Вторник , 1 июля 2025

ЛАТВИЯДА орыс мектептері ЖАБЫЛАДЫ

Лат­вия кон­сти­ту­ци­я­лық соты елде­гі аз ұлт өкіл­дерінің мек­теп­терін түгел латыш тіліне көші­ру тура­лы заң­ды Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы емес деп тап­ты. Сот төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Сани­та Оси­по­ва «бұл – соңғы әрі дау­ла­у­ға кел­мей­тін шешім» деді.

Был­тыр Лат­вия пре­зи­ден­ті Рай­мондс Вей­о­нис елде­гі бар­лық мек­теп­тер­ді 2021 жылға қарай мем­ле­кет­тік тіл – латыш тіліне көші­ру тура­лы заң өзгерісін бекіт­кен. Қазір Лат­ви­яда мек­теп­тің екі түрі – латыш тілін­де білім беретін және ұлт­тық азшы­лық мек­теп­тері бар, соңғы­сын­да оры­стіл­ді бала­лар да оқи­ды. Ұлт­тық мек­теп­тер­де сабақтың 60 пай­ы­зы латыш тілін­де, қалған 40 пай­ы­зы – ұлт­тық азшы­лық тілін­де оқытылады.

Еуро­па кеңесінің мәлі­метін­ше, Лат­ви­яда СССР-дан кел­ген 223 мыңға жуық аза­мат тұра­ды. Оларға «Лат­вия аза­ма­ты емес» деген арна­у­лы ста­тус беріл­ген. Басқа елдің аза­ма­ты сана­ла­тын 56 мың­нан аса адам­ның төрт­тен бірі – Ресей азаматтары.

Латыш тілін­де аза­мат­тар­дың – 62 пай­ы­зы, орыс тілін­де 37 пай­ы­зы сөй­лей­ді. Есеп бой­ын­ша, орыс­ша сөй­лей­тін­дер­дің 90 пай­ы­зы латыш тілін біледі.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн