Четверг , 3 июля 2025

МЕН БІЛГЕН БАҚЫТГҮЛ

  • Иса­тай­дан айы­ры­лып, аңы­рап қалған сыңармын…

Махам­бет

  • «ДАТ» газетін­де жұмыс істе­ген жыл­да­ры «әке­міз бен ана­мы­здай» болған Ермұрат аға мен Бақыт­гүл апай­ы­мы­зға аман­да­сып қай­ту – талай­дан бері ойда жүр­ген. Бұл ниеті­мізді біл­ген Ермұрат аға: «Бақыт апай­ла­ры­ңа да айтып қой­ы­ң­дар, етін асып, күтіп ала­ды» деген-ді. Әне-міне деп жүріп, уақыт өтті. Енді, міне, 15 қазан­да туған күніне бара­мыз деп жүр­ген­де, амал не, Бақыт­гүл апай­мен аман­да­суға да, құт­ты­қта­уға да емес – қошта­суға барып қайттық.

Бүгін­де әмбе­ге аян, «Дат» газеті елі­міздің қоғам­дық-сая­си өмірін­де­гі ең өткір деген мәсе­ле­лер­ді ұлт­тық дең­гей­ге көтер­ді. Талай ащы шын­ды­қтың ашы­луы­на бір­ден-бір үлес қосты. Осы «Дат» газеті маған – ыстық ұя. Мұн­да біраз жылғы жур­на­ли­стік қалып­та­су кезеңім өтті…

Әсілін­де, «Дат» газеті сөз бол­са, Ермұрат Бапи мен Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың есі­мі қатар ата­ла­ты­ны рас. Өйт­кені «Дат­тың» негізін қалап, 23 жыл иық тіре­се бір­ге қыз­мет атқарған әріп­те­стер ілу­де біреу ғана шығар.

Жұмыс сұрап оқтын-оқтын жур­на­ли­стер келетін. Ермұрат аға жур­на­ли­стер­дің толық екенін айтқан­да: «Маған жалақы керек емес – «Бапи­дың шко­ла­сы» керек, жұмысқа алы­ңыз­шы» деп, қиы­лып тұра­ты­нын өз көзі­міз­бен көр­дік. Әлбет­те, мұн­да кез кел­ген жур­на­лист қабыл­да­на бер­мей­ді және келу­ге баты­лы жет­кен­дер­дің көп­шілі­гі кей­ін­нен «тыныш жер» іздеп кетіп қала­ды. Осын­дай газет­те жур­на­лист болға­ны­ма мақтанамын!

Иә, газет­те жүріп, қаза­қтың «елім» деген тау-тау тұлға­ла­ры­ның көзін көр­дік. Сұх­бат­та­стық. Ауди­то­ри­я­мыз кеңей­ді. Өре­міз өсті. Жур­на­ли­стік сала­да тәжіри­бе жина­дық. Әрине, қазақ қоға­мы пай­ым-пара­са­ты­мен айна­ла­сы­на шуақ шашып, көп­ке шара­па­тын тигіз­ген тұлға­лы аза­мат­тарға кен­де емес қой. Осы орай­да ел мүд­десі үшін аян­бай еңбек еткен Ермұрат аға мен Бақыт­гүл апай­дың ығын­да жүріп, қала­мы­м­ыз ұштал­ды, қай­рал­дық. Жазу-сызу­ды түзедік. Дос тап­тық. Өстік.

Десе де, аты­нан ат үркетін газет­тің бетіне шық­пақ түгілі, оны сатып алу­дан қорқа­тын­дар да, тығы­лып оқи­тын­дар да көп. Сәй­кесін­ше, сұх­бат­та­суға келісіп алып, жеме-жем­ге кел­ген­де қашып кететін талай зия­лы­ны да көрдік.

Сон­да аты дар­дай аға­лар айна­ла қаша­тын «Дат» біз­ге қалай­ша «ыстық ұя» дер­сіз, бәл­кім?! Билік­пен текетіре­сте елдік мүд­дені ту еткен Ермұрат Бапи мен Бақыт­гүл Мәкім­бай­ды жақын­нан таны­саңыз – оны түсі­нер едіңіз. Олар атта­ры қан­дай дүр­кіре­ген жур­на­лист бол­са, адам­дық парқын сон­дай биік ұстаған пара­сат иелері. Олар таны­мал газет шыға­ра­ты­нын сыл­тау етіп, кез кел­ген жер­де көкірек кер­мей­ді. Бір мәсе­лені шешу үшін, екін­шіні жан­шып басу – оларға жат. Біре­у­ге зиян кел­ті­ру деген нәр­се­ден – ада.

Міне, біз тани­тын Ермұрат аға мен Бақыт­гүл апай­дың осы бір бол­мыста­ры мен­мұн­да­лап тұра­тын. Олар­дың руха­ни сый­ла­сты­ғы­на «Дат­тың» ішкі «кух­ня­сын­да» жүріп, талай рет куә бол­дық. Сырт­тан кел­ген­де «Баха! Бахалөк!» деп жарқы­рай кіретін Ермұрат аға­сы мен «Ау, Ере­ке!» деп орны­нан апыл-ғұпыл тұра сап, алды­нан шыға­тын қарын­да­стың сүй­кім­ді көрінісі – бүгін­де өткен шақтың еншісінде.

Расын­да, уақыт деген керу­ен көші алға қарай жыл­жы­ған сай­ын, жақ­сы адам­ның аты да, істе­ген ісі де ел жадын­да қала береді. Асқар таудай биік­тей береді. Уақыт озған сай­ын дара­ла­на­ды. Тұлғаланады.

Газет оқу­дан қол үзбе­ген жұрт­шы­лық осы орай­да Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың өз кәсібіне адал, батыл, прин­ципті жур­на­лист болға­нын біл­се керек. Заты нәзік бол­са да, Ер-аға­сы­ның жанын­да ерлер­ше қасқай­ып еңбек еткен қай­сар­лы­ғы өз алды­на. Ал мен Бақыт­гүл апай­дың дара жур­на­ли­сті­гі­нен бөлек, оның әйел­дік жан-дүни­есіне, адам­дық бол­мысы­на үңіл­гім келеді.

 «Дат» редак­ци­я­сы­на алғаш кел­генім­де, Бақыт­гүл апай қар­сы алды. Сырт қараған­да адам­ды ықты­рып тұра­тын мысы бар кісі екен. Қатал. Өзін салқы­нқан­ды ұстай­ды. Көп сөз­ге жоқ. Терең ойлы. Сәл қысы­ңқы­лау жана­ры – өткір. Тіке қарап көп тұра алмайсың.

– Сәле­мет­сіз бе, жұмысқа тұру жөнін­де теле­фон­мен хабар­ласқан едім!..

– А‑а, жақ­сы, сұлу қыз, мын­да оты­ра ғой, қазір басты­қты шақы­рай­ын. – Алға­шын­да қатал көрін­ген Бақыт апай­дың бір ауыз сөзі­нен әп-сәт­те жылулық есіп шыға келді.

Жұмысқа қабыл­дан­дым. Сөй­тіп Бақыт­гүл апай­ды жақын­нан тани баста­дым. Өзім де ашық мінезді болған соң, адам­дар­мен тіл табысу­да жаты­рқап тұр­май­мын. «Бақыт апай­лап» жүріп, алға­шын­да сыр­ты суық көрін­ген апай­ым­ның көңіл сарайы жаз­дай жарқы­раған, тұңғиық сыр­лы жан екенін көр­дім. Ерлер­ше атқа қонған, қатал­ды­ғы басым қай­сар жур­на­ли­стің жүре­гі нәп-нәзік екен. Ол маған ата-ана­сы­на деген пер­зент­тік махаб­ба­ты қан­баған кіш­кен­тай қыз сияқты көрін­ді. Ол – өмір­ден ерте кет­кен үш аға­сы­на деген сағы­ны­шын мәпе­ле­ген аяу­лы қарын­дас екенін біл­дім. Ол – Мәкім­бай әулетінің жалғыз қалған тұяғы ретін­де аға­ла­ры­нан қалған кей­ін­гі бауыр-сіңлілеріне аяу­лы әпке бола біл­ген қамқор­шы еді.

Бақыт­гүл апай газет­ке кей­ін кел­ген жастар­ды «маңқа» дей­тін. Басын­да бір­түр­лі ерсі көрі­нетін. Қабыл­дай алмай, іштей налып та жүр­дім. Сөйт­сем, «маңқа­ның» аста­рын­да «кішілер­сің­дер, бала­сы­ң­дар» деген мән жата­ды екен. Бақыт­гүл туып-өскен шығыс жақта «маңқа» деген сөз іштар­ту­дың бел­гісі екенін біл­ген соң, апай­ым­ның сол сөзі май­дай жағып, ерке­леп те алатынбыз.

Жұмысқа енді тұрған алға­шқы күн­дер­дің бірін­де түскі асқа барай­ын деп қам­да­нып жатқа­ным сол еді, Бақыт­гүл апай: «Ардаш­ка, біз тамақты осын­да – редак­ци­яда іше­міз, Ере­кең­нен ұят бола­ды, ешқай­да бар­ма, тамақ пісіп тұр» деді. Бақыт­гүл апай­дың сөзі – заң. Сол күн­нен бастап мен Бақан апай­ым­мен бір­ге жүріп, түскі астың қамын жаса­уды үйрендім.

Редак­ци­ядағы түскі ас біз үшін қарын той­ды­ру­дың қамы ғана емес еді. Ас үстін­де Ер-аға­мыз елде, қоғам­да болып жатқан соңғы жағ­дай­лар­дың мән-жай­ын айтып, біз­ге жур­на­ли­стік бағыт-бағ­дар айта­ды; ал Бақан апай­ы­мыз кезек­ті нөмір­ге берілетін сұх­бат­та қоғам мәсе­лесін қам­туға қажет сұрақтар­дың сұл­ба­сын сызып береді; біз – «маңқа­лар» өз ой-пікірі­мізді ортаға сала­мыз. Сон­да газет­тің бір бас­шы­сы бола тұрып, Бақыт­гүл апай­ы­мыз бәрі­міз­ге шәй­ін құй­ып, түскі астың сәнін кел­тіріп отыратын…

Айт­пақ­шы, бір­де жұмысқа ерте­леу кел­дім. Редак­ция ішін­де жаңа пісіп жатқан еттің исі мұрын жара­ды. Ешкім жоқ. «Бақыт апай?!» дей­мін. Ешкім жоқ. Тамақты кім пісіріп жатыр? Сөйт­сем, үне­мі таңер­тең ерте келіп, қаза­нға ас салып кете­ді екен. Өзі кезек­ті бір «прес­су­хаға» кетіп­ті. «Не деген қамқор­шы едіңіз, қай­ран әпкем!».

Ермұрат ағай­дың редак­ци­ядағы кей­бір ашуы най­за­ғай. Жұмыс бабын­да әлдебір мәсе­ле­ге көңілі тол­ма­са, бұрқ-сарқ қай­нап кететін. Әсіре­се нөмір­ге кететін мате­ри­ал кешік­тіріліп жат­са. Сон­дай кез­дер­де Бақыт­гүл апай «апат­ты жағ­дай­ды» саба­сы­на түсіретін. Ашу­ла­нып, ескерт­пе­лерін айтып жатқан Ермұрат аға­ның сөзіне май құй­май­тын. Газет­тің бас­шы­сы ретін­де құй­са да болар еді. Бірақ, керісін­ше, аға-басты­ғы­мыз айта­рын айтып, каби­нетіне кет­кен­ше үнде­мей­тін. Сосын Бақыт­гүл апай: «Ере­кең қазір басы­ла­ды, қан­ша­ма ашу­лан­са, сон­ша­ма тез басы­лып, күн­дей жарқы­рай сала­ды!» – дей­тін. Дей­тін де: «Әй, маңқа­лар, тез­детіп өткізің­дер, әйт­пе­се таңға дей­ін жүре­міз! Әне, бет қат­та­у­шы Кен­же аға­ла­рың да күтіп отыр» деп, сөзінің соңын жуып-шай­ып отыратын.

Бақыт­гүл апай­дың сая­си сау­ат­ты­лы­ғы­на таң­да­на­ты­н­мын. Қоғам­да болып жатқан оқиға­ларға биік­тен қарай­тын. Сон­да да кеудем­соқты­ғы жоқ еді. Бас­шы болып, мен жазған дүни­е­лер­ге қаты­сты зіл айт­пап­ты. Тек бағыт­тап оты­ра­тын. Сұх­батқа пай­да­ла­нуға керек бола­ды деп, «Жұл­ды­здар отба­сы» мен «Сыр­ла­су» жур­на­лын әкеліп, алды­ма жай­ып қоя­тын. «Бұлар­дың мынау жур­нал­дар­да не дегенін біле жүр. Ал біз­ге басқа­ша «сай­ра­туға» тырыс, өздерінің әнін тың­дай­тын әле­умет­ке ара­ша түсер сөз айт­тыр!» деп, тап­сыр­ма беретін.

Бірде үйіне шақыр­ды. Бар­дық. Әлем­нің әр жері­нен әкел­ген ескерт­кіш кәде­лерін тізіп қой­ып­ты. «Датқа» кел­гелі «ұрып кет­кен», «соғып кет­кен» кез­дер­де­гі сурет­тер өз алды­на бір гале­рея екен. Бәрін көр­сет­ті. Әйел­дік әде­мі сыр­лар шер­тісіп, таңға дей­ін әңгі­ме­ле­стік. Жеке өмірін­де­гі түр­лі жағ­дай­ла­рын айт­ты. Расын­да, адам бала­сы жан сырын кез кел­ген ада­мға ақта­ра бер­мей­ді. Үйіне де кез кел­ген­ді шақыр­мас. Сон­да кіші бол­сам да, өрелі әңгі­ме­леріне ортақ еткен апай­ым­ның жаны қара­пай­ым, жүре­гі жап-жас ару екенін біліп қайт­тым. Ал бауыр­ла­ры­на деген сағы­ны­шты Ермұрат ағай­ға құр­мет көр­се­ту арқы­лы, сол кісінің бабын табу арқы­лы тол­ты­рғы­сы келетін­дей болып тұра­тын. Соған орай Ермұрат ағай да «Бахалөк» деп ерке­летіп, тау тұлға­лы аға­сын­дай бола білді.

 Иә, әр екі сөзінің бірін­де «бағың жан­сын», «аман бол» деген жұп тілек­ті қоса айта­тын Бақыт­гүл Мәкім­бай ада­ми құн­ды қаси­ет­тері­мен де биік бол­ды. Ол жеке басы­ның мүд­десі­нен гөрі, елінің еркін­ді­гін, жарқын бола­шағын бірін­ші кезек­ке қой­ды. Ол – мем­ле­кет­шіл тұлға еді. Ол – бой­ын­дағы ерен еңбекқор­лы­ғы­мен жур­на­ли­стік пары­зын абы­рой­лы атқар­ды. Ол – өз ісіне адал­ды­ғы­мен, жұр­ты­на жасаған жақ­сы­лы­ғы­мен дара­ла­на біл­ді. Бақыт­гүл апай­ым­ның жур­на­ли­сти­ка­дағы тұлға­лық бей­несі кей­ін­гі жур­на­ли­стер­ге, тіп­ті оны таны­ған кез кел­ген әріп­тес­ке үлгі болар­лық дер едім.

Қай­ран Бақыт­гүл апай­ым! Қаза­қтың мықты жур­на­лисі! Елінің аяу­лы жана­шы­ры! «Дат­тың» әні мен сәні! Бақұл болы­ңыз! Алла алды­ңы­здан жарылқасын!

Ардақ ИМАНБЕКҚЫЗЫ, «ДАТ» газетінің бұры­нғы тілшісі

Dongelek Ystel Аза­мат­тық Қоғам Коа­ли­ци­я­сы­ның аты­нан бел­гілі жур­на­лист, еліне адал аза­мат, даңқты журналист

БАҚЫТГҮЛ МӘКІМБАЙДЫҢ

мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты туған-туы­ста­ры­на, «ДАТ» оппо­зи­ци­я­лық газетінің ұжы­мы­на, газет­тің бас редак­то­ры Ермұрат Бапиға, бар­ша жур­на­ли­стер қауы­мы­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айтады.

Мың дегенім астам­шы­лық болар, бірақ қазақ пен қоғам үшін жүз еркек­ке тати­тын еңбек қылған, батыл­ды­ғы бекем болған БАҚЫТГҮЛ қарын­да­сым­ның қаза­сы­на қат­ты қамы­қтым. «ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы­на кіріп барған адам­ды ақжарқын көңілі­мен қар­сы алып, келу­шінің мұң-мұқта­жын мұқи­ят тың­дай­тын, қоға­мға қажет­тісін газет бетіне шыға­руға жан­та­ла­са­тын нағыз жур­на­лист еді. Амал нешік?! Алды­нан жары­лқа­сын! Има­ны сала­у­ат болсын!

Сай­лау ЛЕПЕСОВ, желтоқсаншы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн