Воскресенье , 4 мая 2025

МАҢҒЫСТАУ НЕГЕ НАРАЗЫ?

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға Үндеу-хат

  • Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы!

Біз, Маңғы­стау елінің аза­мат­та­ры, қаси­ет­ті Рама­зан – шара­пат айын­да Сіздің наза­ры­ңы­зды төмен­де­гі мәсе­ле­лер­ге аударғы­мыз келеді.

Өзіңіз­ге де мәлім, өткен ғасыр­дың 60-жыл­да­ры­нан бастап, осы уақы­тқа дей­ін Маңғы­стау түбе­гінің өсіп-өркен­де­уі, бар­лық тыныс-тір­шілі­гі тек қана мұнай мен газ өндірісіне тіке­лей тәу­ел­ді болып кел­ді. Түбек­те аздап мал, балық шару­а­шы­лы­ғы, яғни 500 мың­дай мал­ды бағып оты­рған 50 мың­дай ғана жер­гілік­ті халық бар еді. 

1961 жылы ашы­лған – Жеті­бай, Өзен, 1980 жылы өндіріс­ке қосы­лған – Қала­мқас, Қара­жан­бас, кей­ін­гі кішілеу кен орын­да­ры 2000-жыл­дарға дей­ін мұнай өні­мінің тұрақты өндірілуін қам­та­ма­сыз етті. Қазір де «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ», «Өзен­мұ­най­газ», «Қара­жан­бас­мұ­най» сияқты ірілі-ұсақты он шақты меке­ме­лер жылы­на 17–18 млн тон­на­дай мұнай өндіруде.

Бүгін­гі күні халық саны 780 мыңға жет­кен Маңғы­стау облы­сы осы мұнай өндірісінің арқа­сын­да ғана шай-суын айы­рып отыр, қала­ла­ры мен ауыл-село­ла­ры да әзір жой­ы­лып кету­ден аман. Бірақ уақыт өткен сай­ын қабы­нған про­бле­ма­лар­дың бағы­ты­на қарап, ондай қорқы­ны­шты күн­дер­дің де жақын­дап келе жатқа­нын бағам­да­уға болады.

Алды игеріл­геніне – 60, соңы 40 жыл­дан асқан аталған кен орын­да­ры соңғы 8–10 жыл­да өнім­нің табиғи азаю дәуіріне аяқ басты. Маңғы­ста­удан мұнай ашы­лға­лы бер­гі өндіріл­ген «қара алтын» көле­мінің 1 млрд тон­наға жететін күні де жақын.

Жыл­дар өтуі­мен уақты­лы шешіл­меу сал­да­ры­нан әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, тіп­ті руха­ни про­бле­ма­лар да көбею үстін­де. Про­бле­ма­лар­дың асқы­нға­ны сон­ша­лық, 1989, 2011 және 2022 жыл­дарғы түр­лі буы­рқа­ны­стар­дың ақы­ры қан­тө­гістер­ге дей­ін соқты­рға­ны айдай әлем­нің көз алдын­да. Бұн­дай жағ­дай­лар тұтас өлке­де, әсіре­се Жаңаө­зен қала­сын­да терең із, жазыл­мас жара­лар қалдырды.

Соңғы 10–20 жыл­дар ішін­де түр­лі дең­гей­лер­де нешетүр­лі жос­пар­лар, шара­лар, алдын алу бағ­дар­ла­ма­ла­ры жасақталға­ны­мен, олар­дан жер­гілік­ті халық ешқан­дай өзгеріс, пай­да көре алма­ды. Мыса­лы, 1989 жылы 25 тамы­зда Қазақ ССР Мини­стр­лер Советі мен Одақтық дең­гей­де «Жаңаө­зен қала­сы­ның кезек күт­тір­мей­тін әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы» тура­лы, 2008 жылы «Жаңаө­зен қала­сы әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы­ның про­бле­ма­ла­рын шешудің 2009–2012 жыл­дарға арналған кешен­ді жос­па­ры», 2011 жылы қазан айын­да «Жаңаө­зен қала­сы­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы­ның 2012–2020 жыл­дарға арналған кешен­ді жос­па­ры», 2009 жылы 2019–2025 жыл­дарға арналған тап осын­дай тағы бір жос­пар қабыл­данған. 2011 жылы осы кешен­ді жос­пар­лар­дан «про­бле­ма» сөзі алы­нып тасталға­ны­мен, «про­бле­ма» ешқай­да да кет­пеп­ті, оған дәлел – 2011 жылғы Жаңаө­зен­де­гі қан­ды желтоқсан.

Түбек­тен мұнай тұрақты өндіріліп тұр, бюд­жет­ке түсім де тұрақты, есесіне халық саны да өсу­де. Алай­да өндіріс ошақта­ры­ның мүм­кін­дік­тері мен сұра­ны­ста­ры­на тіке­лей тәу­ел­ді болып табы­ла­тын жұмыс күш­терінің орна­ла­суы­на, қазір­гі және бола­шақтағы қажет­тілі­гіне, бұл аса маңы­зды шару­а­ны зерт­те­у­ге, жос­пар­лы рет­те­у­ге осы уақы­тқа дей­ін ешбір орган мән бер­ген жоқ.

Бұл күн­дері мұнай, газ, ұлу­тас, қиыр­шық тас, т.б. қаз­ба бай­лы­қта­рын өндіру­мен айна­лы­са­тын кен орын­да­ры төңіре­гін­де пай­да болған елді мекен­дер­дің про­бле­ма­ла­ры­мен ешкім айна­лы­спай­ды, олар­дың бола­шағы­на жет­кілік­ті мән беріл­мей­ді, жаңа­дан көшіп келу­шілер мәсе­ле­лері де беті­мен жіберіл­ген. Бүгін­де өлке халқы сол қала мен кент­тер­де, жан төз­гісіз эко­ло­ги­я­лық тозақ пен қай­наған 45–55 гра­дус ысты­қта, шек­теп берілетін сапа­сыз ауыз сумен өмір сүру­де. Мыса­лы, мұнай өндіріп, ұлу­тас шыға­ра бастаға­ны­на 62 жыл (!) болған, табиға­ты аса қатал Жеті­бай кен­тін­де әлі күн­ге дей­ін не жөн­ді Мәде­ни­ет үйі, не адам­дар дема­ла­тын орын­да­ры, не спорт кешен­дері жоқ деген­ге сенесіз бе?! 

Осы­лай­ша жастар құмар ойын­да­ры­на түсіп, нар­ко­ма­ния дер­тіне шал­ды­ғып, мешіт­тер­ге барып, омы­ра­уын сақалға, жүре­гін өшпен­ділік­ке тол­ты­рған сала­фит­тер­ге айна­лу­да! Өз қоны­сын­да өз мем­ле­кеті «құн­сыз халы­ққа» баға­лап, «құр­бан­ды­ққа шыға­ра­тын­дай» қазақ кім­ге, не жазып қой­ып еді?! Әлде қазақ – бөлек, билік – бөтен жұрт­тың өкіл­дері ме еді?!

Тіп­ті «бөтен» болған күн­нің өзін­де де, сол есеп­сіз ырғын бай­лы­ққа ие қылып оты­рған жұрт­тың мәсе­ле­леріне назар ауда­ра­тын кез жет­кен жоқ па?! Аме­ри­ка­дағы резер­ва­ци­яға қамалған үндістер­дің өзіне де өз жері­нен табы­лған бай­лы­қтан пай­ы­здар бөлі­неді емес пе?! Егер тап енді назар ауда­рыл­ма­са, алда ақыл­мен болжап бол­мас кеса­пат­тарға жолы­ғуы­мыз мүм­кін екені қазір­дің өзін­де кез кел­ген пен­де­ге аян болып отыр!

Уран өндірісінің ашы­луы­мен 1960-жыл­дар­дың басын­да Кас­пий теңізі мен Ақтау қала­сы­ның, Ақшұқыр, Сай­ын, Басқұ­дық ауыл­да­ры­ның іргесін­де­гі «Қошқар ата» көздіой­ы­ғы кен бай­ы­ту ком­би­на­ты­ның радио­ак­тив­ті сула­ры­ның құй­ы­лу сал­да­ры­нан улы көл­ге айналды. 

Совет зама­нын­да жал­пы ауда­ны 66 шар­шы шақы­рым­ды құрай­тын осы көл­ге 105,1 млн тон­на радио­ак­тив­ті, соның ішін­де бел­сен­ділі­гі 11,240 мың кюрий бола­тын 51,8 млн тон­на уран руда­сы­ның радио­ак­тив­тік қал­ды­қта­ры ағы­зы­лған. Бұл көл Маңғы­ста­удың үлкен эко­ло­ги­я­лық бас ауруы­на айналға­лы қашан! Оны сауы­қты­руға үкі­мет тара­пы­нан деміл-деміл бөлін­ген қара­жат­тар­дың қай ұры­ның қал­та­сын қам­пай­тқа­ны бір Құдай­ға ғана мәлім.

2012 жыл­дан бастап, осы улы көл­ге жақын орна­ласқан Мұнай­лы ауда­ны­ның елді мекен­дерін­де (Басқұ­дық, Дәу­лет, Маңғы­стау, Қызы­л­тө­бе, Баян­ды) рак ауруы 15%, жүрек-қан тамы­ры ауру­ла­ры­ның көр­сет­кі­ші де 15%-ға өскен. 5000-ға жуық кем­тар бала­лар бар. Дис­тро­фи­я­лық есеп­те тұрған­дар­дың саны 2500 адам­нан 4500 ада­мға дей­ін өскен.

Маңғы­ста­уда жасы 59-дан асқан әйел­дер саны 34,5 мың, 63-тен асқан ерлер­дің саны 15,6 мың екен. Бұл бүкіл рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша (Аты­рау облы­сы да осы шама­да) ең төмен­гі көр­сет­кіш, әрі түбек халқы­ның ден­са­улы­ғы­ның нашар әрі нақты көр­сет­кі­ші десе де болған­дай. Ең қорқы­ны­шты­сы – өлім жыл­дан-жылға «жаса­рып» бара­ды. Бала өлі­мі, кем­тар бала­лар­дың тууы күн­нен-күн­ге көбей­іп келе жатқа­ны жан шошытады. 

Кін­дік­ті, Ақот­ты нар жерін­де сонау 60-жыл­дар­дың соңын­да жасалған ядро­лық сынақ пен оның зардап­та­ры да әлі жабық тақы­рып күй­ін­де жатыр.

Ашық әдіспен жүр­гізіл­ген уран өндірісінің «Ұйқы­лы» кен орнын­дағы апан­да­ры әлі күн­ге дей­ін ашық, ал осы уран­ды бай­ы­тып-өңде­умен шұғыл­данған тау-кен зауы­ты­ның (ХГМЗ) қирандысы ауаға аса жоға­ры ради­а­ция тара­тып жатыр. Ең сұм­ды­ғы – осы эко­ло­ги­я­лық нүк­те­лер­дің тап ірге­лерін­де мың­даған тұрғы­ны бар елді мекен­дер­дің пай­да болуы.

Жаңа жұмыс орын­да­ры­ның ашыл­маға­ны­на да ондаған жыл­дар бол­ды, жұмыс­сыздық өршіп тұр, облыс халқы­ның жыл­дық өсі­мі (туу көр­сет­кі­ші 20 мың) елі­міз бой­ын­ша 1–2‑орында. Соңғы жиыр­ма жыл­да түбек халқы 2,5 есе­ге өскен.

Осын­дай айна­ла­сы­ның бәрін әділет­сіздік жай­лаған өңір­де жар­ты­лай қай­ыр­шы­ға айналған, көзіне көр­то­пы­рағы тірі­дей құй­ы­лған халық нара­зы бол­маған­да, басқа не істе­уі керек?! Оларға «үнсіз өле берің­дер» деу ғана қал­ды ма?

Түбек­те бұл күн­дері мұнай­дан басқа жер­гілік­ті елге пай­да­лы ештеңе де шық­пай­ды, азық-түлік, тір­лік­ке қажет­ті басқа да тау­ар­лар сырт­тан тасы­мал­да­на­ды. Сон­ды­қтан баға­сы да басқа өңір­лер­ден едәуір қым­бат, әрі баға тұрақты түр­де өсіп отырады. 

Осын­ша­ма адам төз­гісіз жағ­дай­ларға қара­ма­стан, өлке халқы өз бір­лі­гін сақтап, өндірістің қарқы­нын бәсең­дет­пе­уде. Жар­ты ғасыр­дан аса кезең­де кен орын­дар­дың мораль­дық әрі физи­ка­лық түр­де ескіріп, тозы­ғы жет­кен жаб­ды­қта­ры қол­да бар мүм­кін­шілік­тер­мен, үнем­дел­ген қар­жы­ның күші­мен ғана алма­сты­ры­лып кел­ді неме­се жөн­деліп, қал­пы­на кел­тіріліп отырды.

Жыл­дар бойы күр­делі мәсе­ле­лер­дің шешіл­ме­уіне, түр­лі жаңа тех­ни­ка­лық, гео­ло­ги­я­лық шара­лар­дың жет­кілік­ті дәре­же­де қол­да­ныл­мауы­на жер­гілік­ті атқа­ру­шы, бақы­ла­у­шы орган­дар мен жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар кінәлі екені айдан анық.

Бұдан ары қарай өндіріс­ке әлем­дік жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгізіп, сол тех­но­ло­ги­я­лар­ды мең­гер­ген жаңа заман­ның маман­да­рын дай­ын­да­ма­са, жаңа жұмыс орын­да­рын ашу, өнім өндіруді өсі­ру, жыл­дар бойы бүлін­ген табиғат пен эко­ло­ги­я­ны қал­пы­на кел­ті­ру сын­ды кезек күт­тір­мес көп­те­ген жаңа мін­дет­тер­ді шешу мүм­кін бол­май­ты­ны аян болды.

Маңғы­стау кен орын­да­ры­ның елі­міздің эко­но­ми­ка мен әле­умет­тік-сая­си өмірін­де ала­тын орны ерекше болған­ды­қтан, Үкі­мет пен «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы оны қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесін басты наза­рға алуы тиіс. 

Осы бір қиын кезең­де өндірістің негіз­гі күші болып табы­ла­тын қара­пай­ым халы­қтың жағ­дай­ын жасау, олар­мен тіл табысып, жұмыс жүр­гі­зу, бүкіл өңір­дің әле­умет­тік мәсе­ле­лерін шешу – бас­шы­лар­дан мүл­де жаңа­ша көзқа­рас, тың әре­кет­тер­ді талап ете­ді. Ал жең ұшы­нан жалға­сып, қолай­ы­на жаққан­дар­ды ғана бас­шы қыз­мет­тер­ге тағай­ын­дай салу, «коман­да­мен жұмыс жасау» енді­гі жер­де ешкім­ге абы­рой бермейді. 

Өлкенің өмір­лік маңы­зы бар ең негіз­гі – энер­ге­ти­ка­лық қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ететін сала­лар­да, кәсі­по­рын­дар­да кім көрін­ген бас­шы болып отыр­ды (МАЭК), нәти­же­сін­де өткен жылы күл­лі Маңғы­стау «қыстың көзі қыра­уда» апат­ты жағ­дай­да қал­ды! Неме­се МРЭК сияқты кәсі­по­рын­дар жеке мен­шік­ке өтіп те кеткен.

Біз – өздерін оқы­ған, сау­ат­ты, мәде­ни­ет­ті жан­дар қата­рын­да санай­тын, жаңа уақыт көшіне іле­су­ге ұмты­лып жүр­ген Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның сана­лы аза­мат­та­ры, есі­міз­ден бір нәр­сені шыға­рып алған­дай­мыз. Адам­зат жара­ты­лға­лы бері алға­шқы қауым да, тай­па­лық, топ­тық құры­лым­дар да, одақтар да, ұлт-ұлы­стар, ханды­қтар, мем­ле­кет­тер, импе­ри­я­лар – бар­лы­ғы да Жаратқан Иенің заңы­на қар­сы шығып, қор­шаған орта­сы­на опа­сыздық, табиғат­тың ама­на­ты­на қия­нат жасаған емес! Ал біз – Қаза­қстан атты тәу­ел­сіз мем­ле­кет, азат ел бол­дық, адам­зат өрке­ни­етіне лай­ық өмір сүре­міз деген­де, жет­кен жері­міз, шыққан биі­гі­міз осы болға­ны ма?! Рас, шикі­зат өндірісіне әбден бай­ланған бір­тек­ті эко­но­ми­ка­мыз әзір бізді асы­рып тұр, бірақ 10–15 жыл­дан соң не, кім болмақпыз? 

Өлке­де­гі қор­да­ланған мәсе­ле­лер бұдан әрі шие­ленісіп, ушы­ғып кет­пеу үшін, Үкі­мет­тік дең­гей­де ТӘУЕЛСІЗ КОМИССИЯ құры­лып, төмен­де­гі шара­лар шұғыл түр­де іске асы­ры­луы тиіс:

1. Түбек­те­гі күл­лі про­бле­ма­лар­дың басы – жұмыс­сыздық. Сон­ды­қтан Маңғы­стау облы­сы бой­ын­ша еңбек­ке жарам­ды жан­дар­ды жұмыспен қам­ту­дың кешен­ді бағ­дар­ла­ма­сын дай­ын­дау қажет. 

2. Білім, тәр­бие, ден­са­улық, дін, мәде­ни­ет, руха­ни­ят сала­сын­дағы қалып­тасқан жағ­дай­ды сара­лау, баға­лау, келелі шешім қабыл­дау – әбден толғағы жет­кен мәсе­ле. Қазір кеше­гі қаңтар­да Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қатер төн­дір­ген зұл­мат күш­тер тамы­рын терең­ге жая баста­ды! Сон­дай-ақ жеке­ле­ген топ­тар­дың ықпа­лы­мен ашы­лып жатқан күмән­ді оқу орын­да­ры, білім жүй­е­лері қатаң бақы­ла­у­ға алы­нып, қоға­мға залал­дысы жабы­луға тиіс! Ел ішіне іріт­кі болып енген бұзғын ағым­дарға тоқтау сала­тын уақыт жетті! 

3. Кен орын­дарға жақын орна­ласқан Жаңаө­зен, Жеті­бай, Қызыл­сай, Тең­ге сияқты елді мекен­дер­дің тұрғын­да­рын арнайы дәрі­гер­лік тек­се­ру­лер­ден өткі­зу – кезек күт­тір­мей­тін шара. Өңір­де қалып­тасқан эко­ло­ги­я­лық-ради­а­ци­я­лық, т.б. жағ­дай­ларға зерт­те­улер жүр­гі­зу, сыр­тқы әсер­лер­дің баға­ла­нуы тиіс. Сон­дай-ақ Жаңаө­зен, Жеті­бай, Бей­неу, Шет­пе, Сенек, Аққұ­дық сияқты қала-кент­тер­ді «эко­ло­ги­я­лық қатер­лі аймақ» ретін­де баға­лап, оны сауы­қты­ру­дың кешен­ді шара­ла­ры қолға алы­нуы тиіс.

4. Салық кодексі және Үкі­мет қаулы­сы бой­ын­ша, «Пай­да­лы қаз­ба бай­лы­қта­рын өндіру­ге салы­на­тын салы­қтар­дың» есебі­нен (орыс тілін­де НДПИ) Кен­дір­лі жері­нен су тұщы­ту қон­ды­рғы­сын, электр энер­ги­я­сын шыға­ра­тын стан­ция салу, «Бола­шақтың қала­сы» – жаңа тип­те­гі елді мекен құры­лы­сын бастау кезек күт­тір­мей­тін іс.

5. Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың мен­шік түріне қара­ма­стан, Үкі­мет­пен екі ара­да жасалған келісім­шар­ттар­дың жер­гілік­ті бюд­жет­ке, өңір­ге қаты­сты тара­у­ла­ры қай­та қара­лып, олар­дың заң­ды­лы­ғын, орын­да­луы­ның уәкілет­ті орган­дар тара­пы­нан қадаға­ла­нуын, мақ­сат­ты пай­да­ла­ну­ла­рын аны­қтау; бар­лық шетел­дік, бірік­кен, отан­дық ком­па­ни­я­лар­мен жасалған келісім­шар­ттар­ды халы­ққа ашық жари­я­лау қажет.

6. Түбек­те әре­кет ететін бар­лық ком­па­ни­я­лар­дың ашы­қты­ғы қам­та­ма­сыз етіліп, күл­лі стра­те­ги­я­лық нысан­дар, кен орын­да­ры мем­ле­кет мен­ші­гіне қайтарылсын.

7. Аймақта жүзе­ге асы­рыл­мақ­шы бола­шақ жоба­лар мін­дет­ті түр­де алдын ала жари­я­ла­нып, ашық қоғам­дық тың­дау өткізіліп, пікір-ұсы­ны­стар ескерілуі тиіс! 

8. Өлкенің ауыл және мал шару­а­шы­лы­ғы­ның әле­уеті түбе­гей­лі сарап­та­ма­дан өткізіліп, жаңа кеңістік­тер ашы­лып, тың тыныс берілуі тиіс!

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Елдің бір­лі­гі мен ынты­мағы­на, өрке­ни­ет­ті қоғам мен әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­сы дамы­ған ел болу жау­ап­кер­шілі­гін ешкім­нен де кем түсін­бей­тін, қажет болған жағ­дай­да тең көте­ретін Маңғы­ста­удың Ел-Халқы­ның аты­нан жазы­лған осы ҮНДЕУГЕ аса мән беруіңізді, әрі дер кезін­де тиісті шара­лар­ды қабыл­да­уы­ңы­зды сұрай­мыз! Бұл біздің ең соңғы үміті­міз болуы да мүмкін!

Құр­мет­пен,

Аман­гел­ді Бәл­де­ков, арда­гер мұнайшы,

Сүлей­мен Қоқа­нов, гео­ло­гия сала­сы­ның ардагері,

Аманға­ли Күзем­ба­ев, зей­нет­кер, Түпқа­раған ауда­ны­ның құр­мет­ті азаматы,

Абзал Тәке­нов, зей­нет­кер,

Қожах­мет Деме­убер­ге­нов, зей­нет­кер жур­на­лист,

Гүл­нәр Сейт­мағам­бе­то­ва, қоғам қайраткері,

Базар­бай Нұр­жа­нов, кәсіпкер,

Төреға­ли Мұры­нов, тау-кен инже­нері,

Киік­бай Меде­уов, зейнеткер-мұнайшы,

Светқа­ли Нұр­жан, қаламгер,

Сар­сен Қадір, ақын,

Рах­мет Тұрар, қар­жы­гер, қоғамтанушы,

Шала­бай Исма­гу­лов, кәсіпкер,

Бек­мұрат Жүсі­пов, кәсіпкер,

Қуа­ныш Сүйе­уба­ев, Түпқа­раған аудан­дық арда­гер­лер ұйы­мы­ның төрағасы,

Қоса­ман Жай­лы, Тең­ге ауыл­дық ақсақал­дар ұйы­мы­ның төрағасы,

Жәні­бек Қожық, қоғам қайраткері,

Әбдіра­шит Нияз, «Қаза­қстан халық пар­ти­я­сы» Маңғы­стау облы­стық фили­а­лы­ның төрағасы,

Уайс Ерсай­ы­нұ­лы, Облы­стық мәс­ли­хат­тың депу­та­ты, Ұлт­тық Құры­л­тай мүшесі,

Аят Сүгір­бай­те­гі, Облы­стық мәс­ли­хат депутаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн