Суббота , 5 июля 2025

Мемлекетті осылай БАСҚАРА МА ЕКЕН?

Дол­лар мен евро­ның, басқа да шетел валю­та­ла­ры­ның шек­тен тыс қым­бат­тап, тең­генің арзан­дап, құн­сызда­нуы біздің мем­ле­кеті­міз­ге, халқы­мы­зға зиян­нан басқа ешнәр­се де әкелмейді. 

Қым­бат валю­та­лар, арзан да құн­сызданған тең­ге шетел­дік инве­стор­лар мен стра­те­ги­я­лық жер асты қаз­ба бай­лы­қта­ры мен шикі­затты шетел асы­ра­тын және осы аса маңы­зды стра­те­ги­я­лық нысан­дар­ды (объ­ек­тілер­ді) жең ұшы­нан жалға­сып, мем­ле­кет­те­гі қыз­мет­терін пай­да­ла­нып заң­ды белі­нен басып, кезін­де жеке­ше­лен­діріп алған билік пен биз­не­сті ұшта­сты­рған­дарға, жоқтан пай­да болған оли­гарх­тарға ғана тиім­ді, әрі пай­да­лы. Бұл мыр­за­лар экс­порт­тан түс­кен қым­бат валю­та­лар­ды, бірін­ші­ден, шетел банк­терін­де сақтай­ды… Екін­ші­ден, түсіп жатқан қым­бат валю­та­ның аздаған бөлі­гіне ғана арзан тең­гені сатып алып, мем­ле­кет­ке төлей­тін салы­қта­ры мен бар­лық көр­се­тетін қыз­мет түр­леріне түгелі­мен құн­сызданған ұлт­тық валю­та­мыз – тең­ге­мен төлейді.

Өкініш­ке орай, Ұлт­тық банк пен өкі­мет шетел­дік­тер мен ХВҚ-ның (МВФ) және де билік­пен «үйлесім­ді түр­де» тон­ның ішкі бауын­дай қабысып кет­кен оли­гарх­тар­дың ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да, алған бет­тері­нен қайт­пай, солар­дың сая­са­тын «ләп­пай­лап» жүзе­ге асы­ру­да. Оның есесіне бұл мыр­за­лар­дың ой-сана­сы­нан отан­шыл­дық пен пат­ри­о­тизм, халық қамы мен ел жағ­дайы деген қаси­ет­ті ұғым­дар ұшты-күй­лі жоғалған?! Бұлар­дың бар мақ­сат­та­ры мем­ле­кет мүл­кі мен қар­жы­сын қар­пып қалу және де дүни­еқоңы­зды­қтың син­дро­мы­на айналған «тен­дер­ден» тиім­ді түр­де «жеу?!» Бұл парақор­лық пен жемқор­лық жүй­енің жегі құрт­та­ры мем­ле­кеті­мізді осы­лай­ша іштей іріту­де. Елі­міздің келе­ше­гінің түп- тамы­ры­на бал­та сер­ме­ген бұл аса зардап­ты сұм­дық үрдісті кім­нің тоқта­та­ры әзір­ге бел­гісіз болып тұр?!

Жал­пы, қым­бат­шы­лық пен инфля­ци­я­ның, ұлт­тық валю­та – тең­генің одан ары құн­сызда­нуы­ның алдын алу үшін, біздің елі­міз­ден экс­пор­тқа шыға­тын өнім­дер­дің бар­лы­ғы дер­лік тең­ге­ге саты­луы керек. Шетел­дік сатып алушы заң­ды және жеке тұлға­лар қаза­қстан­дық банк­тер­ден валю­таға тең­гені сатып алып, экс­порт­та­у­шы қаза­қстан­дық заң­ды неме­се жеке тұлға­лар­мен тек қана ұлт­тық валю­та – тең­ге­мен ғана есеп айы­ры­суы қажет. Бірақ мұн­дай шешім қабыл­дау үшін, ел басқарған­дарға мықты сая­си жігер мен батыл­дық пен білік­тілік керек! Алға­шқы­да бұл жүйе аздап қиын­дық туғы­зға­ны­мен, келе­шек­те дені сау елдер­дің қата­ры­на кіруді бұл аса маңы­зды іс-шара­лар анағұр­лым тез­де­те­ді. Ал сатып алған қағаз валю­та­ларға қай заман­да да өзінің қыз­метін адал­ды­қ­пен атқа­рып келе жатқан банк­тік (999,9 Ag) алтын құй­ма­лар­ды көп­теп сатып алу қажет! Алтын бір түн­де құн­сызда­нып кететін қағаз ақша­дай емес, өзін­дік алтын­дық қаси­етін ешқа­шан да, ешу­ақыт­та да жой­май­ды. Одан баға­лы табыс көзін, құн­ды тең­гер­мені адам­зат өрке­ни­еті әлі ойлап тапқан жоқ! Ел басқа­рып оты­рған­дар осы жағы­на көп көңіл бөлуі тиіс!

Тағы бір маңы­зды мәсе­ле – инфля­ци­я­ны тежеу үшін, мұнай өнім­дері мен басқа да қуат, отын көз­деріне, ком­му­нал­дық төлем­дер­ге бақы­ла­уды одан ары күшей­ту қажет. Өкі­мет бұл маңы­зды мәсе­ле­де қол­да­рын­да мұнай мен көмір кені­ш­тері жоқ болған соң (бәрі де шетел­дік­тер мен оли­гарх­тар мен­ші­гін­де жеке­ше­леніп кет­кен) әлсіздік пен шара­сыздық таны­тып отыр. Ал енді кеше ғана Аста­на­да: «Қаза­қстан­дық стра­те­ги­я­лық мем­ле­кет­тік нысан­дар­дың акци­я­лық үле­стерінің 15 пай­ы­здан басқа­сы­ның бәрін жеке мен­шік­ке, яғни шетел­дік­тер мен оли­гарх­тарға сата­мыз, міне, біз үкі­мет­тің осы­лай­ша іс-әре­кет­терін шек­тей­міз!» – деген ел пре­зи­ден­тінің шеші­мін нағыз тапқыр­лық пен көре­ген­дік деп кім айта алды?! Мұн­дай әпер­бақан­ды­қты қалай түсі­ну­ге болады? 

Пре­зи­дент­тің осы «көре­ген­ді­гіне» қаты­сты жари­я­ланған ақпа­рат­ты қаз-қал­пын­да кел­тіріп отырмын:

«Про­во­ди­мая в стране при­ва­ти­за­ция долж­на умень­шить долю госу­дар­ства в эко­но­ми­ке стра­ны до 15%, сооб­щил пре­зи­дент Казах­ста­на Нур­сул­тан Назар­ба­ев. «Наша зада­ча – что­бы мень­ше было пра­ви­тель­ства в эко­но­ми­ке и добить­ся того, что­бы пра­ви­тель­ство мог­ло управ­лять не более чем 15% эко­но­ми­ки, для это­го нача­ли вто­рой этап при­ва­ти­за­ции», – ска­зал Н.Назарбаев на тор­же­ствен­ной цере­мо­нии запус­ка тор­гов на бир­же Меж­ду­на­род­но­го финан­со­во­го цен­тра «Аста­на» (МФЦА). Он напом­нил, что в пер­вые годы неза­ви­си­мо­сти была про­ве­де­на пер­вая при­ва­ти­за­ция, бла­го­да­ря кото­рой вла­сти «сдви­ну­ли пол­но­стью оста­но­вив­шу­ю­ся эко­но­ми­ку и ста­ли выхо­дить из кризиса».

Стра­те­ги­я­лық өндірістер мен транс­порт­тық, энер­ге­ти­ка­лық, бай­ла­ныс ком­му­ни­ка­ци­я­ла­рын дені сау, дамы­ған елдер­дің пат­ри­от бас­шы­ла­ры ешқа­шан да жеке мен­шік­ке сатқан емес, сат­пай­ды да!
Үкі­мет­те­гі біліксіз, дай­ын­ды­қта­ры тым төмен, тамыр-таны­сты­қ­пен кел­ген маман­дар­дың орны­на білік­ті отан­дық маман­да­ры­мы­зды тарт­пай, істің оңба­сы анық. Шетел­ден шақы­рған маман­дар ешу­ақыт­та мем­ле­кеті­міздің көсе­гесін көгерт­пей­ді! Ал мем­ле­кет пен стра­те­ги­я­лық кәсі­по­рын­дар­ды басып қалған билік өкіл­дерінің туы­ста­ры мен ұрпақта­ры­нан тұра­тын, жатып ішер арам­та­мақтар­дан құралған менедж­мент­ті тез ара­да түгел таза­ла­ма­са, мем­ле­кет­тің бола­шағы неғай­был, мүл­дем бұлыңғыр!… 

Қаза­қтың небір мықты, кәсі­пқой, білік­ті де білім­ді маман­да­ры қазір шетел­дер­де жүр. Оның басты себебі – кадр сая­са­тын­да Кремль­ден абсо­лют­ті түр­де шексіз тәу­ел­сіздік алған­дар шын­дық пен әділет­тілік деген ұғым­ды аяқ асты еткен, парақор­лық пен жер­ле­стік індеті­мен асқы­на ауы­рған Қаза­қстан билі­гі нағыз кәсі­пқой, білік­ті маман­дарға өткен ғасыр­дың аяғы­нан бері жол бер­мей келеді. Нары­қтық қаты­на­стар­дың май­ын ішкен Англия мен Фран­ция өндірістерін­де­гі шетел­дік­тер­дің үлес сал­мағы 15–20 пай­ы­здан аспай­ды. Ал біздің билік­те­гі «ғұла­ма­лар» жал­пы алған­да ел бой­ын­ша 96 пай­ы­здық мем­ле­кет­тік үле­сті шетел­дік­тер мен жеке тұлға­ларға сатып жібер­ген. Осы­лай да мем­ле­кет­ті басқа­ра ма екен?..

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,
жур­на­лист,
Шым­кент шаһары

Республиканский еженедельник онлайн