Пятница , 4 июля 2025

Мыңдаған гектар жер мемлекетке қайтарылды

Был­тыр  игеріл­мей, тусы­рап жатқан мың­даған гек­тар жер телі­мі мем­ле­кет­ке қай­тарылып,  кон­кур­стар бой­ын­ша қолы­нан іс келетін, нағыз жер­ге мұқтаж жан­дарға беріл­ген және мем­ле­кет­тің  қа­жет­тілігіне қарай қай­та рет­тел­ген бола­тын. Деген­мен кезін­де қолы­нан келіп, қоны­шы­нан басқан­дар жер­ді ныса­на­лы мақ­са­ты­на қара­май, тамыр-таны­ста­ры­на емін-еркін тара­тып қана қой­май, өздері мен туған-туы­ста­ры­ның мен­ші­гіне қара­та бер­ген сыңай­лы. Ондай жер­лер ара­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған­дар­ды айтпа­ғанда, мем­ле­кет­пен қорға­ла­тын қоры­қты жер­лер де бар болып шыққан. Әсіре­се, Алма­ты қала­сы маңын­дағы аудан­дар­дың аумағы­на қарас­ты Ала­та­удың қой­ын-қолат­та­ры мен шатқал­да­рын­да, сай-сала­ла­рын­да мен­шік­ке өтіп кет­кен неме­се жал­ға беріліп кет­кен жер­лер жетіп-арты­­ла­ды екен. 

Биыл­дың алға­шқы тоқ­са­нын­да  ғана облы­стағы аудан­дық әкім­дік­тер ныса­на­лы мақ­са­ты бой­ын­ша ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер­лер­ге кезек­ті рет аса ауқым­ды тек­серіс жүр­гізіп, соның нәти­жі­сен­де 68 мың гек­тар­дан астам кәде­ге аспай жатқан неме­се басқа бағыт­та пай­да­ла­ны­лып отыр­ған ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер телім­дерін аны­қтап­ты. Нақты­рақ айтқан­да, үш айда жал­пы аумағы 68 167,54 гек­тар бола­тын 191 жер телі­мі ныса­на­лы мақ­са­ты бой­ын­ша пай­да­ла­ныл­май оты­рға­ны  бел­гілі болған. 

Өкініш­ке қарай, ныса­на­лы мақ­са­тын­да пай­да­ла­ныл­май жатқан ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері көле­мі бой­ын­ша кей­ін­гі кез­дері  ақ күрі­шінің алқа­бы жыл­дар жыл­жы­ған сай­ын қысқа­рып бара жатқан, Балқаш ауда­ны басқа­лар­дың алдын­да екен. Бақа­на­стың бай­тағын­да 15 807,5 гек­тар жер пай­даға аспай, қаңы­рап қалған. Шыбық шан­шы­саң тал болып өсетін, топы­рағы аса құнар­лы, ылға­лы да мол Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын­да 7 590,54 гек­тар, Талғар ауда­нын­да 15 452,0 гек­тар ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы алқап­тар­ды арам­шөп басқан. Сон­дай-ақ ныса­на­лы мақ­са­ты­нан басқа істер­ге пайда­ланылып оты­рған жер телім­дері де жет­кілік­ті көрінеді. 

Қазір ныса­на­лы мақ­са­ты бой­ын­ша пай­да­ла­ныл­маған ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер­лер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­руға қаты­сты нақты шара­лар қолға алы­нуда. Атап айтқан­да, аудан­дық әкім­діктер жал­пы аумағы 33 685,53 гек­тар жер телім­дері бой­ын­ша 98 жер пай­да­ла­ну­шы­ға жал­дау жөнін­де­гі  келісім­шар­ттар­дың талап­та­рын орын­дау қажет­ті­гі тура­лы мәлім­де­ме тап­сы­рып­ты. Жал­пы, алаңы 15 025,37 гек­тар бола­тын 25 жер телі­мі бой­ын­ша жал­дау жөнін­де­гі келісім­шарт­тарды бұзу тура­лы сотқа тала­пары­здар түсіріл­ген. Соны­мен бір­ге 9 481, 61 гек­тар жер­дің иелері ныса­на­лы мақ­са­ты­на сай  иге­ре алмаған жер телім­дерін мем­ле­кет­ке өз ерік­тері­мен қайтарыпты. 

Бірқа­тар аудан­дық әкім­дік­те ауыл ша­р­уашылығы мақ­са­ты­на арналған жер­лерді пай­да­ла­ну мәсе­ле­лерін қарас­тырған жер комис­си­я­сы­ның оты­ры­ста­ры өткізіл­ген. Мәсе­лен, Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын­да осын­дай 216 мате­ри­ал қара­лып, олар­дың 101‑і кері қайтарылған. 

«Алма­ты облы­сын­дағы ауыл шаруа­шылы­ғына арналған жер­лер­дің пайда­ланылмауына қаты­сты про­бле­ма аса өзек­ті. Біз осын­дай жер­лер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рып, ныса­на­лы мақ­са­ты бой­ын­ша пай­да­ла­ны­луын жолға қою үшін үлкен жұ­мыстар жүр­гі­зу­де­міз. Бар­лы­ғы заң тала­бы­на сай, рет-реті­мен жүзе­ге асы­ры­лу­да», – дей­ді облы­стық әкім­дік­те­гі жау­ап­ты тұлғалар. 

Болат АБАҒАН,

Алма­ты облысы

aikyn.kz

Республиканский еженедельник онлайн