Пятница , 23 мая 2025

Мемлекеттік тіл — құқық пен әділдіктің негізі

Пав­ло­дар қала­сы­ның аза­мат­тық істер жөнін­де­гі ауда­на­ра­лық соты­ның судья­сы Әлия Аса­но­ва Datnews.info-ға бер­ген сұх­ба­тын­да сот жүй­есін­де­гі қазақ тілінің рөлі тура­лы ойла­ры­мен бөлісті

- Әлия Ерға­зы­қы­зы, сіз күн­делік­ті қыз­метіңіз­бен қатар сот өндірісін­де қазақ тілінің қол­да­ны­луы­на қаты­сты көп­те­ген жұмыстар атқа­рып келесіз. Қазір­гі уақыт­та сот жүй­есін­де мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ны­луын қалай бағалайсыз?

- Сот жүй­есін­де қазақ тілін қол­да­ну – аса маңы­зды мәсе­ле. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы мем­ле­кет­тік тіл ретін­де қазақ тілін бел­гіле­ген. Бұл, өз кезе­гін­де, мем­ле­кет­тік тіл­дің сот жүй­есін­де қол­да­ны­луы­ның заң­ды­лы­ғын және маңы­зды­лы­ғын айқын­дай­ды. Алай­да, іс жүзін­де көп­те­ген шара­лар мен қадам­дарға қара­ма­стан, қазақ тілінің сот өндірісін­де қол­да­ны­луы қоғам­ның үміт­теріне толық жау­ап бер­мей­ді. Бұл мәсе­лені шешу үшін әлі де ауқым­ды жұмыстар атқа­ры­луы тиіс.

  • Сіздің пікіріңіз­ше, бұл мәсе­ленің негіз­гі себебі неде?

- Негіз­гі мәсе­ле, өкініш­ке орай, қазақ тілін жет­кілік­ті дең­гей­де мең­гер­ме­ген аза­мат­тар мен құқық қорғау сала­сы­ның өкіл­дерінің көп­ті­гін­де. Бұл, өз кезе­гін­де, аза­мат­тар­дың талап ары­зда­рын қазақ тілін­де тап­сы­руын және сот про­цесінің қазақ тілін­де өтуін қиын­да­та­ды. Мыса­лы, адво­кат­тар мен заң­гер­лер­дің басым көп­шілі­гі орыс тілін­де жұмыс істей­ді, соның нәти­же­сін­де іс жүр­гі­зу де көбі­не­се орыс тілін­де жүр­гізіледі. Бұл орыс тілін түсін­бей­тін аза­мат­тар үшін көп­те­ген қиын­ды­қтар туғы­за­ды және олар­дың құқы­қта­ры шектеледі.

Адво­кат­тар және заң көме­гін көр­се­тетін өкіл­дер­дің 90%-ы – өз қан­даста­ры­мыз. Бірақ, олар өз қыз­мет­терін өздеріне ыңғай­лы тіл­де, яғни көбі­не­се орыс тілін­де жүр­гі­зеді. Алай­да, «Адво­кат­тық қыз­мет және заң көме­гі тура­лы» заң­да адво­кат­тар мен заң­гер­лер­дің мем­ле­кет­тік тіл дең­гей­іне қаты­сты арнайы нор­ма қарас­ты­рыл­маған. Осы­ған орай, адво­кат­тық қыз­мет­ке үміт­кер­лер­ді ірік­теу бары­сын­да Әділет басқар­ма­сы­ның білік­тілік алқа­сы үміт­кер­лер­дің мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­ге­ру дең­гей­ін тек­се­руді мін­дет­ті түр­де қам­та­ма­сыз етуі қажет. Яғни, үміт­кер­дің мем­ле­кет­тік тіл­ді еркін мең­ге­руі, сөй­леп, жаза алуы негіз­гі шарт болып, «Қаз­тест» арқы­лы тіл дең­гей­ін тек­се­ру жүй­есін енгі­зуді ұсынамын.

  • Бұл жағ­дай­ды жақ­сар­ту үшін қан­дай шара­лар қабыл­да­уды ұсынасыз?

- Бұл мәсе­лені шешу үшін бір­не­ше маңы­зды қадам­дар қажет. Орыс тілін­де түс­кен істер бой­ын­ша (қыл­мыстық, әкім­шілік, аза­мат­тық істер) судья­ларға сотқа дей­ін­гі кезең­де тарап­тарға сот ісін қазақ тіліне өзгер­ту құқы­ғын түсін­ді­ру мін­дет­ті болуы тиіс. Қыл­мыстық істер бой­ын­ша, егер күдік­ті неме­се айып­та­лушы қазақ ұлты­ның өкілі бол­са, тер­геу орган­да­ры тер­ге­уді қазақ тілін­де жүр­гі­зуі тиіс. Бұл шара­лар заң­ды дұрыс түсі­ну мен өз құқы­қта­рын қорғау мүм­кін­ді­гін арт­ты­ра­ды. Ал, егер қыл­мыстық істер бой­ын­ша басты сот талқы­ла­у­ын­да іс жүр­гі­зу тілі өзгер­тіл­се, облыс про­ку­ро­ры мен тер­геу орган­да­ры­ның бас­шы­ла­ры­на жеке қау­лы шыға­ру­ды қажет деп санаймын.

Сон­дай-ақ, сот жүй­есін­де­гі аудар­ма­шы­лар­дың мәр­те­бесін көте­ру қажет. Өйт­кені, сот про­цесін­де аудар­ма­шы­лар­дың рөлі өте маңы­зды, себебі олар­дың жұмысы істің нәти­же­сі мен адам­дар­дың тағ­ды­ры­на әсер ете­ді. Өкініш­ке орай, қазір­гі таң­да аудар­ма­шы­лар­дың қыз­метіне төле­нетін ақы өте төмен, соның сал­да­ры­нан олар қыз­мет көр­се­ту­ге бас тар­та­ды. Бұл сот про­цесінің ұза­ққа созы­луы­на әкеліп соға­ды. Осын­дай қиын­ды­қтар­ды бол­дыр­мау үшін, екі тіл­де жетік мең­гер­ген әр сот мама­ны аудар­ма­шы ретін­де тар­ты­луы тиіс. Яғни, сот маман­да­рын ірік­теп, арнайы кур­стар ұйым­да­сты­рып, қажет­ті сер­ти­фи­кат­тар беру қажет.

  • Аза­мат­тар­дың тіл­дік құқы­қта­рын қорғау үшін қан­дай нақты ұсы­ны­стар бере аласыз?

- Мен бір­не­ше ұсы­ныс айтқым келеді. Бірін­ші­ден, судья­ларға сот ісін орыс тілін­де жүр­гізу­ге келісім бер­ген аза­мат­тарға олар­дың мем­ле­кет­тік тіл­де сот ісін жүр­гізу­ге құқы­қта­ры бар екенін түсін­ді­ру мін­деті жүк­те­луі тиіс. Бұл өз кезе­гін­де аза­мат­тарға толы­ққан­ды құқы­қтық ақпа­рат алуға мүм­кін­дік береді. Екін­ші­ден, егер күдік­ті неме­се айып­та­лушы қазақ ұлты­ның өкілі бол­са, тер­геу орган­да­ры тер­ге­уді қазақ тілін­де жүр­гі­зуі тиіс. Соны­мен қатар, мем­ле­кет­тік орган­дар аза­мат­тар­дың сұра­у­ла­ры­на тек қазақ тілін­де жау­ап беруі қажет. Бұл қазақ тілінің қоғам­дық өмір­де кеңі­нен қол­да­ны­луы­на ықпал етеді.

- Сот жүй­есін­де қазақ тілін қол­да­ну­ды қалып­ты жағ­дай­ға кел­ті­ру үшін заң­на­ма­лық дең­гей­де қан­дай өзгерістер енгі­зу қажет деп ойлайсыз?

- Тіл тура­лы заң­ның 11-бабы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік және мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар аза­мат­тар­дың өтіні­ш­теріне және басқа да құжат­та­ры­на жау­ап­ты мем­ле­кет­тік тіл­де неме­се өтініш жасалған тіл­де береді. Алай­да, көбі­не­се мем­ле­кет­тік орган­дар бұл нор­ма­ны орыс тілін­де жау­ап беру үшін пай­да­ла­на­ды. Сон­ды­қтан, осы бапқа өзгерістер енгі­зу қажет, яғни «өтініш жасалған тіл­де» деген­ді алып тастап, бар­лық жау­ап­тар­ды тек мем­ле­кет­тік тіл­де беру мін­дет­те­луі тиіс. Соны­мен қатар, аза­мат­тар­дың ары­зда­ры мен өтіні­ш­тері жазы­лған тіліне қара­ма­стан, мем­ле­кет­тік тіл­де жау­ап беріліп, қажет бол­са аудар­ма­сы тір­ке­луі керек.

