Вторник , 1 июля 2025

МЕРУЕРТТІ «үлкен кісі» СҮЙГЕН ЕКЕН

Жуы­қта Қай­рат Нұр­та­стың туған күніне қаты­сқан Меру­ерт Түсі­п­ба­е­ва көңіл­ді кеш­те ұзақ оты­ра алма­ды: сүй­ген ада­мы оған жар­ты сағат қана уақыт бер­ген екен. Жасы үлкен болған­ды­қтан, ол кісіні күт­тіріп қоя алмай­ты­нын айтыпты. 

«Мені дала­да бір адам күтіп тұр, 30 минут қана бер­ді. Осы уақыт­та мен далаға шығуым керек. Ол менен үлкен адам. Өйт­кені мен салиқа­лы жасқа кел­ген­де, жас жігіт­тер­мен ара­ла­суым мүм­кін емес. Өзім­нің де балам 17–18-ге келіп қал­ды. Қаза­қта «тең-теңі­мен, тезек қабы­мен» дей­ді. Ол кісі біраз жасқа келіп қалған адам», – дей­ді Түсіпбаева.

Бүгін­де өзі­нен бір­ша­ма жас үлкен адам­мен көңіл қосқа­ны­мен, Түсі­п­ба­е­ва өзіне жас жігіт­тер­дің көп­теп сөз сала­ты­нын жасыр­май­ды. «Жас жігіт­тер көп сөз сала­ды. Өтірік айтып қай­те­мін: көлік­пен жүр­ген­де, соңым­нан қуа­тын­дар да бар. Кім біледі, қан­дай мақ­сат­пен қуа­ты­нын: менің таны­мал­ды­лы­ғы­ма не бол­ма­са жыл­тыр беті­ме қызы­ға­тын шығар. «Жаным-ау, мен 47-демін, мені апа қыла­сың ба?» деп айта­мын оларға», – дей­ді әнші.

Stan.kz

Республиканский еженедельник онлайн