Суббота , 19 апреля 2025

«МАЙМЫЛДЫҢ МӘДЕНИЕТІ»

Марқұм Қажытай аға Ілиясовтың дәл осындай – «Маймылдың мәдениеті» деген өлеңі болған еді (81-ші жылы осындай атаумен кітабы да шықты). Өлеңі орыс сықақшысы Крыловтың әйгілі «Мартышкин труд» деген мысалымен мазмұндас: адамның айтқанын, оның ісін ғана ебедейсіз қайталайтын, мисыз маймылдың машақаты.

Біздегі парықсыз полиция мен кісілік келбеттен кеткен «КНБ»-ның қылығы да осы – Ақорданың айтқанын, бастығының тапсырмасын «тупо» тындыратын маймылдардан аумайды. Өткен Тәуелсіздік күні бұған тағы да куә болдық – елдің ерен мерекесін мезі етті: айдап салушының айтақтауымен алаңға жиналған жұртты ұстау, қамау, жауап алу, жазалау… Аумаған маймыл!

Біз де ұсталдық – есіктің алдынан алып кетті.

«Ей, неге?!» – дейсің.

«Бастық айтты, алып кел деді…».

«Не үшін?».

«Білмеймін, барғанда білесіз…».

Басқаны білмейді – «прямо мартышка»!

Апарғандағы сұрағы:

«ДВК-ны білесіз бе?».

«Оны кім білмейді?!».

«Әлеуметтік желідегі «ДВК»-ның чатында барсыз ба?».

«Бармын деп айта қояйын саған!..».

Міне, осы – жауап алғандарының түрі! Араларында бетін бүркеп алған

«КНБ»-ның бір жай киімді «жүгірмегі» өзінен жасы да, басы да үлкен полицайларға жарлық беріп жүр (суретте). Бұны бастықтары әлгі «маймылдардың» арасындағы дені дұрыстауы деп жұмсаған болуы керек: бірақ «қақпайтын» қалпы түксиген түрінен көрініп тұр. Тұп-тура «тупойдың» тұрпаты – «тізеге салсам», тұра жүгіреді дейтін болуы керек: әкіреңдегенде, әкесін ауыздан ұрайын деп жүр.
Полицай көлігінде келе жатқанымызда, бір жанашырым телефон соқты. Қоңырауды құлағы шалған әлгі «кнбшник» қасымдағы маңқа сержантқа: «Телефонын тартып ал!» деп команда береді.



Оппозициядағы менің «авторитетный вор» екенімнен хабары жоқ.

«Тапқан екенсің – тартып алатын адамды! Кім саған телефонды бере қояйын деп тұр?!».

«Тәртіп солай…».

«Ұрған екем! Мені қамау туралы қаулы шығарасың – сонда ғана аласың телефонды. Ал әзірге салып қой қалтаңа ондай тәртібіңді!».
Кейіннен менен жауап алмақ болған полицайға «шығып кет!» деп, сұқ саусағымен есік жақты нұсқайды. Анау бишара орындығы к…тіне жапсырылған күйі тұра жүгіреді.

Қысқасы, не керек, Желтоқсан мен Тәуелсіздікке тәу етуге жиналған алаңдағы халық тарады-ау дегенде, Геройхан бастаған үш жігітпен (төменгі суретте) бірге біз де «бостандыққа» шықтық.



Айтпағым не еді?

Айтпағым – былығып біткен билік осындай «маймылдық мәдениетпен» ел басқарам, «дамыған 30 елдің қатарына кірем» дейді. Сөйте тұра, қанға бөккен Желтоқсан мен Жаңаөзеннің жаңғырығынан тышадай қорқады. Үдірейген үрей жандарын алып барады. Қанға қатыстары болмаса, бұлар неден қорқады?
Содан да ма, бір қатердің бары анық: айтақшы «ат!» десе, мынау «маймылдар» халыққа оқ атудан аулақ емес. Оған кешегі Жаңаөзен қырғыны куә…

«Ертеңіне елеңдеген ел аман болсын!» деуден басқа езілген елге не айтасың?!.

Ермурат Бапи

«Тәуелсіздік мерекесінде» КІМДЕРДІҢ  ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ НҰҚСАН КЕЛДІ?

Алматы қаласынан:

  1. Маржан Аспандиярова
  2. Абай Ерекенов
  3. Ғалым Ағелеуов
  4. Арман Иманжанов
  5. Гүлбала Әбдіхалық
  6. Дариға Рақым
  7. Геройхан Қыстаубаев
  8. Құрал Медеуов,
  9. Сүйіндік Алдабергенов
  10. Жасарал Қуанышәлин
  11. Есенғазы Қуандық
  12. Геннадий Крестьянский
  13. Сақып Жаңабаева
  14. Раиса Дүйсембаева
  15. Рабиға Рақышева
  16. Салтанат Тәшимова
  17. Мадина Хабибула
  18. Альжан Өтегенов
  19. Еркебұлан Қазақ
  20. Илшат Кенжин
  21. Болат Жәкішев
  22. Асқар Ерімбетов
  23. Ардақ Ерімбетова
  24. Ақсерік Оңғарұлы
  25. Ерлан Қалиев
  26. Ермұрат Бапи
  27. Бағнұр Оқасбаев
  28. Рысбек Сәрсенбай
  29. Әсел Көпбосынова
  30. Ғабиден Жәкей
  31. Махмұт Құлментегі

Орал қаласынан:

  1. Мария Мельникова
  2. Рауль Упоров
  3. Аслан Сагутдинов
  4. Әлібек Ерғазиев

Ақтау қаласынан:

  1. Жеңіс Бисенғазиев
  2. Нұрияш Абдреймова

Ақтөбе қаласынан:

  1. Бақытгүл Досмырза

Астана қаласынан:

  1. Фара Кана
  2. Дулат Ағаділ
  3. Ғабит Әліпбайұлы
  4. Серік Жахин
  5. Зауре Сағидолдина
  6. Қайрат Сейтқазиев
  7. Руслан Жәми
  8. Қанат Абдікәрімов

Шымкент қаласынан:

  1. Гүлнар Момынова
  2. Нұржан Мұхамеджанов
  3. Дәулет Насырұлы
  4. Жарқынбек Сейтімбет
Республиканский еженедельник онлайн