Воскресенье , 11 мая 2025

Макс Боқаев: Түрмеден шыққан күні АЛАҢҒА БАРАМЫН

  • Қаза­қтың жері үшін күре­стің қаһар­ма­ны, Аты­ра­удағы УГ 1579 меке­месін­де қамауда оты­рған Макс Боқа­ев­ты шар­тты келісім­мен түр­ме­ден шыға­ру /шығармау/ мәсе­лесін қарай­тын сот про­цесі бастал­ды. Бірақ осы­дан екі жыл бұрын билік ұсы­нған уәж­ді қабыл­да­май, өзіне тағы­лған жаза­ны мой­ын­да­мау бел­гісі ретін­де «УДО»-ға шығуға мой­ын­сұн­баған аза­мат енді­гі келісім­ге көне ме? Макс Боқа­ев­тың «Азатты­ққа» бер­ген сұх­ба­ты­нан бұл сұрақтың жау­а­бын білу­ге болады.

(Ескер­ту: Сұх­бат пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға дей­ін шыққан, ықшам­да­лып жарияланды).

Макс мыр­за, биыл жаз­да коро­на­ви­руспен ауы­рға­ны­ңыз жай­лы хабар тараған еді. Қазір ден­са­улы­ғы­ңыз қалай? Қан­дай да бір арыз-шағы­мы­ңыз жоқ па? Түр­ме­де ем-дом алды­ңыз ба, дәрі-дәр­мек жет­кілік­ті бол­ды ма?

Иә, мау­сым айын­да Ақтө­бе­де аяқ асты­нан ден­са­улы­ғым нашар­ла­ды. Пнев­мо­ния бол­дым… Бір­ден анти­био­тиктер салып емдеді. Басқа сот­та­лушы­ларға егер біреу-міреу қай­тыс болып жат­са, оның жүре­гі ұстап қалып­ты-мыс, я жоға­ры қабат­тан құлап кет­кен-міс деген тәрізді «диа­гноз­дарға» сен­беу кере­гін айтып жүр­дім. Әркім өз ден­са­улы­ғы­на қарап, сақтық шара­сын жаса­уы керек деген әңгі­ме­лер жүр­гіздім. Әкім­шілік­тен «зона­ны» (қамау меке­месін – Ред.) шұғыл дез­ин­фек­ци­я­ла­уды талап еттік.

Негізі түр­ме­де жатып, ден­са­улы­ғым­нан айы­рыл­дым деп айта алмай­мын. Себебі, жасы­ра­ты­ны жоқ, басқа­лар­ды ұрып-соғып жата­ты­ны бел­гілі. Мәсе­лен, Вла­ди­мир Коз­ло­вты (2011 жылғы Жаңаө­зен оқиға­сы бой­ын­ша сот­та­лып, түр­ме­де оты­рып шыққан қаза­қстан­дық оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер) соққан. Бірақ маған халы­қа­ра­лық ұйым­дар, құқық қорға­у­шы­лар тара­пы­нан бақы­лау болған­ды­қтан ба деп ойлай­мын, таяқ жемедім. Алай­да Пет­ро­пав­л­да күн өте суық бол­ды ғой. Белім ауы­ра­ды, үне­мі бел­дем­ше киіп жүре­мін. Бұрын айтқа­ным­дай, ол жер­де­гі аяз­да сыр­тқа шығып, марш жасап, дене жат­ты­ғуы­мен айна­лы­сып, наряд­ты орын­да­удан бас тарт­тым. Соның өзін­де салқын тигіздім. Жасым 40-қа толған кезім­нен бастап ден­са­улы­ғым­ды жиі тек­сер­тіп, созыл­ма­лы ауру түр­лерін аны­қтаған­мын. Олар ешқай­да жоға­лып кет­кен жоқ.

Сырт жақ­пен бай­ла­ны­сы­ңыз қалай? Кім­дер­ден хат-хабар алып тұра­сыз? Түр­ме әкім­шілі­гі тара­пы­нан бұған бай­ла­ны­сты қан­дай да бір шек­теу бар ма?

Шек­теу жоқ, хат-хабар келіп тұра­ды. Олар­дың бәріне бір­дей жау­ап жаза алмай жатыр­мын. Кей­ін еркін­дік­ке шыққан соң, бәріне жеке жау­ап бере­мін. Бірақ пошта тым ұзақ жүреді. Бір газет 19 күн жүріп кел­ді. Қазір­гі­дей дамы­ған заман­да бұл сұм­дық қой. Құқық қорға­у­шы­ларға осы­ны бақы­ла­уды өтін­дім. Осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, Евге­ний Жовтис, Бақыт­жан Төреғо­жи­на, Зәу­реш Бат­та­ло­ва және басқа да құқық қорға­у­шы­ларға, халы­қа­ра­лық ұйым­дарға көп рақ­мет айтқым келеді.

2016 жылы сәуір­де Аты­ра­удағы жер митин­гісі­нен кей­ін Талғат Аян еке­уіңіз­ге де «билік­ті басып алмақ бол­ды», «кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­сты күшпен өзгерт­пек бол­ды» деген айып­тар тағуға тыры­сты. Кей­ін билік еке­уіңіздің аты-жөніңізді «тер­ро­ризм мен экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­руға қаты­сы бар ұйым­дар мен тұлға­лар» тізі­міне енгіз­гені мәлім. Құқық қорға­у­шы­лар кей­ін­гі жыл­да­ры елде «экс­тре­мизм» бабы­мен негіз­сіз қуда­ла­нып жатқан бел­сен­ділер көбей­генін айта­ды. «Экс­тре­мизм» бабы­мен сот­талған аза­мат­тар, ұйым­дар­дың қата­ры нелік­тен көбей­іп жатыр?

Оған таңқал­май­мын. Жеке пікірін айтқан­дар­дың бәріне «экс­тре­мист» деп айдар тағу – қоғам­дық ойға тұсау салу­дың ең оңай жолы. Аты­рау түр­месін­де 174-бап («әле­умет­тiк, ұлт­тық, рулық, нәсiл­дiк, тек­тік-топ­тық неме­се дiни ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру») бой­ын­ша, яғни діни көзқа­ра­сы­на бай­ла­ны­сты сот­талған­дар көп. Бірақ солар­дың өзінің діни сау­а­ты аз. Шариғат­ты терең біл­мей­ді. Мыса­лы, мені­мен бір барак­та жатқан алты адам­ның бесе­уі намаз оқи­ды. Түр­ме – үлкен стресс. Ол жер­де әркім өзін­ше содан шығу­дың жолын іздейді.

Стресс демек­ші, бір мысал кел­тірей­ін. Түр­ме­де жаза­сын өтеп жатқан­дар­дың көбінің сая­си сау­а­ты тұр­мақ, жай сау­а­ты да шама­лы. Арыз жазу­ды біл­ме­ген соң неме­се жазған ары­зы тиісті жер­ге жет­пей­тін болған соң, нара­зы­лы­ғын аузын тігіп, өз денесін жарақат­тап біл­діріп жатады…

Түр­ме­де отыр­саңыз да, билік тура­лы сыни ой-пікіріңізді ашық айта­сыз. Сол үшін түр­ме әкім­шілі­гі қысым көр­сетіп жатқан жоқ па?

– Иә, ой-пікірім­ді ашық айта­мын. Себебі мен оны түр­ме­ге келіп түс­кен соң ғана айтып жатқа­ным жоқ. Үне­мі айтып келе­мін. Ескер­ту­лер бола­ды. Билік­тен келетін дел­дал­дар­дан бөлек, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті қыз­мет­кер­лері келеді. Бірақ олар осы Аты­рау түр­месіне әлі кел­ген жоқ, басқа жер­де оты­рға­ным­да – Пет­ро­пав­л­да, Ақтө­бе­де кел­ді. Оны да жасыр­май­мын. Пре­зи­дент кеңес­шісі Марат Сқақов, Рус­лан Сады­қов деген­дер маған түр­ме­ге кел­ді. Бәрінің айта­ты­ны: «Жаза­ны жеңіл­де­ту­ге мүм­кін­дік бере­міз, бірақ сая­сатқа ара­лас­пай­сың, эко­ло­гия тәрізді жеңіл­деу тақы­рып­пен айна­лы­са­сың» деген ұсы­ныс. Сон­да қалай деп ойлай­мын, олай бол­са, түр­ме­де бес жыл не үшін отыр­мын? Мені сол ой-пікірім­ді айтқа­ным үшін оты­рғы­зып қой­ды емес пе?

Қаза­қстан­ның сая­си алаңын­да қалып­тасқан қазір­гі жағ­дай­ға, бұған қаты­сты билік­тің іс-әре­кетіне қан­дай баға бересіз? Халы­қты жұмыл­ды­ра ала­тын оппо­зи­ци­я­лық күш­тер қал­ды ма? Олар­ды бірік­ті­ре ала­тын ортақ мақ­сат бар ма? Өзіңіз наза­рда ұстап жүр­ген ұйым, қозға­лыс не пар­тия бар ма?

Билік, әрине, басқа­ру тіз­гінін қолы­нан жібер­гісі кел­мей­ді. Сон­ды­қтан қоғам­дағы кез кел­ген ояну мен басқо­су­ларға барын­ша қар­сы­лық көр­се­те­ді және оны­сын тоқтат­пай­ды да. Мәсе­лен, пре­зи­дент ауы­сты, жаңа пре­зи­дент «сай­лан­ды» деп әлем­ге жар сал­ды. Бірақ Қаза­қстан­ның қазір­гі пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев кім? Оның 2000 жыл­дың басын­да «жас түрік­тер­ге» қар­сы шығып, сол кез­де­гі пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа «не олар, не мен» дегені есіңіз­де ме? Міне, бұл Тоқа­ев кім деген­нің жауабы.

Қаза­қстан­дағы бар­лық жағ­дай­дан хабар­дар­мын. Жаңа­лы­қтар­ды үзбей теле­ди­дар­дан көріп, радио­дан тың­дай­мын, «ДАТ» газеті­нен оқи­мын. Бела­русь халқы­ның бір­лесіп нара­зы­лық біл­діруіне не себеп бол­ды? Оның жер көле­мі бір Ақтө­бенің жерін­дей-ақ. Ал Қаза­қстан­ның алып тер­ри­то­ри­я­сы­на қоса, әлі арыл­маған мен­та­ли­теті бар.

Мәсе­лен, Аты­рау түр­месін­де жатқан­дар­дың дені Аты­рау мен Маңғы­ста­удан. 2011 жылғы оқиға­дан соң Жаңаө­зен­де көп­теп ашы­лған меке­ме­лер­дің жігіт­тері «үйде жатып, жалақы ала­мыз» деп риза бола­тын көрі­неді. «Азған­тай тұрақты жалақы тез азды­ра­ды» дей­тін сөз бар ғой («Ниче­го так не раз­вра­ща­ет, как малень­кая ста­биль­ная зар­пла­та»). Мұны басқа­ша түсін­ді­ру мүм­кін емес. Ал жал­пы демо­кра­ти­яға атса­лы­суға ұмты­лған қозға­лыс, ұйым не пар­ти­я­ны қолдаймын.

Сіз қаза­қстан­дық бір топ бел­сен­ді құрғы­сы келетін «Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­яға» қол­дау біл­дір­діңіз. Өзіңіз қан­дай да бір пар­ти­яға мүше­сіз бе?

– «Демо­кра­ти­я­лық пар­тия» тура­лы айтқан­да, оны қол­да­дым. Бірақ әуелі бағ­дар­ла­ма­сын жібе­руді сұра­дым. Оқып шыққан соң өз ойым­ды айт­тым. Менің­ше, Қаза­қстан алды­мен бей­та­рап­ты­ққа ұмты­луы керек, содан соң әр аймақтың эко­но­ми­ка­лық дер­бес­ті­гіне қол жет­кі­зу керек. Қазір «Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны», Тоғ­жан Қожа­ли­е­ва­ның «Хақ» пар­ти­я­сын тір­ке­мей жатыр. Режим­ді өзгер­ту­ге ұмты­лған кез кел­ген пар­ти­я­ны, қозға­лы­сты қол­дай­мын. Кезін­де «Ақ жол­ды», «Алға» пар­ти­я­ла­ры­ның тір­ке­луіне үлес қосып, қол жина­дым. «Алға» пар­ти­я­сы­на өз туы­ста­рым­ның қолын жинап та өткіздім. Сон­ды­қтан «Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның» тір­ке­луіне де барын­ша үлес қосып, қол­дай­мын. Кей­ін оның мүше­сі бола­мын ба, жоқ па, оны уақыт көрсетер…

Сай­лау тура­лы не ойлай­сыз? Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық прин­циптер­ге сай келетін сай­лау өткі­зу мүм­кін бе? Сай­лау әділ, ашық болуы үшін, қоғам не істеу керек деп санайсыз?

– Был­ты­рғы пре­зи­дент сай­ла­уы кезін­де Әмір­жан Қоса­нов сай­ла­у­ға түс­кен­де (күл­ді) «мен солай бола­ты­нын біл­дім» дей­тін адам­дар айт­пақ­шы, мен де біл­дім солай бола­ты­нын. Енді алда пар­ла­мент сай­ла­уы келе жатыр. Бес пар­тия қалға­нын біле­мін. Бірақ ештеңе күт­пей­мін. Мыса­лы, Аме­ри­ка­да кезек­ті пре­зи­дент сай­ла­уы өтті. Дональд Трамп өзінің сай­ла­у­ал­ды сөз­дерінің бірін­де бәсе­ке­лесі Джо Бай­ден тура­лы сөзін­де оның Барак Оба­ма­ның пре­зи­дент­ті­гі кезін­де вице-пре­зи­дент болға­нын айтып, «сол кез­де ештеңе бітір­ме­ген­де, қазір не істей ала­ды» деген­дей ой айтқа­нын оқы­дым. Түр­ме­ге туы­ста­рым Financial Times сияқты ағы­л­шын тілін­де­гі басы­лым­дар­ды әкеліп тұра­ды. Тоқа­ев пре­зи­дент, бірақ ол да Назар­ба­ев­тың қасын­да отыз жыл жүр­ген­де ештеңе бітір­ме­ген соң, қазір одан не күту­ге бола­ды? Ал Назар­ба­ев билі­гінің толық жой­ы­луы­на қол жет­кіз­ген кез­де кей­бір оппо­зи­ци­о­нер­лер мен биз­не­смен­дер­дің дос-жаранға айна­ла­ты­ны­на куә болуы­мыз да мүмкін.

Жаза мерзі­міңіз қашан аяқта­луы тиіс? Сот үкі­міне сай сіз­ге үш жылға дей­ін қоғам­дық-сая­си жұмыстар­мен айна­лы­суға тый­ым салы­нған. Оған дей­ін немен айна­лы­спақ­шы­сыз? Қан­дай жос­па­ры­ңыз бар?

– 15 ақпан­да аяқта­ла­ды. Оның алдын­да қаңтар­да бақы­лау соты өте­ді. Ол тура­лы тағы қосым­ша хабар­лай­мын. Қоғам­дық-сая­си жұмыстар­мен айна­лы­суға тый­ым салған­мен, жеке пікірім­ді айтуға құқы­ғым бар, одан бас тарт­пай­мын. Сон­ды­қтан түр­ме­ден босаған күні бір­ден Иса­тай-Махам­бет алаңы­на (Аты­ра­удағы 2016 жылғы 24 сәуір­де жер мәсе­лесі бой­ын­ша митинг өткен алаң) барып, сай­ла­удың әділ өтпе­генін, тым құры­ған­да Қырғыз­стан­дағы­дай сай­ла­уды қай­та өткізу­ге қол жет­кі­зуі­міз кере­гі тура­лы өз ойым­ды тағы да айта­мын. Ар жағын уақыт көр­се­те­ді. Оты­рғыз­са оты­рғы­за жатар. Өз көзқа­ра­сы­мы­зды, ойы­мы­зды айту­дан бас тарт­па­уы­мыз керек.

Әңгі­меңіз­ге рақ­мет!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн