Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ: ПРИКАЗ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК!

Бүкіл сыртқы күштердің арманы – айбын мен тәртіптің символы болған полиция мен әйелдерді площадта кездестіру.

Арманы сол – мына жерде полиция щит ұстап, бетіне каска киіп алған немесе бір ақсақалды көтеріп әкетіп бара жатыр: «Ойбай, мына полиция оңбаған, шеше сыйламаған, әке сыйламаған, қария сыйламаған» деп айтқысы келіп, біреулерге заказ беріп жатыр. Бұл арандатуға өмірі сенбеу керек, қазақтың қариясы мен анасы, егер оның баласы жанашыр болса, шығарма шешеңді алаңға!

Қазақстанда ешкім аштан өлмейді, Қазақстанда аузы қимылдағанның – қолы, қолы қимылдағанның – аузы қимылдайды. Площадқа келді ме – елу пайыз адамды жертва ғып, шығарып отыр біреулер.

Ал сіз приказбен келдіңіз бе – мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз! Мен сізге айтайын: алаңға шыққан қарияны көтеріп кетпек түгілі, алаңға шыққан апаны алдап-сулап шығарып салмақ түгілі, қасиетті Меккеде, Қағбатолланың қасында (мен он бес рет қажыға барған адам ретінде айтайын), Қағбаның қасында коридорларын жасап қойған, адамдар жүруі үшін, миллион адам бір мешіттің ішінде жүр. Сол Қағбаға баратын жолда сіз намаз оқып тұруыңыз мүмкін, бірінші айтады: «Тұр былай, жолды босат» дейді. Сіз өзіңізше ойлайсыз: мен Қағбаның қасында тұрмын, Зәм-зәмнің қасында намаз оқып тұрмын деп. Екінші рет келіп, сені итереді, үшінші рет келіп, жамбасыңнан тепкенде, құйымшағыңды сындырып жібере жаздайды.

Бүкіл әлемнің ғұламалары пәтуа берген – қоғамның тыныштығы сақталуы керек! Намаз оқысаң, құлшылық жасасаң – өзің үшін, бірақ мына жақтағы миллион адамның жолын жаппауың керек. Бір адамның проблемасы үшін, жүз адам мына жақта шығынын шекпеу керек.

Мен сол кезде ойландым: он адамды көшеге шығарып, «ойбай, аһ-уһ» деп жылатады, сен жаның ашып, «ойбай-ай, мынау өзімнің шешем сияқты – шеше, өзімнің атам сияқты – атам екен» десең, онда сен, шынында да, мына жақтағы мыңдаған аталар мен шешелердің тыныштығын бұзатын жағдайға есік ашып жатырсың. Жаны ашитын жер болады: пожалыста, үйіңе барып, шешеңнің аяғын жу, бар да әкеңнің сақалын сипап отыр; ал көшеде қоғамның тыныштығы үшін, мемлекеттің тұрақтылығы үшін, ел мен елдің қаны шықпауы үшін, ана жерде /алаңда/ приказ орындауың керек.

Республиканский еженедельник онлайн