Суббота , 5 июля 2025

Министр өзінің танысына ТЕНДЕР ҰТЫП БЕРДІ

Был­тыр 2018 жылы көк­тем­де Ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ция мини­стр­лі­гі отан­дық заң­ды «жетіл­ді­ру» мақ­са­тын­да БАҚ сала­сын­дағы шетел­дік тәжіри­бені зерт­теу тура­лы шешім қабыл­дап, тен­дер жариялаған.

Зерт­те­у­ге тап­сы­ры­сты заң­гер Тимур Ержа­нов (бірін­ші сурет­те – оң жақта) бастаған топ ұтып алды. Бұл жұмысқа 13 мил­ли­он тең­ге бөлін­ді (сол кез­де­гі бағам­мен есеп­те­ген­де 34 мың дол­лар­дан аса­ды). Топ әзір­ле­ген есеп бас­пасөз құқы­ғын қорға­у­шы­лар­дың алаң­да­у­шы­лы­ғын туғы­зды. Биыл қаңтар­да Алма­ты­дағы «Әділ сөз» бас­пасөз құқы­ғын қорғау ұйы­мы мини­стр­лік­ке бір­не­ше рет қолқа салған­нан кей­ін, есеп­тің мәтінін қолға түсір­генін айт­ты. Кон­тент­ті зерт­теп шыққан­дар қызы­қты жайт­тар­ды анықтаған.



«Әділ сөз» ұйы­мы­ның өтіні­ші бой­ын­ша қаза­қстан­дық бел­гілі жур­на­лист, был­тыр сот шеші­мі­мен жабы­лған Ratel.kz сай­ты­ның бір авто­ры Вадим Борей­ко (екін­ші сурет­те) Тимур Ержа­но­втың коман­да­сы әзір­ле­ген есеп­ті тал­дап шықты.

«Тал­дау жұмысы зерт­те­у­ге ұла­сып», жур­на­лист Facebook-тегі парақ­ша­сын­да оған жеті мақа­ла арна­ды. «Зерт­те­у­ге айналған тал­дау жұмысы бары­сын­да Тимур Ержа­нов жазған 170 бет­тік есеп­тің бес абза­цы «Вики­пе­ди­ядан» көшіріл­генін аны­қта­дым. «Анти­пла­ги­ат» бағ­дар­ла­ма­сы­ның көме­гі­мен мәтін­ді тек­сер­ген кез­де есеп­те интер­нет-ресур­стар­дан, мерзім­ді басы­лым­дар мен кемін­де бір кітап­тан цита­та­лар алы­нға­нын, олар­дың тыр­нақ­ша­сыз, сіл­те­ме жасал­май пай­да­ла­ны­лға­нын бай­қа­дым», – дей­ді Борейко.

Вадим Борей­ко

Вадим Борей­ко Тимур Ержа­нов басқарған ғылы­ми топ­тың жұмысын тек­сер­ген кез­де екі негіз­гі «жан­ды» мәсе­лені аңғарға­нын айта­ды. Олар – «ұмы­ту құқы­ғы» және «жари­я­ла­у­ға алдын ала тый­ым салу» жай­лы ұсы­ны­лған нормалар.

Бірін­ші нор­ма бой­ын­ша, жари­я­ланған мате­ри­ал­да аты-жөні аталған аза­мат БАҚ-тан өзі тура­лы ақпа­рат­ты алып таста­уды неме­се өзгер­туді талап ете ала­ды (Борей­ко­ның айтуын­ша, Ержа­но­втың жұмысын­дағы «ұмы­ту құқы­ғы» жай­лы бес абзац «Вики­пе­ди­ядағы» мәтін­ді сөз­бе-сөз қайталайды).

Екін­ші нор­ма – жари­я­ла­на­тын дүниенің адам­ның жеке өміріне қол сұғыл­мау құқы­ғын бұз­бай­ты­ны­на көз жет­кіз­ген­ге дей­ін, оны жари­я­ла­у­ға сот­тың қысқа мерзім­ді тый­ым салуы тура­лы алдын ала өтініш беру мүм­кін­ді­гі. Вадим Борей­ко­ның пікірін­ше, зерт­те­у­ге тап­сы­рыс беру­ші ең алды­мен осы екі түзе­туді мақ­сат еткен. Олар БАҚ тура­лы жаңа заң жоба­сы­на енгізіліп, қабыл­дан­са, Қаза­қстан­да жур­на­лист маман­ды­ғы толы­қтай мәнін жояды дей­ді ол.

«Әділ сөз» ұйы­мы да осы­дан қауіп­те­неді. Ұйым заң­гері Тама­ра Сима­хи­на биыл қаңтар­да «Азатты­ққа» баян­даған­дай, Ержа­нов тобы жүр­гіз­ген зерт­теу (ара­сын­да БАҚ сала­сын­да маман­ды­ғы бой­ын­ша жұмыс істеп жүр­ген заң­гер мен бас­пасөз құқы­ғын қорға­у­шы жоқ топ бес заң­гер мен фило­лог­тан құралған) қаза­қстан­дық БАҚ-тың ақпа­рат алуын шек­те­уі мүмкін.

«Құқы­қтық медиа орта­лық» үкі­мет­тік емес ұйы­мы­ның заң­гері Гүл­ми­ра Бір­жа­но­ва да өзге елдер заң­да­рын­дағы жеке­ле­ген тар­мақтар­ды әкеп тық­па­лау жур­на­ли­стер­дің пай­да­сы­на шешіледі деген­ге күмәнданады.

– Халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге сіл­теп, еуро­па­лық сот мой­ын­даған ұмы­ту құқы­ғын енгі­зей­ік деген­дерін түсі­не­мін. Ұмы­ту құқы­ғы – жақ­сы құқық, егер адам өмірін­де жасаған қателі­гі­нен ары­лғы­сы кел­се, оны қол­да­нуға бола­ды. Бірақ [Қаза­қстан­да] оны басқа­ша қол­да­на ма деп қорқа­мыз. Қан­дай да бір заң­сыз іске ара­ласқан шене­унік­тер мен олар­дың туы­ста­ры оны жады­дан шыға­ру үшін ұмы­ту құқы­ғын өз мақ­сат­та­ры­на пай­да­ла­нуға тыры­суы ықти­мал, – дей­ді Гүл­ми­ра Біржанова.

Ал Тимур Ержа­нов басқа­ша пікір­де. Ол қаза­қстан­дық заң­на­ма­ны жетіл­ді­ру жай­лы әр ұсы­ны­сты қорғап, елде­гі адам құқы­ғын сақта­уға қажет екенін дәлел­де­у­ге әзір­мін дей­ді. Коман­даңы­зда жур­на­ли­стер неге жоқ деген сау­алға Ержа­нов мини­стр­лік жари­я­лаған бай­қа­удың тех­ни­ка­лық тала­бын­да «зерт­теу тобы мүше­лерінің ғылы­ми-зерт­теу жұмысы­нан тәжіри­бесі болуы керек» деп жазы­лға­нын айтады.

– Мини­стр­лік бұл сала­мен айна­лы­сып жүр­ген заң­гер­лер­мен көп рет кез­дескен­дік­тен, олар­дың пікірін бұрын­нан біледі деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан мини­стр­лік­ке ғалым­дар пікірі қызы­қты бол­ды. Жур­на­ли­стер БАҚ тура­лы жаңа заң­мен тек өзі­міз айна­лы­суы­мыз керек деп ойлай­тын сияқты. Бірақ кем деген­де үш тарап бар ғой: аза­мат­тық қоғам, мем­ле­кет және БАҚ. Олар­дың мүд­десі сай кел­ме­уі мүм­кін. Кәсі­би маман ретін­де жур­на­ли­стер­дің пікірін қызы­ға тың­да­дым, олар заң тура­лы, өздерін толған­ды­ра­тын мәсе­ле­лер жай­лы айт­ты, бірақ мен олар­дың айтқа­ны­на көніп, айда­уы­на жүр­мей­мін, пікір­леріне сын­мен қарай­мын, – дей­ді Ержанов.

Жур­на­лист Вадим Борей­ко Тимур Ержа­но­втың тобы қаты­сқан тен­дер­де олар­мен бәсе­ке­ге БАҚ-ты рет­те­у­ге мүл­де қаты­сы жоқ, «архи­тек­ту­ра, инже­нер­лік ізденістер, тех­ни­ка­лық сынақ және тал­дау» жаса­у­мен айна­лы­са­тын «Паль­ми­ра-Север» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гі ғана түс­пек­ші болға­нын аны­қта­ды. Бұл серік­те­стік­тің бай­қа­уға қаты­су тура­лы өтіні­ші қабылданбаған.

«Демек, Ержа­нов бәсе­ке­лес­сіз жеңіс­ке жет­кен», – дей­ді Борей­ко. Тақы­ры­пқа одан ары терең­дей келе, әлгі тен­дер­ді ұтып алған заң­гер министр Аба­ев­тың ескі таны­сы екенін анықтаған.

– Facebook-тен министр Дәу­рен Аба­ев пен Тимур Ержа­но­втың екі суретін көр­дім (қараңыз – Ред.), олар­дың жақын ара­ла­са­ты­ны бай­қа­лып тұр. Маман­дан­ды­ры­лған интер­нет-сер­ви­стің көме­гі­мен сурет­тің шынайы екенін аны­қта­дық, – дей­ді Борей­ко. Жур­на­лист «Құшақ­та­сып сыра ішу тен­дер­ге себеп бола алмай­ды» деген мақа­ла жазып, оның қасы­на Аба­ев пен Ержа­но­втың бір­ге түс­кен суретін жариялады.

Бір­не­ше күн­нен кей­ін Дәу­рен Аба­ев Facebook-тегі парағын­да ​жау­ап жазып, Тимур Ержа­но­вты 20 жыл­дан астам уақыт­тан бері тани­ты­нын, бірақ оның тен­дер алға­нын «жақын­да ғана біл­генін» айтты.

«Ол [Ержа­нов] бай­қа­уға жал­пы негіз­ге сай қаты­сты. Ірік­теу про­це­ду­ра­сы ашық режим­де өтті. Про­це­ду­ра мен ықти­мал жаб­ды­қта­у­шы­ларға тек­се­ру­ші меке­ме­лер де, қаты­су­шы­лар да ескер­ту жасаған жоқ» деп жаз­ды министр.

Заң­гер Тимур Ержа­нов БАҚ сала­сын­дағы заң­на­ма­лар­ды зерт­теу жөнін­де­гі тен­дер­ді ұтуы­на мини­стр­мен таны­сты­ғы­ның әсері бол­маға­нын айтады.

– Егер ол [Вадим Борей­ко] сыбай­лас жемқор­лық бел­гілері бар деп ойла­са, құқық қорғау меке­ме­леріне бер­сін. Иә, министр Аба­ев еке­уміз бұрын­нан жол­дас­пыз, КВН коман­да­сын­да бір­ге ойна­дық, 20 жыл­дан астам уақыт таны­спыз. Бірақ бай­қа­уда жеңіс­ке жету­ге оның еш қаты­сы жоқ. Борей­ко ойлаған­дай, тен­дер­ді аяқ асты­нан (мини­стр­дің ескі досы болған­ды­қтан) ұтып алған жоқ­пын. Шын­ды­ғын­да, БҒМ (Білім және ғылым мини­стр­лі­гі. – «Азаттық») қар­жы­лан­ды­ра­тын бай­қа­уда осы­мен үшін­ші рет жеңіп тұр­мын, үше­уін­де де интер­нет, әле­умет­тік желілер және интер­нет­те­гі құқық бұзу­шы­лы­қ­пен күрес тақы­ры­бы бой­ын­ша ұтып алдым. Ол маған жақын тақы­рып, ғылы­ми қызы­ғу­шы­лық таны­та­тын салам, сон­ды­қтан заң­ды түр­де ұтып алдым, бәрі әділет­ті бол­ды, – дей­ді заң­гер Ержанов.

Қаза­қстан­дық заң­гер және адво­кат, Transparency Kazakhstan ұйы­мы­ның бұры­нғы атқа­ру­шы дирек­то­ры Сер­гей Злот­ни­ко­втың пікірін­ше, мини­стр­лік тен­дерін сол меке­мені басқа­ра­тын адам­ның таны­сы ұтып ала­тын жағ­дай Қаза­қстан­да ғана кездеседі.

– Қарап отыр­саң, біз­де мүд­де қақты­ғы­сы көп екенін көресің, себебі біре­улер бір­ге оқы­ған, біре­удің таны­сы­на үйлен­ген болып шыға­ды. Өкініш­ке қарай, оны ешкім бақы­ла­май­ды. Ал еуро­па­лық заң­на­ма тұрғы­сы­нан алсақ, мұн­дай зерт­те­удің соңы дауға ұла­сып, олай емес екенін сот­та дәлел­дей алмаған министр қыз­меті­нен кетер еді, – дей­ді Злотников.

Осы апта­да Қаза­қстан­да Ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ция мини­стр­лі­гін тарат­ты. Мини­стр­лік­тің БАҚ өкіл­дерін іс-шара­ларға кір­гі­зу тәр­тібін қатай­ту тура­лы баста­ма­сы­на алаң­дап жүр­ген жур­на­ли­стер оған таң­да­нып қал­ды (Дәу­рен Аба­ев ұсы­ны­лған түзе­туді қатай­ту емес, «жүй­е­ге салу» деп ата­ды).

Мини­стр­лік тараға­ны­мен, мұның алдын­да Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі мен пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де де жұмыс істе­ген 39 жастағы Дәу­рен Аба­ев жұмыс­сыз қал­ма­ды. Ол қай­та­дан құры­лған атқа­ру­шы билік орга­ны – Ақпа­рат және қоғам­дық даму мини­стр­лі­гі бас­шы­лы­ғы­на тағайындалды.

Пётр ТРОЦЕНКО

Azattyg.org

Республиканский еженедельник онлайн