Пятница , 4 июля 2025

Марғұлан Сейсембаев: Президенттің ендігі МИССИЯСЫ әділеттілік орнату

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Кемелұлын ресми ұлы­қтау рәсі­мі де өтті. Алдағы 7 жыл­да пре­зи­дент лау­а­зы­мы­на қаты­сты тұрақты­лық пай­да бол­ды. Енді басты­сы – оның ден­са­улы­ғы сыр бер­ме­се бол­ды. Алла оған бастаған сая­си рефор­ма­ла­рын аяқта­уға мүм­кін­дік береді деп сене­мін. Ол айна­ла­сын­дағы жағым­паз­дар мен жарам­сақтарға еріп кет­пей­ді деп үміт­те­не­мін. Ол біздің сені­мі­мізді ақтай­ды деген үмітім бар. 

Біз не ойла­сақ та, біз­ге тек бір Жаратқанға және адам­ның өзінің адам­гер­шілі­гіне ғана үміт­те­ну­ге тура келеді. Өкініш­ке қарай, біз­де /саясатта/ теже­ме­лер мен тең­герім­дер жүй­есі жоқ. Біз әлі сол бұры­нғы­дай бір ада­мға тәуелдіміз. 

Сон­ды­қтан да, менің ойым­ша, пре­зи­дент шыны­мен де елі­міздің бола­шағын ойлай­тын бол­са, ол ең бірін­ші – елі­міз бір ада­мға тәу­ел­ді бол­май­тын­дай етуі керек. Елі­міз­де тәу­ел­сіз пар­ла­мент, сот, жур­на­ли­стер мен қоғам­нан тұра­тын жүйе пай­да болуы керек. Мен сон­да ғана пре­зи­дент­тің мис­си­я­сы толық орын­дал­ды деп есеп­тей ала­мын. Әйт­пе­се өтірік басқа­ру, өтірік әділ­дік пен көз­бо­я­у­шы­лық эко­но­ми­ка бола береді. Біз мұның бәрін көр­дік. Қысқа­сы – бола­шағы жоқ ел. 

Енді нақты қадам­дар тура­лы айтайық. 

Қазір­гі және алдағы уақыт­тағы әділ­дік жай­лы көп сөз бол­ды. Бұл өте жақ­сы! Әділ­дік – даму­дың негізі! 

Бірақ халық оған сенуі үшін, өткен­ді, яғни Назар­ба­ев­тан қалған мына мәсе­ле­лер­ді шешіп алу керек:

  • Ескі сая­си режим­нің бар­лық құр­бан­да­рын ақтау.
  • Заң­сыз шыға­ры­лған бар­лық актив­тер мен ақша­лар­ды қай­та­ру. Бірақ бұл жер­де бір нью­анс бар. Бұл ақша­лар­дың бәрі ресми түр­де банк­тер арқы­лы заң­ды түр­де шыға­ры­лған. Ал шене­унік­тер­ге мұн­дай бай­лық қай­дан кел­ді? Егер олар өздерінің бай­лы­қта­рын қай­дан шыққа­нын дәлел­дей алма­са, онда қыл­мыстық іс қозғап, тәр­кілеу керек.
  • Тар­тып алы­нған бар­лық актив­тер­ді бұры­нғы иелеріне қай­та­ру. Назар­ба­ев билік құрған уақыт­та біраз биз­нес­мен актив­тері­нен айы­рыл­ды. Жеке өз басым 6 млрд. АҚШ дол­ла­ры­нан айы­рыл­дым. Тіп­ті менен және отба­сым­нан актив­тер­ді тар­тып алған­дар­дың бар­лы­ғы­ның аты-жөн­дерін айтып бере ала­мын. Мен актив­тері­нен айы­ры­лған басқа да бір­не­ше адам­ды біле­мін. Ал елі­міз­де мұн­дай адам­дар жетіп арты­ла­ды. Сон­ды­қтан да тари­хи әділ­дік­ті қал­пы­на кел­тіріп, бар­лық актив­тер­ді бұры­нғы иелеріне қай­та­ру­ды талап етеміз.
  • Жеке­ше­лен­діру­ден бас тар­тып, Назар­ба­ев отба­сы­ның қолы­на түс­кен бар­лық негіз­гі нысан­дар­ды мем­ле­кет мен­ші­гіне қайтару.
  • Бұры­нғы билік кезін­де жоға­ры лау­а­зым­да болған бар­лық мем­ле­кет­тік орган бас­шы­ла­рын ауыстыру.

Бұл тек баста­ма­сы ғана.

Енді сай­ла­удан кей­ін пре­зи­дент­тің қолын­да тари­хи әділ­дік­ті қал­пы­на кел­тіру­ге қажет­ті бар­лық тетік­тер мен өкілет­тік­тер бар. Осы қадам­дар­дан кей­ін ғана әділ­дік орнап, бола­шақ «Әділет­ті Қаза­қстан­ды» бір­ге құруға бола­ды дей аламыз.

Ал әзір­ге ина­у­гу­ра­ци­яда, құр­мет­ті орын­дар­да «әділет­сіз Қаза­қстан» оты­рған кез­де жаңа, «Әділет­ті Қаза­қстанға» сену қиындау.

МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ келер жылғы МАУСЫМДА ӨТЕДІ

  • Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев кезек­тен тыс мәжіліс және мәс­ли­хат сай­ла­у­ын 2023 жыл­дың мау­сы­мы­на бел­гіледі. Бұл 26 қара­ша­да Ақор­да сай­тын­да жари­я­ланған «пре­зи­дент­тің «Әділет­ті Қаза­қстан: бәрі­міз және әрқай­сы­мыз үшін. Қазір және әрқа­шан» атты сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру жөнін­де­гі іс-қимыл жос­па­рын­да» көрсетілген.

Сай­лау тура­лы ақпа­рат «іс-қимыл жос­па­рын­да» екін­ші болып тұр, ол «сая­си модер­ни­за­ция» бөлі­міне орна­ла­сты­ры­лған. Онда «пар­ла­мент пен мәс­ли­хат­тар­дың жаңа сай­лау жүй­есінің негізін­де – пар­ти­я­лық тізім­дер мен бір ман­дат­ты округ­тер бой­ын­ша қалып­та­сты­ры­луын қам­та­ма­сыз ете оты­рып, сай­лау өткі­зу» қажет­ті­гі жазы­лған. Орын­дау мерзі­мі – 2023 жыл­дың мау­сы­мы деп көр­сетіл­ген. «Жау­ап­ты орын­да­у­шы­лар – ОСК, үкі­мет, Аста­на, Алма­ты, Шым­кент қала­ла­ры мен облы­стар­дың әкім­дері» деп жазылған.

Жос­пар­дың үшін­ші пунк­тін­де «пар­ти­яа­ра­лық диа­лог­ты дамы­ту, сая­си бәсе­ке­ле­стік­ті қам­та­ма­сыз ету, жетіл­ген, жау­ап­ты сай­лау мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру үшін қолай­лы жағ­дай жасау» деп жазы­лып тұр. Орын­дау мерзі­мі – 2023 жыл­дың науры­зы деп көрсетілген.

Онда соны­мен бір­ге 2023 жылы жел­тоқ­сан­да қала, аудан әкім­дерін тіке сай­лау өткі­зуді бақы­лау тура­лы да пункт бар.

Тоқа­ев 26 қара­ша күн­гі ина­у­гу­ра­ция кезін­де мәжіліс сай­ла­уы «2023 жыл­дың бірін­ші жар­ты­сын­да өте­ді» деп мәлім­деді. Ина­у­гу­ра­ция күні сенат сай­ла­у­ы­ның 14 қаңтар­да өтетіні де бел­гілі бол­ды. Сенат сай­ла­уы пар­ла­мент­тің жоғарғы пала­та­сы депу­тат­та­ры­ның жар­ты­сы­ның өкілет мерзі­мінің өтуіне бай­ла­ны­сты бел­гі­леніп отыр.

Мәжіліс сай­ла­уы ара­лас пар­ти­я­лық-мажо­ри­тар­лық жүйе бой­ын­ша өте­ді. Соңғы өзгерістер­ге сәй­кес, Қаза­қстан халық ассам­бле­я­сы мәжіліс­ке енді депу­тат­тар ұсынбайды.

Облыс, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала және аста­на мәс­ли­хат­та­ры да осын­дай жүй­е­мен сай­ла­на­ды. Аудан және облы­стық маңы­зы бар қала­лар­да мәс­ли­хат депу­тат­та­ры бір ман­дат­тық аймақтық сай­лау округ­тері бой­ын­ша сайланады.

Қазір Қаза­қстан­да тір­кел­ген алты пар­тия бар: «Ама­нат», «Ақ жол», Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы, Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы, «Ауыл» және «Адал». Биыл науры­зда ата­уын «Ама­нат» деп өзгерт­кен «Нұр Отан» өзіне «Адал» пар­ти­я­сын қосып алған.

2021 жылы 10 қаңтар­да өткен пар­ла­мент сай­ла­у­ы­ның нәти­же­сін­де «Ама­нат», «Ақ жол» және Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы мәжіліс­ке өтті. Алды­ңғы шақы­ры­лым­дар­да да осы үш ұйым болған.

Қаза­қстан­да пар­тия құрғы­сы келетін бел­сен­ділер өздерін билік тір­ке­уден өткіз­бей оты­рға­нын жиі айта­ды. Мұн­дай баста­ма­лар 2019 жыл­дан бері жиі көтері­ле бастаған, алай­да баста­ма топ­та­ры фор­мал­ды себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты ұйым­да­рын тір­ке­те алмай жүр­генін айта­ды. Ал билік пар­тия құру­да кедер­гі барын жоққа шығарады.

Билік­ті сынай­тын және сая­си-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­ды талап еткен топ­тар Қаза­қстан демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы, Халы­ққа адал қыз­мет, Рес­пуб­ли­ка, «Біздің құқы­ғы­мыз», «Еркін халық», «Біздің таң­дау», «Ел тіре­гі» пар­ти­я­ла­рын құра­ты­нын мәлім­де­ген. Алай­да олар­дың ешқай­сысы әзір­ге тір­ке­ле алмады.

Azattyq.org

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн