Суббота , 5 июля 2025

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР парламенті сенатының депутаты: ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МҮДДЕСІ тек осы елде ғана қорғалады, ОНЫҢ БАСҚА ОТАНЫ ЖОҚ

Қарағанды­дағы «қан­ды оқиға» ешкім­ді бей-жай қал­дыр­маға­ны анық. Өрім­дей жас аза­мат қані­шер­лер­дің қолы­нан ажал құшты. Бар­лық туған-туы­ста­ры­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айта­мын. Қані­шер­лер тиісті жаза­ла­рын алуы керек!

Жал­пы, Қаза­қстан көп ұлт­ты мем­ле­кет деген қағи­дат­ты өзгер­туі­міз керек. Ықы­лым заман­нан бері Қаза­қстан­да мекен­дей­тін, қазақ мем­ле­кетін құрай­тын, ұлан-ғай­ыр дала­ның иесі де, киесі де бір-ақ ұлт бар, ол – қазақ ұлты. Қалған­да­ры – этни­ка­лық диас­по­ра­лар. Олар­дың бар­лы­ғы­ның дер­лік өз отан­да­ры бар. Қаза­қтың – Қаза­қстан­нан басқа ОТАНЫ жоқ. Сон­ды­қтан да қазақ ұлты­ның мүд­десі тек осы елде ғана қорғалады. 

Әлем­де этни­ка­лық аз топ­тарға бар­лық жағ­дай­лар жасалған мем­ле­кет – Қаза­қстан ғана. Тек Қаза­қстан­да ғана, үлкен өкініш­ке орай, мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет атқа­руға, биз­нес жаса­уға бола­ды. Соны баға­лап, қадір­лей біл­ме­ген өзге этно­стар­дың кей­бір өкіл­деріне тари­хи отан­да­ры­ңа жол­да­рың ашық дегім келеді. Кеше Арме­ния пар­ла­мен­тінің депу­та­ты Э. Марукян Арме­ни­ядағы Қаза­қстан­ның елшісін шақыр­тып, Қаза­қстан­дағы «армян­дарға көр­сетіліп жатқан қысым­дарға» бай­ла­ны­сты түсін­дір­ме беруін талап етіп­ті. Бұл Қаза­қстан­ның ішкі істеріне қол сұғу­шы­лық. Бұған біздің СІМ тез ара­да тиісті ресми жау­а­бын беруі тиіс.

Республиканский еженедельник онлайн