Менің ойым­ша, заң­на­ма­лық дең­гей­де қазақ тілін­де сот ісін жүр­гі­зуді мін­дет­ті ету керек. Мем­ле­кет­тік тіл­де сот өндірісін жүр­гі­зу аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын қорға­удың негізі болуы тиіс.

  • Қазақ тілін дамы­туға бағыт­талған қадам­дар­дың сот прак­ти­ка­сы­на қалай әсер ететініне қаты­сты өз ойы­ңы­зды айтыңызшы.

Сот ісін жүр­гі­зу тілі тура­лы қағи­да­ның бұзы­луы­на жол бер­меу үшін, мем­ле­кет­тік меке­ме­лер тара­пы­нан заң­ның үстем­дік құруын қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да мем­ле­кет­тік меке­ме бас­шы­ла­ры, адво­кат­тар мен заң­ды өкіл­дер «Тіл тура­лы» заң­ның 4‑бабын орын­да­луын өз дең­гей­ін­де қолға алып, сотқа берілетін талап қою­ды (ары­зды) талап қою­шы­ның өзі жетік мең­гер­ген тіл­де, яғни қазақ тілін­де әзір­леп ұсы­ну­ды талап ету қажет. Себебі, мем­ле­кет­тік орган­дар (ұйым­дар) сотқа талап қою­ла­рын (ары­зда­рын) әлі күн­ге дей­ін, орыс тілін­де жолдауда.

Қазақ тілін сот жүй­есін­де дамы­ту — өте маңы­зды про­цесс. Егер біз қазақ тілін бел­сен­ді қол­да­нып, оны толы­ққан­ды дамы­та­тын бол­сақ, бұл біздің құқы­қтық жүй­е­міздің дамуы­на және аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры­ның сақта­луы­на оң әсерін тигі­зеді. Біз бар­лы­ғы­мыз тіл­дің — біздің мәде­ни мұра­мы­здың негізі екенін жақ­сы түсі­не­міз. Егер қазақ тілі сот про­це­стерін­де кеңі­нен қол­да­ныл­са, бұл аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры­ның қорға­луы­на ықпал ете­ді және қоғам­да тіл­дің мәр­те­бесі артады.

- Аза­мат­тарға қазақ тілін сот жүй­есін­де қол­да­нуға қаты­сты қан­дай кеңе­стер бере аласыз?

- Мен аза­мат­тарға өз ана тілін, яғни қазақ тілін бел­сен­ді түр­де қол­да­ну­ды ұсы­нар едім, әсіре­се сот істерін­де, егер олар осы тіл­де еркін сөй­лей­тін бол­са. Бұл қазақ тілінің дамуы­на ғана емес, соны­мен қатар құқы­қтық жүй­енің ныға­юы­на да ықпал ете­ді. Егер біз тілі­мізді қол­дап, оны дамы­туға күш сал­сақ, бұл біздің мәде­ни мұра­мы­зды сақта­уға және әрі қарай дамы­туға мүм­кін­дік береді.

Сот жүй­есін­де мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ны­лу аясын кеңей­ту – тіл­ге жана­шыр аза­мат­тарға тіке­лей бай­ла­ны­сты екенін жады­мы­зға сақтап, «Тілі жоғалған елдің, ұлты да жоға­ла­ды» деген нақыл сөзді ұмыт­пай, қазақ тілін одан әрі дамы­туға жұмы­ла кіріс­сек, мәсе­ле оңы­нан шешіледі деген сенімдемін.

- Маңы­зды сот қыз­метіңіз­де және де жана­шыр болып, мем­ле­кет­тік тілі­міздің өркен­де­уі  жолын­да атқа­рып жүр­ген жұмысы­ңы­зда сәт­тілік тілейміз.

  • Сіз­дер­ге де бұл маңы­зды тақы­ры­пқа қызы­ғу­шы­лық таны­тқан­да­ры­ңыз үшін рах­мет. Айгуль Қал­кенқы­зы
Республиканский еженедельник онлайн