Пятница , 4 июля 2025

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев), жазушы-публицист: НҰРСҰЛТАН ХАЛЫҚТЫҢ ҚАҚЫСЫН ҚАЙТАРСЫН!

Әлеумет­тік желілер­де Н.Назарбаевтың елор­да­дағы жаңа мешіт­ке барға­ны хит бол­ды. Үлкен табақтан лақты­ры­лған сүй­ек­ті мүжіп үйрен­ген­дер жер-көк­ке сый­дырт­пай, оған мадақ арнап бағып­ты. Алла­ның құлы екен­дік­терін ұмы­тып, Нұр­сұл­тан­ның құлы болған күн­дерін аңсай­ды келіп. Әлгі бір «қожай­ы­нын сынай алмаған құл­дар­дың оны мақта­уға да қақы­сы жоқ» деген қанат­ты сөз болу­шы еді. Қазақ елін отар­шыл­ды­қтан құтқар­маған Назар­ба­ев режи­міне қар­сы бір ауыз сөз айт­паған міскін­дер қожай­ын­да­ры­на, сол режим­ге әлі күн­ге қол шапалақтайды. 

Иә, рас, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сіңір­ген еңбе­гін мүл­де жоққа шыға­руға бол­май­ды. Өз басым Назар­ба­ев­тың екі еңбе­гін бөлек­ше атар едім. Бірін­шісі – 1998 жылы ел кін­ді­гін Алма­ты­дан Ақмо­лаға ауы­сты­руы. Екін­шісі – Қаза­қстан­ның көр­ші елдер­мен шека­ра­сын аны­қтап, дели­ми­та­ция жаса­туы. Қалған күл­лі жұмысы өзінің ими­джін көте­ру, көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен халы­қты алдау, кор­руп­ция мен өзінің жеке Қор­ла­рын бай­ы­ту, қаз­ба бай­лы­қтар­ды аз ғана топ­тың игілі­гіне айнал­ды­ру сияқты «пен­де­шілік шару­а­ла­ры» бюд­жет есебі­нен атқа­ры­лып жат­ты. Мұның бәрі пре­зи­дент ретін­де жалақы алып атқарған жұмыстары.

Тереңірек үңіл­сек, Н.Назарбаевтың қазақ халқы­ның алдын­дағы қия­нат­та­ры жетер­лік. Ең басты қыл­мысы – қазақ халқы­ның ұлт­тық мем­ле­кет­ті­гін ұрлап, жал­пақ­ше­шей аза­мат­тық мем­ле­кет қалыптастырғаны. 

Екін­ші қыл­мысы – мем­ле­кет­тің тілі қазақ тілі екен­ді­гіне қара­ма­стан, ресми орган­дар­да көр­ші мем­ле­кет­тің мем­ле­кет­тік тілін аспан­датқа­ны. Біз әлі «рус­ский коробль­де» келе жатырмыз.

Үшін­ші қыл­мысы – шетел­дер­ден қазақ көшін бастаға­ны­мен, оны түр­лі сыл­та­у­лар­мен тоқта­тып тастағаны. 

Төр­тін­ші қыл­мысы – халы­қ­пен ақыл­дас­пай, Қаза­қстан­ның ядро­лық қаруын Ресей­ге беріп жібер­гені. Ресей ешбір келісім-шар­ты­ңа қара­май­ды. Қазір Укра­и­на­да жүріп жатқан соғыс Назар­ба­ев­тың да сол тұста үлкен қателік жібер­генін дәлел­дей­ді. Егер біз ядро­лық дер­жа­ва күй­ін­де қалған­да, Ресей­ге қарап жал­тақта­мас едік. 

Бесін­ші қыл­мысы – 1994 жылы Ресей­мен одақ­тас болу тура­лы идея көтеріп, соның сал­да­ры­нан Еура­зи­я­лық одақ сияқты елі­міз­ге түк пай­да­сы жоқ, алай­да Қаза­қстан­ды Ресей­дің эко­но­ми­ка­лық, әске­ри, сая­си сасық қол­ты­ғы­на тығып бер­ген оры­сқұл­дық саясаты.

Алтын­шы қыл­мысы – «Балық басы­нан шіриді» демек­ші, Қаза­қстан­да кор­руп­ци­я­лық жүйе қалыптастырғаны.

1993 жылы және 1995 жылы Жоғарғы Кеңе­сті екі рет айла­кер­лік­пен таратқа­ны; Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық қағи­дат­тар­ды аяққа тап­тап, авто­ри­тар­лық билік орнатқа­ны; 1995 жылы қабыл­данған 98 тап­тан тұра­тын Кон­сти­ту­ци­яға 25 жыл­да 92 өзгеріс пен толы­қты­ру енгізіп, демо­кра­ти­я­лық бағыт­тан алшақ авто­ри­тар­лық режим орнатқа­ны да қыл­мыс болып табы­ла­ды. Басқа­сын қой­ған­да, 2019 жылы 20 науры­зда билік транс­фор­ма­ци­я­сын «жасаған­сып», пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мын Қ.-Ж.Тоқаевқа тап­сы­рған­нан кей­ін де, Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы пре­зи­дент­тік билік­тен де жоға­ры Қауіп­сіздік Кеңесінің лау­а­зы­мын пай­да­ла­нып, күш құры­лым­да­ры арқы­лы мем­ле­кет­тік билік­ті заң­сыз ұстап тұрға­ны ешкім­ге құпия емес.

1995 жылы қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­я­ның 3‑бабының 3‑тармағында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да билік­ті ешкім де ием­деніп кете алмай­ды. Билік­ті ием­деніп кету­шілік заң бой­ын­ша қуда­ла­на­ды» делін­ген. Алай­да отыз жыл­дан астам уақыт түр­лі айла-шарғы­мен билік­ті заң­сыз ием­деніп кел­ген Назар­ба­ев қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен қалай сырт қала­ды? Алла­ның алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тен қалай құтылады? 

Халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен оның отба­сы Қаза­қстан халқы­ның $200 млрд-тан $500 млрд-қа дей­ін орас­ан зор қар­жы­сын қол­ды еткен. Яғни, ол бюд­жет пен халы­ққа осын­ша­ма қарыз! «Мешіт сал­дым, бәрі­нен сөй­тіп құтыл­дым» деу­ге бол­май­ды. Бір тиы­ны­на дей­ін бюд­жет­ке қай­та­рыл­май, Нұр­сұл­тан­ның мой­ны­нан ол қарыз түс­пей­ді! Халы­қтың қақы­сы қай­та­ры­луы керек! Сарай ақын­да­ры, осы ақиқат­ты «ақ пат­ша­ла­ры­ңа» жет­кізіп қой­саң­дар, жақ­сы болар еді.

Нұр­сұл­тан сол қары­зды қай­тарған күні қазақ халқы оның күнәсін кешірер деп ойлай­мын. Қалға­нын Алла кешірсін!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн