Суббота , 5 июля 2025

МЕНІ СОТТАМАҚ «Жаңа Қазақстан» ӨЗЕГІМДІ ӨРТЕДІ

  • Бүгін­де менің үстім­нен сот үкі­мін орын­да­ма­дың деген айып тағы­лып, тер­геу амал­да­ры жүр­гізіліп, күдік­ті деп таны­ды. Енді сол тер­геу мате­ри­ал­да­ры Қара­жал қала­сы­ның про­ку­ра­ту­ра­сы­на жіберіліп, сот оты­ры­сын өткізіп, менен қыл­мыс­кер жасамақшы.

Түсінік­ті болу үшін, мән-жай­ды қысқа­ша баян­дап кетей­ін. 2017 жылы несие беру­ге құқы­ғы мен арнайы лицен­зи­я­сы жоқ, банк­тік жүй­е­ге кір­мей­тін ЖШС «Қаз­цинк» ком­па­ни­я­сы­нан 5 млн тең­ге көле­мін­де қарыз ақша алған­мын. Ком­па­ни­я­ның өзінің маған жасаған ұсы­ны­сы бойынша.

Мұн­дай ұсы­ны­стың жаса­луы – менің жер­гілік­ті қоғам бел­сен­дісі ретін­де­гі іс-әре­кетім­ді шек­те­удің ама­лы екенін кей­ін­нен түсін­дім. Бұл маған алдағы күн­дер­де өзім түсетін, билік тара­пы­нан құры­лған қақ­пан екенін сол уақыт­та білмедім.

Қазір­гі таң­да бұл қомақты қара­жат­ты қай жұмыс орны­на тұруға әре­кет­тен­сем де, жұмысқа алмауы­на және жұмыстың бол­мауы­на бай­ла­ны­сты төлей алмай отыр­мын. Енді осы қары­зды төле­меді деп, жұмысқа тұру­дан жал­та­рып қашып жүр деп, тер­ге­уде мені қасақа­на қашып жүр­ген қыл­мыс­кер ретін­де көр­сетіп отыр. Мен жұмыстан қашып жүр­сем, бала-шағам­ды асы­рап бағу­дан қашқа­ным емес пе?!

Мені Қыл­мыстық кодекстің 430-бабы­ның 1‑бөлігі бой­ын­ша сот­та­мақ­шы. 3 жыл бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру неме­се 3 жыл шек­теу (огра­ни­че­ние) жаза­сын бер­мек­ші. Маған про­цес­су­ал­дық келісім­ге келуді ұсын­ды, мен келісім бер­ген жоқ­пын. Мен түсі­не­мін, егер мен асты­ма қым­бат көлік мініп, ақша­ны оңды-сол­ды шашып, шетел­ге қыды­рып неме­се бір дүкен ашып қой­ып, қары­зды әдейі төле­мей жат­сам, қай­тар­май жүр­сем, онда мынау қыл­мыс­кер, кінәлі деп тауып сот­та­са, түк рен­жі­мес едім. Мені ешқай­да жұмысқа алма­са (оны да өздері әдейі жасап оты­рған болуы мүм­кін), жұмыс іздеп барған жер­дің бәрі менен ат-тонын ала қаш­са, мен ол қары­зды қалай төле­мек­ші­мін? Қарыз төле­мек түгілі, үш бала­ма тамақ тауып беріп, киі­мін бүтін­де­удің өзі үлкен мәсе­ле болып тұр.

Енді бұлар маған жұмыспен қам­ту орта­лы­ғы­нан кей­бір ұсы­ныл­маған жұмыстар­ды айтып, сен сол жұмысқа тұру­дан бас тарт­тың деп сот­та­мақ­шы. Күлесің бе, жылай­сың ба? Қара­жал қала­сы­ның әкі­мі Т. Доса­ев маған қазан­ды­қты (котель­ный) басқа­ру жұмысын ұсы­нған бола­тын, айлы­ғы 150 000 тең­ге, мен келісім бер­дім. Оған сол жер­дің сол кез­де­гі басты­ғы Қ. Тус­ке­нов әкім­нің көзін­ше 100 000₸ айлық қана төлей­тінін және соның өзін дер уақы­тын­да бере алмай­ты­нын, 3–4 айға дей­ін айлық алмай жүретін уақыт­тар бола­ты­нын ескерт­ті. Мен ондай жұмыспен не бала-шағам­ды, не қары­зым­ды өтей алмай­ты­ным­ды айтып, келі­су­ден бас тарттым.

Осын­дай сияқты нешетүр­лі қитұрқы дәлел­сы­мақта­ры­мен қитұрқы тер­ге­улері өтіп, мені күдік­ті деп танып­ты. Енді сот өткізіп, менен қыл­мыс­кер жасап шығармақшы.

Тағы да бір айта кететін жәйт, кол­лек­тор­лық ком­па­ния үйім­ді «арест­ке» қой­ып, саты­лы­мға шығарған. Соны тер­геу бары­сын­да үйін сатып, қары­зын жабуға әре­кет­тен­беді деп­ті. Оу, дана­гөй­лер, айты­ң­дар­шы, сон­да маған бала-шағам­ды дала­да қал­ды­рып, үйім­ді сатып, қары­зды жабу маңы­зды­рақ болуы керек пе?! Сен­дер­дің естерің дұрыс па өзі? Айты­ң­дар­шы? Менің үйім­ді сат­паға­ным қыл­мыс па? Лай­ы­қты жұмыс тап­пай, жұмысқа тұра алмай жүр­генім қыл­мыс па? Ол маған айып тағу үшін қыл­мыс болып сана­ла ма біздің мемлекетімізде?

Негізін­де, жоға­ры­дағы­лар­дың, сот орын­да­у­шы­ның көме­гі­мен, құқық орган­да­ры­ның қолы­мен жаса­лып оты­рған жасан­ды қыл­мысты толы­ғы­мен мой­ын­да­май­мын. Пре­зи­дент­тің осын­дай істер­ге бай­ла­ны­сты банк­рот­тық тура­лы заңын пай­да­ла­ну­дан мені шек­теу деп түсі­не­мін. Оның үстіне несие беру­ге құқы­ғы жоқ, жоға­ры­да айтқан­дай, арнайы лицен­зи­я­сы жоқ, банк­тік жүй­е­ге кір­мей­тін, ЖШС «Қаз­цинк­тің» маған бер­ген ақша­сын өнді­ру мақ­са­тын­дағы қимыл – нақақ жасалған іс-әре­кет деп сана­май­мын. Өйт­кені ақша­ны өнді­ру неме­се өндір­меу мақ­са­тын, себеп-сал­да­рын тер­геу жұмыста­ры ашпаған. Тер­геу тек қара­лау мақ­са­тын­да бір жақты жүр­гізіл­ген. Яғни, ақша­ны қалай қай­та­ру емес, оның себеп-сал­да­рын аны­қтау емес, тек мені қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту мақ­са­тын­да жүр­гізіл­ген. Сон­да 430-бап­тан түсін­генім – сот­тың үкі­мін 6 ай орын­да­ма­са, не үшін, қалай орын­дай алмаға­ны­ң­ды тек­сер­мей, жағ­дай­ы­ң­ды аны­қта­май, түсін­бей, қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­та беру­ге бола ма? Бұл «Жаңа Қаза­қстан­ның» ескі іс-әре­кет­тері деп білемін! 

Қош кел­дің, өңі өзгер­ме­ген «Жаңа Қазақстан»! 

«Жаңа Қаза­қстан­ның» айна­сы­нан түс­кен жалын­ды сәу­лесі бой­ы­ма шуақ болып кірудің орны­на өзе­гім­ді өртеп жатыр… 

Ғалым­жан НЕСІПБАЕВ,

қоғам бел­сен­дісі

Ұлы­тау облысы

Республиканский еженедельник онлайн