Понедельник , 30 июня 2025

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ бір жыл ішінде Т4,2 ТРИЛЛИОНҒА ӨСТІ

  • Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы бір жыл ішін­де Т4,2 трлн неме­се 25%-ға өсті, деп мәлім­деді ҚР сена­ты­ның Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің төрай­ы­мы Оль­га Перепечина.

Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қары­зы күн санап артып келеді. «Бір жыл­дың ішін­де ол Т4,2 трлн неме­се 25%-ға өсті», – деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ Пере­пе­чи­на­ның сенат­та «2021–2023 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы» ҚР Заңы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сын талқы­ла­уда айтқан сөзіне сіл­те­ме жасап.

Боры­шқа қыз­мет көр­се­ту шығы­ста­ры өсу­де, олар 2021 жылы шама­мен Т1 трлн-ға жет­ті. «Болжа­мға сәй­кес, үкі­мет­тік боры­шты өтеу шыңы 2023 жылға келеді. Біз Т1,5 трлн табуға мәж­бүр бола­мыз», – деді сенатор.

Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың боры­шы, оның деректері бой­ын­ша, бір жыл­да екі есе өсті және бұл төрт донор-өңір­ді қос­паған­да, бар­лық өңір­лер суб­вен­ци­я­лық болып табы­ла­тын­ды­ғы­на қара­ма­стан. Олар­дың мін­дет­те­ме­лерін рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке жүк­теу тәу­е­кел­дері туын­да­уы мүмкін.

Пере­пе­чи­на­ның айтуын­ша, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет шығы­ста­ры­ның өсуі дәстүр­лі түр­де Ұлт­тық қор­дан Т850 млрд-қа транс­ферт және тап­шы­лық көле­мін Т2,76 трлн-ға дей­ін неме­се ЖІӨ-ге 3,3%-ға дей­ін ұлғай­ту есебі­нен қам­та­ма­сыз етіл­ді. Тап­шы­лы­қты қар­жы­лан­ды­ру үшін мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­дің өсу үрдісі қалып­тасқан халы­қа­ра­лық қары­здар­ды пай­да­ла­ну жалға­су­да. Осы мақ­сат­та 2020 жылы 1,5 млрд еуро көле­мін­де сыр­тқы қарыз тартылды.

Бұл екі ара­да, 25 мамыр күні ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев 2021–2023 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка бюд­жетіне өзгеріс енгі­зу жөнін­де­гі тиісті заңға қол қой­ды. Бұл заң бой­ын­ша, Қаза­қстан үкі­метінің шығын­да­рын жабу үшін Ұлт­тық қор­дың есебі­нен алы­на­тын транс­ферт­тің көле­мі 6 трил­ли­он тең­ге­ге дей­ін өскен. Яғни, егер арам­та­мақ үкі­мет жыл­дық бюд­жет­тің кіріс жағын толы­қты­ра алмай­тын бол­са, бола­шақ ұрпаққа арналған Ұлт­тық қор жыл сай­ын тақыр­ла­на түседі.

ДАТ-ақпа­рат

Бұл екі арада

«НҰР ОТАННЫҢ» УӘДЕСІ халы­қтың есебі­нен ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ

  • «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның сай­ла­у­ал­ды уәде­лерін орын­да­уға бюд­жет­тен қосым­ша 884 млрд тең­ге қарас­ты­ры­лған, деп хабар­ла­ды Қаза­қстан­ның қар­жы мини­стрі Ерұлан Жамаубаев.

«2021 жылға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті нақты­лау тура­лы заң жоба­сын­да «Нұр Отан­ның» сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы­ның іс-шара­ла­рын қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету­ге, Стра­те­ги­я­лық баста­ма­лар мен мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­ла­ры­на, сон­дай-ақ COVID-19-ға қар­сы күрес жөнін­де­гі шара­ларға бағыт­талған. (…) Т1,3 трлн сома­да қосым­ша шығын­дар қарас­ты­ры­лған, оның ішін­де «Нұр Отан­ның» сай­ла­у­ал­ды тұғыр­на­ма­сын іске асы­руға – Т884 млрд бөлі­неді», – деді Жамау­ба­ев өткен бей­сен­бі күні сенат­тың жал­пы отырысында.

Қаз­ТАГ

НАЗАРБАЕВҚА тағы бір ескерткіш ҚОЙЫЛАДЫ

  • Түр­кістан­да Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа ескерт­кіш орна­ту тура­лы ұсы­ныс айтыл­ды. Мем­ле­кет­тік БАҚ-тың жазуын­ша, мұн­дай ұсы­ны­сты 24 мамыр­да «ТҮРКСОЙ» бас хат­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Билал Чакы­д­жи айтқан.

«Түр­кістан – түрік әле­мінің руха­ни аста­на­сы: инте­гра­ция және ынты­мақ­та­сты­қтың бола­шағы» атты онлайн-кон­фе­рен­ция кезін­де ол Назар­ба­ев­тың түр­кі халы­қта­ры­ның бір­лі­гін арт­ты­руға қосқан үлесін атап өтіп, Түр­кістан­да оған ескерт­кіш қоюға бола­ты­нын айтқан.

«Түр­кі әле­мінің руха­ни орта­лы­ғы – Түр­кістан­да осы қала­ның жаңғы­руы­на ықпал еткен, соны­мен бір­ге түр­кі халы­қта­ры­ның инте­гра­ци­я­сы­на өлше­усіз үлес қосқан Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­евқа ескерт­кіш қою­ды ұсы­на­мын. Бұған негіз де көп. Мұн­дай идея түр­кі әле­мін­де­гі дана ақсақалға деген ерекше құр­мет­тен туын­да­ды, ол мем­ле­кет бас­шы­сы бола оты­рып, түр­кі халы­қта­ры­ның бір­лі­гін қол­да­ды, қазақ халқын гүл­ден­діру­ге ұмты­лып, тәу­ел­сізді­гін сақтап қалуға күш сал­ды», – деді Билал Чакыджи.

Мем­ле­кет­тік БАҚ-тың жазуын­ша, кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы­лар «шетел ғалы­мы­ның ұсы­ны­сын қолдаған».

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн