Четверг , 3 июля 2025

МҰХТАР МАҒАУИН ЖӘНЕ «ЕСКІ-ЖАҢА» ҚАЗАҚСТАН

(Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың назарына!)

Қаза­қтың аса көр­нек­ті жазу­шы­сы Мұх­тар Маға­у­ин биыл мау­сым айын­да көші-қон тура­лы «Анти-қазақ сая­сат жалға­сып жатыр» деген атпен арнайы мақа­ла жазып, енді «Жаңа» Қаза­қстанға, нақты­лап айт­сақ, оның құру­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­евқа ауыз салып­ты. Бұл тура­лы сәл кейінірек.

Алды­мен әңгі­мені «Ескі» Қаза­қстан­нан бастайық.

«Ескі» Қаза­қстан­ның тұсын­да Тұңғыш пре­зи­дент­ті және оның құрған жүй­есін Мұх­тар Маға­у­ин­дей сынаған жазу­шы болған жоқ. Мұхаң «Ескі» Қаза­қстанға бірін­ші бом­ба­сын «Ұлт­сызда­ну ұра­ны» деген атпен 2004 жылы шіл­де айын­да таста­ды. «Ұлт­сызда­ну ұра­нын» бом­ба деген­нен гөрі, «атом бом­ба­сы» десек, сәл әділет­тірек бола­тын секілді.

Оқыр­ман қауым ұмы­та қой­маған бол­са керек, шіл­де айын­да «Жұл­ды­здан» бастап, «Бал­ды­рғанға», «Еге­мен Қаза­қстан­нан» бастап, «Ұланға» дей­ін­гі бар­лық мем­ле­кет­тік БАҚ Тұңғыш пре­зи­дент­тің туған күнін атап өту­ші еді ғой. Бас редак­тор болып тұрған кезін­де Мұх­тар Маға­у­ин аға­мыз да «Жұл­ды­здың» сол 2004 жылғы шіл­де айын­дағы номерінің құр­да­сы­ның туған күніне арнап, «Қаза­қстан-2030» айда­ры­ның асты­на өзінің осы «Ұлт­сызда­ну ұра­ны» ата­ла­тын ұзақ толғау-эссесін әде­мілеп тұрып басқа­ны есімізде.

Аталған мақа­ла­ның жарық көруі сол-ақ екен, «Алтын Орда», «Ана Тілі», «Орта­лық Қаза­қстан» секіл­ді бүкіл қазақ басы­лы­мы қол­дан-қолға тигіз­бей, көшіріп басу­мен бол­ды. Тіп­ті, ұмыт­па­сам, осы зар­лы толға­уын­да Мұх­тар Маға­у­ин «Ленин­шіл Жас Алаш» деп сынаған «Жас Алаш» газетінің өзі «Ұлт­сызда­ну ұра­ны­на» бір­не­ше номерін арна­ды-ау деймін.

«Ұлт­сызда­ну ұра­ны­ның» қасын­да атақты Бұқар жырау Қалқа­манұлы­ның «Ай, Абы­лай, Абы­лай..» деп баста­ла­тын жыры «айна­лай­ын» болып қал­ды. Шынын айт­сақ, «Ұлт­сызда­ну ұра­ны» Махам­бет Өте­місұлы­ның Жәң­гір­ге айтқан «Хан емес­сің, Қасқыр­сың, Қас алба­сты басқыр­сың, Доста­рың келіп таба­лап, Дұшпа­ның сені басқа ұрсын!..» жыры­нан бір кем соққан жоқ! Дәл сол тұста Мұх­тар Маға­у­ин­нің осы мақа­ла­сы­на қазақ билі­гі­нен қасқай­ып тұрып жау­ап бер­ген жалғыз шене­унік болды.

Ол – сол кез­де­гі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сыр­тқы істер мини­стрі, бүгін­гі Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев бола­тын! Өзінің сол тари­хи хатын­да Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Мұх­тар Маға­у­ин­нің бұл мақа­ла­сын өте жоға­ры баға­лай келіп, «Мақа­ла­да Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне бай­ла­ны­сты айты­лған сын-ескерт­пе­лер­мен таны­стым. Еге­мен­дік­тің алға­шқы жыл­да­ры мем­ле­кет­тік орган­дар­да қазақ тілінің қол­да­ну дең­гейі төмен болға­ны рас. Қазір­гі уақыт­та мем­ле­кет­тік тіл­ге басым­дық беру шара­ла­ры батыл қолға алы­ну­да. Соның бір нақты дәлелі – мини­стр­лік­тің өз баста­ма­сы­мен «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның дипло­ма­ти­я­лық қыз­меті тура­лы» ҚР Заңы­на тиісті өзгерістер енгізіліп, бұдан былай дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­ке мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­гер­ген адам­дар­ды алу заң жүзін­де бекітілетін бола­ды. Елшілік­тер­ге жіберілетін қыз­мет­кер­лер қазақ халқы­ның тарихы мен әде­би­еті­нен хабар­дар болуы тиіс…» – деп жау­ап бер­гені бар.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бұл жау­ап­ты жазу­шы­ның сол мақа­ла­сын­дағы «Қаза­қстан­ның бір тұғы­рын ұстаған, биік дәре­желі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің, жай ғана қыз­мет­кер емес, басқа жұрт­тарға өз елінің елдік бей­несін таны­та­тын аза­ма­ты­ңы­здың сиқы осын­дай бол­са, басқа­сы­нан не қай­ыр?» – деп, сол кез­де­гі Сыр­тқы істер мини­стріЕр­лан Ыды­ры­со­вты сынаған тұсы­на бай­ла­ны­сты бер­ген бол­са керек.

