Четверг , 18 декабря 2025
image description

МҰҢЫМДЫ МЕН жалғыз-ақ саған ШАҒАМЫН

Мір­жақып Дулатұлы­ның Жалау Мың­бай­ға жазған хаты

Бүгін ұлт қай­рат­кері Мір­жақып Дулатұлы­ның туған күні. Ол 1885 жылы 25 қара­ша күні Торғай уезінің Сары­қо­па болы­сы­на қарас­ты № 1 ауыл­да (қазір­гі Қоста­най облы­сы, Жан­гел­дин ауда­ны­ның Қыз­бел ауы­лы) дүни­е­ге келген.

Қай­рат­кер ұлт жұмысы үшін қыру­ар қыз­мет етіп, 1935 жылы 5 қазан­да Каре­лия Авто­но­ми­я­лық Кеңе­стік Соци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Бело­морск ауда­ны­ның Сос­но­вец темір­жол стан­ци­я­сын­да қай­тыс болып, сол жер­де жер­лен­ді. Кей­ін 1988 жылы 4 қара­ша күні Жоғарғы сот­тың Рес­пуб­ли­ка­лық алқа­сы оны толық ақтады.

Біз оқыр­ман қауы­мға қай­рат­кер­дің қуғы­нға ұшы­раған кезін­де мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның бірі – Жалау Мың­бай­ұлы­на жазған хатын ұсынамыз.

«Мен зама­ным­да қан­дай едім? Мен ақын, шешен, тіл­мар баба­ла­ры­ң­ның бұлбұл­дай сай­раған тілі едім. Мөл­дір судай таза едім. Жарға соққан толқын­дай екпін­ді едім. Мен нар­кес­кен­дей өткір едім.

Енді қан­дай­мын?

Кір­леніп бара­мын, былға­нып бара­мын. Жасы­дым, мұқалдым.

Мен не көрмедім?

Маған әкеліп араб пен пар­сы­ны қосты. Бер­тін келе шүл­дір­летіп ноғай­ды, был­дыр­ла­тып оры­сты ара­ла­стыр­ды. Бір күн­дер­де мені мүл­де жоқ қылғы­сы кел­ген­дер де бол­ды. Әлі де үшбақы болғыр Абай­ға өкпем жоқ. Тірі­де маған ара түсу­шілер аз бол­ды. Мен жылы сөзді, алды­мен айна­лып кетей­ін, осы күн­гі Ахмет (Бай­тұр­сы­нұ­лы. –Ред.) деген кісі­ден ғана естідім.

Төң­керіс­ке шей­ін көр­ме­генім қалған жоқ. Төң­керіс бол­ма­са, бей­ша­ра қазақ менен айы­ры­ла­тын да шығар деп едім. Төң­керіс бол­ды. Қаза­қтың көзі ашыл­ды. Қаза­қтың көзі ашы­лған соң, менің де күнім туды ғой деп қуа­ну­шы едім. Жаны жән­дем кет­кір мис­си­о­нер­лер­дің, мол­да­лар­дың, тіл­ма­штар­дың қол­жа­улы­ғы болу­дан құтыл­дым ғой деп ойла­у­шы едім. Оның үстіне қазақ тілі мем­ле­кет­тік тіл бол­сын деген заң шықты. Төбем көк­ке төрт елі жет­пе­ді. Бірақ не кере­гі бар, босқа куанған екенмін…

Жан­ның бәрі теңдік алып жатқан Кеңес үкі­метінің тұсын­да менің бұтым­ды бұт, саным­ды сан қылып, кім көрін­ген созғы­лай баста­ды. Өзгені не қылай­ын, отар­шыл­дық сая­са­тын қол­дан­бас-ау дей­тін Білім кеңесі екеш Білім кеңесі де мені аяма­ды. «Етістік», «сәр­сен­де­ме» деген жала­лар­ды әкеп жап­ты маған. Бұй­ыр­ма­сын, біздің ара­мы­зда мұн­дай атты соғы­лғаң­дар туға­лы болып көр­ген емес. Не ама­лың бар? Құдай басқа салған соң көніп отыр­мыз. Кітап­та­рын­да, газет­терін­де маған көр­сет­пе­ген қор­лы­ғы тағы жоқ «Қаза­қы­лан­ды­ру» деген бір пәлесі шықты да, көр­ген күнім бұры­нғы­дан да қараң бол­ды. Бір­де­мені бұтып-шатып жаза­ды да, міне, сені қаза­қы­лан­дыр­дық дей­ді. Жақын ара­да Қаза­лы дей­тін қала­да «кәпе­ра­тив күні» деген бір күн болып, жұрт­тың бәрі желі­гіп көше­ге шықты. Ұялға­ным-ай, кіре­р­ге тесік таба алма­дым. Қол­да­рын­дағы қызыл туы­на сон­дағы жазға­ны мынау: «Арзан тау­а­ра де дебен­ге һәм ауыл­дарға арзан астыт жұмыс­кер­лер кетубі жақ­су. Назы­ққан­да амал би лел­дік жеккуле‑к пл! Жоғар­ла­ту­на керек канун есам­кл­дің арзан­да­уы­ға тау­ар­лер­де өсе­мен жеге­ре уктабр іңқлаб».

Міне, жұр­тым, мені Қаза­лы­ның «қаза­қы­лан­ды­рған­дағы­сы» осы! Жасаған-ай, мұн­дай да қаза­қы­лан­ды­ру бола­ды екен!

Енді қай­те­мін? Бұл мұңым­ды кім­ге айта­мын, кім­ге шағамын!..

Менің ойлап-ойлап тапқа­ным – Жалау жол­дас, сен бол­дың. Сен өкі­мет басын­дағы ақсақа­лы­мыз едің. Сен нағыз қаза­қтың бел бала­сы едің. Сен ады­рай­ған адай едің. Мұңым­ды мен жалғыз-ақ саған шаға­мын. Өзге комис­си­я­лар­дың көбіне сен­бей­мін. Олар­дан да жақ­сы­лық көріп жүр­генім жоқ. Газет­ке арнаған сөз­дерін сусыл­да­тып орыс­ша жаза­ды да, шала-шар­пы тіл­ма­шта­ры­на аудар­тып, жаным­ды шыға­ра жаз­дай­ды. «Тасты жапа­лаққа ұрса да, жапа­лақ өледі, жапа­лақты тасқа ұрса да, жапа­лақ өледі» деген­дей, бәз-баяғы менің сорым.

Жала­у­жан, мен саған жалы­нам, «Ауыл тілін» шыға­ра­мын, газетім нағыз ауыл тілі­мен, таза қазақ тілі­мен жазы­ла­ды деген­де, ішім елжіреп кете­ді. Мұны­ңа тілек­тес­пін. Сенің кере­гіңе мен дай­ы­н­мын. Бірақ мені қорға, таза сақта, көрін­ген тіл­мә­шта­ры­ңа тағы да қор қыл­ма. Әсіре­се Қаза­лы сықыл­ды­лар­дың «қаза­қы­лан­ды­рға­ны­нан» қорға. Азар коме­нес болып кет­сең де, ата-бабаң қазақ еді ғой, мен солар­дың тілі едім ғой, не жазы­ғым бар, ая мені!

Мади­яр. «Ауыл тілі», 27 июль, 1926 ж. №1

Бексұл­тан ЖАНӘДІЛОВТІҢ ФБ-парақшасынан

Республиканский еженедельник онлайн