Пятница , 4 июля 2025

Мұғалім мәртебесі КҮҢГІРТ ҚАЛДЫ

Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің был­ты­рғы жол­да­уы­нан кей­ін, пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша, мұғалім­дер­ді артық жұмыстан «ара­ша­лай­тын»  «Педа­гог мәр­те­бесі тура­лы» заң қабыл­да­нуы керек болған. Мини­стр­лік­тің вице-мини­стрі Э. Сухан­бер­ди­е­ва­ның мәлім­де­уін­ше, заң жоба­сын дай­ын­да­у­шы жұмыс тобы­на 78 адам кірген. 

Бірақ заң жоба­сын­да Қаза­қстан педа­гог­та­ры­ның негіз­гі ұсы­ны­ста­ры ескеріл­мей қал­ды. Осы­ған орай біздің Білім және ғылым мини­стріне (БжҒМ) ұсыныстарымыз: 

  • 1. Білім басқар­ма­ла­рын жер­гілік­ті әкім­шілік­тен ҚР БжҒМ құзіретіне өткі­зу керек. Мек­теп мұғалім­дерін өз мін­детіне жат­пай­тын жұмыстар­дан осы қадам ғана құтқа­ра ала­ды. Заң жоба­сы­на «Мұғалім­ді мін­детіне жат­пай­тын жұмысқа жек­кен шене­унік адам­ды құл­ды­қта ұстаған қыл­мыс­кер­мен теңе­стіріліп, қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс» деп көр­се­ту керек.
  • 2. Мек­теп мұғалі­мінің орта­ша жалақы­сы Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты мен мини­стр­дің жалақы­сы­ның кем деген­де 70%-на тең болуы тиіс. (Жалақы­ның жоға­ры болуы маман­ды­ққа деген бәсе­кені күшей­те­ді. Бәсе­ке болған жер­де сапа болады). 
  • 3. Мұғалім қауіп­ті маман­дық болып қал­ды. Сон­ды­қтан мұғалім­ге қол жұм­саған ада­мға құқық қорғау орга­ны қыз­мет­керіне қол көтер­ген ада­мға тағай­ын­да­ла­тын­дай жаза қол­да­ны­луы тиіс.
  • 4. Педа­гог маман­дар­ды дай­ын­дау жүй­есін қай­та қарап, мек­теп­ке ер аза­мат­тар­ды көбірек тар­ту тетік­терін қарас­ты­ру керек.
  • 5. Оқулы­қтар мен әдісте­мелік құрал­дар жаса­уға прак­тик мұғалім­дер­ді де тар­ту қажет.
  • 6. Білім басқар­ма­сы­ның ең төмен­гі қыз­мет­кері жетек­ші маман болу үшін, кемі 8 жыл, аудан/қала білім бөлі­мінің жетек­ші мама­ны қыз­метіне кон­кур­сқа қаты­су үшін, кемі 5 жыл педа­гог­тық өтілі болуы мін­дет­ті деген талап қосу керек. Ал бас­шы­ла­рын­да – тиісін­ше, 8–10 жыл педөтіл болуы тиіс. Соны­мен қатар мек­теп дирек­тор­ла­рын тағай­ын­да­уға арналған бұй­ры­ққа мек­теп дирек­тор­ла­ры­ның мерзі­мін бекіту керек: әр бес жыл сай­ын мек­теп дирек­тор­ла­ры кон­кур­спен тағай­ын­да­луы қажет. 
  • 7. Пара алған қыл­мысы дәлел­ден­ген педа­го­ги­ка­лық қыз­мет­кер өмір бойы педа­го­ги­ка­лық қыз­мет­тен ала­ста­ты­луы тиіс.
  • 8. Бюд­жет­тен мек­теп­тер­ді жөн­де­у­ге бөлін­ген қара­жат БАҚ бетін­де жари­я­ла­нуы тиіс (сон­да мұғалім­дер мен ата-ана­лар­дан мек­теп­ті жөн­де­у­ге ақша жина­уын тиюға болады).
  • 9. Ер мұғалім­дер­ді 55 жастан, әйел мұғалім­дер­ді 50 жастан зей­нет­ке шыға­ру керек. (Мұғалім­дер­ден ең көп түс­кен ұсыныс!)
  • 10.  Жаң жоба­сын­да мұғалім­дер­дің әле­умет­тік көмек­ті жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың еншісіне қал­ды­рған. Жер­гілік­ті орган­дар әле­умет­тік көмек­ті әлі де шеше алмай жүр, сон­ды­қтан рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке қара­тып, Қаза­қстан бой­ын­ша бір­дей тариф бел­гілеу қажет. 
  • 11. Жаңа заң жоба­сын­дағы әдеп жөнін­де­гі кеңе­сті алып тастаған жөн. Өйт­кені мек­теп бас­шы­ла­ры, аудан/қала білім беру бөлім­дерінің өкіл­дері, бас­шы­ла­ры заң­гер емес! Бұл жағ­дай мұғалім­ді жаза­лау құра­лы­на айна­луы мүмкін! 
  • 12. Мұғалім­нің ата-ана мен оқу­шы­ны құр­мет­те­у­ге заң жоба­сын­да мін­дет­те­гені сияқты, ата-ана мен оқу­шы тара­пы­нан мұғалім­нің де құқы мен ар-ожда­ны құр­мет­те­лу­ге тиіс екенін ұмыт­паған жөн. 
  • 13. Мұғалім­дер­дің ұсы­ны­ста­ры бола тұра, заң жоба­сын­дағы қара­ма-қай­шы­лы­қтар әлі жөн­дел­ген жоқ. 
  • 14. Заң жоба­сы­на атса­лы­сқан жұмыс тобы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы БжҒМ-нің 2018 жылғы 16 қазан­дағы № 575 бұй­ры­ғы­мен бекітіл­ген екен. Осы комис­сия құра­мы­м­ен таны­сты­ру­ды, әлі де бол­са бұл құра­мға «Қаза­қстан педа­гог­та­ры қауым­да­сты­ғы­ның» ұста­зда­рын тар­ту­ды да ұсынамыз. 
  • 15. Мұғалім­дер­ден ұсы­ны­лған негіз­гі ұсы­ны­стар көлең­ке­де қалу­да. Ұсы­ны­стар ескеріл­ме­се, бұл заң да «Білім тура­лы» заң­ның көшір­месі болып қала береді. Сіз­ден нақты жау­ап пен ұсы­ныс күтеміз. 

Қаза­қстан педа­гог­та­ры­ның қауым­да­сты­ғы атынан:

Мей­ір­жан Темірбек – 

«Мұғалім мәр­те­бесі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрағасы; 

Өмір Шыны­бекұ­лы –

ҚР Білім беру ісінің құр­мет­ті қыз­мет­кері, «Ыбы­рай Алтын­са­рин» медалінің иегері

Республиканский еженедельник онлайн