Ең кере­меті – Қасым-Жомарт Кемелұ­лы сол сөзін­де тұрып, бер­ген уәдесін бұл­жыт­пай орын­да­ды. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның дипло­ма­ти­я­лық қыз­меті тура­лы» заңы­ның 9‑бабының 1‑бөлігіне толы­қты­ру енгізіп, дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет орган­да­ры­на қыз­мет­ке тұру үшін, «қазақ, орыс және шет тіл­дерін еркiн мең­гер­ген», – деген нор­ма­ны қосты.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» заңы­ның 8‑бабындағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Рес­пуб­ли­ка шегi­нен тыс жер­лер­де тұра­тын қаза­қтар­дың ұлт­тық-мәде­ни, руха­ни және тiл­дiк қажет­терін қанағат­тан­ды­руға қамқор­лық жасай­ды, олар аза­ма­ты болып оты­рған мем­ле­кет­тер­мен жасалған шар­ттар негiзiн­де бұл аза­мат­тар­дың мүд­де­лерiн қорғай­ды», – деген нор­ма­сын біл­мей­тіні, біле тұрып, өз дең­гей­ін­де атқар­май­ты­ны бол­ма­са, Құдай­ға шүкір, қазір біздің дипло­мат­тар мем­ле­кет­тік тіл­ге де, өзге тіл­дер­ге де шеті­нен желіп тұр…

Демек, «Ескі» Қаза­қстан билі­гінің жаңа өркен­деп келе жатқан нағыз оппо­зи­ци­яға тым жай­сыз болға­нын, қырғи­дай тигенін ескер­сек, Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның Мұх­тар аға­сы­на бұлай жау­ап беруі – әрі жоға­ры мәде­ни­ет­тілік, әрі шын мәнін­де­гі тұлғаға тән батыр­лық еді…

Енді жоға­ры­да айты­лған «Анти-қазақ сая­сат жалға­сып жатыр» атты мақа­ла­сы­на кел­сек, Мұх­тар Маға­у­ин аға­мы­здың аталған мақа­ла­сын­да айты­лған «Бұдан отыз бір­деңе жыл бұрын, Назар­ба­ев дик­та­ту­ра­сы кезін­де қалып­тасқан жəне пəр­мен­ді жүзе­ге асқан, түп­теп кел­ген­де, қаза­ққа, оның ұлт­тық мүд­десі мен бола­шағы­на қара­ма-қай­шы анти-қазақ зұл­мат сая­сат бүгін­гі күн­де сабақ­тас жалға­сты­ғын тауып, іс жүзін­де нақты қол­да­ны­сқа түсіп отыр…» – деген­пікірі­мен мен жүз пай­ыз емес, екі жүз пай­ыз келісемін!

Жазу­шы аға­мыз елден алы­ста жатқа­ны­мен, Қаза­қстан­ның Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бастап, Қасым-Жомарт Тоқа­ев жалға­сты­рған көші-қон сая­са­ты­ның айна­ла­сын­да болып жатқан былық пен шылы­қтан толық хабар­дар екен. Мақа­ла­сын­да Ұлы көш­ке бай­ла­ны­сты біз күн­делік­ті айтып, жазып келе жатқан оқиға­лар­ды түгел қамтыпты.

«Қытай­дан келетін қаза­ққа өзінің сот­тал­маға­ны тура­лы куəлік қажет деген. Əйт­пе­се… əйт­пе­се, Қаза­қстан қабыл­да­май­ды…» – деп, кеше­гі ескі билік кезін­де біз көзін зорға құр­тқан «Сот­ты­лық тура­лы» аны­қта­ма­дан бастап, «Аңдап қара­сақ, қаза­қты Қаза­қстанға кел­тір­меу сая­са­ты жаңа­ша жалға­стық тауып­ты. Тіп­ті өкі­мет­тік ресми, жадау-жұтаң деректер­ді айт­паған­да, бұл жағ­да­ят­тың ең бір айқын мыса­лы осы тақа­уда ғана нақты көрініс бер­ді», – деп, тіп­ті бүгін­гі Ата­жұр­ты­на аза­мат­тық ала­мын деп келіп, Көші-қон қыз­меті поли­ци­я­сы жағы­нан елден екі мәр­те жауы­зды­қ­пен қуы­ла жаз­дап, одан айлап түр­ме­ге қама­лып, соңын­да «Босқын» болып шыққан, Мұхаң­ның өз сөзі­мен айт­сақ, Ауған­стан қаза­ғы Сəми Ата-Ғұл­дың машақат, аза­пқа, қор­лық пен зор­лы­ққа толы хика­я­тын дәл қасын­да жүр­ген­дей, көзі­мен көр­ген­дей баян­дап отыр.

Иә, қан­даста­ры­мы­зға қара­та атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган жағы­нан тап-таза, бұрын-соң­ды бол­маған анти-қазақ сая­сат жүр­гізіліп  жатқа­ны шын. Соны Мұх­тар Маға­у­ин аға­мыз алы­ста жатқа­ны­мен, дөп басып айтып отыр.

«Манағы облы­стық, аудан­дық шене­унік­тер, оларға жалғас соқыр сот, қисын­сыз, сорақы шешім­ді жүзе­ге асы­ру­шы тағы қан­ша­ма бел­сен­ді неге сон­ша­ма күшті болып тұр? Өйт­кені, мұн­ша­ма жой­да­сыз қия­нат, арсыз, ашық əре­кет – Назар­ба­ев зама­нын­да басталған, əбден орны­ққан зор­лық-зомбы­лы­қтың тіке­лей жалға­сы.», – деп­ті, Ұлы көш­ке жасалған қия­нат тура­лы Мұх­тар Маға­у­ин аға­мыз аталған «Анти-қазақ сая­сат жалға­сып жатыр» атты мақаласында.

Ол аз десеңіз, «…оңа­лып кет­кен ештеңе жоқ. Сырт­тай жария, шын мəнісін­де қыспақты, жасы­рын түр­де тоқтау салы­нып отыр. Назар­ба­ев­тан соң, Тоқа­ев зама­нын­да.»,– деп, жазу­шы Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның атын атап тұрып шүйлігеді…

Енде­ше, осы­ның бәрін жасап оты­рған кім?!

Әрине, мен «Қасым-Жомарт Тоқа­ев!»,– дей алмаймын!

Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың әу баста (2019 жылы) бел­гілеп қой­ған «Дүни­е­жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз!» деген Ұлы мақ­са­тын қай­ы­рып қой­ып, атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган, керісін­ше,  Тимур Құлы­ба­ев пен Кәрім Мәсі­мо­втың 2013 жылғы Ұлы көш­ке жасаған қастан­ды­ғын­сол беті қайталауда!!

Тағы да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу үшін Қан­даста­ры­мыз да кемін­де бес жыл тұруы керек», – деген Көші-қон­ның «Тұжы­рым­да­ма­сын» дайындаса;

Үкі­мет айқын­даған сегіз облы­стан өзге тоғыз облыс пен Алма­ты, Аста­на, Шым­кент – үш қалаға өз беті­мен көшіп келіп қоны­станғы­сы келетін этни­ка­лық қаза­қтарға «Қан­дас» мәр­те­бесі беріл­мей­тін етіп, ста­лин­дік репрес­си­яға апа­рып соқты­ра­тын заң қабыл­дап тастаса;

Бұрын бес жұмыс күні ішін­де беріліп кел­ген «Қан­дас» мәр­те­бесін енді отыз бес күн­де берілетін етіп, жаңа тәр­тіп енгізіп қойса;

«Ата-жолы» кар­та­сы жоба­сын айна­лы­мға енгіз­гені­мен, оны алған этни­ка­лық қаза­қтар­дың құқы­қта­ры мен мін­дет­тері заң­мен бекітілмесе;

Пре­зи­дент­тің «жал­пы­ұлт­тық мүд­дені бас­шы­лы­ққа алу өте маңы­зды», – деген тап­сыр­ма­сы­на сай жасалған Үкі­мет­тің бес жыл­дық «Тұжы­рым­да­ма­сы» жемқор­лы­ққа жол ашып, екі жыл өтпей жатып, бір мил­ли­ард­тан астам тең­гені ұрла­тып жатса;

Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев Пре­зи­дент болған­нан дәл бүгін­ге дей­ін көші-қон сая­са­ты мен қан­дастар мәсе­лесіне он бір мәр­те тоқта­лып, тап­сыр­ма-нұсқа­у­лар бер­гені­мен, Үкі­мет оның біре­уін де орындамаса;

Және осы келеңсіздік­тер тура­лы жазған біздің хат­та­ры­мыз бен өтіні­ш­тері­мізді Пре­зи­дент­ке жет­кіз­бе­се, айты­ңыз­шы, енді бұдан өткен қан­дай анти-қазақ сая­сат бола ма?!

Бірақ бәрібір, бар­лық жау­ап­кер­шілік пен осы­дан туын­даған жаман аттың түгелі Қасым-Жомарт Кемелұлы­на барып тіре­летіні – шындық!

Ұлы көш­ке тіке­лей қаты­сты құзы­реті заң­мен бекітіл­ген бес бір­дей мини­стр­лік пен бір коми­тет (ҰҚК) бар! Дәл осы жер­де бір заң­ды сұрақ туады.

Айты­ңыз­шы, бүгін Ұлы жазу­шы­мыз Мұх­тар Маға­у­ин­нің сол «Анти-қазақ сая­сат жалға­сып жатыр» атты мақа­ла­сын­да айты­лған ащы сын­дарға бай­ла­ны­сты кеше­гі Қасым-Жомарт Тоқа­ев құсап, сол бес министр жау­ап бере ала ма?! Әсіре­се Тама­ра Дүй­се­но­ва мен Свет­ла­на Жақы­по­ва, Мұрат Нұр­тілеу мен Ержан Саде­нов?! Әлде Пре­зи­дент­терін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев құса­тып, Қасым-Жомарт Кемелұлын Мүх­тар Маға­у­ин­ге теп­кілетіп қой­ып, өздері әдейі үнсіз, рахат­та­нып қарап оты­ра ма?!.

Міне, Мұх­тар Маға­у­ин­нің бұл мақа­ла­сы жари­я­ланға­лы төрт жарым ай болып­ты, олар неге әлі үнсіз?!

Менің­ше, Мұх­тар Маға­у­ин­ге «Көке, олай емес, былай! Біз қан­даста­ры­мыз үшін мына­дай тиім­ді жағ­дай жасаға­лы жатыр­мыз!» –деп, бірін­ші болып жары­са жау­ап беретін – Пре­зи­дент­тің ішкі сая­сат мәсе­ле­лер және ком­му­ни­ка­ци­я­лар жөнін­де­гі көмек­шісі Рус­лан Жел­ді­бай мен Пре­зи­дент­тің кеңес­шісі әрі Бас­пасөз хат­шы­сы Берік Уәли жау­ап беруі керек еді! Тіп­ті Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин… Олар да жұмған ауы­зда­рын ашқан жоқ!

Неге?!

Тағы қай­та­лап айта­мын, Мұх­тар Маға­у­ин аға­мыз дұрыс айтып отыр, қан­даста­ры­мы­зға қара­та атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган жағы­нан нағыз анти-қазақ сая­сат жүр­гізіліп жатыр.

Қан­ша­ма хат­тар, мақа­ла­лар жаз­дым… Мен атын атаған лау­а­зым­ды тұлға­лар бұл жағ­дай­ды біл­мей­ді емес, әбден жақ­сы біліп, күн­де естіп отыр! Бірақ, неге екені бел­гісіз, сол хат­та­рым­ды Қасым-Жомарт Кемелұлы­на жет­кізу­ге кел­ген­де, бәрі құлы­қ­сыз. Қан­ша мәр­те Қасе­кеңнің қабыл­да­уын сұра­дым, жолат­пай­ды! Мүм­кін, Пре­зи­дент­ке менің хат­та­рым­ды әдейі жет­кіз­бей, не өздері жазу­шы­ның мақа­ла­сы­на қар­сы қасақа­на жау­ап бер­мей оты­рған шығар. Күте-күте шыда­мы­м­ыз тау­сы­лып, үміті­міз әбден үзіл­ген соң, міне, өзі­міз қолға қалам алып, осы мақа­ла­ны жазуға кірістік.

Осы жер­де Мұх­тар аға­мы­здың «Қаза­қстан ата­ла­тын елде қазақ көбей­іп, бүгін­гі қырық пай­ы­здан асып, елу, бəл­кім, алпы­сқа жет­се, ауы­зды­қтап ұстап, айтқанға көн­діріп, айда­уға жүр­гі­зу – қиы­нға соға­ды. Осы­нау елдің жер үстін­де­гі жəне жер астын­дағы қисап­сыз бай­лы­ғын еркін тонап, бай­лы­ққа батуға, сыр­тқа арза­нға сатып, мұн­дағы өкім, билі­гіңді нығай­та түсу­ге қар­сы­лық тууы мүм­кін»,деген пікіріне соқ­пай кету­ге болмас!

Иә, әбден мүм­кін! Мұхаң өте дұрыс айтып отыр, бізді қазір­дің өзін­де ауы­зды­қтап ұстап, айтқанға көн­діріп, айда­уға жүр­гі­зу мүм­кін емес! Қазір­гі атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган бас­шы­ла­ры біз­ден бай­лық үшін емес, билі­гі, лау­а­зы­мы үшін қауіп­те­нетін бол­са керек!

Жал­пы, шет­тен оралған қауым­ның еті тірі, әре­кеті ширақ. Әсіре­се Қытай мен Моңғо­ли­ядан кел­ген­дер­дің. Олар өз беті­мен өмір сүрудің, өзін-өзі жұмыспен қам­ту­дың шебері. Ешкім­нен ештеңе сұра­май­ды. Аза­мат­тар­ды Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі қам­ти алмаған жұмыспен солар қам­тып келеді. Тіп­ті кеше ғана оралған бізді қой­ып, жоғарғы жақтан дауы­ста­ры оқтын-оқтын өктем-өктем шығып жатан­дар­дың да түгел­ге жуы­ғы – сол өткен ғасыр­дың елуін­ші-алпы­сын­шы жыл­да­ры Қытай­дан кел­ген қаза­қтар­дың билік бұтағы­на ілін­ген ұрпақта­ры екені белгілі.

Тәу­ел­сіздік­тен кей­ін оралған­дар Ұлт мүд­десі жолын­дағы күрес пен әділет­сіздік­ке қар­сы шай­қастағы бел­сен­ділік жағы­нан, жасы­ра­ты­ны жоқ, Ерлан Саи­ров пен Жанар­бек Әшім­жан­ды, тіп­ті атақты Ринат Заи­то­вы екі-ұш орап кете­міз. Бетің-жүзің демей, тіліп түсе­міз! Әрине, Мұх­тар Маға­у­ин аға­мы­здан артық айта алмас­пыз, бірақ кем соға қой­мас­пыз деп ойлаймын.

Қазір біздің елі­міз­де «Адал аза­мат», «Әртүр­лі пікір – бір­тұ­тас ұлт», «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет», «Заң және тәр­тіп» деген толып жатқан тұжы­рым­дар пай­да бол­ды. Басты мақ­сат – аталған тұжы­рым­дар арқы­лы Ұлт­тың жаңа сапа­сын қалып­та­сты­рып, «Әділет­ті Қаза­қстан» құру.

Бас кеңес­ші Ерлан Қарин­нің сөзіне сен­сек, «шын мәнін­де, елді жаңғыр­ту әркім­нің өз үйін, аула­сын, көше­сін таза­лау сияқты қара­пай­ым шару­а­лар­дан, әр адам­ның өз мінез-құлқы мен мәде­ни­етін өзгер­ту­ден баста­ла­ды» екен. Бұл – оттаған сөз!

«Сұра­пыл соғыс адам­ның мінезін шың­дай­ды, адам бол­мысы, жақ­сы мен жаман, өлім, өмір тура­лы көзқа­ра­сын толық қалып­та­стыр­ды. Ол табан­ды әрі батыл еді, бірақ қай­ы­рым­сыз емес-ті, мақ­са­ты­на жет­пей тын­бай­тын бір­бет­кей бола­тын, арсызды­ққа қаны қас-ты…» – деп жаза­тын Қасым-Жомарт Тоқа­ев өзінің әкесі Кемел Тоқа­ев жай­лы «Әке тура­лы толға­ныс» (128 бет) атты естелік кітабында.

Көр­діңіз бе, Қасе­кең әкем аула мен көше сыпы­рып жүріп, мінезін шың­да­ды, мақ­са­ты­на жет­пей тын­бай­тын бір­бет­кей болып қалып­та­сты деп оты­рған жоқ!

Ұлт­тың сапа­сы тура­лы айты­лған­да, біздің көз алды­мы­зға Қабан­бай мен Бөген­бай бастаған батыр­лар шоғы­ры, Әли­хан, Ахмет, Мір­жақып секіл­ді Алаш көсем­дері келеді. Демек, Ұлт­тың шын мәнін­де­гі жаңа сапа­сын Ерлан Қарин дәріп­теп жүр­ген «Таза Қаза­қстан» эко­ло­ги­я­лық акци­я­сы емес, ел мен жер үшін шай­қасқан әділет­ті соғыс пен теңдік, бостан­дық үшін арпа­лы­сқан сая­си күре­стер қалып­та­сты­ра­ды екен.

Өткен отыз жыл­ды­қта әділет­сіздік әлі­нен әбден асып, қызыл сызы­ққа жет­кен­дік­тен, Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Әділет­ті Қаза­қстан» құру­ды қолға алды. Мыса­лы, мен өзім­ді сол Мұх­тар Маға­у­ин аға­мыз айтқан «…ауы­зды­қтап ұстап, айтқанға көн­діріп, айда­уға жүр­гі­зу қиы­нға соға­тын­дар­дың» алды­ңғы легін­де, көш басын­да келе жатқан жігіт­пін деп есептеймін!

