Суббота , 5 июля 2025

Мемлекет пен ұлт үшін КҮРЕСТІҢ КЕЗІ КЕЛДІ

Құр­мет­ті жиы­нға қатысушылар!

Бүгін­гі күні сая­си жүй­есі өтпе­лі кезең­де тұрған Қаза­қстан­да жүй­елі дағ­да­рыс өршіп тұр деп толық сенім­мен айтуға негіз бар. Мем­ле­кет­тік орган­дар­дың бос уәде­лері мен банк­ро­тқа ұшы­раған банк­тер­ді бел­сен­ді түр­де құтқа­ра беруі, қол­да­уға зәру әле­умет­тік топ­тар­дың шынайы жағ­дайы – билік орган­да­ры­на деген сенім­нің құл­ды­ра­уы­на алып кел­ді. Бұл онсыз да оңай емес қоғам­дық-сая­си аху­ал­ды одан әрі тұрақ­сыздан­ды­рып жібе­руі әбден мүмкін. 

Эко­но­ми­ка­лық аху­ал­дың нашар­ла­уы – халы­қтың билік инсти­тут­та­ры­на деген сені­мінің төмен­де­уінің басты себебі. Бұл халы­қтың бүкіл тара­бы­ның билік­тің бар­лық тар­мақта­ры­на, жал­пы алған­да мем­ле­кет­ке, мем­ле­кет­тің бола­шағы­на сен­бе­уіне алып келді. 

Осы орай­да Қаза­қстан үшін өмір сүру дең­гей­інің төмен­де­уі­нен туын­дай­тын әле­умет­тік сіл­кініс мүм­кін­ді­гі бәрі­нен де қауіп­ті. Мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның 2005 жылы «Әдiлет­сiздiк пен әдiлет­тiлiк­тiң сын­дар­лы тепе-теңдi­гi бұзы­лған жағ­дай­да қоғам­ның толқуы кез кел­ген елде бола­ды» деген сөзі өзек­ті болып тұр. Бұқа­ра халы­қтың қалып­тасқан әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға қар­сы­лы­ғын кей­бір деструк­тив­ті топ­тар­дың пай­да­ла­нып қалуға деген ұмты­лы­ста­ры да бай­қа­ла­ды. Бұл мем­ле­кеті­міздің ұлт­тық қауіп­сізді­гіне үлкен қатер төндіреді.

Қоғам­дық сана­дағы патер­на­лиз­мнің одан әрі өршуі бай­қа­ла­ды, халы­қтың көп­шілі­гі өздерінің жеке жағ­дай­ла­рын тіке­лей мем­ле­кет­тік билік орган­да­ры­ның қыз­меті­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Мем­ле­кеті­міздің әл-ауқа­ты мұнай баға­сы­на тіке­лей бай­ла­ны­сты екені бел­гілі. Бұған қоса мұнай баға­сы­ның тұрақ­сызды­ғын, әле­умет­тік төлем­дер­дің әділет­сізді­гін еске­ретін бол­сақ, бұл өз кезе­гін­де халы­қтың жап­пай түр­лі сая­си қар­сы­лық акци­я­ла­ры­на қаты­суы­на эмо­ци­о­нал­ды фон қалып­та­сты­рып, әле­умет­тік талап­тар­ды сая­си­лан­ды­руға алып келеді. 

Қазақ қоға­мы тез өзгеріп жатқан нары­қтық жағ­дай­ға әлі де бей­ім­де­ле алмауы бұл шие­леністі күшей­ту­де. Сая­си сала­да аза­мат­тық баста­ма­ларға тосқа­уыл қоя­тын авто­ри­тар­лы басқа­ру үлгісі – өтпе­лі кезең­де сая­си тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз етудің тиім­ді құра­лы бола алмай­тын­ды­ғы­на тағы да көзі­міз жет­ті. Енді­гі­ден бастап талап­та­ры орын­дал­май келе жатқан осы әле­умет­тік топ сая­си күш­тер­дің күрес объ­ек­тісіне айналды.

Сая­сат­кер Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның қаза­сы­нан кей­ін бірік­кен демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің бөлініп, май­да­ла­нып, бір-бірі­мен келі­се, түсіні­се алмай, быты­рап кет­кені бел­гілі. А.Сәрсенбайұлының қаза­сы­мен бірік­кен демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің маз­мұн­ды­лы­ғы да, тереңді­гі де, интел­лек­ту­ал­ды дең­гейі де күрт төмен­деді. Оның орны­на попу­лизм рито­ри­ка­сы пай­да бол­ды. Кей­ін­нен кел­ген жаңа толқын сая­сат­кер­лер­дің басым көп­шілі­гі попу­лист болып шықты, олар шынайы сая­сат­пен емес, жалаң попу­лизммен айна­лы­са бастады. 

Иә попу­ли­ст­тер­дің сая­сатқа ара­ла­сып, халы­қтың қол­да­уы­на ие болуын жаһан­дық уақыт­ша тренд деу­ге бола­тын шығар. Десек те, біздің попу­ли­стер Алаш ары­ста­ры­нан бастау ала­тын қазақ ұлт­шыл­ды­ғын, бер­мен қарай А.Сәрсенбайұлы бастаған топ қалып­та­сты­рған мем­ле­кет­шіл-либе­рал­ды құн­ды­лы­қтар­ды, прин­циптер мен иде­ал­дар­ды ұран ретін­де қол­данға­ны­мен, шын мәнісін­де, бүгін­гі қазақ ұлт­шыл­ды­ғын солақай ұлт­шыл­ды­ққа, сол­шыл ұлт­шыл­ды­ққа айнал­ды­рып, қоғам­ның сая­си дамуын қауіп­ті бағы­тқа бұру­да. Осы орай­да шынайы қазақ ұлт­шыл­ды­ғы оңшыл либе­рал­ды екенін ұмыт­па­уы­мыз және оны қатаң ұста­нуы­мыз тиіс деп санаймыз. 

Соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­ның гео­са­я­си век­то­ры­на қаты­сты түр­лі ойлар айты­лып жүр (Орта­лық Азия елдері­мен, түр­кі тіл­дес елдер­мен жақын­да­су қажет деген сарын­да). Егер біз оңшыл ұлт­шыл, яғни мем­ле­кет­шіл либе­рал­дар бол­сақ, біз, Алтын­бек­ше айтқан­да, «бола­шақта Еуро­одаққа жақын­да­уы­мыз керек. Еуро­паға өз жолы­мы­зды таң­дап, өз бетi­мiз­бен қосы­луға тыры­суы­мыз керек».

Әлбет­те, біздің өтпе­лі қоғам­да жал­пы­ұлт­тық келісім­ді сақтау мәсе­лесі, сая­си кон­сен­сус мәде­ни­етіне келе білу қажет­тілі­гі айқын сезіледі. Осы тығы­ры­қтан шығу үшін, мем­ле­кет­тік билік­тің ойлау, сарап­тау, шешім қабыл­дау логи­ка­сы да өзгеріс­ке ұшы­ра­уы керек. Бірақ, А.Сәрсенбайұлы айтқан­дай, «мем­ле­кет­тi ұстап тұра­тын негiз­гi қоғам­дық құры­лым­дар қалып­тасқан жоқ». Ал бұл құры­лым­сыз билік­тің шешім қабыл­дау логи­ка­сы да өзге­ре қой­мас. Халы­қтың сая­си мүд­делi топ­тарға бөлi­нетіні – табиғи құбы­лыс, бірақ мем­ле­кет – ұлт үшін жау­ап­кер­шiлi­гі бар аза­мат­тар сая­сатқа ара­ла­сып, бiрi­гу­лері керек. Қоғам­ның про­бле­ма­ла­ры­мен өмiр сүретiн кез келді. 

Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы өзінің бір­не­ше сұх­ба­тын­да «мем­ле­кет­шіл күш­тер» деген тер­мин­ді қол­дан­ды. Оны демо­кра­ти­я­лық күш­тер­мен бір­ге атаға­ны­мен, одан бөліп қарас­ты­ра­ды. Біздің пікірі­міз­ше, А.Сәрсенбайұлы атаған «мем­ле­кет­шіл күш­тер» – қоғам­ды әле­умет­тiк рефор­ма­ларға, сая­си рефор­ма­ларға жетек­тей ала­тын, эко­но­ми­ка­лық сая­сат­та оңшыл көзқа­рас­ты ұста­на­тын, кон­струк­тив­ті, қоғам­ның бар­лық пiкiр­лерін ұшта­сты­рып, соның жүй­есiн қалып­та­сты­ру арқы­лы тұрақты сая­си про­цесс құруға мүд­делі бел­сен­ді либе­рал мем­ле­кет­шіл­дер – мем­ле­кет­шіл күш­ке айна­ла­ды. Мем­ле­кет­шіл күш­тер – бұл А.Сәрсенбайұлы негізін қалап, тео­ри­я­сын жасап бер­ген жаңа сая­си фило­со­фия. Мем­ле­кет­шіл күш­тер қоғам үшін ашық, интел­лек­ту­ал­ды күре­сті баста­уы тиіс.

  • «Тар­лан» сая­си-интел­лек­ту­ал­ды клу­бы­ның мүше­лері: Абы­лай Сәр­сен­ба­ев, Аман­жол Қара­бай, Бек­бо­лат Төле­генұ­лы, Бексұл­тан Шат­лан, Ербол Мол­да­жан, Ернар Алма­бек, Есдәу­лет Қызыр­бекұ­лы, Жол­дас Оры­с­ба­ев, Қай­сар Тұр­сы­нғо­жа, Манас Қай­ыр­тай, Нұрға­ли Нұр­тай, Рау­ан Бұғы­ба­ев, Сырым Итқұлов.

Алма­ты қаласы, 

«Аста­на» қонақ үйі, 

11 ақпан, 2019 жыл

Республиканский еженедельник онлайн