Пятница , 4 июля 2025

Мемлекеттік сыйлықты МАЗАҚ ҚЫЛМАЙЫҚ!

  • Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы! 2022 жылғы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Абай атын­дағы әде­би­ет пен өнер сала­сын­дағы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғын беру жөнін­де­гі комис­си­я­ның жұмысын өзіңіз қадаға­ла­ма­саңыз, бұл «Жаңа Қаза­қстан­ның» емес, «Борат­стан­ның» мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы болуы мүмкін.

Шығар­ма­шы­лы­қ­пен әркім айна­лы­са ала­ды. Бірақ оның бәрі өнер­ге жатпайды.Өнер жеке адам­ның ләз­за­ты емес, ол әле­умет­тік мәселе.

Биылғы жылғы Көр­кем­дік комис­сия сек­ци­я­лар бой­ын­ша әде­би­ет сала­сын­да да, музы­ка сала­сын­да да ірік­те­уді жақ­сы атқар­ды. Бірақ бей­не­леу өнеріне кел­ген­де, тағы да сүрін­ді. Біз ел пре­зи­ден­ті Тоқа­ев мыр­за­ға хат жазып, бұл жағ­дай­ды бұған дей­ін де сөз еткен едік. Ең басты­сы – Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гін­де бей­не­леу өнері­нен сарап­шы­лық кеңес беретін бір­де-бір маман адам жоқ.

Айт­пағы­мыз – атал­мыш кон­кур­сқа қаты­су­шы қазақ кес­кін­де­ме өнерінің мақта­ны­шы­на айналған Қаза­қ­бай Әжі­бек­тің әбден лай­ық номи­нант екен­ді­гі. Комис­сия не шешім шыға­ра­ры бел­гісіз, бірақ Қаза­қ­бай Әжі­бек бәрібір зама­ны­мы­здың ең ірі фено­мен сурет­шісі болып қала береді.

Ал енді сарап­та­удың екін­ші туры­на өткен шығар­ма­лар төбе шашы­ң­ды тік тұрғы­за­ды. Мәсе­лен, екін­ші турға Тари­хи-этно­гра­­фи­я­лық «Мәң­гілік ел» саябағы – кесене-ескер­т­кі­ш­тер кешені өткен. Бұған сурет­шілер де аң-таң, өнер­ді түсі­нетін жұрт­шы­лық та аң-таң.

Кешен­нің автор­лар ұжы­мы­на қараңыз: Тұрға­ра­ев Бекет, Сер­геб­а­ев Ескен, Бур­га­нов Алек­сандр, Бөке­бай Саматбек.

Бұл жоба­ның ұйым­да­сты­ру­шы­сы және идея авто­ры Тұрға­ра­ев Бекет – облы­стық сот­тың бұры­нғы төраға­сы, оңтүстік өңіріне бел­гілі меце­нат екен.

Бұрын (2007 жылы) Аста­на­да Пре­зи­дент­тік мәде­ни­ет орта­лы­ғы­ның музей­і­нен «Самұрық» құстың суретін көріп, оның аны­қта­ма­сын­да кар­ти­на иде­я­сы­ның авто­ры Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, орын­даған Н.Қарымсақов деген­ді көріп, бір күл­ген­біз. Күл­ген­де – күл­ген, бірақ бұл «идея авто­ры» деген «өнер иесіне» Мем­ле­кет­тік дәре­же­де сый­лық беру үлкен дерт­ке айналды.

Өткен жыл­да­ры сурет­шілер­ге «жоба жетек­шісі» болып, облыс әкі­мі Асқар Мыр­за­хме­тов пен Иманға­ли Тасмағам­бе­тов Мем­ле­кет­тік сый­лық алды. Бұлар киелі өнер­ді әбден мазақ етті. Рим папа­сы Рафа­эль мен Мике­лан­джел­лоға тап­сы­рыс бер­ген­де: «Мен идея авто­ры­мын» деп айт­ты ма екен? Мұн­дай масқа­ра әлем­дік өнер тарихын­да жоқ қой!

Бұл енді ешкім­нің түсіне кір­мей­тін ауру қазақ өнерін баға­ла­уы тиіс Мем­ле­кет­тік комис­си­яға ден­деп кір­ген пәле болып жабысты. «Идея авто­ры» ретін­де сый­лық алған шене­унік­тер­дің бір­де-біре­уі не музы­каға, не әде­би­ет­ке үш қай­на­са сор­па­сы қосыл­май­ды. Неге олар бей­не­леу өнеріне кел­ген­де сурет­шілер­ді ақы­мақ көріп, мой­ны­на мініп ала­ды? Қол­да­ры­на қарын­даш ұстап, сурет сала алмай­тын шене­унік неге кон­кур­сқа қаты­суы керек?

