Суббота , 5 июля 2025

МҰҒАЛІМ-ӨГІЗДІҢ МҰРЫНЫН жұдырықпен тескенді қою керек

Президент жолдауынан кейін мұғалімнің мәртебесі туралы әртүрлі әңгімелер, ұсыныстар талқылана бастады. Дегенмен әлеуметтік желіде және де «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігінде талқыланып жатқан тақырыптардың ең бастыларына тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.

Ең бірін­ші орын­да тұрған – мұғалім­дер­дің зей­нет жасы. Расын­да, қазір білім сала­сын­дағы рефор­ма, жер­гілік­ті орган­дар­дың жау­ап­сызды­ғы мен заң­ды орын­да­мауы, «цифр­лы Қаза­қстан» жоба­сы «аясын­да» өткізіліп жатқан, әсіре­се kundelik.kz, яғни элек­трон­ды жур­нал тол­ты­ру мәсе­лесі жүй­кені жұқар­тып жібер­ді. Мұғалім­дер­дің ішін­де зей­нет жасы­на жет­пей, зей­нет­ке шығып, бір-екі жыл­дан кей­ін өмір­ден өткен ұста­здар­дың тағ­ды­ры­на қараған­да, мұғалім­нің зей­нет жасын қысқар­ту кезек күт­тір­мей­тін мәселе. 

Мұғалім­дер­дің бар­лы­ғы зей­нет жасы тура­лы мәсе­ле Білім және ғылым мини­стр­лі­гі дай­ын­дап жатқан мұғалім мәр­те­бесі тура­лы заң­да қарас­ты­ры­ға­ны дұрыс. Бірақ, біз білетін­дей, мұғалім­дер­дің зей­нет жасын қай­та қарау мәсе­лесі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің құзы­рын­да. Бұл екі ведом­ство бір мәсе­лені тар­ты­спаққа сал­май, мұғалім­дер қауы­мы үшін ортақ мәсе­лені мәміле­мен шеш­се екен дейміз. 

Екін­ші мәсе­ле мате­ри­ал­дық тех­ни­ка­лық база тура­лы. Білім тура­лы заң бой­ын­ша, мек­теп­тер­ді керек-жарақ­пен қам­та­ма­сыз ету – жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­ның еншісін­де. Мек­теп­тер­ге кең­се тау­ар­ла­ры, прин­тер, ком­пью­тер жөн­деу, кар­три­дж­да­рын ауы­сты­ру, оған сия құю, т.б. ұсақ-түй­ек мұқтаж­ды­қтың бар­лы­ғы да жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган ҚР Білім тура­лы заңы­ның 6‑бабына сәй­кес атқа­руы тиіс. Бірақ бұл заң көп жер­лер­де орын­дал­май­ды. Бәл­кім, сотқа беріп заң­ды құқы­ғы­мы­зды талап ету керек шығар. 

Үшін­ші орын­да тұрған сұрақ – мұғалім­дер­ді бас­пасөз­ге күш­теп жаз­ды­ру тура­лы. Бұл тура­лы да бұрын­нан айтып келе­міз. Мұғалім­ді газет­тер мен жур­нал­дарға ешкім мәж­бүр­леп жаз­ды­ра алмай­ды. Егер мәж­бүр­леу бол­са, тиісті лау­а­зым­гер заң алдын­да жау­ап­ты. Бұл елі­міздің кон­сти­ту­ци­я­сы бой­ын­ша жеке аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры­на қол сұғу және кем­сіту­шілік сипатта қарас­ты­ры­лып, Қыл­мыстық кодекс бой­ын­ша жау­а­пқа тар­ты­ла­ды. Мәж­бүр­ле­ген адам сол үшін бас бостан­ды­ғы­нан да айы­ры­луы мүм­кін. Өкініш­ке орай біз заңға жүгіне бер­мей­міз. Бас­пасөз­ге жазы­лу мәсе­лесі тіке­лей мұғалім­нің өзіне байланысты. 

Төр­тін­ші орын­да тұрған – сен­білік­тер. Бұл Совет одағы­нан қалған сарқын­шақ әдет­тер­дің бірі. Ол кез­де бұны ақша үнем­деу үшін жасай­тын. Қазір­гісі жет­пей­тін ақша­ның орнын жабу ма дей­сің. Қар­сы­лық жоқ – көшені таза­лы­ғы­сы кел­ген­дер бара бер­сін, бірақ сабақтан тыс уақыт­тар­да. Жұмыс беру­ші мен мұғалім­нің ара­сын­да жасалған келісім шар­тта көр­сетіл­ме­ген жұмысқа ұста­здар­ды жегу­ге ешкім­нің құқы­ғы жоқ. Соны­мен қатар ол тура­лы ата заңы­мы­зда және білім тура­лы заң­да көр­сетіл­ген. Педа­гог­тар­ды өз қыз­меті­мен бай­ла­ны­сы жоқ жұмыстарға салуға тиым салынған. 

Енді осы­ған мұғалім­нің өзі талап қой­ып, қар­сы шыға алма­са, оған кім кінәлі? Мере­ке (дема­лыс) күн­дері мұғалім­дер­ді кезек­шілік­ке қою да заңға том­пақ келеді. Жұмысқа жегіл­ген ада­мға қосым­ша ақша төле­ну керек неме­се басқа күн­дер есебі­нен дема­лыс берілуі керек.

Бесін­ші орын­да – қағаз­ба­сты­лық. Мини­стр­лік қағаз­ба­сты­лық аза­яды дегені­мен, жаңар­ты­лған маз­мұн­дағы білім беру рефор­ма­сы қағаз­ды жазу­ды керісін­ше көбей­тіп жібер­ді. Бұры­нғы­дан екі есе­лен­ді десек те бола­ды. Сабақ сай­ы­нғы фор­ма­тив­ті баға­лау, бөлім­дік жиын­тық баға­лау, тоқ­сан­дық жиын­тық баға­лау т.б. қағаз­ды көбей­те түс­пе­се азай­тқан жоқ. Жаңар­ты­лған маз­мұн­дағы білім беру жүй­есі қағазға көміп қой­ды. Бас көтерт­пей­ді. Керексіз жақта­рын алып таста­уды талап етуі­міз керек. Осы­лай жалға­са бер­се, таяу уақыт­та мек­теп­тен мұғалім тап­пай қалуы­мыз да ықти­мал. Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің құлағы­на алтын сырға.

Алтын­шы орын – kundelik.kz сай­ты арқы­лы тол­ты­ры­ла­тын элек­трон­ды жур­нал мәсе­лесі. Кей­бір жер­лер еке­уін де тол­ты­рып отыр. Бұл жоба тіке­лей мұғалім­нің қал­та­сын қағу үшін жасалған ба дер­сің. Шет­кері аймақтар­дағы аудан­дар түгілі, қала­ның іргесін­де тұрып, интер­нет мәсе­лесі шешіл­ме­ген жер­лер бар. Сон­дай жағ­дай­да мұғалім­дер интер­нет іздеп сабы­лу­да. Кей­бірі өзінің қал­та теле­фо­ны­нан кіріп, кей­бірі басқа жақтан әріп­те­стерін көмек­ке шақы­руға мәжбүр. 

Оның үстіне рей­тинг қуа­лау деген тағы бар. Неге мұғалім күн­делік­ке кір­гісі кел­мей­тін ата-ана мен оқу­шы­ның (жағ­дайы кел­ме­уі де мүм­кін) орны­на интер­нет­ке кіріп, кло­ун болуы керек?! Элек­трон­ды күн­делік­ке кір­мей­тін ата-ана үшін жур­налға түсін­дір­ме жазуы керек. Бұрын­нан айтып келе­міз, алды­мен жағ­дай­ын жасау керек мек­теп­тер­дің. Өгіздің мұр­нын жұды­ры­қ­пен тес­кен­ді қою керек.
Жетін­ші орын – жұмыс апта­сы тура­лы. Қазір мек­теп­тер­де бес күн­дік жұмыс апта­сы. Мұғалім­дер үшін алты күн­дік жұмыс апта­сы. Бұған заң не дейді?

Мұғалім­нің ақша төленіп оты­рған саға­ты – 18 сағат. Басқа ештеңе­ге төлен­бей­ді (қосым­ша жұмысы бол­ма­са). Апта­сы­на 40 сағат жұмыс уақы­ты делік. 18 сағат аст­ра­но­ми­я­лық сағатқа тол­май­ды. Осы уақыт­тың ішіне мұғалім­нің мек­теп­те жүр­ген уақы­ты (үзіліс) жина­лы­старға қаты­суы, дәп­тер тек­се­ру, шара­ларға қаты­сы, үйде сабаққа дай­ын­далға­ны, түн­нің орта­сы­на дей­ін ұйқы көр­мей, элек­трон­ды жур­нал­ды тол­ты­руы – бар­лы­ғы осы 40 сағат­тың ішіне кіреді. Сон­да мұғалім­нің жұмыс уақы­ты 40 сағат­тан асып кете­ді. Ал дирек­тор­лар бол­са, сен­бі күні де мұғалім­дер­дің мек­теп­те жүр­генін қалай­ды. 5 күн­дік сабақ деп, 8 сағат сабақты 5 күн­де «қылқы­нып» өткен­нен гөрі, 6 күн өткен әлдеқай­да жеңіл. Сон­ды­қтан мек­теп дирек­тор­ла­ры да ойла­ну керек. БжҒМ де ойланар. 

БжҒМ мек­теп­тер­ді әкім­дік­тер­ден бөліп алса деген де ұсы­ныс жиі көтеріліп жүр. Ондай­да БжҒМ бар­лы­ғын әкім­дік­ке ысы­ра салып отыр­мас еді. Әкім­дік те мек­теп­ке қарап, тегін жұмыс­шы іздеп «ұлы­мас» еді. 

Соны­мен қатар биыл­дан бастап, мек­теп дирек­тор­ла­рын сай­лау баста­ма­сы да көтеріліп жатыр. Дұрыс! Деген­мен мек­теп дирек­то­рын мұғалім­дер­ге сай­ла­ту керек. Мұғалім сай­лаған дирек­тор әкім­дер­ден гөрі, мұғалім­дер­дің жағ­дай­ын ойлайды. 

Енді бір мәсе­ле атте­ста­ци­я­лық тест мәсе­лесі. Тестпен мұғалім­нің дәре­же­сін өлшей­тін­дей, мұғалім ақпа­рат тасы­мал­да­у­шы емес, ол – оқы­ту­шы! Көрін­ген «даны­шпан­ның» мұры­нын шұқып оты­рып жазған жоба­сы мен құжа­тын­да көр­сетіл­ген шат­пақ дүни­есін мұғалім­нің білуі мін­дет­ті емес. Әркім­нің өз мето­ди­ка­сы, негіз­ге алып оты­рған ақпа­рат көз­дері бар. Мұғалім­нің кәсі­би шебер­лі­гі – өзінің жасап жүр­ген жұмыста­рын, өз мето­ди­ка­сын дәлел­де­уі керек. Сон­ды­қтан білік­тілік­ті тестпен өлше­ген дұрыс емес! Қазір­гі заман­да ақпа­рат күн­де өзге­реді. Кез-кел­ген ақпа­рат­ты әркім әр жер­ден ала­ды. Мұғалім­нен теробайт­тық флеш­ка жасаған­ды доға­ра­тын уақыт жетті.

Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК,
«Мұғалім мәр­те­бесі» қоғам­дық
бір­ле­сті­гінің төрағасы

(медиа-про­ект «DAT» №38 (450) от 25 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн