ті, зор­ла­ды, қор­ла­ды» деген хабар­лар­ды шімірік­пей тың­дап неме­се оқып оты­ра береді. Ойлы дүни­е­ге жола­май­ды. Білік­ті көсем­сөз­шінің, кәсі­би жур­на­ли­ст­тің тал­дап, тара­зы­лап жазған мақа­ла­сы (көле­мі қысқа бол­са да) газет-жур­нал­ды қой­ып, осы «Фейс­бук­тің» өзін­де оқыл­май­тын бол­ды. Есесіне «елім» деп еміре­нетін жұр­ты­мыз жеңіл-жел­пі жаз­баға әуес, соған үйір. Жә, солай-ақ бол­сын. Қалың көп­шілік қашанғы қалың ойдың құшағын­да қама­лып отыр­сын. Оның үстіне тұяққап­ты тұр­мыстың еңсені езетін мәсе­ле­лері­мен кім бол­са да бет­пе-бет келіп жүр емес пе? Сон­ды­қтан қоғам үшін ойла­на­тын ақыл­ды бастар болуы керек. Ол бастар­дың қау­а­шағын­дағы ойлар қоғам­ды ізгі­лен­діріп, алға жете­ле­уі қажет. Бұл – инклю­зивтті инсти­тут­тарға жүк­тел­ген мін­дет. Сон­дай мін­дет жур­на­ли­стер­ге де жүктелген.

Адам­зат қоға­мы­ның шалғай­ын соғыс өрті шар­пы­ған, тран­скор­по­ра­ци­я­лық мүд­де­лер дүниені былы­қты­руға бел­сене кіріс­кен, стресс жай­лаған, пси­хи­ка­лық дерт­тің түр­лері асқы­нған, жас ұрпақтың жанын езіп-жан­шы­ған, қарт­тар­дың қадірін қашы­рған заман­да халы­қа­ра­лық жур­на­ли­ст­тік қоғам­да­стық енді­гі бағыт­ты өзгер­ту керек деген мәміле­ге кел­ген сияқты.

Осы орай­да халы­қа­ра­лық жур­на­ли­стер қауым­да­сты­ғы ЮНЕ­СКО-ның қамқор­лы­ғы­мен «Жур­на­ли­стер­дің мінез-құлық қағи­дат­та­ры­ның декла­ра­ци­я­сын» және «Жур­на­ли­сти­ка­дағы кәсі­би эти­ка­ның халы­қа­ра­лық қағи­дат­та­ры» деп ата­ла­тын құжат­тар­да көрініс тапқан негіз­гі эти­ка­лық прин­циптер­ді анықтады.

Шынайы ақпа­рат беру және оқиға­лар­ды объ­ек­тив­ті жари­я­лау жөнін­де­гі ере­же­лер­ді сақтау, жур­на­ли­стің әле­умет­тік жау­ап­кер­шілі­гі мен кәсі­би адал­ды­ғы, кез кел­ген тұлға­ның жеке өмірі мен қадір-қаси­етін, қоғам­дық мүд­де­лер­ді, жал­пы­ға ортақ құн­ды­лы­қтар мен мәде­ни­ет­тер­дің алу­ан түр­лілі­гін құр­мет­теу – жаңа әлем­дік ақпа­рат­тық және ком­му­ни­ка­ци­я­лық тәр­тіп­ті дамы­туға және нығай­туға арналған.

Бүгін­гі таң­да қаза­қстан­дық қоғам­да факт­че­кинг және вери­фи­ка­ция ұғы­мын нығай­ту маңы­зды болып тұр.

Халы­қа­ра­лық жур­на­ли­сти­ка­да sensitive journalism, яғни «сезім­тал жур­на­ли­сти­ка» бағы­ты пай­да бол­ды. Оның басты мақ­са­ты – этно­са­ра­лық қаты­на­стар, кем­сіту­шілік, харас­смент, суи­цид, зор­лық-зомбы­лық, қыл­мыс ата­у­лы һәм күр­делі, һәм нәзік тақы­рып­тар­ды сарап­тап жазу, мәсе­лені ушы­қтыр­мау… Айна­лып кел­ген­де, біз көтеріп оты­рған мәсе­ленің бәрі жур­на­ли­стің ішкі әдебі мен кәсі­би­лі­гіне келіп тіреледі.

Ақпа­рат­тың ала топа­лаңы да бір күні басы­лар. Өйт­кені халық фей­ко­ма­ния жай­лаған қоғам­нан түбі бас тар­та­ды. Сол кез­де шынайы ақпа­ратқа деген сұра­ныс қай­та туа­ды. Сәй­кесін­ше, кәсі­би жур­на­ли­сти­ка­ның да бәсі арт­пақ. Біз соған дай­ын болуы­мыз керек. Оған дей­ін жур­на­лист эти­ка­сы деген тақы­рып­ты талқы­лай тұруға тура келіп тұр.

Дәу­рен ҚУАТ

F

Республиканский еженедельник онлайн