Четверг , 19 июня 2025

КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНА МА?

Соны­мен, биы­лғы жылы киелі Көк­ше­та­уда Ұлт­тық құры­л­тай­дың төр­тін­ші оты­ры­сы жоға­ры дең­гей­де өткенін жұрт­шы­лық ыстық ықы­ласпен қабыл­да­ды. Елдің бола­шағын айқын­дай­тын стра­те­ги­я­лық маңы­зды жиын­да қоғам­дағы ең өзек­ті мәсе­ле­лер талқы­ға түсіп, елдің келе­шек дамуы мен өркен­де­уіне бағыт-бағ­дар беретін тың ұсы­ны­стар ортаға салын­ды. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев бірқа­тар қоғам бел­сен­ділері тара­пы­нан көтеріл­ген әле­умет­тік өзек­ті мәсе­ле­лер­ді қозғап, тиісті орын­дарға нақты тап­сыр­ма­лар бер­ді. Әрі мем­ле­кет бас­шы­сы осы жолғы Ұлт­тық құры­л­тай­да дін мәсе­лесіне ерекше тоқтал­ды. Елі­міз­де дін бостан­ды­ғы­на кепіл­дік беріл­се де, жүген­сіздік­ке, бей-бере­кет­сіздік­ке, тəр­тіп­сіздік­ке жол беру­ге бол­май­ды. Дін­нің аса маңы­зды мис­си­я­сы ұлт­ты ұйы­сты­руға тиіс десек, діни ұйым­дар­дың қыз­метін рет­тей­тін құжат­тар осы тала­пқа сай болуға тиіс. Бұл мəсе­лені жан-жақты қарау керек, – деді мем­ле­кет басшысы.

Құры­л­тай­да Мəжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи елі­міз­де­гі діни аху­алға алаң­да­у­шы­лық біл­діріп жүр­генін тіл­ге тиек етті. Басқа да қоғам қай­рат­кер­лері жат діни ағым­дар­дың жастар ара­сын­да ықпа­лы күшей­іп бара жатқа­нын айт­ты. Теріс ағым­дарға, қаза­қтың бол­мысы­на жат идео­ло­ги­я­ларға тосқа­уыл қою қажет екеніне еш күмəн жоқ.

Осы орай­да соңғы кез­дері елі­міз­де беті-басын бүр­ке­ме­леп, тұм­ша­ла­нып алған­дар­дың көбей­іп бара жатқа­ны, солар­дың қара қарға­дай қап­тап кет­кені көп­шілік­ті алаң­да­ту­да. Олар­дың қан­дай мақ­сат­пен бүр­ке­ме­леніп алға­ны, іштеріне не тығып жүр­гені де бел­гісіз. Жақын­да осы мәсе­ле Пар­ла­мент­те қара­лып, ондай­ларға елі­міз­де тый­ым салу тура­лы мәсе­ле көтеріліп, арнайы заң қабыл­да­на­ты­ны тура­лы жиі айты­ла баста­ды. Бұл өте орын­ды мәселе.

Біле біл­ген­ге дін деген – аса сезім­тал, санаға әсер ететін күр­делі мәсе­ле. Ол бүкіл әлем халқын ғасыр­лар бойы толған­ды­рып келеді. Бар­ша адам­зат тарихы мен мәде­ни­ет­тің ажы­ра­мас бөлі­гі – дін екені дау­сыз. Бағам­дап отыр­сақ, жер бетін­де­гі бар­лық дін­дер бей­біт­шілік, рақым­ды­лық, әділ­дік сияқты жоға­ры құн­ды­лы­қтарға негізделген.

Қазір­гі жаһан­да­ну зама­нын­да, ғалам­дық құн­ды­лы­қтар­дың өзі мың құбы­лып тұрған уақыт­та жасан­ды интел­лект деген де жастар сана­сы­на, діни көзқа­ра­сы­на өз әсерін тигі­зуі әбден мүм­кін. Соның сал­да­ры­нан әле­умет­тік желілер­де­гі теріс пиғыл­ды ағым­дар­дың жете­гін­де кететін­дер саны көбейе түсу­де. Алдағы уақыт­та мұны да наза­рдан тыс қал­дыр­мау керек. Енде­ше жаңа­дан қабыл­да­на­тын «Дін тура­лы» заң талап­та­рын­да осы мәсе­ле де ескеріл­гені жөн.

Елі­міз­де «Діни қыз­мет және діни бір­ле­стік­тер тура­лы» заң соңғы рет осы­дан он төрт жыл бұрын, яғни 2011 жылы күз­де қабыл­да­нып­ты. Сол заң­да халы­қтың руха­ни өмірі мен мәде­ни­етінің дамуын­да ислам­ның хана­фи­лік бағы­ты мен хри­сти­ан­ның пра­во­сла­вие бағы­тын­дағы дін­нің Қаза­қстан халқы­ның руха­ни мұра­сын қам­ти­ты­ны тура­лы құжат болған.

Бұл енді ел еге­мен­ді­гінің алға­шқы он жылын­дағы мем­ле­кет алдын­дағы ұлт­тық тұта­сты­қты сақтап қалу мен қоғам­ның руха­ни дамуы­на қыз­мет атқа­ра­тын мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты «Діни сенім бостан­ды­ғы» тура­лы екін­ші құжат десе болғандай.

Содан бері елде­гі діни аху­ал едәуір өзгеріс­ке ұшы­ра­ды. Әсіре­се дін мен тіл, сон­дай-ақ жер мәсе­лесіне кел­ген­де халқы­мыз бей-жай отыр­май, деле­бесі қозып кете­ді. Ұлт­тық сая­сат, ұлт­тық мем­ле­кет­ті қалып­та­сты­ру деген­де, жұрт­тың сана­сы сер­піліп, пат­ри­от­тық сезі­мі оянып, арқа­ла­нып кететіні ақиқат. Бұл ұлты­мы­здың қанын­да бар қаси­ет. Ұлт­тық мүд­де үшін бұл қуа­ны­шты жағ­дай, әрине. Сон­ды­қтан түбін­де бұл мәсе­ле өзінің оң нәти­же­сін береді. Сол кез­де Қаза­қстан­да қалып­тасқан шынайы аху­ал­ды мой­ын­даған соң, билік те халы­қ­пен сана­са­тын жағ­дай­ға мәж­бүр болады.

Соңғы кез­де жыл сай­ын елі­міз­де хиджап таға­тын­дар көбей­іп, көзін ғана жыл­ты­ра­тып, қара киім жамы­лған­дар саны артып бара жатқа­ны алаң­да­та­ды. Көше­ге шық­саңыз, көлік­ке мін­сеңіз, бетін тұм­ша­лаған, ете­гіне сүрініп-қабы­нған жастар­ды жиі кез­де­стіресің. Әрі солар­дың дені өзге тіл­ді пай­да­ла­на­ды. Бәл­кім, сол тіл­де­гі адам­ды бау­рап ала­тын үгіт-наси­хат­тар пәр­мені болар. Ал енді оқу жылы басталған­да, мек­теп­ке барған кей оқу­шы жастар мен олар­дың ата-ана­ла­ры ора­мал мәсе­лесіне кел­ген­де үлкен дау көтеріп, әр тұста шу шыға­рып жата­ды. Осы хиджап дауын көте­ретін арнайы бел­сен­ділер пай­да болға­нын да бай­қай­мыз. Бұл нені білдіреді?

Жал­пы, елі­міз­де­гі ушы­ғып тұрған дін мәсе­лесі, түр­лі ағым­дар­дың бой көте­руі мен хиджап кию төңіре­гін­де жұрт­шы­лы­қты алаң­датқан мәсе­ле халық қала­у­лы­ла­рын да бей-жай қал­дыр­ма­са керек.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи мыр­за біз­бен болған әңгі­месін­де осын­дай заң жоба­сы депу­тат­тар­дың баста­ма­сы­мен дай­ын­да­лып, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қара­уы­на, солар­дың талқы­ла­у­ы­на, заң­дық тұста­рын сарап­тап, келі­су­ге кет­кені тура­лы айт­ты. Депу­тат­тар заң жоба­сын дай­ын­дап, халық күт­кен құжат­ты қабыл­даған­нан кей­ін, оны орын­дап, жүзе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік орган­дар екені түсінік­ті, әрине. Заң қабыл­данған соң, әрине, ол орын­да­луы тиіс. Егер ол тиісті дең­гей­де жүзе­ге аспа­са, жұмыс істе­ме­се, ол несіне заң болады?

Демек, халық қала­у­лы­ла­ры да қарап жат­пай, ауқым­ды жұмыс тын­ды­рған. Енде­ше көп кешік­пей, бұл заң ары кет­кен­де күз­ге дей­ін Пар­ла­мент­тің кезек­ті сес­си­я­сын­да қабыл­да­нуы мүмкін.

Осы хиджап деген де, сала­фит­тер де, сақал­ды тер­рор­шы­лар да, түр­лі діни ағым­дар да – «ескі Қаза­қстан­да» қалып­та­сып, пай­да болған дүние екені жиі айты­лып жүр. Солар­ды кім дай­ын­да­ды? Олар­дың мақ­са­ты қан­дай? Бұл жағ­дай қай­дан шықты? Қазір ойлап, сарап­тап отыр­сақ, олар­дың ой-пиғы­лы «Жаңа Қаза­қстан­ды» тең­сел­ту, Әділет­ті Қаза­қстан­ның іші­нен іріт­кі салу ма дей­сің. Сала­физм иде­я­сын тара­тып, жаңа­дан өзгеріс­ке ұмты­лған Қаза­қстан­ды ыды­ра­ту сияқты әре­кет жаса­мақ секіл­ді көрі­неді. Оның артын­да сол үшін қар­жы бөлу шара­ла­ры жүріп жатқандай.

Айта­лық, біз шағын биз­нес деп жүр­ген мәсе­ле­де көлік құрал­да­ры­ның түр­лі авто­бөл­шек­терін сата­тын базар­лар­да, сол секіл­ді қал­та­фон, смарт­фон гад­жет­терін сатып жүр­ген­дер­дің көбінің сақа­лы қауға­дай жас жігіт­тер екенін бай­қай­мыз. Мыса­лы, Алма­ты­ның бұры­нғы аэро­вок­за­лы болған жер­ге бар­саңыз, соны сауда­лап жүр­ген­дер­дің бәрі осын­дай адам­дар. Басқа қала­лар­да да осын­дай әре­кет бай­қа­ла­ды. Демек, әрі­ден ойлап, орта және шағын биз­не­сті жау­лап алу, соған қар­жы бөлу арқы­лы өз әре­кет­терін жүзе­ге асы­ру­ды көз­де­ген­дей. Міне, осы жәйт­ке тиісті орган­дар дер кезін­де назар аудар­ма­са, қазір­гі аху­ал осындай.

Ал Қаза­қстан­дағы мешіт­тер­дің аху­а­лы қан­дай? Онда қан­дай уағы­здар айты­ла­ды? Елді шынайы уағызы­мен бау­рап ала­тын сау­ат­ты имам, мол­да­лар жет­кілік­ті ме? Әлде дүм­ше мол­да­лар көбей­іп кет­ті ме? Түр­лі діни ағым өкіл­дері астыр­тын өз үгіт-наси­ха­тын жүр­гізіп оты­рған жоқ па? Кей мешіт­тер­ге аса қым­бат көлік­тер­мен топ-тобы­мен келетін­дер кім­дер? Бұл да мұқи­ят назар ауда­ра­тын мәселе.

Қысқа­сы, дін мәсе­лесіне кел­ген­де қоғам­да ауы­з­бір­шілік бай­қал­май­ды. Сол сала­физм мен басқа да түр­лі ағым­дар­ды қол­дай­тын, жұрт­ты ұйы­тып, арты­нан іле­стіру­ге әре­кет­тен­ген арнайы адам­дар бар. Бірақ солар­дың кей­бірі не істеп жүр­ген­дерін өздері де біле бер­мей­ді. Біз сала­физм­ге қар­сы­мыз дей оты­рып, өз әре­кет­тері­мен солар­ды наси­хат­тап оты­рған­да­рын бай­қа­май­ды. Бұл енді сая­си сау­ат­сыздық па дерсің.

Бай­қа­саңыз, соңғы жыл­да­ры араб елдері­нен инве­сти­ция салу деген желе­умен түр­лі қор­лар­дан мол қар­жы­лар келіп жатыр. Тіп­ті кей­бір ірі кәсі­по­рын­дар­ды сатып алу­да. Бір кез­де елден ұрла­нып, заң­сыз сыр­тқа шыққан актив­тер сол араб елдері арқы­лы қазір инве­сти­ци­я­лық салым­дар ретін­де заң­да­сты­ры­лып қай­та келу­де дей­ді Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи. Олар сол арқы­лы заң­сыз ұрланған қар­жы­ны елге сала­фи­зим иде­я­ла­рын нығай­ту мақ­са­тын­да қай­та енгізіп жатыр деген­ді айтады.

Осы мәсе­ле­ге орай соны зерт­теп, сая­си баға беретін, терең сарап­та­ма жасай­тын таны­мал сая­сат­кер­лер неге үнсіз қалып отыр? Ол өзі қол­мен ұстай­тын, көз­ге көрініп тұра­тын нәр­се емес. Оның бәрі наси­хат­пен, үгіт­пен санаға әсер ететін әре­кет­тер. Бұлай кете бер­сек, өз дәстүрі­міз­ге сел­соқ қарап, ұлт­тық мүд­дені жой­ып ала­мыз ба деп алаң­дай­мыз. Демек, ояну керек, сана­ны сер­піл­ту керек. Бұл істе бірін­ші кезек­те ұлт­тық мүд­дені қорғай­тын билік­тің ерік-жігері қажет. Егер жаңа­дан қабыл­да­на­тын «Дін тура­лы» заң тиісті дәре­же­сін­де қабыл­да­нар бол­са, бұл біздің елі­міз­де­гі дін сала­сын­да көп мәсе­лені рет­ке кел­тіретін маңы­зды құжат бола­ды деген үміттеміз.

Қазір бай­қап отыр­сақ, жасөс­пірім бала­лар мек­теп­те емес, мешіт­те қап­тап жүр­генін көресіз. Әсіре­се жұма күн­дері мешіт­ке қарай асы­ққан бала­лар мен жастар­дың әре­кеті таңқал­ды­ра­ды. Олар­дың оқуға, ілім-білім­ге деген ынта­сы дәл осы­лай бай­қал­май­ды. Жаңа заң­да кәме­лет­ке тол­маған бала­лар­ды қасын­да ата-ана­сы бол­ма­са, мешіт­ке кір­гізу­ге тый­ым салы­на­ты­ны, мек­теп­ке ора­мал тағып, тұм­ша­ла­нып баруға бол­май­ты­ны тура­лы тар­мақтар қам­ты­лған секілді.

Жал­пы, Қаза­қстан тара­пын ойлан­ды­ра­тын жәйт – көр­шілес түбі бір туы­с­тас елдер­де діни аху­ал қан­дай? деген мәсе­ле бар. Айта­лық, Өзбек­стан, Қырғыз рес­пуб­ли­ка­сы, Түр­кі­мен­стан, Әзір­бай­жан елдерін­де бұл мәсе­ле қалай шеші­мін табу­да деген сау­ал да жоқ емес. Олар­да да әсіредін­шіл­дер мен сақал­ды, қысқа балақты, бол­ма­са хиджап киген, түр­лі діни ағым­дар­дың жай­ы­на орай қолға алған тәжіри­бесі қан­дай деген сан сұрақ туындайды.

Демек, Қаза­қстан жұрт­шы­лы­ғы көп­тен күт­кен, жедел қабыл­да­нуға тиісті «Дін тура­лы» аса маңы­зды заң­да көп мәсе­ле қам­ты­лған болуы тиіс. Бұл заң қашан қабыл­да­нар екен деп, қоғам­да соның лай­ы­қты қыз­мет атқа­руын, ел тыны­шты­ғы мен халқы­мы­здың өрке­ни­ет­ке қарай дамуы­на қыз­мет атқа­ра­тын құжат­ты жұрт­шы­лық асы­ға күтіп отыр.

Сая­сат БЕЙІСБАЙ,Философия,саясаттану және дін­та­ну инсти­ту­ты­ның бас сарапшысы

Республиканский еженедельник онлайн