Вторник , 1 июля 2025

КӨП БАЛАЛЫЛАРҒА берілетін жәрдемақы төлеу ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ МЕ?

Қаза­қстан үкі­меті 2020 жыл­дан бастап көп бала­лы отба­сы­ларға жәр­де­мақы­ны көбей­тіп, табысы аз отба­сы­ларға берілетін ата­у­лы әле­умет­тік көмек беру тәр­тібін өзгер­туді ұсын­ды, деп хабар­дай­ды «Азаттық».

Бұл тура­лы 7 қазан­да Нұр-Сұл­тан қала­сын­да өткен үкі­мет оты­ры­сын­да еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Бір­жан Нұрым­бе­тов хабар­ла­ды. Мини­стр­дің айтуы­на қараған­да, ұсы­ныс заң жоба­сы түрін­де әзір­лен­ген. Бұл жоба бой­ын­ша, 2020 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап бала­ла­ры 18 жасқа тол­маған көп бала­лы отба­сы­ларға табысы­на қара­ма­стан 42 мың­нан 72 мың тең­ге­ге дей­ін (109–187$) жәр­де­мақы беріледі. Әр балаға шама­мен 10–11 мың тең­ге­ден есеп­те­леді. Жәр­де­мақы­ның нақты көле­мі өңір­лер­дің ерекшелік­теріне қарай өзгереді.

Егер көп бала­лы отба­сы­лар табысы аз отба­сы­лар қата­ры­на енсе, оларға жәр­де­мақы­дан өзге ата­у­лы әле­умет­тік көмек те (АӘК) беріледі. АӘК күн­көріс мини­му­мы­ның 70 пай­ы­зы дең­гей­ін­де сақта­ла­ды. Алай­да мұн­дай отба­сы­лар­дағы жұмысқа жарам­ды адам­дар­дың бар­лы­ғы әле­умет­тік келісім­шарт арқы­лы еңбек­пен қам­ту орта­лы­қта­ры­мен бел­сен­ді жұмыс істе­уі тиіс. Еңбек­пен қам­ту орта­лы­қта­ры арқы­лы ұсы­ны­ла­тын жұмыс орын­да­ры­ның жалақы­сын мем­ле­кет төлей­ді; жеңіл­детіл­ген кре­дит беріледі. Әле­умет­тік келісім­шар­тты орын­да­маған отба­сы­ларға АӘК берілмейді.

Жаңа жыл­дан бастап табысы аз отба­сы­лар­дың 1 жастан 6 жасқа дей­ін­гі бала­ла­ры­на арналған әле­умет­тік пакет жаса­ла­ды. Әле­умет­тік пакет­те бала­лар таға­мы, гиги­е­на­лық заттар, бала­лар­дың ой-қимыл жүй­есін дамы­тқыш құрал­дар бар. Ал 6 жастан 18 жасқа дей­ін­гі бала­ларға мек­теп фор­ма­сы, жолақы­сы төленіп, мек­теп­те тегін тамақ беріледі. Табысы аз отба­сы­лар­дың 18 жасқа дей­ін­гі бала­ла­ры­на мем­ле­кет кепіл бер­ген тегін меди­ци­на­лық көмек көрсетіледі.

Үкі­мет оты­ры­сы­на қаты­сқан вице-пре­мьер Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың айтуын­ша, көп бала­лы отба­сы­ларға берілетін жәр­де­мақы­лар мен табысы аз отба­сы­ларға берілетін ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ті бұлай нақты­лай түсу – «мұқтаж­дық пен масыл­ды­қты ажы­ра­ту үшін» жасалған.

Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Бір­жан Нұрым­бе­то­втің айтуын­ша, биыл тоғыз айда ата­у­лы 412 мың отба­сы­ға неме­се 2 мил­ли­он 138 мың ада­мға ата­у­лы әле­умет­тік көмек беріл­ген. Оның 73 мыңы ата­у­лы әле­умет­тік алу үшін табысын «жасы­рға­ны» бел­гілі болған, деп хабар тарат­ты «Азаттық».

Деген­мен, қоғам­да «42 500 тең­ге­ден жәр­де­мақы ала­тын көп бала­лы отба­сы­лар АӘК-тен қағы­ла ма?» деген сұрақ нақты жау­а­бын тап­пай тұр. Үкі­мет жеті ай бұрын ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ті тағай­ын­даған­да, жәр­де­мақы­ны кіріс­ке қос­пай­мыз деген еді. Ал енді шене­унік­тер көп бала­лы отба­сы­ның табысы­на қара­ма­стан, әр бала­сы­на 10 600 тең­ге­ден берілеті­нен және осы жәр­де­мақы­ны алған­нан кей­ін де мұқтаж отба­сы­ның сана­тын­да бол­са, 21 мың тең­гелік көмек­тің төле­нетінін айт­ты. Алай­да мұнан кей­ін 21 мың тең­ге жәр­де­мақы­ны алу қиын­дай түседі екен, деп хабар­лай­ды Stan.kz

«Ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ті алып жүр­ген отба­сы­лар­дағы бала­ларға қаты­сты төлем­ді үлкен кісілер­дің қателік­тері­нен және басқа да жағ­дай­лар­дан сақтан­ды­рып қалу үшін, біз оны бөлек мем­ле­кет­тік жәр­де­мақы дәре­же­сіне өткіз­гелі жатыр­мыз. Сон­ды­қтан сол жәр­де­мақы аз қам­ты­лған отба­сы­ның табысы­ның көле­мін­де ескерілетін бола­ды», – дей­ді министр Бір­жан Нұрымбетов.

Яғни, кірісі 83 мың тең­ге болып, жан басы­на шаққан­дағы табыст­а­ры 20 789 тең­ге­ден аз болған­ды­қтан, АӘК алып кел­ген төрт бала­лы отба­сы енді 42 500 тең­гені алған­нан кей­ін 21 мың тең­ге жәр­де­мақы­дан қағы­ла­ды. Себебі кірістері шек­ті меже­ден 120 тең­ге­ге асып кетеді. 

Қалай болған­да да, қоғам­да пай­да болған сая­си-әле­умет­тік толқу­дың қызуын басуға жан­та­ла­са кіріс­кен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың үкі­меті аталған жәр­де­мақы­ны қалай, қан­дай құжат­тар негізін­де алу керекті­гі жөнін­де қоға­мға түсінік­ті хабар тарат­пай оты­рға­ны күдік туғы­за­ды. Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Тоқа­ев пен Ақор­да­ның әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­на Назар­ба­ев пен оның «кіта­п­ха­на­сы» кедер­гі кел­тіру­ге тырысуда.

«DAT-ақпа­рат»

Республиканский еженедельник онлайн