Ал енді «Мәң­гілік ел» саябағы – кесене-ескер­т­кі­ш­тер кешені тал­дап көр­сек, мұн­да Бекет ата маза­ры­ның көшір­месі жасалған, Қажы­мұқан ескерт­кі­ші бар, Алаш ары­ста­ры­на арналған ескерт­кіш, Үш би бей­несі, Салқам Жәң­гір хан мен Жалаңтөс Баһа­дүр баба­ла­ры­мы­зға арналған ескерт­кіш, Анаға тағ­зым ескерт­кі­ші, кесене ішіне ата-ана­сы­на ескерт­кіш мүсін бюст қой­ып, соңғы нүк­те­ге өзі мен жары­на о дүни­елік мазар орнын дай­ын­даған. Бұл тура­лы ютуб-канал­дар жары­са жари­я­ла­ды. «Көзі тірісін­де әйелі мен өзіне кесене тұрғы­зды» деп, жур­на­ли­стер теле­ди­дар­да да айт­ты. Экс-судья Бекет Тұрға­ра­ев желі­де­гі видеоға рен­жіп, жау­а­бын да бер­ді. Бірақ тірі кезін­де өзіне о дүни­елік орын дай­ын­да­уы­ның «Мәң­гілік елге» қан­дай бай­ла­ны­сы бар? Бұл не нәр­се, тірі ада­мға кесене жасау тура­лы Қаза­қстан­ның дін ғұла­ма­ла­ры неге жақ ашпай­ды? Масқа­ра­ның көкесі – комис­сия бұл жұмысты екін­ші турға жіберіп отыр.

Соны­мен қатар кесене ішін­де Қағ­ба­ның қара тасы­ның, әйгілі Тәж Махал кесе­несінің де суреті де бар. «Идея авто­ры­ның» зира­ты қаси­ет­ті болып, Тәж Махал­дай бол­са деген арма­ны да бар шығар…

Жал­пы кешен­нің ғылы­ми негіз­де­месі нақты­лан­баған. Жасалған ескерт­кі­ш­тер­дің көр­кем­дік бей­несі жоқ. Бұрын­нан бар ұқсас ескерт­кі­ш­тер бұл жоба­да бір жер­ге жиналған. Бол­ды. Кешен­нің ең соңын­да Жер астын­да қара­лы музы­ка ойнап, автор­дың жары мен өзіне арналған екі қара тастан ақы­рет­тік орын дай­ын­далға­нын көресіз. Бұл енді кон­кур­сқа бей­не­леу өнері сала­сы бой­ын­ша қаты­сты­ры­лған әлем­де жоқ діни пан­те­и­стік, нео­аван­гард­тық, діни неосюр­ре­а­ли­стік «жаңа бағыт» деу­ге келеді.

Про­фес­сор Серік Неги­мов бұны «мәде­ни­ет пен дін ака­де­ми­я­сын ашуға ұйы­тқы болар­лық» деп баға­лап­ты. О дүние мен бұ дүниені бай­ла­ны­сты­ра­тын бұл жоба­ның айта­рын адам бала­сы түсін­бей­ді. Егер түсін­се, 40 адам­нан құралған мем­ле­кет­тік комис­сия және оның ішін­де­гі өнер сек­ци­я­сы­ның бір білері бар шығар…

Осы орай­да Мем­ле­кет­тік сый­лы­қты беретін өкі­мет­ке ұсы­ныс айтқым келеді. Сурет сала алмай­тын, өнер­ге қаты­сы жоқ шене­унік­тер­ге, яғни «идея айтқыш ақыл­ман­дарға» арналған бөлек Мем­ле­кет­тік сый­лық тағай­ын­даң­дар! Неме­се ел-жұр­тқа мазақ еткен­ше, Мем­ле­кет­тік сый­лық деген­ді мүл­де құр­ты­ң­дар. Қинал­са – жазу­шы мен әртістер қина­лар, сурет­шілер­ге тап­сы­рыс көп, ештеңе­ден тарықпайды.

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы! 2022 жылғы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Абай атын­дағы әде­би­ет пен өнер сала­сын­дағы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғын беру жөнін­де­гі комис­си­я­ның жұмысын өзіңіз қадаға­ла­ма­саңыз, бұл «Жаңа Қаза­қстан­ның» емес, «Борат­стан­ның» мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы болуы мүмкін.

Жанар­бек БЕРІСТЕН, арт-сын­шы, про­фес­сор, фило­со­фия ғылы­мы­ның кандидаты,

Халы­қа­ра­лық «Тұран» көр­ке­мө­нер сый­лы­ғы­ның иегері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн