Пятница , 23 мая 2025

Мұхтар МАҒАУИН: НАЗАРБАЕВТЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ

рухы мен иманынан айырыла жаздады

(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен санында)

– Сырт­та жүріп жазы­лған роман­дар­дың бірі – «Шыңғыс хан» тари­хи деректі төрт том­дық рома­ны ғой. Осы­ған аттай жеті жылы­ңы­зды арнаған екен­сіз. Жал­пы, аталған еңбек­ті ака­де­мия қан­ша­лы­қты баға­ла­ды? Өйт­кені Шыңғыс хан тақы­ры­бын жазып жүр­ген­дер көп қой.

– Мен 2006 жылы декабрь­дің аяғын­да көшіп кел­дім, одан бұрын Пра­га­дағы балам­ның үйін­де жыл сай­ын 2–3 айлап тұра­ты­н­мын. Кел­ген­нен кей­ін бір апта­дан соң алды­мен қол жазу үшін «Менің түр­лі түстерім» деген бір әңгі­ме жаз­дым, содан кей­ін «Жар­мақ» рома­нын жаз­дым. «Жар­мақты» 18 күн­де жазып бітір­дім, бір күн дема­лыс жасап, 19-ында көшіріп біт­тім. Менің еле­улі шығар­ма­ла­рым­ның бірі. «Жар­мақтың» жағ­дай­ын қазір де түсініп жатқан жоқ, мақұл­даған­дар, мақұл­да­маған­дар бол­ды. Бұл енді мін­сіз шығар­ма деп айта­мын. Оны астам­шы­лық деп қара­уға бол­май­ды. Мыса­лы, Моцарт­тың, Бет­хо­вен­нің сим­фо­ни­я­ла­ры мін­сіз ғой, сол сияқты әлем әде­би­етін­де мін­сіз шығар­ма­лар бар. Содан соң барып шығар­ма­лар жинағын дай­ын­дай­ын деп қара­сам, әңгі­ме­лер 3 том болуға тиіс еді. Үшін­ші томы тол­май тұр­ды, үш-төрт ай оты­рып, жар­ты томын жазып тол­тыр­дым. Әңгі­ме­лерім үш том бол­ды. Содан соң «Шыңғыс ханға» кірістім.

Ол былай. Жеті жыл деген көп уақыт емес. «Шыңғыс хан­ның» неме­се «Алтын Орда­ның» бір кіта­бын жазып шығу үшін он жыл уақыт керек. Өйт­кені алдын ала дай­ын­дық керек. Мен енді көзім­ді ашқан­нан бастап дай­ын­дал­дым деу­ге бола­ды, тоғыз жасым­да Васи­лий Янның «Шыңғыс хан» деген рома­нын оқы­дым. Содан кей­ін уни­вер­си­тет­те Алтын Орда­ның, түрік халқы­ның тарихын терең­дей таны­дым, сол дай­ын­дық кезеңінің өзіне де пәлен­бай уақыт кетер еді. Біз­де қазір тарих­шы­лар көбей­іп кет­ті, бір-екі кітап оқып ала­ды да жаза­ды, сол баты­стың тарихын­да оңып тұрған ештеңе жоқ, одан шалағай. Шыңғыс ханға бай­ла­ны­сты, Моғол ұлы­сы­ның тарихы­на бай­ла­ны­сты бір-екі кітап­тар оқып ала­ды да жаза­ды, шалағай­лық өте көп. Ал енді «Шыңғыс ханды» дұрыс жос­пар­ла­дым деп ойлай­мын. Басын­да үш кітап деп едім, арты­нан жаза келе, төрт кіта­пқа жос­пар­лан­ды. Бірін­ші кітап – экс­по­зи­ция, Шыңғыс ханға дей­ін­гі түрік халы­қта­ры­ның тарихы, Шыңғыс хан­ның алдын­дағы жағ­дай, бола­шақта Шыңғыс хан соғы­са­тын Қытай импе­ри­я­сы, Оңтүстік Қытай – Сун импе­ри­я­сы, Сол­түстік Қытай –Шөжен импе­ри­я­сы, Таңғұт – үш ұлы мем­ле­кет бол­ды. Солар­дың тарихын шолып, алдағы уақы­тқа жолым­ды ашып алдым да, екін­ші кітап­тан, Шыңғыс хан­ның туға­ны­нан бастап, туға­ны­нан бұры­нғы әкесі мен шеше­сінің алғаш қосы­лға­ны­нан бастап жаз­дым. Бірін­ші кітап Қытай­ды жау­ла­у­мен аяқта­ла­ды, Жеті­су­ды боса­ту­мен. Екін­ші, Шыңғыс хан­ның ұлы жос­па­ры бой­ын­ша киіз туыр­лы­қты халы­қтар­ды түгел бірік­ті­ру деп айты­лған, ол моңғол тек­ті ұсақ бір рулар бол­ды, бәрі де түр­кі тек­ті үлкен рулар, ол кез­де түрік рула­ры үлкен пат­ша­лық болып тұр­ды. Керей өз алды­на пат­ша­лық, най­ман өз алды­на пат­ша­лық, мер­кіт өз алды­на пат­ша­лық, татар өз алды­на пат­ша­лық. Төрт үлкен мем­ле­кет бол­ды. Осы төрт мем­ле­кет­тің басын қосу керек бол­ды. Ондағы негіз­гі мақ­сат – Қытай­ға қар­сы тұру.

– Бір сөзіңіз­де айта­сыз, Шыңғыс хан адам­зат тарихын­дағы ең үлкен тұлға­лар­дың бірі, біздің ең үлкен мақта­ны­шы­мыз. Қытай экс­пан­си­я­сын 550 жылға тоқтат­ты деп келтіресіз.

– Одан бұрын ара­б­тар тоқтатқан, біздің түрік­тер. 751 жылы Тала­стың түбін­де үлкен соғыс бол­ды, сол кез­де қытай әскері мен араб әскері үш күн соғы­сып, жеңі­се алмай, төр­тін­ші күні біздің түрік­тер келіп, ойлап оты­рған – қай­сысы пай­да­лы, қай­сысы зиян деп. Сосын ара­б­тар­ды жақтап барып, қытай­ды талқан­да­ды. Содан кей­ін қытай тура 1000 жылға кей­ін шегін­ді. Содан кей­ін­гі шека­ра­дан өтуі – 1755 жыл, ал енді мына 2000-жыл­дар­дың ішін­де шығыс аты­рап­та Қытай­дың үстем­ді­гі бол­ды. Бодан болып тұр­ды, Түр­кі қаға­на­ты құлаған­нан кей­ін бодан­ды­қта бол­ды, әртүр­лі қырғын­дар да болды.

Шыңғыс хан­ның негіз­гі мақ­са­ты – түр­кілер­дің басын қосып, қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы тұру бол­ды. Оны орын­да­ды. Содан алтын­шы жылы Шыңғыс хан ұлы қаған болып жари­я­лан­ды. Он бірін­ші жылы соғыс бастап, Қытай­ды қират­ты, он бесін­ші жылы Қытай­ды қират­ты, жеңді. Содан кей­ін­гі мақ­сат, мұны тарих­шы­лар бай­ып­таған жоқ, – баты­стағы Дәшті қып­шақ, қазір­гі Қаза­қстан жерін­де­гі қып­шақтар­ды, түр­кі тек­тілер­ді, Еділ­дің арғы жағын­дағы Дунай­ға дей­ін­гі түр­кі тек­ті халы­қтар­ды қосып алу, бүкіл түр­кі тек­ті халы­қтар­ды бір импе­рия, бір мем­ле­кет құра­мы­на ұйы­қты­ру бола­тын. Жошы мен Сүбітай баһа­дүр еке­уін 16–17 жыл­да­ры Дәштіні жау­ла­у­ға жібер­ді. Осы кез­де Хорезм мем­ле­кет бол­ды, ал Дин-Мухам­мед қол­бас­шы бол­ды, оны бәрі жаман­дай­ды, ақы­мақ бол­ды, қорқақ бол­ды деп. Ол бүкіл Ауған­стан­ды жау­лаған, Гур пат­ша­лы­ғы, қазір­гі шығыс, батыс Үндістан­ды жау­лаған, Пәкістан­ды жау­лаған, Иран­ды жау­лаған ұлы мем­ле­кет құр­ды. Ұлы Хорезм – ұлы мем­ле­кет бол­ды. Оған қазір­гі Қаза­қстан­ның бір бөлі­гі – оңтүстік, Өзбек­стан, Қырғы­стан, Ауған­стан, Түрік­мен­стан, Иран, Пар­сы және Пәкістан қара­ды. Ал енді Шыңғыс хан Хорезммен бей­біт қаты­нас орна­туға тыры­сты, елші жібер­ді және айт­ты: сен баты­стың әмір­шісісің, мен шығы­стың әмір­шісі­мін, еке­уміз жақ­сы, достық қаты­на­ста болай­ық деп, керу­ен тура­лы келісім жасал­ды. Міне, осы кез­де Жеті­су­дағы Жебе ноян келіп кіреді, ол Шыңғыс хан­ның Жеті­су­дан жібер­ген қол­бас­шы­сы ғой. Жебе ноян Жеті­су­дың талқа­нын шыға­рып, ол жер­де­гі қара қытай мем­ле­кетінің қал­ды­ғын, Жеті­су­ды алды. Көбіне халық сол біздің шығыс татар­ла­рын, шығыс түрік­терін жақ­сы көріп, жақ­сы қар­сы алды. Осы­дан кей­ін Хорезм мен Шыңғыс хан импе­ри­я­сы мына Шу өзені арқы­лы шек­те­сті. Осы кез­де елші жіберіп, Шыңғыс хан еркін сауда қаты­на­сы бол­сын деп келісім жаса­сты ғой. Хорезм, Мұхам­мед Алла­дин-шах «Жібек жолын» жауып тастаған, сол «Жібек жолын» аштыр­мақ бол­ды, батыс елдері­мен еркін сауда қаты­на­сын жаса­мақ бол­ды. Келісім жасал­ды, жаз­ба түр­де келісім бол­ды. Осы­дан кей­ін шай­тан азғы­рып, Хорезм-шахқа Жеті­су­ды мен неге өзім алмай­мын деген ой келеді. Жүз мың әскері­мен Жеті­суға кіреді, Жебе ноян кетіп қалған, бей­біт, ешкім­мен соғыс жоқ, қай­та қай­тып келеді де, енді бір­жо­ла­та баты­сқа қар­сы, шығы­сқа қар­сы жорық жасау үшін, қып­шақты тыны­штан­ды­ру керек бола­ды, кәдім­гі Қаза­қстан жерін­де­гі қып­шақты. Ол 60 мың таң­да­у­лы әскері­мен қып­шаққа жорық жасай­ды. Мұның әңгі­месінің бәрі мен­де айты­лған. Бұл кез­де Ұшқыр­тай мен Жошы біздің Шығыс Дәшті­ге келеді, Ерті­стен өтіп барып, қазір­гі Қаза­қстан жерін­де. Содан керу­ен келеді, ол керу­ен­ді әркім әртүр­лі теріс баян­дай береді, 500 түйе, 450 қос­шы­сы бар және елші бар, бай-көпе­стер кел­ген. Содан кей­ін оны тонап ала­ды, бұл тарих­та бел­гілі оқиға – «Оты­рар­дағы ойран» деген, оны әртүр­лі айта­ды. Мәсе­ле – неге келісім­ді бұз­ды? Хорезм-шах Шыңғыс хан­мен соғы­сқы­сы кел­ді. Өзінің күш-қуа­ты­на сен­ді, 500 мың әскері бар, мүм­кін, мил­ли­онға жетер, тек қана Мау­е­рен­на­хр­да, кәдім­гі Орта Азия шегін­де 400 мың әскері бар. Содан кей­ін бара­ды да, керу­ен­ді тонап ала­ды. Қызы­қты дей­ді, несіне қызы­ға­ды? Бүкіл Иран­ды, Ауған­стан­ды, Пер­си­я­ны жау­лап оты­рған Хорезм-шахқа ол 500 түйе деген немене – 5 тиын ғана құны бар. Ол жан­жал ізде­ген, елшілер­ді, керу­ен­шілер­ді түгел өлтіреді, тек бір адам ғана қашып құты­ла­ды, сол хаба­рын айтады.

– Қазақ тарих­шы­ла­ры айтып жүр­ген қазір­гі Оты­рар ше?

– Оның бәрі бос нәр­се. Содан кей­ін барып Шыңғыс хан екін­ші елшісін жібе­реді, бас елші Бұғы­ра деген адам. Бұрын Бұғы­ра­ның әкесі Хорезм-шахқа қыз­мет еткен екен, Хорезм-шах­тың әкесі Текеш­ке қыз­мет еткен екен және екі татар. Татар дегені­міз – шығыс түрік, керей ме, най­ман ба. Кел­ген­нен кей­ін Бұғы­ра­ны өлтіреді де, ана еке­уінің сақа­лын күзеп қоя береді. Бар айты­ң­дар, жер­дің түбіне кет­се де, мен Шыңғыс ханды тауып алам, өлтірем дей­ді. Міне, сөй­тіп ол соғыс жари­я­лай­ды. Енді Шыңғыс ханда амал жоқ, орнын­да хан болып оты­ру үшін соғы­су керек. Оның жос­па­рын­да жоқ, оның жос­па­ры – бүкіл Дәшті қып­шақты алу. Бұл кез­де мұн­дай қырғын болға­ны тура­лы алдын­да кетіп қалған Жошы мен Сүбітай баһа­дүр­ден еш хабар жоқ. Содан кей­ін Шыңғыс хан­ның Дәшті қып­шақты қира­тып жатқан әскері­мен кез­десіп қала­ды ғой. Жиыр­ма мың, екі түп әскер, алты түмен әскер, алты кісі­мен кез­де­седі, Ырғы­здан өткен­нен кей­ін, Орал тауы­ның ете­гін­де, Маға­жұр­да. Мен­де бәрі жазы­лған, бұл мер­кіт­тер­дің соғы­сы, мер­кіт­тер­ді қиратқан­нан кей­ін, соның қирап жатқан жұр­ты­на келеді, сон­да бір сау қалған жара­лы адам­ды тауып алып, соны­мен әңгімелеседі.

Мұн­да логи­ка жоқ, біздің тарих­шы­лар­да да. Қай тіл­де сөй­ле­сті? Моңғол бол­са – ол қалай сөй­ле­сті? Моңғол бол­са – Хорезм-шах қалай сөй­ле­седі? Ол – мер­кіт, оның тілі де түр­кі тілі. Соны айта­ды, міне, бізді қират­ты, осы таңер­тең түс­ке дей­ін соғыс болып, жаңа ғана кет­ті дей­ді. Содан кеш­ке қара­май, Хорезм-шах 60 мың әскері­мен соңы­нан қуып шыға­ды. Түні бойы жүріп, күн шыға Жошы ханды қуып жете­ді. Содан кей­ін ана­лар соңы­нан келе жатқан­да жау­шы жібе­реді, айта­ды: «Неге біздің соңы­мы­здан келе жатыр­сы­ң­дар? Сен­дер кім­сің­дер?» деп. Сосын айта­ды: мен сен­дер­ді қира­ту үшін келе жатыр­мын дей­ді. Сосын Жошы айта­ды: біз­ге Хорезм-шах­пен соғы­суға әкем маған жар­лық бер­ген жоқ дей­ді. Бұл кез­де керу­ен­ді қырып тастаған кез. Сон­да Хорезм-шах айта­ды: сенің әкең саған жар­лық бер­ме­се, маған Алла таға­ла сен­дей кәпір­лер­мен соғы­суға жар­лық бер­ді деп, шабуыл бастай­ды. Содан 60 мың мен 20 мың соғыс баста­лып кете­ді. Хорезм әскері талқан бола­ды. Тек бір ғана аты қалып, өзі тұтқы­нға түсе жаз­дап, әрең құтылады.

Соны­мен кеш бата­ды, кеш батқан­нан кей­ін барып, 20 мың ада­мы­нан айы­ры­лған екен Хорезм-шах. Кеш батқан соң Жошы хан көреді, мақ­са­ты соғы­су емес, түн ішін­де от жағып, шегініп кете­ді. Біздің тарих­шы­лар мұны айт­пай­ды, бұл тарих­та бар. Хорезм-шах жара­лы, өлген­дерін тастап, түн ішін­де ол да қаша­ды. Сон­да екі тарап барған­нан кей­ін керу­ен­нің қираға­нын ести­ді, әрине, Жошы да енді кім­нің соғы­сқа­лы жатқа­нын ести­ді. Содан екі түр­лі жағ­дай, бірін­ші, алға­шқы соғыс, Хорезм әскерінің тәсіл­дерін, соғы­су әдістерін бәрін көр­ді, біл­ді. Ал Хорезм-шах өте әске­ри, тәжіри­белі адам, Шыңғыс хан әскерінің қан­дай екенін көр­ді, Хорезм-шах қай­тып кел­ген кез­де жаны­нан түңіледі, осын­дай батыр адам­дар бола­ды екен, садақты тар­тқа­ны, най­за жұм­саға­ны, қылыш шапқа­ны қалай, жаны­нан түңіліп, қай­ран қала­ды. Енді ол Иран­мен, бәрі­мен соғы­сқан тәжіри­белі әскер басы ғой. Сол кез­де Шыңғыс хан­ның елшісі келеді, ол жалғыз ауыз сөз айта­ды: тіле­генің соғыс бол­са, күтіп ал дей­ді. Абы­р­жып қала­ды, өйт­кені 20 мың әскер­ді 60 мың жеңе алма­ды, ал енді 100 мың әскер­мен кел­ген­де не бола­ды? Бар­лық мәсе­ле сон­да. Содан барып Хорезм-шах­тың құрған тәсілі, бәрін әртүр­лі кіна­лай­ды, әртүр­лі ұсы­ныс бола­ды: жол­да келе жатқан­да, Жеті­су­да қар­сы алай­ық дей­ді. Біре­улер Сыр­да­ри­я­ның бой­ын­да қар­сы алай­ық дей­ді. Біре­улер Сыр­дан өте бер­сін, Мау­е­рен­на­хр­ды алсын, Мау­е­рен­на­хр 1210-жыл­дан бастап Хорезм­ге қараған, біз Әму­да­рия бөгетін­де тосай­ық дей­ді. Енді біре­улер әбден түңіл­гені сон­дай, Ауған­станға қашай­ық, мұн­да келеді, жүреді, тонай­ды, кете­ді деп.

Хорезм-шах бір­ден-бір дұрыс шешім қабыл­дай­ды: әрбір қалаға мың­даған адам береді, Самарқанға 110 мың, Үргені­ш­те 150 мың жер­гілік­ті әскер­мен қоса, Оты­рар­да 50 мың әскер қамал­ды ұстап оты­ра­ды деп, ана­лар қамал­ды алмай­ды деп. Өйт­кені алдын­да Шыңғыс хан Пекин­ді алып оты­рған кез­де сон­да Қытай­дың қамал­да­рын қан­дай қиын­ды­қ­пен алған­да­рын Хорезм-шах елшілері көр­ген. Қамал­ды бұза алмай­ды, қор­шап, тұн­шы­қты­рып барып ала­ды, бұл 11-жылы. Одан бері 7–8 жыл өтті, Шыңғыс хан әскер­ді қай­та құрған, қамал бұза­тын маши­на­лар­ды игер­ген. Әлмұқай деген өзі­міздің керей, най­ман­ның біре­уі, сол бас­шы болып, кәдім­гі қамал бұза­тын ката­пульт­тар құрған ғой. Содан кей­ін барып жорық баста­лып кете­ді. Ол өзі «Шыңғыс хандағы» ұзын тарих. Енді Хорезм-шах­тың есебі – ескір­ген есеп. Ол кез­де қамал бұзу­дың бар тәсіл­дерін біледі және оның үстіне Хорезм әскерінің кеудесі жоға­ры ғой, Бұқа­ра­ның түбіне кел­ген кез­де қамал ішін­де отыр­май, қар­сы шыға­ды ғой. Кел­ген әскер 60–70 мың­дай, Шыңғыс хан­мен кел­ген, түгел­дей қыры­лып қала­ды, қыры­лып қалып, қамал қақ­па­сын аша алмай қала­ды. Самарқан­да да солай болады.

Ал Орта Ази­ядағы Хорез­мнің қир­а­уы – ол өзге­ше оқиға. «Шыңғыс хан­ның» ішін­де ондаған роман, жүз­де­ген пове­стер бар, жүз­де­ген тұлға­лар­дың, адам­дар­дың тағ­ды­ры бар. Енді Шыңғыс хан, бәрі соны­мен мұра­ты­на жет­ті ғой. Таңғұтқа барар жол­да қай­тыс бол­ды. «Алтын Орда» – соның жалғасы.

– Шыңғыс хан тура­лы: Шыңғыс хан басқын­шы болған деген тақы­рып­пен мек­теп бағ­дар­ла­ма­сын­да әлі күн­ге оқы­ты­лып келеді. Бұл қашан өзгереді?

– Бірін­ші­ден, ол – орыс-совет тарихы­ның ықпа­лы­мен жазы­лған нәр­се. Біз отар ел бол­дық, олар­дың айтқа­ны айғақ. Екін­ші, ол кез­де сана өте төмен ғой, бәрі мүл­де басқа­ша, ешқан­дай да басқын­шы емес, Шыңғыс хан – бірін­ші­ден, Қытай импе­ри­я­сы­нан қорға­ну­шы, екін­ші – бүкіл түрік халы­қта­рын қай­та бірік­ті­ру жолын­да, сон­да Самарқан түбіне кел­ген кез­де күшіне сенетіні сон­ша­лық, Шыңғыс хан Хорезм-шах­ты қуғын­да­уға алды­мен Сүбітай баһа­дүр­ді жібе­реді. Ертеңіне Жебе ноян­ды жібе­реді. Содан бір­не­ше күн­нен кей­ін Тоғы­шар ноян­ды тағы бір түмен әскер­мен жібе­реді. Сосын Сүбітай мен Жебе ноян бүкіл Иран­ды алақтап, қазір­гі Түрік­мен­стан жерін алақтап, қолға түсіретін бір­не­ше жағ­дай­лар бола­ды, әскер­лерін бәрін қира­тып, ақы­рын­да Хорезм-шах өлді ғой, Кас­пий теңізінің оңтүсті­гін­де бір арал­да өледі. Содан кей­ін барып мақ­сат орын­дал­ды, Хорезм-шах­тың көзі жой­ыл­ды, Жебе ноян мен Сүбітай баһа­дүр­ге Кав­каз­дан әрі асып, Батыс Дәштіні бар­лап келің­дер деген тап­сыр­ма береді. Бұл сол 20-жыл­дың көк­те­мін­де аттан­дыр­ды ғой. Күз­ге қарай олар Кав­каз­дан асып, Дер­бент­ке келеді. Дер­бент­те қамал­дың қал­ды­ғы әлі бар, бұл ғала­мат қамал болған, біздің түрік­тер оны «темір қақ­па» деп атаған. Бұл – тау мен теңіздің ара­сын­да бір жарым шақы­рым­дай ғана жер, соны бекітіп тастаған, ешкім ары да, бері де өте алмай­ды. Содан Сүбітай мен Жебе ноян Дер­бент­ке келеді, өте алмай­ды. Қамал бұза­тын қару­ла­ры жоқ. Бізді өткізіп жіберің­дер деп келіс­сөз жүр­гі­зеді, өйт­кені ара­сы 500-ақ қадам екен, екі қамал. Төмен­гі және жоғарғы қамал. Сол төмен­гі қамал­дың тұсы­на келіп, теңіз­ге дей­ін, теңіз­ге жалғасқан қамал. Олар өткіз­бей­ді, қорқа­ды. Содан соң келіс­сөз жасау үшін он адам елші жібе­реді. Ибн-әл Наср деген өте жақ­сы тарих­шы болған, бірақ мұсыл­ман­шы­лы­ғы болған, оны­сы дұрыс қой, біздің татар­лар­ды жек көр­ген, татар дегені­міз түрік қой, мына татар емес. Содан жол көр­сетің­дер дей­ді. Ибн-әл Наср жаза­ды: кел­ген­нен кей­ін елшілер өте астам отыр­ды, сосын Жебе ноян ба, Сүбітай ма, он елшінің біре­уін өлтір­ді, қалған­да­ры­ң­ды осы­лай істей­мін, жол көр­сетің­дер деп айт­ты дей­ді, бұл қисын­сыз нәр­се. Бірін­ші­ден, Шыңғыс хан­ның жасағы ешқа­шан елші­ге қия­нат жаса­май­ды, мың жыл озып кет­кен бұл тарап­та дипло­ма­ти­я­лық қауіп­сіздік деген мәсе­лені алғаш енгіз­ген – Шыңғыс хан. ХІХХХ ғасы­рға дей­ін ол Евро­па­да сақталған жоқ. Бірін­ші­ден, ол ешкім­ді өлтір­ген жоқ. Екін­ші­ден, 20 мың әскер 20 күн тұра­ды, оларға тамақ керек, нәти­же жоқ, алға шыға алмай­ды, олар қайт­кен­де де кету керек, Кав­каз­дың жолын табу керек. Өтетін өткел­ді көр­сетің­дер біз­ге, оңтүстік теріс­ке қарай өтетін Кав­каз­дың жолын көр­сетің­дер деп айта­ды. Содан бас­шы­лар Дария шатқа­лы­на әкеліп, сол Дария шатқа­лы­мен өте­ді ғой әрі қарай. Сон­да мақ­сат не? Мақ­сат – Батыс Дәштіні бар­лау. Шығыс Дәштіні алып бол­ды, негізін­де Алтын Орда­ны 750 жыл деп жаз­ды, оның бәрі бекер сөз. Біздің қазақ жерінің Шыңғыс хан импе­ри­я­сы­на қосы­луы – 1220 жыл. Алдын­да 19-жылы бүкіл Шығыс Дәштіні Жошы мен Сүбітай бағын­дыр­ды, бірақ мен Шыңғыс хан жоры­ғы басталған кез­ге тірей­мін. 1220 жылы қазір­гі Қаза­қстан Шыңғыс хан импе­ри­я­сы­ның құра­мы­на енді. 800 жыл­дық үлкен мере­ке өтіп кет­ті, біз­де ата­у­сыз қал­ды. Енді­гі мақ­сат – Батыс Дәштіні бар­лау. Онда да теріс жазы­лып жүр­ген толып жатқан көп нәр­се­лер бар.

Шатқал­дан өтіп, дәл ауы­зға шығар кез­де бұлар­ды қып­шақтар мен алаң­дар қар­сы ала­ды. Алаң қазір­гі әсет­тілер­дің ата­сы деп ата­ла­ды ғой. Олай емес, олар мүл­де басқа халық болуы керек, жауын­гер халық болған, бұза алмай­ды. Мыса­лы, Талқы деген асу­ды атақты Шыңғыс хан асқан, Шыңғыс хан әскерінің бір бөлі­гі өткен, мына біздің Жар­кент­тен Құл­жаға қарай өтетін, шама­сы 40–50 шақы­рым тар қысаң, жүз атты қатар жүре алмай­ды, екі жағы тау, Абы­лай хан­ның зама­нын­да содан өрлеп барып, қал­мақтың жеріне шыға­тын болған. Сол жер­де, мыса­лы үшін, мың адам он мың қол­ды бөгеп тұрар еді, мына шатқал да солай. Сосын қып­шақтарға сөз сала­ды, сен­дер­мен біз туы­сқан халы­қ­пыз, мына заты бөлек алан­дар­ды тастап кетің­дер деп. Сый­лық бер­ді, сөй­тіп бәрі сатыл­ды дей­ді. Саты­лған жоқ, тіл­дері бір ғой. Бұл моңғол емес, түрік дедім, ана­лар да түрік, қып­шақтар, сосын олар тастап кете­ді, содан алан­дар­ды қира­та­ды. Осы­дан соң келіп жаңағы кетіп қалған қып­шақтар­ды шап­ты дей­ді тарих­шы­лар. Бірін­ші­ден, ол – Кав­каз терісті­гін жай­лаған қып­шақтың бір бөл­ше­гі ғана, екін­ші­ден, өзіне бағы­нған, өзі­мен мәм­ле­ге кел­ген жұрт­ты шап­са, кей­ін­гі жұрт қай­те­ді? Қып­шақ – жал­пақ жатқан үлкен ұлы ел. Ол қып­шақтар Шыңғыс хан­ның Жебе ноян мен Сүбітай­дың әскеріне қосы­ла­ды, Тешу хан, Тигр хан деген адам­дар бастаған. Қалған қып­шақ көбі бей­біт бола­ды, соғы­сқан­да­ры бар, қан­ша деген­мен бөтен тай­па­лар ғой, туы­с­тас бол­са да, ақы­ры Қалқанға келіп, Қалқан түбін­де қират­ты ғой.

Кей­ін­гі оры­стар бәрін жасы­ра­ды. Алға­шқы деректер­дің бәрін жой­ып жібер­ген. Тати­шев деген тарих­шы ХҮІІІ ғасыр­да жазған, кей­ін жой­ы­лып кет­кен, ескерт­кі­ш­тер негізін­де жазған. Оры­стар Қалқа ұры­сы­на 103 мың әскері­мен қаты­сты дей­ді, әрбір князь­дік­тен қан­ша әскер жиналған, Киев­тен 40 мың, бір князь­дік­тен 2 мың, бір князь­дік­тен 5200, бір князь­дік­тен 7200 деген сияқты сан­да­ры нақты, 103 мың әскер­мен кел­ген. Қып­шақтар аз ғана болған, соны қират­ты ғой. Кей­ін Бату хан келіп кір­ген кез­де, ойбай, бірік­пей қал­ды, баста­ры қосыл­ма­ды дей­ді. Ал баста­ры қосы­лған­да не болға­нын көр­ді. Бұл елші жібе­реді ғой оры­старға, біз қып­шақтар­ды қуып келе­міз, бұлар біздің мал­шы­ла­ры­мыз, сіз­дер бұрын соғы­сып жүреді екен­сіз­дер, тастап кетіңіз­дер, мұны біз­ге қал­ды­ры­ңы­здар деп. Таста­май­ды, өйт­кені орыс князь­дік­терінің бар­лы­ғы жар­ты­лай қып­шақ, шеше­лері, әйел­дері, әже­лері қып­шақ, өздерінің түрі де орыс емес. Содан кей­ін оры­стар жаңағы елшінің 6–7‑уін өлтіріп жібе­реді. Ал бұл – ең үлкен қыл­мыс. Біздің жұрт­тың ұғы­мын­да ең үлкен қыл­мыс. Сол себеп­ті енді оры­стар­ды қалқа­лар жең­ген кез­де бір адам қал­дыр­май өлтір­ген. Бір-ақ адам қалған, Киев­тің ұлы князі, Роман Вяче­сла­во­вич қой дей­мін, соны Шыңғыс ханға апа­рып көр­се­ту үшін алып кете­ді. Кей­ін Жошы хан­ның алды­на апа­рып, сол жер­де өлтіреді.

Сон­да орыс жыл­на­ма­ла­ры­ның өзі жаза­ды, онның бірі ғана, яғни 100 мың­нан 10 мың ғана қай­тқан. Бұл 20-шы жылы. Ара­да 14–15 жыл өткен­де Бату хан келіп кіреді. Сол кез­де кеше­гі соғы­сқа қаты­сқан­дар тірі, сол кез­де­гі жас жігіт­тер 40-қа кел­ді. 20-дағы 35-ке кел­ді, 40-тағы­лар әлі тірі, содан кей­ін ешқан­дай қал­шы­лық бол­май, жеке князь­дік­тер соғы­са­ды, онда да Қалқа­дағы ұры­сқа қаты­спай қалған Рязань мен Вла­ди­мир князь­дік­тері ғана соғы­сқа шыға­ды. Қалған­да­ры бей­біт бағы­нған. Осын­дай деректер көп. Оның бәрі «Шыңғыс ханда» жазы­лған. «Алтын Орда­да» шет жаға­сын қайталадық.

Сұх­бат­тасқан – Ая ӨМІРТАЙ

(Жалға­сы бар)

Республиканский еженедельник онлайн