Воскресенье , 20 апреля 2025

МЕН НЕГЕ Жанболатқа ЖАҚТАСАМ?

  • Немесе бір әріптеске жауап

Амансыз ба, құрметті Үсеке!

Әрине, егер мен жастау болсам, өмірлік тәжірибем аз болса, мүмкін, мен де сіздің сөзіңізді мақұлдап, Жанболат Мамайға қарсы шығар ма едім?.. Бірақ, сіздің өкінішіңізге орай, менің жасым пайғамбардың жасынан асты. Мен қоғамдағы саяси жағдайларды салыстырып, аталық сөз айтатын кезге келдім.

Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Оның ішінде сатқындық та кездеседі. Оның түр-түрін көрдім. Назарбаев президент болғанда, өлердей қуанғаным өтірік емес. Сайлауда Қосанов таласқа шыққанда да жанталасып, қолдау білдіргенді абзал көрдім. Бірақ екеуі де елді өкінішке қалдырды. Тіпті ертең Мамай таққа шығып алып, «сатып кетсе», мүмкін, ол да ықтимал болар, онда да алданатын шығармын…

Бірақ біздің басты парызымыз – ел басқаруға келетін жаңа билікті халықтың ырқынан тыс әрекеттер жасай алмайтындай амал-заңдар қабылдауымыз қажет және халықтың көңілінен шықпай жатса, көп созбай, орнынан алып тастайтындай механизм-заң шығаруымыз керек! Коррупциямен күреске арнап өте қатаң заң шығармасақ, әрекетіміздің бәрі зая кетеді! Ол жағынан үлгіні Қытайдан алуымыз керек. Әрбір жемқорды халықтың алдында атып тастауымыз керек! Шығынын отбасыларынан ұстап қалуымыз қажет! Қазіргі биліктегі жемқорлар сол – болашақ тағдырға даярлана бергендері дұрыс болады… Жаңадан билікке келіп жатқан адамдарға маңызды үлгі жасаймыз: ұрламайтындай, сатпайтындай, тонамайтындай, арамдық жасамайтындай!

Орыстар айтпақшы, «чужая душа – потёмки». Бірақ Әбілязовтың жанында Жанболат әлдеқайда таза, былғанбаған жас азамат.

Сіз шын жүрегіңізбен пікіріңізді жеткізіп отырғандықтан, мен сізге ащы айтпай, мүмкіндігінше, ақыл-ойым, тілім жеткенше түсіндіре кетуді жөн көріп отырмын. Сіздің сөзіңізден миға қонатын, іліп аларлық бірде-бір аргумент таппадым, өкінішке орай… Сондықтан сіз менің Мамайға қатысты ұстамымды өзгерте алмадыңыз. «Мен қазақтың ұлттық-патриоттық сезімдегі күресін қолдаймын» деген Жанболаттың сөзін бірінші рет естігеннен бері, көпшіліктің алдында ашық айтып жүрмін: мен бұл жас баланың Қазақ демократиялық партиясын құрам деген әрекетін екі қолыммен қолдаймын деп. Осы күнге дейін шамам жеткенше оның Отанымыз үшін жанталасып, күресіп жүрген әрекеттеріне жастардан қалыспай, жәрдем беруге тырысып жүрмін.

Әрине, ол жетекшілік ететін партиядан біздің «Қазақ Ұлттық патриоттары» қозғалысының бағдарламасында біраз ерекшелік, айырмашылық бар, бірақ жалпылама, фундаменталдық түрде көзқарастарымыз, ұстамымыз өте ұқсас және бір-біріне жақын!

Жалпы, өз ұстамым, белсенділер туралы қөзқарасымды айтар болсам, әрине, бес бармақ бірдей емес. Біздегі қалыптасқан жағдай бойынша қашан да саясатшылар арасындағы бір-бірімен талас кейде ырду-дырдуға апарады. Бірақ маған біреуі ұнайды, екіншісі ұнамайды деп, мен ешқашан күресіп жүрген азаматтарды бөлген емеспін және бөлмеймін. Мен шын ниетіммен кейбір белсенділерге білгенімді дыбыстап айтсам, ортамызда қаптап жүрген Ресейдің, Қытайдың, біздің сатқын биліктің агенттері қолма-қол пайдаланып, арамызға от салып, арандатуға апарғысы келеді.

Белсенділердің ішінде көбінесе кезінде ұрлық жасап, шетелдерге қашып кеткен қалталыларды сынаймын. Қалай болғанда да, олар қазіргі билікке қарсы қозғалысқа үлес қосып жүр.

Кейбіреулер мені сөгеді: «Неге Жанболатты жақтайсыз?» деп. Енді біреулер: «Неге Серікжан Біләшті қолдайсыз?» дейді. Бұл менің тек Мамайды қолдағаным емес, ол басқарып отырған мыңдаған қолдаушылары бар партиясын қолдаймын! Қудалаудан қорықпай, билікпен ашық майданға шығып жүрген Жанболатты және ылғи қайтпай күресіп жүрген маңайындағы жас батыр азаматтарды жақтаймын!

Ал Серікжан туралы өтірік айтпайын, жасыратыны жоқ, азамат есебінде мен оны жақтырмаймын. Оған біраз себептер бар, бірақ мен оның сыртынан сөз қозғағым келмейді. Ол шамасы келгенінше билікпен күресіп жүрген азамат. Әсіресе АҚШ-қа барғалы, күрестің өте қолайлы тәсілін тауып, біздің билікті ашық сынауға кірісті. Қазақстандағы ұлтымызға, Отанымызға қарсы жасалып отырған әрекеттерді АҚШ-тың және халықаралық адам құқықтарын қорғайтын инстанцияларға, әлемдік БАҚ-қа жеткізе білді. Бұл батырлық, азаматтық іс-қимыл емей, немене? Оны мен неге қолдамаймын?! Әрбір белсенді азаматымыздың халқымыз бен еліміз үшін істеп жатқан амал-әрекеттерін міндетті түрде қолдаймын!

Маған «пәлембайдың мінезі анандай екен, түгенбайдың қылығы мынадай екен» деген өсек-аяң ешқандай әсер етпейді! Жаманы болса да, өз қазағым! Маған жақсыны кім береді?! Мен олармен елімнің бостандығы үшін, егемендігі үшін, шынайы тәуелсіздігі үшін аяғына дейін күресемін!

Құрметпен, Нұрлан БҰЛАНБАЕВ, «Қазақ Ұлттық патриоттары» қозғалысының жетекшісі

МОЛЛА мен МОЛА

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Егер қазақтың мүддесіне қайшы келсе, ұлттың мұратына кедергі келтірсе – ондай дінді айыптаудан қорықпа, мұндай шатақ діннің сойылын соғушыларды еш тайсалмай әшкереле, сонда қор болмайсың, қазақ ұғлы! Мәселен, есті қазақтың барлығы жер сатылмасын деп ұран көтеріп, ұлардай шуласуда. Ал қай молда яки муфтият жер сатуға қарсылық білдірді? Ешқайсы! 

Кезінде «ақ патшаға бағыну – уәжіп» деп сұңқылдаған, сөйтіп аз жылда қазақты отаршыл орыстың аяғына жығып берген «указной» молдалардың тұқымы бұл күнде шәниіп, билікте отыр, жәй отырған жоқ, қазақтың несібесін кертіп жеп, қылғыта жұтып, қылқына асап отыр.

Ал мешіттерге жайғасып алып, елге улы уағыз айтып, ақ сәлдесі дағарадай болып, тазқара күшігенше сұңқылдаған сол «указнойлардың» тұқымдары мен сарт дініндегі молдалар о дүниенің рахатын уағыздап, халықты шын мәнінде молаға қарай сүйреуде. О дүние бұ дүниеден жақсы болса, кетпей ме өздері алдымен аттанып?!

Жоқ, өйтпейді, өйткені олардың «асқаралы» арманы – жемқор билікпен бірге қазақты теспей сору, бауыздамай өлтіру. Сондағы уағызының түрі: «Ей, бейшара, сорлы қазақтар, бұл дүниеде неғұрлым құл болып, қорлық көріп, аяусыз азап шексеңдер, соғұрлым о дүниедегі жұмақтың төрінде бес мың хор қызын қытықсыз құшып, мәңгі бақи рахат көресіңдер», – деп сұңқылдайды молда біткен. Ал өлімді жерді жағалаған өздерінің майлы бетінің жылтырлығынан бит тайып жығылады. Шөп басын сындырмайтын, белі бүгіліп, еңбек етпейтін, оның үстіне әлемге әлек салушы, қиратушы күшке ие семиттік идеологиямен уланған мұнша молланың билікке болмаса, бізге қажеті қанша, ағайын?!

Сондықтан ҚҰДАЙДЫ мешіттен іздеме, ҚАЗАҒЫМ, оны анау кеудеңдегі жұдырықтай жүрегіңнен ізде. Құдай әр адамның жүрегінде. Арлы болсаң ғана хаһтықтың сәулесі ақ жүрегіңе түспек (Абай).

Ал арсыз, сұрқия, жемқор, алаяқ болып, арабтың жансыз миссионерлерінің арам ақшасына салынған мешітінде мың жыл мүлгіп отырсаң да, Құдайдың рахымы саған еш түспейді, Тәңірдің рахметінен де құр қаласың, Алланың да жұмағы жарықтың жылдамдығындай алыс болмақ. Жөйіттен шыққан қаптаған пайғамбарларға, арабтан шыққан сансыз сахабаларға, Меккедегі қара тасқа көзсіз табына берудің өзі – құдайсыздық!

Одан да қазағыңның тіліне табын, әулиелік те, білім де, ілім де сонда (Мәшһүр Жүсіп). Өз аруағыңа сиын! Төл өнерің мен салт-дәстүріңе құрмет қыл! Өйткені Құдай – әр халықтың болмысы мен дүниетанымында. Заманында қазақтың да өз Құдайы болған. Сол күнде қазақтың алмаған жауы, бұзбаған қамалы қалмаған еді. Бір шеті Үнді мен Атлант, бір шеті Тынық мұхитына тұлпарының тұяғын жудырған еді ер Алаштың баласы! Ол заманда күллі дүние көшпелілердің уысында, ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында еді. Бірақ кейін Шыңғыс ханның азған ұрпақтары қазақтың Құдайын арабтардың алтынына сатып жіберді. Сөйтіп, Құдайсыз қалған қазаққа ит те, құс та қожа болып шыға келді. Қорғайтын Құдайы жоқ, асқақтатар аруағы жоқ қазақтың өмірі содан бері құлдық пен қорлықта өтіп келеді. Бұл енді қанша заманға созылмақ? Егер ес жиып, қайрат қылмасақ, ақырдың күніне дейін құлдықтан көз ашпақ емеспіз. 

Қазақтан шыққан әсіредіншіл қауым, егер өз қазағыңды былайша қор тұтсаң, салт-дәстүріңді тәрк етсең, ерлері мен ұлыларыңды танымасаң, мойындамасаң – тірідей қор болғаның, онда қазақтың жерін басып жүрмей-ақ қой! Жиырма жыл бойы ернін өтірік жыбырлатып жүріп, ақыры ұрлықтары әшкере болған соң, қазақтың аузын бір-ақ ұрып, Түркияға тік көтеріле көшіп кеткен «фанерщик жұлдыздар» сияқты сіздер де Саудияға немесе Дубайға ауып кетіңіздер! Бәрібір сіздер енді қазақ бола алмайсыздар, ғылым тілінде сіздерді субэтнос дейді. Бұл сөз: не онда жоқ, не мұнда жоқ, шөре-шөре тірі жан иелері деген мағына береді қазақтың жалпақ тілімен айтқанда.

Бұл дүниедегі алаш баласының ең басты мұраты – қазақтықты сақтау, оның елі мен жерін қорғау болуы керек. Егер бұл ұстаным бойымызда болмаса – бәрі бекер! Өйткені жаһан біткен қазақты жою үшін жаппай жабыла күресуде. Егер жер бетінен қазақ ұлты жойылар болса, әлемде тоғызыншы орын алатын оның ұланғайыр жері мен күллі әлемді жүздеген жыл асырауға жететін жер асты, жер үсті байлығы семиттік діндерді санамызға тыққыштаумен әлек болып жүрген жөйіттерге тегіннен-тегін олжа болмақ. Жер сату науқанының ар жағында да осылар тұр. 

Ал молланың улы уағызында қазақтықты сақтаудың исі де жоқ, тек ақырет әңгімесі мен ұзындығы – он табан, көлденеңі – бес табан үңірейген көр мен мелшиген мола ғана бар…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн