Пятница , 4 июля 2025

Мақтаншақ ҚОЖАЙЫН

Бізде жағым­паз­дар көп. Әсіре­се үкі­мет жақта, билік жүй­есін­де, әкім­дік орын­дар­да… (сол қыз­мет­тер­ге жете алмай, жан­та­ла­сып жүр­ген қан­ша­ма потен­ци­аль­ный жағым­паз бар!). «Пәлен жер­ге елба­сы­ның есі­мін берей­ік!» деген жал­пыш ұсы­ны­стар­дың жиі шыға­ты­ны да сон­ды­қтан. Қыза-қыза келе, кеше «спорт аре­на­сын да сол кісінің аты­мен атай­ы­ққа» барып қалған­дарға аса таңқа­луға бол­май­ды. Себебі…

Себебі – осын­дай жағым­паз­дар қоға­мын өз қолы­мен жасаған сол елба­сы­ңы­здың өзі… Себебі сол – елба­сы­ңы­здың өзі жұрт­тың қоға­дай жапы­ры­лып, жағым­паз­данға­нын қалап тұра­ды… Себебі – елба­сы­ңы­здың өзі мақтаншақ…

Әйт­пе­се қазақ «Ұлық бол­саң, кішік бол» деме­уші ме еді…

«Біре­у­ге жасаған жақ­сы­лы­ғы­ң­ды ұмыт, ал өзіңе жасалған жақ­сы­лы­қты ұмыт­па» дей­тін… «Ешқа­шан еткен еңбе­гіңді бұл­да­ма» деген де сол бабаларымыз.

Осы­ның бәрі зая кет­кен сөз екен-ау! Мей­лі, Тоқа­ев бастап, бәрі де елба­сы­ға айры­қ­ша ықы­лас көр­се­ту­ге асы­ғып, шек­тен тыс ұран­шыл­ды­ққа салы­нған екен. Соларға елба­сы­ның өзі тоқтау айта­тын жөні емес пе еді? «Ау, шырақта­рым, қой­ы­ң­дар, тоқта­ты­ң­дар мына науқан­ды!» демей ме? Ел үшін сіңір­ген еңбе­гіне түр­лі мем­ле­кет­тік атақ-дәре­же­лер­ді алып жатыр, соны қанағат тұт­пай ма? Көзі тірісін­де әр қалаға ескерт­кіш қой­ғы­зып, ірі шаһар­лар­дың басты көше­леріне есі­мін бер­гізіп, соның бәрі аз болған­дай, аста­на­ның атын үн-түн­сіз ием­деніп алға­ны­на жол бол­сын?! «Ықы­ла­ста­ры­ңа разы­мын, жігіт­тер, бірақ бұла­рың артық» деп бас тарт­са, ел ішін­де­гі абы­ройы арта түс­пе­се, еш кемі­мей­тін еді ғой.

«Тәу­ел­сізді­гі­мізді сақта­ды, аста­на­ны көтер­ді, жал­пы еңбе­гі сіңді ғой» деушілер көп, біле­мін. Бұ кісінің еңбе­гін ешкім де жоққа шығар­май­ды. Бірақ «сон­дай еңбе­гім бар екен» деп, «есі­ре» беру­ге бола ма? Еңбе­гі елен­бей жатқан жоқ қой?! «Тұңғыш пре­зи­дент» (ата­у­лы мей­ра­мы да бар), «Елба­сы», алу­ан түр­лі орден­дер, «Халық Қаһар­ма­ны», «Еңбек Ері»… тағы­сын-тағы… толып жатыр. Туған күні (6 шіл­де) Аста­на күні­мен (10 мау­сым бол­са да) орай­ла­сты­ры­лып, мем­ле­кет­тік мере­ке­ге айна­лып кет­ті. Бұдан артық не керек бір адамға?!

Жоқ, керек екен. Қан­ша жесе де, той­ға­нын біл­мей­тін меш­кей секіл­ді, даңққа құны­ққан адам да сон­дай той­ым­сыз бола­ды екен. Біз ста­ли­низмді «жеке басқа табы­ну­дың шек­тен шыққан үлгісі шығар» деп біл­дік, бірақ одан да сорақы­сы алды­мы­зда екенін және оның өз ара­мы­здан шыға­ты­нын болжа­мап­пыз. «Халы­қтар көсе­мі» де осын­дай той­ым­сыз бол­са керек: Ста­лин­град, Ста­ли­но, Ста­ли­на­бад секіл­ді қала­лар бол­ды, көп­те­ген ескерт­кі­ш­тері қой­ыл­ды, айтқан сөз­дері мен сурет­тері көрін­ген жер­де ілініп тұр­ды… Ал қазір солар қай­да? Ста­лин­град – бүгін­де Вол­го­град, Ста­ли­но – Донецк, Ста­ли­на­бад – Душан­бе… Ескерт­кі­ш­тер құла­тыл­ды, сөзі де, суреті де ұмы­тыл­ды. Тіп­ті Ленин­град пен Ленин ескерт­кі­ш­тері де жоқ қазір. Осы­ның бәрін көріп өскен Назар­ба­ев қалай ғана жеке басқа табы­ну­дың жаңа – «тәу­ел­сіз нұсқа­сы­на» тый­ым сал­ма­ды? Неге ақы­лға кел­меді? Тоқта­у­сыз мақтау-мадақтан сана­сы тұман­да­нып, көзін шел басты ма?

Тыйым сал­ма­ды. Өйт­кені өзі мақтан­шақ. Өйт­кені өз алды­на кел­ген­де, өзге­лер­дің құй­ры­ғын бұлғаң­да­тып, құр­дай жорға­ла­у­ын, жал­пыл­дап, жағым­паз­да­нуын өлер­дей сүй­еді, содан рахат таба­ды. Әйт­пе­се әу баста мұн­дай жағым­паз­ды­ққа қатаң тый­ым сал­са, жағым­паз­да­ну­ды жақтыр­май­ты­нын біл­діріп, шара қол­дан­са, жағым­паз­дар да ақы­мақ емес, «қой, құры­сын, кәріне ілі­гіп жүре­рміз, тыны­штық керек» деп, бұ кісі­ден аулағы­рақ жүрер еді, өз тәсілінің өтпей­тініне көзі жетер еді… «Мені жер-көк­ке сый­ғы­з­бай қол­паштай бер­се екен, пір тұтып, табы­на бер­се екен» деп тілеп тұра­тын «ауру» адам­ды мақтап-мақтап, мақ­са­ты­на жетіп жүр­ген­дер­ді кей­де түсі­ну­ге де бола­тын сияқты ма, қалай?.. Диа­гно­зы­на сай емі де…

Ал енді біре­удің өзіне жағым­паз­данға­нын қалап тұра­тын, сон­дай көзіне мақтап, көл­гір­сі­ген­дер­ге тоқтау салып, тый­ып таста­май­тын, ел үшін сіңір­ген еңбе­гін бұл­дап, соның өте­уі ретін­де атын көше­ге, қалаға қой­ып жат­са, көзін бақы­рай­тып қой­ып, тірі­дей ескерт­кіш­ке айнал­ды­рып жат­са, қар­сы шық­пай­тын адам­ды кім деу­ге бола­ды? Мұн­дай адам­ның мораль­дық-адам­гер­шілік негізін, кісілік кел­бетін қалай баға­лау керек? «Өзіне-өзі масат­та­ну мен өзін-өзі дәріп­теу – бақыт­сыздық, бұл қаси­ет­тер адам­ды ақы­мақ ете­ді» деген неміс сая­сат­кері Карл Либ­к­нехт­тің сөзі рас екен-ау…

«Ұлық бол­саң, кішік бол» деген баба­ла­ры­мыз түк біл­мей­ді-ау, шама­сы. Бүгін­гілер «Ұлық бол­саң, ұртың толған­ша аса, үрім-бұтағы­ң­мен бірі­ге же» дейді…

«Елу жыл­да ел жаңа» – ештеңе емес екен. Ел отыз жыл­да-ақ құбы­лып шыға келеді екен. Осы отыз жыл­да қаза­қтың кісілік кел­беті, бол­мысы, табиға­ты қалай өзгеріп кет­ті, ә?.. Жақ­сы жағы­на емес бірақ… Тіп­ті қар­ша­дай бала­лар­дың өзі бар шаруа­сын ақша­мен шешетін жағ­дай­ға жет­ті… Бұған той­ым­сызды­ғы­мен қой­май, нар­цис­сизм дер­тіне де шал­ды­ғып біт­кен адам­ның аузы­на қарап, осын­ша жыл оты­рған өзі­міз де кінәліміз…

Бүгін сол елба­сты­ңы­здың, елба­сы­ңы­здың тақты өтірік тастаған болып, өзі­мен-өзі жасы­рын­бақ ойнаға­ны­на, оған біраз жұрт сеніп қап, көңілі босап, көзіне жас алға­ны­на екі жыл (19.03.19) тол­ды. Ау, той­ла­май нағып отыр­сыздар, мақта­май нағып отырсыздар?!

Сәкен СЫБАНБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн