Вторник , 1 июля 2025

Мешелге МЕШІТ мәніс пе?

Кеше Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Аста­на қала­сы бас мешітінің ірге­та­сын қала­ды. Бұл Қаза­қстан­дағы ең үлкен мешіт бол­мақ. Сый­ым­ды­лы­ғы жағы­нан «Хаз­рет Сұл­тан» мешіті­нен асып түседі деп хабар­лай­ды Kaz.Nur.kz.

Ол сол жақ жаға­ла­уда, ЭКС­ПО-ның бас сфе­ра­сы­мен бір тіз­бек­те тұра­ды. Бола­шақ ғиба­датха­на – «Аста­на­ның Бас мешіті» деп ата­ла­тын бола­ды. Сый­ым­ды­лы­ғы 30 мың ада­мға арналған, бұл бүгін­де ең үлкен сана­ла­тын Хаз­рет Сұл­тан мешіті­нен үш есе үлкен. «Біз бұл аймақтағы ең үлкен мешіт­ті тұрғы­за­мыз. Мұсыл­ман әле­міне арналған діни ғима­рат. Қаза­қстан аста­на­сын таны­сты­ра­тын нысан бол­мақ. Біз бұрын және қазір салы­нған мешіт­тер­ді зерт­теп, үздік жоба­лар­ды таң­дап алдық. Бұл мешіт­тің жоба­сын өзім көр­дім. Оның құры­лы­сын басы­нан аяғы­на дей­ін өзім қадаға­лай­мын», – деді Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мешіт­тің ірге­та­сын қалау рәсімінде.

Пре­зи­дент­тің сөзіне қараған­да, мешіт деме­ушілер­дің қара­жа­ты­на тұрғы­зы­ла­тын көрі­неді. Бұған дей­ін «Әбу-Даби Пла­за» кешені де деме­ушілер­дің қар­жы­сы­мен салы­на­ды деген сөз бос дал­ба­са болға­нын ескер­сек, оның үстіне құры­лы­сын Назар­ба­ев­тың өзі бақы­ла­у­ға ала­тын бол­са, бұл мешіт те қазы­на­ның талай қар­жы­сын қылғы­туы әбден мүмкін.

Ең басты­сы – жемқор­лық пен парақор­лық жай­лаған, қыл­мысы қозып, тұр­мысы тозған елді мең­де­ген мешел сая­сатқа мешіт­тің има­ны мәніс болып жары­та ма? Сон­ды­қтан да, әле­умет­тік желілер­де жазы­лып жатқан­дай, сол мешіт­тің құры­лы­сы­на жұм­са­лар қар­жы­ны халы­қтың тұр­мыстық қажетіне жұм­саған жөн болар еді.

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн