Вторник , 1 июля 2025

Лукашенко Ресейдің «СЫБАҒАСЫН» БЕРДІ

«Ресей Бела­русь елін Баты­стың құшағы­на өзі тық­па­лап бер­ді», – деді еуро­па­лық ұйым­дар­мен инте­гра­ци­я­лық құры­лым­дар және ынты­мақ­та­сты­ққа қаты­сты кеңе­сте Бело­рус­сия пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лукашенко. 

«Укра­ин­ская прав­да» басы­лы­мы­ның хабар­ла­у­ын­ша, Бела­русь Ресей тара­пы­нан болып жатқан шек­те­удің сал­да­ры­нан Баты­спен серік­те­стік­ті нығай­туға мәж­бүр. «Баты­спен серік­те­стік­тің орна­уы біздің басты серік­тесі­міз – Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның көңіліне жақ­пай қалып­ты. Тіп­ті ашуы қара қазан­дай екен. Несіне бұлқан-талқан болып жатыр­сыздар? Біздің өнім­ді нары­ққа жібер­мей­ді, арам­та­мақ дей­ді, кез кел­ген мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып қысым жасай­ды, басып-жан­шуға дай­ын тұра­ды, кеуде­лері­нен ите­реді. Енді не істей­міз? Жер асты­на жасы­ры­нып алып, шық­пай оты­руы­мыз керек пе?» – деді ашуға мін­ген Лукашенко.

Бело­рус­сия үшін бір есік жабыл­са, ол екін­ші есік­ті ізде­у­ге мәж­бүр бола­ды. Осы­лай деген ел пре­зи­ден­ті Ресей­ден Бела­русь­тің мұн­дай қадам­да­рын айып­та­мауды талап етті.

 «Алы­стан арба­лаған­ша, жақын­нан дор­ба­ла. Егер Ресей­мен қарым-қаты­на­сы­мыз қалып­ты бол­са, егер Одақтық мем­ле­кет­тер­мен еркін келісім­дер­ге келе алсақ, еркін сауда­лас­сақ, бізді қор­ла­ма­са, бақыт­ты алы­стан іздеп неміз бар?» – деді Бела­русь пре­зи­ден­ті ашу­лы сөзінде.

Лука­шен­ко­ның айтуын­ша, Бела­русь екін­ші ірі серік­тесі Еуро­одақ­пен оңтай­лы диа­лог орна­тып келеді. Инве­сти­ци­я­лар өсіп, сыр­тқы сауда ұлғай­ды, бай­ла­ны­стар кеңейді.

Ал ресей­лік БАҚ Лука­шен­ко­ның бұл әре­кетін көре­ал­мау­шы­лық, іштар­лық сал­да­ры­нан туған деп болжады.

Qamshy.kz

Республиканский еженедельник онлайн