Пятница , 4 июля 2025

МҰНАЙДЫ мұңға айналдырған ЖЕТІ МӘСЕЛЕ

Осы апта­ның басын­да ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де «Ағым­дағы қыз­мет және мұнай сала­сы­ның даму пер­спек­ти­ва­ла­ры» деген тақы­рып­пен Үкі­мет саға­ты өткен еді. Онда Мәжілістің Эко­ло­гия және табиғат ресур­ста­ры коми­тетінің төраға­сы, депу­тат Еділ Жаң­быр­шин маз­мұн­ды баян­да­ма жаса­ды (баян­да­ма қаз-қал­пын­да жари­я­ла­нып отыр).

Құр­мет­ті Аль­берт Павлович!

Қадір­лі әріптестер!

Елі­міздің мұнай-газ сала­сы әлем­де­гі тренд­тер мен мем­ле­кет бас­шы­сы­ның алды­мы­зға қой­ған стра­те­ги­я­лық мін­дет­терін еске­ре оты­рып жұмыс жаса­уы қажет. Өйт­кені дилем­ма бар. Бір жағы­нан, Қаза­қстан­ның жал­пы әлем­дік пар­ник­тік газ шыға­ру­дағы үлесі 0,56 % бол­са да, елі­міз «Пари­ждік келісім­ді» рати­фи­ка­ци­я­лап, «Гло­бал­ды метан ини­ца­ти­ва­сын» қол­да­ды. Яғни, біз пар­ник­тік газ­дар­ды азай­тып, көмір­тек­тік бей­та­рап­ты­ққа бағыт алып, «жасыл энер­ге­ти­ка­ны» дамы­та­мыз деп жарияладық.

Ал екін­ші жағы­нан, 2029 жылға дей­ін Ішкі жал­пы өнім­ді 450 млрд АҚШ дол­ла­ры­на, Ұлт­тық қор­дағы актив­тер­ді 100 млрд АҚШ дол­ла­ры­на жет­кі­зу мін­деті тұр. Яғни, эко­но­ми­ка­мы­здың қазір­гі драй­вері – мұнай-газ өндірісін дамыт­пай, бұл көр­сет­кі­ш­тер­ге жету мүм­кін емес. Өйт­кені елі­міздің негіз­гі қар­жы­лай әрі эко­но­ми­ка­лық ресур­сын мұнай-газ сала­сы қам­та­ма­сыз ете­ді. Мыса­лы, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке жал­пы түсім­дер­дің шама­мен 30 пай­ы­зын, ал нақты салы­қтық түсім­дер­дің 50 пай­ы­зы­нан аста­мын қам­та­ма­сыз ететін және Ұлт­тық қорға да жалғыз қар­жы ауда­ра­тын – мұнай-газ кешені. Олай бол­са, елі­міздің отын-энер­ге­ти­ка сала­сын­да «өгізді де өлтір­мей­тін, арба­ны да сын­дыр­май­тын» қағи­дат­ты ұстанған жөн.

Деген­мен, бұл сала­да әлі де қор­да­ланған мәсе­ле­лер жет­кілік­ті. Осы тұста солар­дың негіз­гілеріне тоқта­лып өтейін.

БІРІНШІГЕОЛОГИЯ

Бүгін­гі таң­да мем­ле­кет есебін­де 348 көмір­су­тек шикі­за­ты­ның кен орны бар. Сон­дай-ақ елі­міз­де­гі мұнай қоры­ның жал­пы көле­мі – 4,3 млрд тон­на­ны құрай­ды. Бұл рет­те көмір­су­тек шикі­за­ты қоры­ның 72 %-ы – «Теңіз», «Қашаған», «Қара­шы­ға­нақ» сияқты ірі кен орын­да­ры­ның үлесінде.

Ал алдағы 10–15 жыл­дан кей­ін осы үш ірі кәсі­по­рын­да мұнай-газ­ды өнді­ру көле­мі төмен­дей­тіні анық. Оған қоса, иге­рудің кеш саты­сын­дағы кен орын­да­рын­да мұнай-газ өнді­ру тіп­ті аза­яды, кей­бірі жұмысын тоқтатады.

Ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев өз Жол­да­уын­да елі­міз­де гео­ло­ги­я­лық зерт­те­лу дең­гей­інінің төмен екенін атап өтті.

Әріп­те­стер, шын­ды­ғын­да, сонау ака­де­мик Сәт­ба­ев­тың кезеңін­де­гі­дей, тәу­ел­сіздік­тің соңғы 25 жылын­да жүй­елі, мас­шта­б­ты гео­ло­ги­я­лық зерт­теу-бар­лау жұмыста­ры жүр­гізіл­ген жоқ. Ал қазір­гі уақыт­та қор­лар­дың өсі­мі сонау Кеңес Одағы кезін­де ашы­лған кен орын­да­рын қай­та баға­лау мен зерт­теу есебі­нен толы­ғу­да. Бірақ соңғы бес жыл­дағы мұнай қор­ла­ры­ның өсі­мі орта есеп­пен 73 млн тон­на­ны құра­са, өнді­ру көле­мі – 80 млн тон­наға жет­ті. Яғни, мұнай қоры­ның толы­ғуы­нан оны өндіруі­міз қазір­дің өзін­де 7 млн тон­наға артық. Бұл – мұнай-газ сала­сын­дағы зерт­теу жұмыста­ры мен өндірудің ара­сын­дағы дис­ба­лан­сты нақты көр­сетіп отыр. Гео­ло­ги­я­лық бар­ла­удың қазір­гі баяу қарқы­ны мен мұнай өндірудің бүгін­гі дең­гейі сақта­лар бол­са, тая­у­дағы 15 жыл­да елі­міздің көмір­су­тек ресур­ста­ры­ның қоры тау­сы­ла­ты­ны анық. Дұры­сын­да мұнай-газ қор­ла­ры­мыз өндіру­ден кемі 1,5 есе­ге артық болуы тиіс.

Қаза­қстан­да көмір­су­тек­тер­дің жаңа кен орын­да­рын ашу үшін біз­де қажет­ті әле­ует бар. Гео­лог­тар елі­міз­де 76 млрд тон­на болжам­ды отын ресур­сы бар деп және түр­лі дәре­же­де зерт­тел­ген 15 шөгін­ді бас­сейн­ді бөліп көр­сет­кен бола­тын. Алай­да 30 жыл ішін­де 2021 жылы бір ғана жаңа мұнай кен орны ашылды.

Деген­мен, біз­де тау­ар­лық-мате­ри­ал­дық қор­лар­ды тол­ты­ру­дың, өндірісті ұлғай­ту­дың және жоға­ры табыс табу­дың нақты мүм­кін­дік­тері бар. Бірақ қазір олар­ды пай­да­ла­ну мүм­кін бол­май отыр. Оған себеп – елдің эко­но­ми­ка­сы­на едәуір үлес қоса­тын қаз­ба бай­лы­қта­ры­мы­зды дамы­ту сала­сы тұра­лап, оның мүм­кін­дік­тері шек­теліп отыр. Яғни, эко­но­ми­ка­ның негізін құрай­тын гео­ло­гия сала­сы стра­те­ги­я­лық шешім қабыл­дай алмай­тын, құзы­реті шек­те­улі, бюро­кра­ти­я­лық шыр­мау­мен бай­ланған Үкі­мет­тің коми­теті дең­гей­ін­де ғана жұмыс жаса­уға мәжбүр.

ЕКІНШІМҰНАЙ ӨНДІРУ

Елі­міз­де­гі «Қашаған», «Теңіз», «Қара­шы­ға­нақ» сияқты үш ірі кен орны­нан басқа мұнай-газ кен орын­да­рын­да жыл сай­ы­нғы шикі­зет өнді­ру көле­мі төмен­де­уде. Мыса­лы, соңғы бес жыл­да мұнай-газ өнді­ру 36 млн тон­на­дан 30 млн тон­наға дей­ін азай­ып отыр. Ал Қызы­лор­да облы­сын­да мұнай өнді­ру көр­сет­кі­шінің едәуір төмен­де­гені бай­қа­лып, өнді­ру көле­мі соңғы 10–15 жыл­да 5 есе азай­ған. Соны­мен қатар мұн­дай сарқы­лып жатқан кен орын­да­рын­да өнді­ру көбіне қосым­ша гео­ло­ги­я­лық қиын­ды­қтар­мен қатар жүреді. Оның ішін­де кен орын­да­рын­да жоға­ры сула­ну, жоға­ры тұтқыр­лық дең­гейі байқалады.

Ува­жа­е­мые кол­ле­ги! Во всем мире добы­ча неф­ти оце­ни­ва­ет­ся пока­за­те­лем «коэф­фи­ци­ен­та извле­че­ния неф­ти», кото­рый варьи­ру­ет­ся от 0,09 до 0,75, то есть от 9 до 75 % неф­ти извле­ка­ет­ся от гео­ло­ги­че­ско­го запа­са. Напри­мер, для срав­не­ния, на место­рож­де­ни­ях Китая и США КИН дости­га­ет 0,5–0,55, то есть могут извле­кать­ся поло­ви­на гео­ло­ги­че­ских запа­сов неф­ти. Дан­ная циф­ра пока­зы­ва­ет высо­ко­тех­но­ло­гич­ность извле­че­ния неф­ти из недр в этих странах.

Теперь какая ситу­а­ция в Казах­стане? На нача­ло 2024 года на место­рож­де­ни­ях Озень фак­ти­че­ски пока­за­тель КИН состав­ля­ет – 0,32. То есть толь­ко одну треть неф­ти извле­ка­ем. На место­рож­де­нии «Тен­гиз» на сего­дня реаль­ный КИН состав­ля­ет все­го лишь 0,15, тогда как пла­но­вый пока­за­тель выше 0,40.

Осы көр­сет­кі­ш­тер­дің бар­лы­ғы мұнай-газ өнді­ру сала­сын­да ғылы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық про­гре­стің қажет екенін айқын көр­се­те­ді. Осы орай­да Пре­зи­дент­тің соңғы кезең­де игеріліп жатқан мұнай кен орын­да­рын­дағы мәсе­ле­лер­ді шешу мен олар­ды тиім­ді пай­да­ла­ну бой­ын­ша тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес, Пар­ла­мент депу­тат­та­ры «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кодексіне түзе­ту­лер әзір­леп, қабыл­да­ды. Соның аясын­да арнайы «сарқы­лып жатқан» кен орын­да­ры деген түсінік енгізіліп, кри­те­рий­лер бекітіл­ді. Соған сәй­кес, мұн­дай кен орын­да­ры­на жаңа келісім­шар­ттық мін­дет­те­ме­лер қарас­ты­рыл­ды. Бұл ста­тус сарқы­лған кен орын­да­ры­ның «өмірін» ұзар­тып, мұнай көле­мін арт­ты­рып, жаңа жұмыс орын­да­рын ашуға мүм­кін­дік береді.

Деген­мен, мұнай-газ кен орын­да­рын­да жаңа тех­но­ло­ги­я­лар мен әдістер­ді, цифр­лан­ды­ру­ды енгі­зу арқы­лы мұнай өндіруді ұлғай­ту – күн тәр­тібін­де­гі өзек­ті мәсе­ле. Соны­мен қатар жоға­ры тұтқыр­лы битум­ды мұнай­ды өндіруді қолға ала­тын уақыт кел­ді. Қазір­гі таң­да мем­ле­кет балан­сын­да осын­дай 11 кен орны бар. Тиісті заң­на­ма­лық актілер­ді жасақта­уды қолға алуы­мыз қажет.

ҮШІНШІШИКІ МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУ

Мұнай өңдеу қуа­тын ұлғай­ту және мұнай өнім­дерінің сапа­сын арт­ты­ру мақ­са­тын­да үш мұнай өңдеу зауы­тын жөн­де­у­ге және жаңғыр­туға 2 трлн тең­ге жұм­сал­ды, бұл рет­те мұнай мен газ кон­ден­са­тын өңде­удің жыл сай­ы­нғы көле­мі 18 млн тон­на­дан аспайды.

Елі­міз­де­гі ішкі нары­ққа қажет­ті мұнай өнім­дерін жет­кі­зуді тек отан­дық мұнай өнді­ру ком­па­ни­я­ла­ры қам­та­ма­сыз етіп отыр. Жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, олар­дың мұнай өнді­ру көле­мі аза­ю­да. Соны­мен қатар біз­де жыл сай­ын мұнай өнім­дерінің тап­шы­лы­ғы бай­қа­ла­ды, ол импорт есебі­нен жабы­ла­ды. Мұнай­дың үстін­де оты­рған мем­ле­кет үшін бұл нонсенс.

Іс жүзін­де Қаза­қстан бен­зин, авиа­ци­я­лық отын, дизель оты­ны бой­ын­ша импорт­тық оты­нға тәу­ел­ді және 7 жыл ішін­де елі­міз­ге 6 млн тон­на­дан астам мұнай өнім­дері импорт­тал­ды. Яғни, елі­міз­де­гі жанар-жағар­май өнім­дерінің дефи­ци­тін негізі­нен Ресей мем­ле­кеті­нен импорт­тап отыр­мыз. Бұл мәсе­лені шешетін уақыт кел­ді. Осы рет­те жаңа ғана мини­стр­дің баян­да­ма­сын­да алдағы 8 жыл­да мұнай өндіруді 56 про­цент­ке көтеріп, 28 млн тон­наға жет­кі­зу жос­па­ры бар екенін естідік. Бірақ бұл жос­пар­дың уақы­тын­да орын­да­ла­ты­ны­на күмәні­міз бар. Осы рет­те бір­не­ше маңы­зды сұрақтар туын­дап отыр.

Бірін­ші. Үш кит­ті есеп­ке алмаған­да, елі­міз­де­гі ком­па­ни­я­лар­дың мұнай өнді­ру мүм­кін­дік­тері төмен­де­уде, яғни жос­пар­ланған қосым­ша 10 млн тон­на мұнай­ды қай­дан ала­мыз? Қазір­гі инфрақұры­лым­ның мүм­кін­дік­тері шек­те­улі екенін ескер­сек, ол көлем табы­лған күн­де оны қай­дан, қалай тасымалдаймыз?

Екін­ші. Тек экс­пор­тқа мұнай шыға­ра­тын тран­сұлт­тық ком­па­ни­я­лар ішкі нары­ққа отан­дық ком­па­ни­я­ларға қой­ы­лған арнайы төмен баға­мен қажет­ті көлем­де мұнай­ды сата ала ма? Олар­мен келіс­сөз­дер жүр­гізіліп отыр ма? Қазір­гі ішкі нары­қта мұнай баға­сы­ның диа­па­зо­ны 30–40$ AҚШ, ал сыр­тқы нары­қта – 60–80$ AҚШ.

Үшін­ші. Қосым­ша өндірілетін 10 млн тон­на өнім­ді қай­та өңдеу үшін, мін­дет­ті түр­де жаңа зауыт салы­нуы керек. Сол салы­на­тын зауыт­тың орны, жоба­лық құжат­та­ры, инфрақұры­лы­мы, қар­жы­сы, инве­сто­ры, тех­но­ло­ги­я­сы бел­гілі ме? Бұл жөнін­де нақты жұмыстар жүр­гізіліп жатыр ма? Әзір­ше біздің қолы­мы­зда төр­тін­ші мұнай өңдеу зауы­тын салу бой­ын­ша нақты ақпа­рат жоқ. Мини­стр­дің баян­да­ма­сы­нан да естімедік.

Тағы бір мәсе­ле – жеке мен­шік мұнай ком­па­ни­я­ла­ры­ның мұнай өңдеу зауыт­та­ры­на қол­жетім­ділік­ті және эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тиім­ділік­ті қам­та­ма­сыз ету­де өзек­ті мәсе­ленің бірі болып отыр.

  ​ТӨРТІНШІШИКІ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Елі­міздің мұнай­ын экс­порт­тау – сая­си-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле. Сыр­тқы нары­ққа шыға­ры­ла­тын мұнай­дың 80 % Кас­пий құбыр кон­сор­ци­у­мы арқы­лы тасы­мал­да­на­ды. Бұл марш­рут мұнай ком­па­ни­я­ла­ры­на эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан тим­ді, ал екін­ші жағы­нан, егер бұл инфрақұры­лым­да форс-мажор жағ­дай орын алса, елі­міздің эко­но­ми­ка­сын­да күр­делі про­бле­ма­лар туын­дай­ды. Сон­ды­қтан тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар ықти­мал тәу­е­кел­дер­ді азай­ту бағы­тын­да май­дан қыл суы­рған­дай қылып, шару­а­ны рет­те­уі керек. Осы орай­да бала­ма марш­рут­тар арқы­лы мұнай экс­порт­тау көле­мін арт­ты­ру – күн тәр­тібін­де­гі өзек­ті мәсе­ле. Бұл сұрақты Пре­зи­дент бір­не­ше рет көтер­ген болатын.

Тағы бір шеші­мін тап­паған про­бле­ма – Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі бел­гілі бір кри­те­рий­лер мен заң­ды негіз­дер­сіз мұнай-газ кәсі­по­рын­да­ры­ның өзі өндір­ген мұнай­ын қай бағыт­та және қан­дай көлем­де жібе­ретінін дер­бес аны­қтап, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ны мұнай құбыр­ла­рын еркін пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі­нен айы­рып отыр. Бұл жағ­дай кәс­по­рын­дар­дың шығын­да­рын көбей­те­ді. Себебі көп­шілі­гінің кен орын­да­рын­дағы көмір­су­тек қор­ла­ры тау­сы­луға жақын, олар мұнай­ды ішкі нары­ққа әлем­де­гі мұнай баға­сы­нан төмен баға­мен сата­ды, ал мұнай­ды қай­та өңдеу мен тасы­мал­дау тариф­тері қарқын­ды өсу­де. Сон­ды­қтан Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі мұнай өндіру­ші ком­па­ни­я­лар­мен бір­лесіп, ішкі нары­ққа мұнай кво­та­сын бөлу мен мұнай тасы­мал­дау бағыт­та­рын аны­қтай­тын меха­низмді түсінік­ті, ашық, жемқор­лы­қтан ада «ойын ере­же­сі» бой­ын­ша жасақта­уы қажет.

БЕСІНШІЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Соңғы кез­де батыс энер­ге­ти­ка тора­бын­да орын алған апат­тар мұнай кешеніне айтар­лы­қтай шығын әкел­ді. Мәсе­лен, 2023 жылы МАЭК-тегі электр стан­ци­я­ла­рын­да болған апат­тар­дың кесірі­нен 2 айда (шіл­де-тамыз айла­ры) шама­мен 400 мың тон­на мұнай өндіріл­мей қал­ды. 2024 жылы батыс аймақта электр энер­ги­я­сы­ның өшуіне бай­ла­ны­сты рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша 41 мың тон­на көмір­су­те­гі өндіріл­меді (Аты­рау облы­сы – 30 мың тон­на, БҚО – 11 мың тон­на). Сон­дай-ақ 2023 жылы мұн­дай апат­тар­дың сал­да­ры­нан Аты­рау мұнай өңдеу зауы­ты электр энер­ги­я­сы­нан 11 рет ажы­раса, 2024 жылы – 14 рет ажы­раған. Бұл сұй­ы­ты­лған мұнай газы мен жанар-жағар­май көле­мінің аза­юы­на, көп мөл­шер­де газ­дың ала­у­лар­да жағы­лып, эко­ло­ги­яға әсер етуіне әкел­ді. Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі мұнай-газ кешені объ­ек­тілерінің тұрақты жұмысын қам­та­ма­сыз етуі үшін, келесі про­бле­ма­лар­ды шешуі қажет:

– Маңғы­стау облы­сы­ның әкім­ді­гі­мен «МАЭК»-ті тез­детіп модернизациялау;

КЕГОК акци­о­нер­лік қоға­мы­м­ен сол­түстік және батыс электр энер­ге­ти­ка­лық жүй­е­лерін бірік­ті­ру жөнін­де­гі жоба­ны іске асы­ру­ды жеделдету;

– «Қаз­Мұ­най­Газ» АҚ-мен Жаңаө­зен қала­сын­да жоба­ла­нып оты­рған гибрид­ті электр стан­ция құры­лы­сын уақы­тын­да бітіру.

Мұның бәрі елі­міздің энер­ге­ти­ка­лық қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

АЛТЫНШЫЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Мұнай-газ кешені елі­міз­де ауа­ны ластау бой­ын­ша энер­ге­ти­ка, тау-кен сек­то­ры­нан кей­ін, жылы­на 520 мың тон­на зиян­ды заттар­ды ауаға шыға­рып, 3‑орында тұр.

Көп­те­ген ірі кәсі­по­рын иелері эко­ло­ги­я­лық стан­дарт­тар­ды енгі­зу үшін қар­жы салуға және өндірісін жаңғыр­туға эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан ынта­сы жоқ. Өйт­кені олар­дың рұқ­сат алған эмис­си­я­ла­ры­ның жос­пар­лы көле­мі іс жүзін­де­гі шығарған көлем­нен екі неме­се одан да көп. Мыса­лы, Эко­ло­гия мини­стр­лі­гінің мәлі­меті бой­ын­ша, «Теңіз­шев­ройл» ком­па­ни­я­сы­ның 2024 жылғы жал­пы жос­пар­лы шыға­рын­ды­ла­ры­ның көле­мі 711,214 мың тон­на, ал іс жүзін­де­гі эмис­сия көле­мі – 150,217 мың тон­на. Осын­дай жағ­дай НКОК, Аты­рау мұнай өңдеу зауы­тын­да, жал­пы елі­міздің бар­лық кәсі­по­рын­да­рын­да орын алған. Яғни, ком­па­ни­я­лар факт бой­ын­ша эмис­си­я­ны төлей­ді де, лимит­тен асып оты­рған жоқ­пыз деп, эко­ло­ги­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгізу­ге құлықсыз.

Бұдан басқа, Эко­ло­ги­я­лық кодек­с­ке сәй­кес, 2025 жыл­дан бастап енді олар он жылға кешен­ді эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат алып, эмис­си­я­ны төле­уден де боса­ты­ла­ды. Осы жыл­дар ішін­де олар ең озық тех­ни­ка­лар­ды енгі­зуі қажет. Менің­ше, бұл да әділ прин­цип емес, өйт­кені зиян­да­у­шы зия­нын азай­тқан кез­де ғана сон­дай мөл­шер­де төлем­нен боса­ты­луы қажет.

Екін­ші мәсе­ле. 2023 жыл­дан бастап 1‑категориядағы 9 ірі мұнай ком­па­ни­я­сы зиян­да­у­шы көз­дер­ге авто­мат­тан­ды­ры­лған мони­то­ринг жүй­есін орна­ла­сты­руы қажет еді. Алай­да бүгін­гі таң­да тек 5 ком­па­ния ғана ондай жаб­ды­қты толық іске қосты, 2‑уінде қосу жұмыста­ры жүріп жатыр, 2‑уі әлі іске қосқан жоқ. Атап айт­сақ, «Пет­ро Казах­стан Ойл Про­дактс» ЖШС, «СНПС-Ақтө­бе­мұ­най­газ» АҚ-ның Жана­жол мұнай-газ өңдеу кешені. Уәкілет­ті орган, яғни Эко­ло­гия және табиғи ресур­стар мини­стр­лі­гі авто­мат­тан­ды­ры­лған мони­то­ринг жүй­есін орнат­паған кәсі­по­рын­дарға пәр­мен­ді шара­лар­ды қабыл­да­уы қажет.

Соңғы кез­де Кас­пий теңізін­де болып жатқан эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­лар қоғам­да әртүр­лі сұрақтар туғы­зып отыр. Әсіре­се итба­лы­қтар­дың неден өліп жатқа­нын нақты ешкім айта алмай отыр. Жал­пы, елі­міз­де­гі бар­лық кәсі­по­рын­дар эко­ло­ги­я­лық мони­то­ринг­ті өздері жүр­гізіп отыр. Сон­ды­қтан олар­дың мәлі­метінің шынай­ы­лы­ғы күмән­ді. «Кім ақша төлей­ді, сол музы­каға тап­сы­рыс береді және оны таң­да­та­ды» деген әңгі­ме бар ғой. Қазір­гі жағ­дай осы­ған ұқсас.

Мем­ле­кет қор­шаған ортаға өзі толық мони­то­ринг жүр­гіз­бей, біз кім­нің, қалай, қан­дай зиян­ды заттар­мен қан­ша көлем­де эко­ло­ги­я­ны бүл­діріп жатқа­нын нақты айта алмай­мыз. Тіп­ті Эко­ло­гия мини­стр­лі­гін­де су айдын­да­рын зерт­тей­тін арнайы жаб­ды­қталған кеме де жоқ. Кас­пий теңізін­де­гі кен орын­дар­дың айна­ла­сы­на қор­шаған орта­ның жағ­дай­ын онлай­ын режим­де құзыр­лы органға беріп оты­ра­тын авто­мат­тан­ды­ры­лған ста­ци­о­нар­лық стан­ци­я­лар­ды орна­ту­дың уақы­ты кел­ді. Мұн­дай ста­ци­о­нар­лық қон­ды­рғы­лар жер­де де орна­ты­луы керек. Сон­да ешқан­дай дау тумай­ды. Кім бүл­дір­ді, сол айып­пұл төлей­ді. Бұл халы­қа­ра­лық прин­цип. Эко­ло­ги­я­лық талап елі­міз­де­гі бар­лық мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­ры­на қаты­сты. Ком­па­ния таза стан­дарт­тар­ды сақтай ма – онда оған сұрақ жоқ.

Біз мұнай­ды басқа өнім­мен алма­сты­ра ала­мыз, бірақ Кас­пий теңізінің эко­жүй­есін қал­пы­на кел­тіру­ге ғасыр­лар керек болады.

Тағы бір мәсе­ле – «Көк­жи­де» жера­с­ты су кен орны аймағы­нан мұнай ком­па­ни­я­ла­рын шыға­ру. Бұл жөнін­де мем­ле­кет­тік орган­дар тара­пы­нан әлі нақты шешім­ді көр­мей отыр­мыз. Соны­мен қатар кен орын­да­рын­да тари­хи мұнай қал­ды­қта­рын таза­лау, радио­ак­тив­ті қал­ды­қтар­ды залал­сыздан­ды­ру, ала­у­лар­да жағы­лып жатқан іле­с­пе мұнай газ­да­ры­ның көле­мін азай­ту сияқты әлі шеші­мін толық тап­паған эко­ло­ги­я­лық про­бле­ма­лар бар.

ЖЕТІНШІИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРУ

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев 2023 жылғы халы­ққа Жол­да­уын­да: «Жоба­лар­ды тиім­ді қол­дау шара­ла­рын және олар­ды орын­дау мерзім­дерін нақты айқын­дау керек. Оны іске асы­руға шетел инве­стор­ла­рын және елі­міздің биз­нес өкіл­дерін барын­ша тар­тқан жөн. Жұмысқа өзі­міздің шикі­затты, тау­ар­лар мен кадр­лар­ды, басқа­ша айтқан­да, бар­лық ішкі мүм­кін­дік­тері­мізді пай­да­ла­ну қажет. Соның нәти­же­сін­де алдағы үш жыл­дың ішін­де рет­те­летін сатып алу сала­сын­дағы жер­гілік­ті өнім­дер мен қыз­мет­тер­дің үлесі кемін­де 60 пай­ы­зға жету­ге тиіс», – деді.

Бұл – Пре­зи­дент­тің нақты тап­сыр­ма­сы, оны орын­дау – бәрі­міз­ге мін­дет. Деген­мен, қазір­гі отан­дық тау­ар­лар­дың ірі мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­рын­дағы үлесі 20 пай­ы­зға да жет­пей отыр. Мыса­лы, 2023 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша «Қара­шы­ға­нақ» жоба­сын­да отан­дық тау­ар­лар өні­мінің үлесі – 11 пай­ыз, «Теңіз» жоба­сын­да – 8 пай­ыз, ал «Қашаған­да» – 18 пайыз.

Осы рет­те «Теңіз», «Қашаған» және «Қара­шы­ға­нақ» мұнай-газ жоба­ла­рын­да елшілік құн­ды­лы­қты арт­ты­ру, сон­дай-ақ тау­ар өндірісін оқша­у­лау мақ­са­тын­да Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­тат­та­ры мен Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гінің бір­лес­кен арнайы жұмыс тобы құрыл­ды. Жұмыс тобы­ның төрт оты­ры­сы аясын­да ТШО, NCOC және КПО ком­па­ни­я­ла­ры­ның бірін­ші бас­шы­ла­ры тың­дал­ды. Осы сала­дағы басты про­бле­ма­лар ашық айтыл­ды. Отан­дық тау­ар өндіру­шілер мен ірі ком­па­ни­я­лар­дың ара­сын нығай­та­тын арнайы жәр­мең­келік форум ұйым­да­сты­рыл­ды. Осы­нау жұмыстар­дың нәти­же­сін­де үш ірі тран­сұлт­тық ком­па­ни­я­лар­мен 700 млн АҚШ дол­ла­ры­нан аса­тын келісім­шар­ттар мен мемо­ран­дум­дарға қол қойылды.

Пре­зи­ден­ті­міз айтқан­дай: «Қазір көп­те­ген елдер ішкі нары­қты қорғау шара­ла­рын бел­сен­ді қол­да­на­ды. Дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің өзі про­тек­ци­о­ни­стік өнер­кәсіп сая­са­ты­на көшті». Сон­ды­қтан алдағы уақыт­та осы үш ірі ком­па­ни­ядағы отан­дық тау­ар үлесін кемін­де 50 пай­ы­зға жет­кі­зуі­міз қажет. Ол үшін жұмыс тобы алдын­да арнайы 5 жыл­дық іс-қимыл жос­па­рын дай­ын­дау мін­деті тұр. Оған қоса, отан­дық мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­ры да бұл мәсе­ле­ден тыс қал­май, өндірістерін­де отан­дық өнім­дер­ді сатып алу­ды кемі 60 пай­ы­зға жет­кі­зуі тиіс.

Құр­мет­ті әріптестер!

Пре­зи­дент­тің «Күшті Пре­зи­дент – Ықпал­ды Пар­ла­мент – Есеп беретін Үкі­мет» кон­цеп­ци­я­сы­на сәй­кес, бүгін­гі Үкі­мет саға­тын­да көтеріл­ген мәсе­ле­лер бой­ын­ша біз арнайы ұсы­ны­стар­ды дай­ын­дап, оның орын­да­луын жүй­елі түр­де қадаға­лай­мыз. Сон­ды­қтан осын­да айты­лған про­бле­ма­лар­ды рет­теу үшін, тех­но­ло­ги­я­лық және басқа­ру шешім­дерін бүгін­нен бастап ойла­сты­ру­ла­ры­ңыз қажет.

Республиканский еженедельник онлайн