Понедельник , 30 июня 2025

Мамай мен Байбек «ШАЙҚАСЫ» жалғасып жатыр

  • Бауы­р­жан Бай­бек тура­лы виде­о­лар­ды өшіру­ден бас тар­тып, сот шеші­мін орын­да­маға­ны үшін қоғам бел­сен­дісі Жан­бо­лат Мамай­ға сот 140 мың тең­ге өсім­пұл белгіледі.

Алма­ты­ның Әуе­зов аудан­дық сотын­да қоғам бел­сен­дісі Жан­бо­лат Мамай мен жур­на­лист Инга Иман­бай­дың ісі қарал­ды. Сотқа шағым­ды жеке сот орын­да­у­шы Жай­нар Әлсей­іто­ва түсіріп, ерлі-зай­ып­ты бел­сен­ділер биыл мау­сым­ның 15-інде Әуе­зов аудан­дық соты­ның шеші­мін орын­да­мауы­на бай­ла­ны­сты өсім­пұл өндіруді сұраған.

Сот орын­да­у­шы­сы жау­ап беру­шілер­ге сот шеші­мін қыр­күй­ек­тің біріне дей­ін орын­дау жөнін­де бір­не­ше рет ескер­ту бер­генін айт­ты. Қыр­күй­ек­тің 27-сіне дей­ін бұл талап орын­дал­маған­ды­қтан, қыр­күй­ек­тің 1–28 ара­лы­ғын­дағы 27 күн­ге 157 518 тең­ге өсім­пұл өндіріп беруді сұрады.

Сот­та сөй­ле­ген Жан­бо­лат Мамай Бауы­р­жан Бай­бек­тің «жемқор» екенін дәлел­дей­тін құжат­тар­ды бұған дей­ін­гі сот еле­ме­генін, сол себеп­ті сот шеші­мі орын­дал­май­ты­нын айт­ты. Екі жақты тың­даған судья Рәбиға Абдол­да­но­ва Жан­бо­лат Мамай­ды қыр­күй­ек­тің 3‑і мен 27-сі ара­лы­ғын­дағы 24 күн­ге 140 мың тең­ге өсім­пұл төле­у­ге мін­дет­те­ді. Енді Жан­бо­лат Мамай апел­ля­ци­я­лық шағым түсірмек.

«Біз екі мың құжат, видео­мен Бауы­р­жан Бай­бек қыз­метін асы­ра пай­да­ланға­нын дәлел­дедік. Сон­ды­қтан ол виде­о­лар интер­нет­те тұра­ды, өшіріл­мей­ді. Бұл мате­ри­ал­дық қысым бол­са, оны да көрей­ік», – дей­ді жур­на­лист Инга Иманбай.

Еске сал­сақ, биыл көк­тем­де Жан­бо­лат Мамай Youtube-тегі «Демо­кра­ти­я­лы Қазақстан/Демократический Казах­стан» арна­сын­да «Бауы­р­жан Бай­бек: Назар­ба­ев сынып­та­сы бала­сы­ның жемқор биз­нес-импе­ри­я­сы» атты видео жари­я­лаған. Деректі фильм сти­лін­де түсіріл­ген видео­да Жан­бо­лат Мамай Алма­ты­ның бұры­нғы әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек­ті «мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жүріп, үлкен биз­нес-импе­рия құр­ды», «Алма­ты әкі­мі болған 4 жыл­да 1 мил­ли­ард дол­лар заң­сыз ақша тап­ты», «құры­лы­сқа және көлік тұрағы­на» қала аумағы­ның және Іле-Ала­тау ұлт­тық пар­кінің «жерін бер­ді», «пара алды», «көмір мафи­я­сын құр­ды» және Алма­ты­дағы ЖЭС-2-ні «газға көшіруді кеше­уіл­дет­ті», «адам құқы­қта­рын бұз­ды» деп айыптаған.

Бауы­р­жан Бай­бек­тің заң­гері бұл сөз­дер «нақты фак­тілер мен құжат­тар негізін­де дәлел­де­нуі тиіс» деп сотқа шағымданған.

Сот Жан­бо­лат Мамай­ды шене­унік жай­лы шығарған фильм­ді өшіру­ге мін­дет­те­ді. Судья Бай­бек­ті жемқор­лық жаса­ды деп айып­таған фильм­де­гі мәлі­мет­тер шын­ды­ққа жана­спай­ды деп тап­ты. Осы­лай­ша Бай­бек­тің шағы­мы толық қанағат­тан­ды­ры­лған. Судья Рай­хан Сар­та­е­ва сот шеші­мін шығарған­да, талап­кер және жау­ап­кер тарап ұсы­нған құжат­тар­ды «толық зерт­те­генін» айтқан.

Azattyq.org

 

 

НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗІ ТҮГІЛІ, оның атындағы алаңды күтуге ҚЫРУАР ҚАРЖЫ КЕТЕДІ

  • Қаза­қстан­ның Тұңғыш пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Орал­дағы алаңын күтіп ұста­уға 215 млн-нан астам қара­жат жұм­са­уды жос­пар­лап отыр, деп хабар­лай­ды «ҚазА­қ­па­рат» тілшісі.

 «Тап­сы­рыс беру­ші – «Орал қала­сы­ның тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ғы, жола­у­шы­лар көлі­гі және авто­мо­биль жол­да­ры бөлі­мі» мем­ме­ке­месі; ата­уы – аумақты жөндеу/абаттандыру жұмыста­ры; қосым­ша сипатта­ма­сы – ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­тінің 2021–2023 жыл­дарға арналған алаңын күтіп ұстау, БҚО Орал қала­сы»; жос­пар­лы сома­сы – 215 104 464 тең­ге», – делін­ген Мем­ле­кет­тік сатып алу пор­та­лын­да орна­ласқан лот сипатта­ма­сын­да. Сома үш жылға есеп­тел­ген: бірін­ші жылы Т43 928 571,43, екін­ші жылы Т61 514 285,71 және үшін­ші жылы Т109 661 607,15 жұм­сау жоспарлануда.

Қаз­ТАГ

Мәсе­ленің мәні

ҚАЗАҚСТАНДА авто­көлік НЕГЕ ҚЫМБАТ?

Өткен жыл­да­ры Оңтүстік Коре­яға ісса­пар­мен бар­дым. Бір­не­ше күн­де шару­ам­ды бітір­ген соң, ақы­ры келіп тұр­мын ғой, елге көлік жібе­ре салай­ын деп шештім. Ондағы осы­мен айна­лы­са­тын жігіт­тер біздің елде­гі көлік­ті заң­ды рәсім­деу өте қым­батқа түсетінін ескертті.

Содан не керек, әрі ойлап, бері ойлап, қозғал­тқыш көле­мі ең төмен (себебі, кеден­дік рәсім­деу, тағы басқа алым­дар қозғал­тқыш көле­мі аз бол­са, арзан­дау түседі деген­ді естіп алғам) көлік жібер­мек­ке бекідім. Ондағы ойым – «әуелі бір рет көрей­ін, бәрі сәт­ті болып жат­са, арты­нан тағы алдыр­тар­мын» болды. 

Әлқис­са, содан Инчон­нан бір «Kia Morning» атты 2018 жылғы, бар-жоғы 11 000 шақы­рым «шапқан» шағын көлік тап­тық. Қозғал­тқыш көле­мі 1 литр­ден аспай­тын, бірақ GDi тек­тес, тур­бо орна­ты­лған, ком­плек­та­ци­я­сы өте жақ­сы көлік бол­ды. Содан ол көлік­ті $4800 (сол кез­де­гі бағам­мен 1 872 000 тг), жөнел­ту құны $1700 (663 000 тең­ге), жиы­ны Алма­ты­ға $6500 (2 535 000 тг) келіп тоқтады.

Қызы­қтың бәрі елге кел­ген соң бастал­ды. Май­да-шүй­де шығын­да­ры есте қал­мап­ты, ірі басты­ла­ры­на тоқта­лай­ын. Кел­ген бой­да 710 000 тең­гені кеден­дік алым үшін бро­кер­ге бер­дім, ол көлік­ті рәсім­деп бер­ді. Енді болған шығар десем, кел­ген көлі­гіңнің біздің Кеден­дік одақ атты қамыт­ты мой­ы­нға киген­де мін­дет­тен­ген, жаңы­лы­спа­сам, «Euro 5» стан­дар­ты­на сәй­кес келетін­ді­гін дәлел­дей­тін сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын алу қажет екен (жанар-жағар май­ла­ры­мы­здың сапа­сы кере­мет артып кетіп­ті-міс). Бұл мәсе­лені 2016 жыл­дан бері моно­по­лист «автоөн­діру­шілер­дің» құзы­ры­на беріп тастап­ты. Бұры­нғы сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын бере ала­тын тәу­ел­сіз меке­ме­лер­дің бәрін жапқан. Яғни, кәрістің «Хюн­дай­ын» әкел­сең, Нұр­лан Смағұ­ло­втың «Аста­на мотор­сы­ның» «бата­сын» алуың керек. Олай бол­маған жағ­дай­да, көлі­гің есеп­ке қой­ыл­май­ды. Қысқа­сы, оған да, жаңы­лы­спа­сам, 200 000 тг шығын­да­дық. Енді автоцонға барып, нөмір ала­тын шығар­мыз десем, «утиль­с­бор» төлеу керек екен. 

Содан салып ұрып, «Опе­ра­тор РОП» ЖШС-на кел­дім. Менің таң­да­ны­сым­да шек бол­ма­ды. Себебі, біздің құдірет­ті мем­ле­кет біз­ге – түбі күмән­ді ЖЕКЕ ком­па­ни­яға бір жыл да жүріл­ме­ген, қозғал­тқыш көле­мі 1 литр­ден аспай­тын жап-жаңа көлі­гім үшін 380 000 тең­ге «ути­ли­за­ци­я­лық алым» төле­у­ге мәж­бүр етті.

Осы­мен болған шығар­мыз деген­мін. Сөйт­сем, көрер «қызы­ғы­мыз» әлі тау­сыл­мап­ты. Көлік тір­ке­у­ге кел­сем, «алға­шқы тір­кеу» (пер­вич­ная реги­стра­ция) деген алым алдым­нан шықты. Соның өзіне менің «почти» жаңа көлі­гі­ме қосым­ша 71000 тең­ге төлеп, нөмір мен тех­пас­пор­тқа мем­ле­кет­тік алым (12000 тг) тағы төлеп, әрең бітір­дім ғой. 

Сон­да Коре­я­дан 2 535 000 тең­ге­ге кел­ген менің кіш­кен­тай ғана, жылы жаңа көлі­гім­ді Қаза­қстан­да рәсім­деу үшін тағы қосым­ша 1 373 000 тг төледім. Оның 797 000 тең­гесі кеден, Қар­жы мини­стр­лі­гі секіл­ді мем­ле­кет­тік орган­дарға төлен­ген қара­жат бол­са, қалған 580 000 тең­гесі мем­ле­кет қол­дан лоб­би жасап оты­рған жеке ком­па­ни­я­лар­дың есебіне кет­кен қара­жат. Тағы еске сала кетей­ін, бұл осы кіш­кен­тай ғана көлік­ті сол кез­де­гі АЕК (МРП) көле­мі 2525 тг болған­да кет­кен қара­жат. Ал қазір АЕК өсті, яғни қазір бұл алым­дарға одан да көп сома кетеді. 

Соны­мен, нелік­тен біз­де­гі авто­көлік баға­сы қым­бат екеніне көз­деріңіз жете баста­ды ма?

Нұрад­дин САДЫҚОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн