Пятница , 4 июля 2025

«МҮЖІЛГЕН СҮЙЕКТЕЙ» ауылдар МҮШКІЛ ХАЛГЕ ЖЕТТІ

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Абай­ұ­лы Бектеновке!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы тәу­ел­сіздік алға­лы түр­лі сала­ның даму бағыт­та­рын, өңір­лер­дің өркен­де­уін көз­дей­тін бағ­дар­ла­ма­лар аз болған жоқ. Бірақ сол сала­лар­дың ішін­де қай­ы­рым­сыз бала­сы қаңғыр­тып жібер­ген қари­я­ның күнін кеш­кен ол – біздің ауылдар.

Оны өзіңіз де жақ­сы білесіз. Қажет­ті инфрақұры­лым­ның, сапа­лы меди­ци­на мен білім­нің, тұрақты жұмыс пен табыст­ың, тіп­ті қара­пай­ым интер­нет­тің жоқты­ғы­нан 34 жыл­дың ішін­де өз туған ауы­лын амал­сыздан аз адам тастаған жоқ. Соның сал­да­ры­нан қан­ша­ма ауы­лы­мыз «мүжіл­ген сүй­ек­тей» мүш­кіл хал­ге жетіп, жабы­лып қалды.

Нақты сан­дар­мен айт­сақ, соңғы 5 жыл­да ШҚО-да 350 ауыл, СҚО-да 635, Пав­ло­дар облы­сы бой­ын­ша 352 ауыл бос қал­ды. 2024 жыл­дың өзін­де-ақ СҚО-да 141 ауыл мәр­те­бесі­нен айы­ры­лған. Көзіңе еріксіз жас, көңіл­ге мұң­ды күмән ұяла­та­тын статистика.

Бұл – жай ғана ауыл­дар­дың сан­да­ры емес, мың­даған отба­сы­ның туған жері, ұшқан ұясы, өмірінің тарихы ғой. Ауыл деген жай жаба сала­тын есік емес, қаза­қтың алтын бесі­гі екенін неге ұмыттық?

Иә, Үкі­мет­тің «Ауыл ама­на­ты» жоба­сы және AMANAT пар­ти­я­сы­ның «Ауыл – ел бесі­гі» деген ауыл тамы­ры­на қан жүр­гі­зетін сәт­ті бағ­дар­ла­ма­ла­ры ұсы­ны­лып жатыр, олар­ды тіп­ті енгізді де. Нәти­же­сі де жаман емес. Бірақ бір-екі бағ­дар­ла­ма Қаза­қстан­ның бар­лық ауыл­да­рын гүл­ден­діріп жібе­ре алмай­ды ғой.

Күні кеше ғана мем­ле­кет бас­шы­сы Үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­дағы өзінің қоры­тын­ды сөзін­де: «Ауыл­дық аймақтар­ды жан-жақты дамы­туға арналған мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның бәрін бір бағ­дар­ла­маға бірік­ті­ру дұрыс шешім бол­мақ, яғни «Ауыл ама­на­ты», «Ауыл – ел бесі­гі» және тағы басқа бағ­дар­ла­ма­лар», – деп атап өтті.

Бүгін­де ауыл тұрғын­да­ры өз күші­мен қан­дай да бір іс бастай­ын десе де, кедер­гілер өте көп: мал бағып, егін өсірей­ін десе – жері, кәсіп бастай­ын десе – қар­жы­сы, қажет­ті инфрақұры­лы­мы жоқ. Тұрғын­да­рын былай қой­ып, ауыл­дың әкі­мін­де де қара­пай­ым қажет­тілік­тер­ді өтей­тін бюд­жет­те тех­ни­ка да, пәр­мен де жоқ. Ауыл­дар­ды осын­дай күй­ге жет­кіз­ген соң, ауыл халқы­на неге көштің деп қай беті­міз­бен айта­мыз? «Арқа­да аяз бол­ма­са, арқар ауып несі бар» деген­ді бәрі­міз білетін шығармыз?

Алдағы уақыт­ты Абай облы­сы Аягөз ауда­нын­да да 10-нан астам ауыл­ды жапқа­лы жатыр екен. Оның алдын алуға тал­пы­нып жатқан бір лау­а­зым­ды тұлға жоқ. Қазақ өз тамы­рын өзі бал­та­ла­са, қалай гүлдемек?!

Жоқ, әлде бұл әре­кет­тер­дің арғы жағын­да халы­қтың бәрін мәж­бүр­лі түр­де қалаға көші­ру керек деген жымысқы сая­сат бар ма? Ауыл­дар­ды сақтау әре­кетін қашан жасаймыз?

Ауыл бол­ма­са – қазақ, қазақ бол­ма­са – мем­ле­кет­тің де бол­май­ты­ны анық қой.

Құр­мет­ті Олжас Абай­ұ­лы! Осы­ның бәрін еске­ре келе, Сізден:

1. Ауыл әкім­дерінің пәр­менін күшейтуді;

2. Бір ауы­лға бір тех­ни­ка, яғни ауыл­дар­ды тех­ни­ка­мен қамтуды;

3. Бұл мәсе­лені ұлт­тық дең­гей­ге көтеріп, Үкі­мет бас­шы­лы­ғы және облыс әкім­дері дең­гей­ін­де қоныс ауда­ру жөнін­де мем­ле­кет­тік комис­сия құруды;

4. Ауыл­дық жер­лер­ге жастар­ды тұрақтан­ды­ру және қоны­стан­ды­руға бағыт­талған жұмыс жос­па­рын құру, оны ауыл­дық жастарға жет­кі­зуді ұсынамыз.

депу­тат Ринат ЗАИТОВ

Республиканский еженедельник онлайн