Бірақ мен екі пре­зи­дент­ке де қар­сы шыққан емес­пін. Есесіне «Ескі» Қаза­қстан тұсын­да Тимур Құлы­ба­ев пен Кәрім Мәсі­мо­втың Ұлы көш­ке жасаған қия­на­тын айтып, Нұр­сұл­тан Әбі­шұлын қолдадым.

«Жаңа» Қаза­қстан тұсын­да, жұрт көріп отыр, заң шыға­ру­шы орган мен атқа­ру­шы билік­тің қабыл­даған заң­да­ры мен Үкі­мет бекіт­кен «Көші-қон тұжы­рым­да­ма­сы­ның» Пре­зи­дент ұста­ны­мы мен Ұлы көш­ке мүд­делі қауым­ның мүд­десіне мүл­де қай­шы екенін тын­бай айтып келемін;

Қаза­қстан­ның Т.Құлыбаев пен Мәсі­мов жағы­нан узур­па­ци­я­ланған мем­ле­кет екенін, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы пре­зи­дент­тік тағ­ды­ры сол узур­па­ци­я­ланған жүй­е­ге дөп кел­ген пре­зи­дент екенін бірін­ші болып мен айттым;

Мал мен жер­ге берілетін суб­си­ди­яға қаты­сты жемқор­лы­ққа қан­дай тосқа­уыл қою және қол­ды болған жер­ді үкі­мет­ке қалай қай­та­ру тура­лы мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты Жоба­ны да бірін­шілер­ден болып мен ұсындым…

2015 жыл­дан бер­гі Көші-қон үрдісін рет­те­у­ге арналған Заң­дар мен нор­ма­тив­тік құжат­тарға енгізіл­ген тиім­ді толы­қты­ру­лар мен өзгерістер­дің тоқ­сан пай­ы­зы мен ұсы­нған жоба­лар негізін­де заңдастырылды!

Сон­ды­қтан менен заң шыға­ру­шы орган мен атқа­ру­шы билік те, шет­тен оралған ағай­ын­дар да зор пай­да көр­ме­се, зәре­дей зиян шек­кен жоқ!

2015 жылы 14 қыр­күй­ек­те «Кәрім Қажы­мқанұ­лы, өз еркіңіз­бен орны­ңы­зды боса­ты­ңыз! Бүй­те бер­сеңіз, сіз Ұлт Көш­бас­шы­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың да, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның да түбіне жетесіз!!!» (Kerei.kz), – деп, Кәрім Мәсі­мов­ке айтқа­ным айны­май келді…

Құдай­ға шүкір, Ұлы көш жолын­дағы күре­стерім­нің бәрі, дәл бүгін­ге дей­ін, Мұх­тар Маға­у­ин аға­мы­здың күресі секіл­ді кілең жеңіспен аяқталуда…

Қысқа­сы, мен «Әділет­ті Қаза­қстан» үшін әділет­сіздік­пен, Мұх­тар Маға­у­ин айтып оты­рған атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган жалға­сты­рып келе жатқан анти-қазақ сая­сат­пен күресіп келемін!

Егер Мұх­тар Маға­у­ин­нің шет­тен кел­ген қаза­қтар­ды «…ауы­зды­қтап ұстап, айтқанға көн­діріп, айда­уға жүр­гі­зу – қиы­нға соға­ды…» – дегені шын бол­са, онда Ерлан Қарин біз­ден қашпа­уы, қай­та «Пре­зи­дент айтқан адал­дық пен әділ­дік­ті бәрі­нен биік қоя­тын нағыз Адал аза­мат дегені­міз, міне, осы­лар!» – деп, бізді қуа­на-қуа­на қабыл­да­уы, жұр­тқа үлгі қылып көр­се­туі, тіп­ті өзінің қата­ры­на тар­туы керек емес пе?!

Жоқ! Ерлан Қарин мыр­за­ға біз секіл­ді сапа­дағы қаза­қтар да, біздің ұсы­нған жоба­ла­ры­мыз бен ұсы­ны­ста­ры­мыз да ұна­май­ды екен! Ерлан Тыным­бай­ұ­лы Алаш көсем­дерінің порт­ретін каби­нетіне іліп қой­ға­ны­мен, бірақ нағыз сол сапа­дағы қаза­қтар­дан қаша­ды екен. Біздің әділет үшін, атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган жалға­сты­рып келе жатқан анти-қазақ сая­сатқа қар­сы күресі­мізді өзі аузы­нан таста­май айтып жүретін «Әртүр­лі пікір – бір­тұ­тас ұлт» тұжы­ры­мы аясын­да түсін­бей, өздеріне жасалған шабуыл деп есеп­тей­тін секіл­ді. Пре­зи­дент­тің бүгін­гі беделі, ертең­гі тари­хи орны деген­ді ойлап оты­рған жоқ…

Ере­кеңнің бұл әре­кеті соңғы бір-екі жыл­дың ішін­де анық бай­қал­ды. Сон­ды­қтан да ол жігіт­тің «Кел­ген­де Ұлы көш­ке шық­пай­ды үні». Ұлт­тық құры­л­тай­дың үш оты­ры­сын­да Көші-қон сая­са­ты, қан­дастар тағ­ды­ры тура­лы үш ауыз сөз айтқы­зуға жара­маға­ны, Рус­лан Жел­ді­бай мен Дар­хан Қыды­рәлінің Ақор­да мен Сенатқа жол­даған хат­та­ры­мыз бен ұсы­ны­ста­ры­мы­зды оңды-сол­ды лақты­ра беретіні де содан екені даусыз!

Міне, Ерлан Қарин көп айта­тын «Әділет­ті Қаза­қстан­ның» да осын­дай әділет­сізді­гі жетіп артылады…

***

Жал­пы, жазу­шы Мұх­тар Маға­у­ин мен Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың бір-біріне деген көзқа­ра­сы мен мәмілесі жап-жақ­сы еді.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы өзінің «Әке тура­лы толға­ныс» атты естелік кіта­бын­да есім­дерін ілти­патпен атаған әде­би­ет пен өнер­дің айту­лы саңлақта­ры­ның бел орта­сын­да Мұх­тар Маға­у­ин­нің де аты тұр.

Атақты «Ұлт­сызда­ну ұра­ны» шыққан­да, Қасе­кеңнің оны өте жоға­ры баға­лап, бір­ден жаз­ба­ша жау­ап жазға­нын жоға­ры­да айтып өттік.

Жазу­шы аға­сы­ның соңғы ірік­те­уден өтпей қалған Тұры­с­бек Сәу­ке­тай­ға Мем­ле­кет­тік сый­лық беру тура­лы жазған хатын Пре­зи­дент інісінің екі етпей орын­даға­ны тағы бар.

Ол аз десеңіз, Мұх­тар Маға­у­ин­нің «Ескі» Қаза­қстан тұсын­да жазған мақа­ла­сын­дағы ащы тұжы­рым­да­ры мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Пре­зи­дент ретін­де айтқан пікір­лері үндесіп, бір жер­ден шығып жататын.

Мұх­тар Мағауин:

– Бел­гілі бір әулет, ұйым­дасқан топ, биле­уші тап азға­на уақыт ішін­де қисап­сыз бай­лық, бар­лық игілік­ке жет­кен жағ­дай­да, ел иесі, жер иесі жал­пы жұрт­тың тұр­мыс-аху­а­лы күн озған сай­ын төмен­деп барады.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев:

– Бірін­ші пре­зи­дент – елба­сы тұсын­да Елі­міз­де өте табысты ком­па­ни­я­лар тобы және тіп­ті халы­қа­ра­лық өлшем­дер бой­ын­ша да өте бай адам­дар пай­да бол­ды, осы рет­те халы­қтың жар­ты­сы­ның айлық табысы 50 мың тең­ге­ден аспай­ды. Бұл – жылы­на 1300 дол­лар­дан сәл ғана аса­ды деген сөз. Мұн­дай ақша­мен өмір сүру мүм­кін емес.

Мұх­тар Мағауин:

– Адал еңбек емес, ұрлық-қар­лық, зор­лық-зомбы­лық, заң­сыз иелік нәти­же­сін­де жеміт бай­лар тобы және бар мүм­кін­ді­гі шек­тел­ген, күн­көріс жағ­дай­ы­ның өзі қиын­даған тақыр кедей­лер табы қалыптасты.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев:

– Ұлт­тық табыст­ың әділ бөлі­нуі бой­ын­ша тең­герім­сіздік пен про­бле­ма­ның бар екені айдан анық. Халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар (KPMG, 2019 жыл) Қаза­қстан бай­лы­ғы­ның жар­ты­сы 162 адам­ның ғана қолын­да екенін рас­тап отыр…

Міне, Мұх­тар Мауға­у­ин­нің 2013 жылы жазған «Қаза­қ­сыз Қаза­қстан» мақа­ла­сы мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың 2022 жылғы 16 науры­здағы Жол­да­уын­да айтқан сөз­дерінің еш айыр­ма­сы жоқ!

Назар­ба­ев пен Тоқа­ев ара­сын­дағы «сабақ­та­сты­ққа» қараған­да, Маға­у­ин мен Тоқа­ев ара­сын­дағы сабақ­та­стық әлдеқай­да нақты және терең екені көрініп тұр. Жазу­шы мен Пре­зи­дент ара­сын­дағы үндестік пен сабақ­та­стық бұны­мен аяқталмайды…

Енді осы­ның бәрін еске алған­да, Мұх­тар Маға­у­ин­нің Қасым-Жомарт Кемелұлы­на «…түп­теп кел­ген­де, қаза­ққа, оның ұлт­тық мүд­десі мен бола­шағы­на қара­ма-қай­шы анти-қазақ зұл­мат сая­сат бүгін­гі күн­де сабақ­тас жалға­сты­ғын тауып, іс жүзін­де нақты қол­да­ны­сқа түсіп отыр…» – деп, сон­ша­лық шүй­лік­пей-ақ, Ұлы көш тура­лы сол Тұры­с­бек Сәу­ке­тай тура­лы жазған хаты секіл­ді сыпай­ы­лап бес-алты ауыз сәлем айт­са, Қасе­кең оны ешқа­шан жер­ге таста­мас еді ғой…Ендеше екі айту­лы Тұлға­ның ара­сы­на «қара мысық» қай­дан кіріп кет­ті. Еке­уінің аға-бауыр­лық сый­ла­сты­ғын қай шай­тан бүл­дір­ді екен?!

Естеріңіз­де бол­са, Ұлт­тық құры­л­тай­дың соңғы оты­ры­сын­да Пре­зи­дент: «Кеңес зама­нын­дағы тұлға­лар­ды, әсіре­се Алаш көсем­дері мен Кеңес қай­рат­кер­лерін салы­сты­рып, бір-біріне қар­сы қояды. Дәл осын­дай сөз тар­ты­ста­ры­ның ақиқа­ты­на жету қиын, жет­кен­нің өзін­де ел ішіне іріт­кі сала­тын мұн­дай дау-дамай­дың еш қажеті жоқ», – деп, қатаң ескер­ту жасаға­ны белгілі.

Мем­ле­кет бас­шы­сы бұл сөзді басқа емес, Мұх­тар Маға­у­ин­нің Ая Өмір­тай­ға бер­ген сұх­ба­тын­дағы Тұрар Рысқұ­лов пен Сәкен Сей­фул­лин тура­лы айтқан ащы пікірін мең­зеп айтқан бол­са керек.

Құдай біледі, Ұлт­тық құры­л­тай­дың және Жастар сая­са­ты жөнін­де­гі кеңе­стің қыз­метін үйле­стіретін жігіт Мұх­тар Маға­у­ин­нің сол сұх­ба­тын­дағы ұлт, ұлт­тық тарих, әде­би­ет пен өнер, дін, көші-қон, қан­дастар тағ­ды­ры сын­ды ұлан-ғай­ыр ойла­ры­ның бәрін қай­ы­рып қой­ып, «Ойбай, Маға­у­ин елдің ішіне іріт­кі салып жатыр!» – деп, жер­ден жеті қоян тапқан­дай болып, Пре­зи­дент­ке сол Тұрар Рысқұ­лов пен Сәкен Сей­фул­лин жай­лы айтқан пікірін жет­кіз­ген ғой.

Шын­ды­ғы­на кел­сек, елдің ішіне «іріт­кі» салып оты­рған – Мұх­тар Маға­у­ин емес, Алаш көсем­дері мен Кеңес қай­рат­кер­леріне қаты­сты архив­тен табы­лған деректер!

Алдағы күн­дер­де архив­тен тағы да жаңа деректер табы­лып жат­са, мұн­дай пікір­лер­дің тағы да қоз­дай­ты­ны, дуыл­дап барып басы­ла­ты­ны бел­гілі. Оны зия­лы қауым өкіл­дерінің қалай қабыл­дай­ты­ны – олар­дың ұлт­тық сана-сезі­мі мен сая­си сау­а­ты­ның дең­гей­іне байланысты.

Жал­пы, Мұх­тар Маға­у­ин – ешкім­ге кеудесін басты­рып көр­ме­ген тұлға! Оны­мен айты­сам деген­дер­дің бәрі кезін­де қара есек­ке теріс мініп, қан­жы­ға­сы­на «қал­жуыр» бай­ла­нып кет­кені бел­гілі. Пре­зи­дент Ұлт­тық құры­л­тай­да осы сөзді айта салы­сы­мен, Мұх­тар Маға­у­ин­ге қар­сы әр жер­ден шәуіл­де­ген дауы­стар шыға бастады.

Бірін­ші болып кеше­гі «тарих­шы», бүгін­гі «фило­соф» Дар­хан Қыды­рәлі Сенат төрі­нен депу­тат­тық сау­ал жол­дап, «Мәсе­лен, қазақ атын қай­тарған Сәкен Сей­фул­лин мен ашар­шы­лы­ққа қар­сы күрес­кен, Алаш қай­рат­кер­лерін қамқор­лы­ққа алған Тұрар Рысқұ­ло­вты құр ком­му­нист аты неме­се өзін қорғау үшін жазған хаты үшін жазғы­ру – әбес­тік», – депті.

Дар­хан Қыды­рәлі осы мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты «әбес­тік» жасаған тағы бір тұлға­ның бар екенін біле ме екен өзі?! Біл­ме­се – білдірейік!

Мұх­тар Маға­у­ин­нің «Ал кей­ін кол­хоз­да­су жос­па­рын­да Мини­стр­лер кеңесінің орын­ба­са­ры гра­фик­ті өзгерт­кен. Əуелі Қаза­қстан­да кол­хоз­да­су 35-жылға дей­ін деп айты­лған. Соны мей­лін­ше тез­детіп, 32-ші жыл деп жазған – Рысқұ­лов. Содан кей­ін барып халық қырыл­ды…» – деген сол пікірі мен Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның «Үлкен өкініш­ке орай, аса көр­нек­ті сая­си және мем­ле­кет қай­рат­кері Тұрар Рысқұ­ло­втың Кеңес мем­ле­кетінің бас­шы­ла­ры­на жазған өтініш-тіле­гі оның жеке басы ғана емес, қазақ халқы үшін де жақ­сы­лы­ққа жалғасқан жоқ («Әке тура­лы толға­ныс» кіта­бы, 109-бет, «Дәуір» бас­па­сы), – деген мына сөзін салы­сты­рып көріңізші.

Міне, «әбес­тік­тің» көкесі!

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бұл «әбес­тік­ті» осы­дан жиыр­ма жыл бұрын, елу жасын­да жасаған.

Дар­хан мыр­за мықты бол­са, депу­тат­тық сау­а­лын енді осы «әбес­тік­ке» қар­сы тағы бір мәр­те жасасын!

Біздің жазу­шы мен Пре­зи­дент ара­сын­дағы үндестік пен сәй­кест­ік бұны­мен аяқтал­май­ды деп оты­рға­ны­мыз, міне, осы!

Көр­діңіз бе, еке­уінің пікірі «Рысқұ­лов мәсе­лесін­де» де бір жер­ден шығып отыр. Жүр­гізіп оты­рған ұлт­тық «идео­ло­ги­я­сы­ның» сиқы – «Өза­ра сый­ла­су, мей­ірім­ді болу, кіші­пей­іл болу, құр­мет­теу, өзгенің пікіріне құр­мет­пен қарау, міне, осы сияқты құн­ды­лы­қтар­ды біз орны­қты­руы­мыз керек…» –деген дең­гей­де­гі бас идео­лог­тан не сұрай­сың? Оның бар­лық істе­ген тір­лі­гі – Пре­зи­дент­тің беделін түсіру­мен келеді!

***

Қара­пай­ым адам­ды қой­ып, хан­ның өзіне «қал­жуыр» бай­лап жібе­ретін айту­лы тұлға­лар болған. Сон­дай тұлға­лар­дың ғасыр­дан-ғасы­рға ұмы­тыл­май біз­ге жет­кен жарқын мыса­лы – Бұқар Қалқа­манұ­лы мен Махам­бет Өте­місұ­лы. «Ай, Абы­лай, Абы­лай…» мен «Хан емес­сің, қасқыр­сың…» – сол Абы­лай хан мен Жәң­гір ханға Бұқар мен Махам­бет бай­лап жібер­ген мәң­гілік «қал­жуыр­лар». Тәу­ел­сіздік­ке дей­ін Абы­лай мен Жәң­гір­дің ұлты­на сіңір­ген Ұлы еңбек­тері­нен гөрі осы «қал­жуыр­ла­ры» ауы­зға тез түсіп, алды­мен айты­лып кел­ді. Қазір сәл бәсең­де­гені­мен, сол «қал­жуыр­ла­ры» әлі жоғалған жоқ…

Біздің дәуірі­міздің дәл осы Бұқар мен Махам­бет секіл­ді бүгін­гі айту­лы тұлға­сы, дау жоқ, – Мұх­тар Маға­у­ин! Ол – Тұңғыш пре­зи­дент­ке бір емес, үш «қал­жуыр» бай­лап таста­ды. Оның бірін­шісі – осы «Ұлсызда­ну ұра­ны» (2004); екін­шісі – 2011 жылғы «Жаңаө­зен қырғы­ны» кезін­де жазған «Қан төгіл­ді!..» мақа­ла­сы; үшін­шісі – 2013 жылы жари­я­ланған «Қаза­қ­сыз Қаза­қстан» деген тұжырымы.

2013 жылы деген­нен еске түседі, сол жыл­дың күзін­де Тимур Құлы­ба­ев пен Кәрім Мәсі­мо­втың тіке­лей ықпа­лы­мен Тұңғыш пре­зи­дент шет­тен оралған қаза­қтарға төрт жыл­сыз аза­мат­тық беріл­мей­тіні тура­лы қатаң заң қабыл­дап жібер­ді. Дәл сол мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа «Наға­шы­ма хат» атты «Ашық хат» жаздым.

Сол «Ашық хат­та» Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­на «Сіз­ге тіле­улес адам бұл қаза­қта көп. Мәсе­лесін шеш­сеңіз, шет­те­гі бес мил­ли­он қазақ түгелі­мен Сіздің қол­да­у­шы­ңыз, берік қорға­ны­ңыз. Оған менің зәре­дей күмәнім жоқ! Бірақ солар­дың бәрі­нен десі басым бір тұлға бар. Ол – жазу­шы Мұх­тар Маға­у­ин!!! Сол құр­да­сы­ңы­зды тың­даңыз, көбірек ден қой­ы­ңыз ол кісінің айтқан­да­ры­на!!!» – деппін.

Көр­діңіз бе, Қаб­деш Жұма­ді­лов пен Дулат Иса­бе­ко­вты неме­се Мұх­тар Шаха­нов пен Асқар Жұма­діл­да­ев­ты емес, Мұх­тар Мағауинді!

Атақты Мұх­тар Маға­у­ин­нің бір емес, үш ескер­туіне құлақ аспаған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Ауыт Мұқи­бек­ті қай­дан тыңдасын!

Егер Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев сол «Ұлт­сызда­ну ұра­ны­на» тоқтай қалған­да, сөз жоқ, «Екін­ші Абы­лай хан» мен «Екін­ші Ата Түрік» бол­ма­са да, соларға жетеға­был дең­гей­де баға­ла­нып, бүгін алақа­ны­мы­зда жарқыл­дап жүрер еді-ау деген бір өкініш өзе­гім­ді күн­де өртей­ді. «ШАЛ, КЕТ!!!»-тің асты­на да қал­мас еді деп, қат­ты арман­дай­мын! Тіп­ті «Қан төгіл­ді!..» (2011) мен «Қаза­қ­сыз Қаза­қстан­ның» (2013) біре­уіне құлақ асқан­да да, жаман бол­мас еді…

Уақыт бәрін Мұх­тар Маға­у­ин аға­мы­здың пай­да­сы­на шешті. Ақпа­рат­тық соғы­ста Мұх­тар Маға­у­ин Тұңғыш пре­зи­дент­ті зор басым­ды­қ­пен жеңді. Бірақ Мұх­тар Маға­у­ин­нің ол жеңісі өте қым­батқа түсті, 2011 жылы 17, 2022 жылы 238 адам­ның қанын төгіп барып, әрең қолға келді…

Өте өкіні­шті!

Енді сол Мұх­тар Маға­у­ин­нің қолы­мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қан­жы­ға­сы­на «Анти-қазақ сая­са­ты…» деген «қал­жуыр» бай­ла­най­ын деп тұр. Бай­ла­нып та қой­ды. Бұл да Тұңғыш пре­зи­дент­ке бай­ланған анау үш «қал­жуыр­дан» бір кем емес қара дақ! Мәң­гілік­ке қала­тын қара таңба!

Ермұрат Бапи мен Ауыт Мұқи­бек­тің шыр-пыр болға­ны Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты Мұх­тар Маға­у­ин­нің осы темір теге­уірі­нен аман алып қала ала ма?!

Жарай­ды, біз бары­мы­зды салып, қорға­уын қорғай­мыз ғой.

Бұрын менің хат­та­рым­ды Мах­мұт Қасым­бе­ков Тұңғыш пре­зи­дент­ке там-тұм­дап жет­кізіп тұратын.

Қазір Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның қасын­да біздің сөзі­мізді Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның қолы­на тигізіп тұра­тын сол Мах­мұт Қасым­бе­ков секіл­ді бір­де-бір аяу­лы тұлға жоқ секіл­ді. Соның кесірі­нен анау айна­ла­сын­дағы ман­сап үшін бірін-бірі аңды­ған­дар біздің ширы­ққан жанай­қай­ы­мы­зды, ақ пей­ілі­мізді, үздік ұсы­ны­ста­ры­мы­зды Қасе­кеңе жет­кіз­бей, дің­ке­мізді құр­тып келе жатқан жоқ па?! Не Пре­зи­дент­тің қабыл­да­уы­на жолатпайды…

Махаң­ның дең­гей­іне жету үшін, Айбек Дәде­ба­евқа әлі біраз уақыт керек. Оған дей­ін Қасе­кеңнің пре­зи­дент­тік мерзі­мі де аяқталады.

Сая­са­тын қол­дап келе жатқан жана­шыр бауы­ры ретін­де айтай­ын, егер айна­ла­сын қағып-сіл­кіп, Көші-қон сая­са­ты­мен қоса, бар­лық сала­ны дұры­стап қолға алма­са, Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның аты тарихқа «Жаңа Қаза­қстан» құруы­мен емес, осы «Анти-қазақ сая­са­ты­мен» қалуы мүкін…

Мен Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның бүгін­гі беделі мен ертең­гі тари­хи орны үшін қат­ты алаң­дай­мын! Ауыт МҰҚИБЕК,18.10.2024

Республиканский еженедельник онлайн