Пятница , 4 июля 2025

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН босатуға ӨТІНІШ ЖАЗБАЙМЫН!

Арон Ата­бек:

Халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры «ар-ождан тұтқы­ны» және «сая­си тұтқын» деп санаған Арон Ата­бек мерзі­мі­нен бұрын түр­ме­ден боса­туға өтініш жаз­бай­мын деп мәлім­деді. Бұл тура­лы Қаза­қстан­ның Адам құқы­қта­ры мен заң­ды­лы­қты сақтау жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық бюро­сы­ның сай­ты­на (Bureau.kz) сіл­те­ме жасаған Азаттық хабар­ла­ды.

«Ұлт­тық алдын алу теті­гі» (Наци­о­наль­ный пре­вен­тив­ный меха­низм) ұйы­мы­на қаты­су­шы­лар 15 жыл қамауда оты­рған ақын әрі дис­си­дент Арон Ата­бек­пен жолы­ғып, халінің нашар екенін айт­ты. Бюро­ның хабар­ла­у­ын­ша, жаза­сын Пав­ло­дар облы­сын­дағы АП-162/1 түзе­ту меке­месін­де өтеп жатқан Арон Ата­бек­ке ҰААТ қаты­су­шы­ла­ры 18 тамыз күні барған.

Екі қолым ауы­ра­ды, көте­ре алмай­мын, бүгіл­мей­ді, қалам­сап ұста­удың өзі қиын. Аяғым да ауы­ра­ды, каме­ра ішін­де ғана жүре­мін, серу­ен­ге шығу­дан бас тарт­тым. Так­со­фонға арба­мен бара­мын. Этап­та соққы­ға жыққан кез­де­гі жарақат­та­рым болуы керек. Толық (меди­ци­на­лық – ред.) тек­се­ру­ден өтуді ұсын­ды, бірақ мен одан бас тарт­тым. Себебі менің жасым­да сәу­ле алу қауіп­ті деп есеп­тей­мін”, деп жет­кізді Ата­бек­тің сөзін ҰААТ өкіл­дері Bureau.kz сайтына.

Бюро­ның жазуын­ша, меке­ме әкім­шілі­гі Арон Ата­бек­тің амбу­ла­то­ри­я­лы кар­та­сын көр­сет­кен. Онда оның 2021 жылғы 4 тамы­зда ана­лиз­ге қан тап­сы­ру­дан, флю­ро­гра­фия мен рент­ген­ге түсу­ден бас тар­тқа­ны жазы­лған (фото­кө­шір­мені қараңыз). Меке­ме бас­шы­сы Әділ­хан Қапы­шев Ата­бек­тің ден­са­улы­ғын бақы­лап оты­рға­нын мәлімдеген.

Меке­ме ұсы­нған меди­ци­на­лық хат­та­ма­да Ата­бек­тің сүй­ек-буы­ны ауы­ра­ты­ны, екі қолы­ның сау­сақта­ры дефор­ма­ци­я­ланға­ны, ішінің қатуы сал­да­ры­нан жар­ты жыл бойы үлкен дәрет­ке бара алмай жүр­гені, жүр­ген­де денесі діріл­дей­тіні және өзге де жағ­дайы жазылған.

Бұдан бөлек, хат­та­ма­да оның 2021 жылғы 30 шіл­де­де меди­ци­на­лық тек­се­ру­ден бас тар­тқа­ны жөнін­де, кей­ін­нен тера­певт-дәрі­гер­дің тек­се­руді каме­ра­да өткіз­гені айты­лған. Дәрі­гер Арон Ата­бек­ке цере­брос­кле­роз, дис­цир­ку­ля­тор­лық энце­фа­ло­па­тия, сте­но­кар­дия, созыл­ма­лы гастрит, созыл­ма­лы гемор­рой, қол-аяқтың арт­ро­зо-арти­ті секіл­ді диа­гноз қой­ып, жал­пы кли­ни­ка­лық ана­лиз тап­сы­руға, дәру­мен ішу­ге, нев­ро­па­то­лог пен кар­дио­ло­гқа баруға, УЗИ, ОБП және рент­ген­ге түсу­ге кеңес бер­ген. Бірақ Арон Ата­бек оның бар­лы­ғы­нан бас тар­тқан” деп жаза­ды Bureau.kz.

Кез­де­су соңын­да Арон Ата­бек мерзі­мі­нен бұрын боса­туға өтініш жаз­бай­ты­нын, үш жыл­дан кей­ін бостан­ды­ққа шыққан соң, толы­қтай өте­мақы төле­ту­ге шағым­да­на­ты­нын жет­кіз­ген. Бұған қоса, меке­ме бас­шы­сы­нан /түрмедегі/ мерзі­мінің соңы­на дей­ін ешқай­да ауы­стыр­мауын сұрап, қамау уақы­ты біт­кен­ге дей­ін осы жер­де қала­ты­нын мәлім­де­ген” дей­ді Bureau.kz.

«Ұлт­тық алдын алу теті­гі» – жаза­лау меке­ме­лерін ара­лап, ондағы зор­лық-зомбы­лық пен азапта­удың алдын алу­мен айна­лы­са­тын орган. Қаза­қстан бұл орган­ды 2013 жылы БҰҰ-ның Азапта­уға қар­сы кон­вен­ци­я­сы аясын­да құрған.

Еске сал­сақ, Арон Ата­бек 2006 жылғы “Шаңы­рақ” оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты жазы­қты деп таны­лып, 18 жылға сот­талған. Билік оны сол оқиға кезін­де қаза тапқан поли­цей­дің өлі­міне кінәлі деп тапқан. Құқық қорға­у­шы­лар үкім­нің негіз­сіз екенін айтып, оны “сая­си тұтқын” деп таныған.

  • Шаңы­рақ оқиға­сы қалай бол­ды?

2006 жылы 14 шіл­де­де Алма­ты­ның іргесін­де­гі Шаңы­рақ елді­ме­кенінің тұрғын­да­ры “жер­ді рұқ­сат­сыз иеленіп алды­ң­дар” деп, үйлерін сүру үшін поли­ция апарған билік­ке қар­сы­лық көр­сет­ті. Қақты­ғыс кезін­де үстіне бен­зин құй­ы­лып, өртел­ген 24 жастағы поли­ция қыз­мет­кері көз жұмды.

Билік оның өлі­міне бір­не­ше тұрғын мен сол күні Шаңы­рақта болған ақын әрі дис­си­дент Арон Ата­бек­ті кінәлі деп тап­ты. Арон Ата­бек­ті – 18 жылға, Құр­манға­зы Өте­ге­но­вты – 16 жылға, Ерға­нат Таран­ши­ев­ті – 15 жылға, Рүстем Тұяқо­вты – 14 жылға сот­та­ды. Соңғы аталған екі аза­мат 2018 жылы мерзі­мі­нен бұрын босап шықты. 2013 жылы Өте­ге­но­втың жаза­сы­на түр­ме әкім­шілі­гі қыз­мет­кер­лерінің “заң­ды тала­бы­на бағын­бау” айы­бы бой­ын­ша тағы екі жарым жыл қосылған.

Арон Ата­бек жыл­дар бойы жаза­сын тұтқын­далғанға дей­ін тұрып кел­ген Алма­ты қала­сы­нан алыс орна­ласқан түр­ме­лер­де өтеп жатыр. 2014 жыл­дың сәуірі­нен бастап, ол Пав­ло­дар­дың уақыт­ша тер­геу изо­ля­то­рын­да отыр. Ата­бек бұл жер­ге Қараған­ды облы­сы Қара­жал қала­сын­дағы коло­ни­ядан этап­пен жіберіл­ген. Оны екі рет Қоста­най облы­сы Арқа­лық қала­сын­дағы “жабық” түр­ме­ге тығып, жаза­лаған. Бұл – өмір бой­ы­на бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған аза­мат­тар жаза­сын өтей­тін, “түр­ме ішін­де­гі түр­ме” сияқты мекеме.

2010 жылы Арон Ата­бек­ке “Тұтқын­дағы өнер иесі” номи­на­ци­я­сы бой­ын­ша Freedom to Create халы­қа­ра­лық сый­лы­ғы беріл­ді. 2010 жылы қара­ша­да сый­лық Каир қала­сын­да Ата­бек­тің туы­ста­ры­на табыс етілген.

Редак­ци­ядан: Ар-ождан тұтқы­ны Арон Ата­бек­тің мерзі­мі­нен бұрын шар­тты босау (УДО) үшін өтініш жаз­бай­тын жөні бар. Себебі – ол тұрғын­да­ры жалғыз бас­па­на­сын билік­тің озбыр­лы­ғы­нан қорғаған «Шаңы­рақ оқиға­сын» қыл­мыс деп, өзін қыл­мыс жаса­дым деп сана­май­ды. Егер ол өтініш жаза­тын бол­са, 15 жыл бойы ере­гес­кен, ерлік­ке пара-пар өмірі зая кеткені.

Бірақ Арон-Батыр­ды ешқан­дай шартсыз түр­ме­ден боса­ту жөнін­де билік­тің алды­на талап қой­ған жаз­ба­лар әле­умет­тік желілер­де жиі жари­я­ла­нып жатыр. Қоғам бел­сен­ділері пре­зи­дент Тоқа­ев­тан «ар-ождан тұтқы­ны­на» гум­ма­ни­стік тұрғы­да рақым­шы­лық жари­я­ла­уды ұсы­ну­да. Ал ел бас­шы­сы бұл тала­пқа қан­дай және қалай жау­ап бере­рі әзір­ге белгісіз.

ДАТ-ақпа­рат.

«DAT». 26.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн