Вторник , 18 ноября 2025

ЛГБТ қазаққа жат «ӨНЕГЕ»

Бұл мәсе­ленің қызу талқы­ла­нып жатқа­ны­на бес жыл­дың жүзі бол­ды. Дәл осы мін­бер­ден өзім де, әріп­те­стерім де бір­не­ше рет депу­тат­тық сау­ал жол­дап, мәсе­лені бүге-шігесіне дей­ін талқыладық.

Бұл қаси­ет­сіз топ қаси­ет­ті киіз үйі­міз­де тай­раң­дап, ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды аяққа тап­та­ды. Ұлт­тық фольк­ло­ры­мы­зда гомо­сек­су­а­лизм бар деп, тұтас халы­ққа жала жап­ты. Бұл – бір.

Екін­ші. Тіп­ті мек­теп­тер­ге барып, ашық әрі заң­сыз про­па­ган­да жүргізді.

Үшін­ші. Одан қал­са, Еділ Жаң­быр­шин, Асхат Аймағам­бе­тов, Жанар­бек Әшім­жан, Ардақ Наза­ров, Елнұр Бей­сен­ба­ев пен Самат Мұса­ба­евқа ақпа­рат­тық шабуыл жаса­ды. Біздің жеке басы­мы­зға өтіп, келемеждеді.

Сол үшін арнайы кон­тент әзір­леніп, тара­тыл­ды. Бұл барып тұрған бас­сыздық, заң шыға­ру­шы орган­ның өкіл­деріне қысым жасау, адам құқы­ғын таптау.

Төр­тін­ші. Ең сорақы­сы – олар әле­умет­тік желілер арқы­лы жыныс мүше­лерін, сек­су­ал­дық қарым-қаты­на­ста­рын ашық жари­я­лап қана қой­май, қоғам­ды азғын­ды­ққа үндеп, кең ауқым­да наси­хат­тау жұмысын жүр­гізіп жатыр.

Бесін­ші. Бүгін­ге дей­ін ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды жоюға бағыт­талған әсіре­фе­ми­ни­стік, ЛГБТ қауым­да­сты­ғы арнайы, жос­пар­лы түр­де шетел­ден мил­ли­он­даған дол­лар­мен қаржыландырылуда.

Бұл мен кел­тір­ген бір­не­ше ғана мысал. Әрине, бұған қар­сы қоғам үнсіз қалған жоқ. Был­тыр қоғам бел­сен­ділері E‑petition.kz мем­ле­кет­тік плат­фор­ма­сын­да ЛГБТ наси­ха­ты­на қар­сы пети­ция жари­я­лап, ол аз уақыт ішін­де заң­ды түр­де 50 мың қол жиналды.

Бұл – ЛГБТ-нің елі­міз­ге қажет­сіз әрі жат құбы­лыс екен­ді­гінің, оған халы­қтың ашық қар­сы­лы­ғы­ның анық көрінісі. Осы бой­ын­ша арнайы зерт­теу ұйым­да­сты­ры­лып, оның нәти­же­сін­де ЛГБТ про­па­ган­да­сы жас өрен­дері­міздің пси­хи­ка­сы­на тіке­лей теріс әсер ететіні, олар­дың таны­мын сын­ды­ра­тын қауіп­ті үрдіс екені анықталды.

Бұған қоса, халы­қа­ра­лық бала­лар құқы­ғы­на қаты­сты стан­дарт­тар да осы­ған ұқсас талап­тар­ды қам­ти­ды. БҰҰ-ның Бала құқы­қта­ры тура­лы кон­вен­ци­я­сын­да мем­ле­кет­тер­ге бала­ның руха­ни, пси­хи­ка­лық және физи­ка­лық жағ­дай­ы­на зиян кел­тіретін ақпа­рат пен мате­ри­ал­дар­дан қорғау жөнін­де нақты шара­лар қабыл­дау мін­деті жүктелген.

Сон­дай-ақ 2022 жылы Қаза­қстан Жене­ва декла­ра­ци­я­сы­на қосы­лып, онда әрбір дер­бес мем­ле­кет өздерінің негіз­гі құн­ды­лы­қта­рын, дәстүр­лі отба­сы инсти­ту­тын сақтау бой­ын­ша ұлт­тық сая­са­тын жүр­гізу­ге құқы­лы екені айты­лған. Бұл декла­ра­ци­я­ны АҚШ-тың өзі қабыл­даған. Ең басты­сы – Трамп осы декла­ра­ци­я­ны арқау етіп, бір жыны­сты неке­лер­ге шек­теу қой­ып, енді Аме­ри­ка­да тек әйел және ер жыны­сы бола­ты­нын мәлім­деді. Арнайы жар­лық шығар­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты бір­не­ше халы­қа­ра­лық ұйым Аме­ри­ка­ның Жоғарғы соты­на шағым­дан­ды. Деген­мен, олар­дың ұсы­ны­ста­ры қабыл­дан­бай, Жоғарғы сот Трамп­тың шеші­мін дұрыс деп есептеді. 

Осы­лай­ша, біз түгілі Аме­ри­ка­ның өзі ЛГБТ, транс­ген­дер, бір жыны­сты неке сияқты теріс бағыт­тар­ды қоға­мға жат деп таныды.

Менің қолым­да осы құжат­тар бар. Сон­ды­қтан біздің ЛГБТ-ны наси­хат­та­уды заң­мен шек­теу бой­ын­ша қабыл­дап жатқан нор­ма­ла­ры­мыз кей­бір халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен бел­сен­ділер айтып жүр­ген­дей ешқан­дай адам құқы­ғын шек­те­у­ге бағыт­тал­маған. Керісін­ше, бұл нор­ма­лар дәстүр­лі отба­сы­лық инсти­тут­ты бұзу­дан және бала­лар мен жасөс­пірім­дер­ді деструк­тив­ті идео­ло­ги­я­лар­дан қорғап, ұлт­тық қауіп­сізді­гі­мізді сақта­уға, халқы­мы­здың руха­ни имму­ни­тетін нығай­туға сеп­ті­гін тигізеді. 

Дер­бес мем­ле­кет­тің ішкі ісіне ара­ла­суға, ең басты­сы – оның ұлт­тық заң­да­ры­на қысым көр­се­ту­ге ешқан­дай ұйым­ның құқы­ғы жоқ. Бұл нор­ма­лар ұлт­тың мүд­десін қорға­уға бағытталған.

Еділ ЖАҢБЫРШЫ

ҚР Парла­мен­ті Мәжілісінің Эко­ло­гия және табиғат­ты пай­да­ла­ну коми­тетінің төрағасы

Республиканский еженедельник онлайн