Пятница , 4 июля 2025

МЕН ҚАЛАЙ журналист БОЛДЫМ

  • 1997 жылы Рай­ым­бек ауда­ны­ның Тегістік ауы­лын­дағы М.Мақатаев атын­дағы орта мек­теп­ті бітір­дім. Бұл – айтыс­кер ақын, «Құл­мам­бет­тің құлы­ны» Ора­за­лы Досбо­сы­нов оқы­ған бел­гілі мек­теп қой.

Сол тұста мек­теп бітір­ген­дер­дің бәрі заң­гер болғы­сы келетін. Заман сон­дай еді. «Ес біл­гелі жур­на­лист болу­ды арман­да­дым» деп өтірік айтып қай­тем, бүгін­гі сақа әріп­те­стер­дің бала күнін­де-ақ көп­шілі­гінің мақа­ла­сы жари­я­ланған «Ұланға» бір­де-бір шимай­ым шықпапты.

Менің кри­ми­на­лист болғым кел­ді. Түр­лі қыл­мыстық оқиға­лар мен детек­тив­тер­ді іздеп жүріп оқы­дым. «Көбінің шама­сы жет­пей­тін ауыр қыл­мыстар­ды ашсам» деп қиялдадым.

Сол тұста Наға­шы­бай Шай­ке­нов басқа­ра­тын Қазақ Мем­ле­кет­тік заң ака­де­ми­я­сы­ның атағы жер жарып тұрған-ды. Сол ака­де­ми­я­ның кри­ми­на­ли­сти­ка факуль­тетіне құжат тап­сыр­дым. Жаңыл­ма­сам, тест деген нәр­се енді ғана енгізіл­ген кез бол­са керек.

Әппақ жей­де, ақ шал­бар киген нары­нқол­дық қара­то­ры бала­ның бетінің ұшы қыза­рып, тер­леп-теп­шіп тест тап­сы­рып шыққа­нын көз алды­ңы­зға еле­стетіп көріңіз­ші. Есі­ме түс­се, әлі күн­ге дей­ін күлем…

Сарғая күт­кен тесттің қоры­тындысы түн­нің бір уағын­да шықты. «Про­ход­ной балл» – 40, ал менің жиға­ным – 38. Оқуға түс­кен­дер­дің тізі­мін­де жоқ­пын. «Біт­тім» деп ойла­дым, көз алдым тұман­да­нып сала берді.

Ертеңіне рек­тор Наға­шы­бай Шай­ке­но­втің қабыл­да­уы­на кіретін бол­дық. Әкем­нің тіл тапқы­шты­ғы­нан, жұғым­ды­лы­ғы­нан үміт­теніп жүр­мін. «Рек­тор­дың көңілін тауып, мені оқуға түсіріп жібе­ретін шығар» деген дәме.

Наға­шы­бай Шай­ке­но­втің қан­дай қай­рат­кер болға­нын кей­ін біл­дік қой, ол кез­де «мей­ірім­ді жан екен» деген­нен өзге ой басы­ма кел­ген жоқ. Үлкен көзіл­дірі­гі бар, қағаз­дай жұқа кісі екен, басым­нан сипа­ды да: «Айна­лай­ын, келесі жылы жақ­сы­лап дай­ын­да­лып кел. Түсесің!» – деді.

Ауы­лға қай­та­дан бару – ұят. Қала­да қала­тын болып шештім. Бас-аяғы үш-төрт айдың ішін­де Нары­нқол­дың карт­о­бын сатқан кезім бол­ды, тен­тек­тік жасап та үлгер­дім. Үлкен қала тез есейт­ті, әйтеуір.

Қара күздің кезі бол­са керек, ауыл­да әке-шешем қой сой­ып, дастарқан дай­ын­дап жат­ты. «Алты­кен келе жатыр екен» дей­ді. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлын туған-туы­стың бәрі «Алты­кен» деп атай­тын. Алты­кен аға­ның ауы­лға келе жатқа­нын есті­се, әкем қой­ын сой­ып, дай­ын­да­лып оты­ра­тын. Естуім­ше, ол кісі бұл жолы аңшы­лы­ққа келе жатқан көрінеді.

Алты­кен аға бір топ жол­да­сы­мен үйге кеш­те­те түсті. Қасын­дағы жігіт­тер­дің Жүсі­п­бек Қорға­с­бек, Нұр­тө­ре Жүсіп, Еркін Қыдыр, Дар­хан Мың­бай сын­ды мүй­ізі қарағай­дай жур­на­ли­стер екенін де кей­ін білдім.

Алты­кен аға асты талғап жей­тін, кеш­кі алты­дан соң ет жемей­ді, әсіре­се қой­дың етін. Табақ толы ет кел­ген­де, әке­ме қара­та: «Аға, етті таңер­тең жей­ік. Қазір бір-бір шыны көк шәй ішіп, дем алсақ дұрыс болар еді. Ертең ерте қозға­ла­мыз», – деді.

Бірін-бірі жеңіл қағы­тып, еркін әңгі­ме­лесіп оты­рған аға­ларға шәй әпе­ріп, зыр жүгіріп жүр­мін. Бір сәт­те Алты­кен аға маған бұрыл­ды да: «Ерік, оқуың не бол­ды?» – деді. Қашан сұрар екен деп қипақтап жүр ем, жүре­гім зырқ ете қалды.

– Түсе алмай қал­дым, аға…

– Дұры­стап дай­ын­дал­маған­сың ғой. Қай­да тап­сы­рып едің?

– Каз­ГЮА-ға.

– Сот болғың келе ме?

– Жоқ.

– Әлде про­ку­рор болғың келе ме?

– Жоқ, кри­ми­на­лист болғым келеді.

– Ммм… Неге жур­на­лист болғың кел­мей­ді? Жур­на­лист сот­тың да, про­ку­рор­дың да, кри­ми­на­ли­стің де жұмысын қадаға­лай­ды. Төр­тін­ші билік. Мына аға­ла­ры­ң­ның бәрі мықты жур­на­ли­стер. Мен де жур­на­лист­пін. Ике­мің бар сияқты, сен жур­на­ли­сти­каға дайындал!

Алты­кен аға­ның өзі осы­лай деп тұрған­да не жан қал­сын, «мақұл, аға» деп елп ете қал­дым. Назар маған ауған осы сәт­ті пай­да­ла­нып қалғым келіп: «Аға, аңшы­лы­ққа мені де ерте кетіңіз­ші», – деп қиыл­дым. Алты­кен аға өзіне тән әдет­пен қасын кере қара­ды да, сұқ сау­сағы­мен көзіл­дірі­гін көтеріп қой­ып: «Аңшы­лы­ққа үлге­ресің әлі. Сен алды­мен оқуға дай­ын­дал!» – деді.

Жур­на­ли­сти­каға мені Рыс­бек /Сәрсенбайұлы/ аға дай­ын­да­ды. Талап – қат­ты, жан – тәт­ті. Шығар­ма­шы­лық кон­кур­стан да өтіп, қажет­ті балл­ды да жинап, әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ-дың жур­фа­гы­на түстім де кеттім.

Оқу­ды бітір­ген­нен кей­ін де Алты­кен аға мені көзі­нен таса еткен жоқ. Әр кез қол­да­уын сезіп жүретін­мін. Аға­ны билік­тен кет­кен соң жиі көретін бол­дық. Бір­ге фут­бол ойна­дық, өткір әзіл­дерін тың­да­дық. Бағыт-бағ­дар беріп, үне­мі ақы­лын айтып жүретін.

Міне, мен осы­лай жур­на­лист бол­дым. Алты­кен аға айтқан­дай, аңшы­лы­ққа да үлгер­дім. Ал енді қалай аңшы атанға­ным – ол бөлек әңгіме…

Ерік РАХЫМ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн