Четверг , 18 декабря 2025

МӘМБЕТОВ ТЕАТРЫ «Сәйгүлік» муздрамасын САХНАҒА ШЫҒАРДЫ

Қаза­қстан Репуб­ли­ка­сы­ның Тәу­ел­сіздік күні мере­кесі қар­саңын­да Аста­на қала­сын­дағы Әзір­бай­жан Мәм­бе­тов атын­дағы Мем­ле­кет­тік дра­ма және коме­дия теат­ры қаза­қтың тұңғыш бард ақы­ны Табыл­ды Досы­мо­втың 60 жыл­ды­ғы­на орай «Сәй­гүлік» дра­ма­сын сахнаға шығар­ды. Оны көру­ге Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Карин арнайы барды.

Қой­ы­лым – әйгілі тұлға­ның жастық шағын­дағы естелік­теріне сүй­ене оты­рып, ақын­ның шығар­ма­шы­лық өміріне құры­лған, аз ғұмы­рын­да әуен­мен өріл­ген тағ­ды­ры көр­сетілетін музы­ка­лық дра­ма. Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты, ерекше ақын Светқа­ли Нұр­жан­ның айтуын­ша, театр актеріҚа­зы­бек Аман­жол жазып, режис­сер Әли Бидах­мет сахна­лаған қой­ы­лым қаси­ет­ті мере­ке тұсын­да айры­қ­ша ыстық лебі­мен өнер­сүй­ер қауым­ды бау­рап алған.

– Дәстүр­ден де тамыр үзбе­ген, жаңа­шыл­ды­қтан да қашпаған қой­ы­лым­ның көр­кем­дік шешім­дері де, актер­лер­дің шебер­лік­тері де (басты рөл­де – Ақжол Аман­тай) тән­ті етті. Табыл­ды Досым­ның заман­дас аға-бауыр­ла­ры – Бижан Қал­мағам­бе­тов (Т. Досым шығар­ма­шы­лы­ғын наси­хат­тау қоры­ның бас­шы­сы) еке­уміздің нен­дей әсер­де болға­ны­мыз, сірә, бел­гілі. Ал жал­пы көре­рмен­дер­дің ағыл-тегіл көз жасы мен ондаған минут­тарға созы­лған қоше­мет­тері­нен – мэтр Мәм­бе­тов теат­ры ұжы­мы­ның Тәу­ел­сіздік мей­ра­мы қар­саңын­да жұрт­шы­лы­ққа қан­дай шашу шашқа­нын біле беру­ге бола­тын шығар?! – дей­ді ол.

Бұл қой­ы­лым­ды көру­ге арнайы кел­ген ҚР Мем­ле­кет­тік кеңес­шісі Ерлан Қарин мыр­за спек­такль­ден соң өз әсер­лері­мен алға­у­сыз бөлісті. Әрбір деталь­ға дей­ін мән беріп, ұлт­тық рух­ты ояту үшін осын­дай дүни­е­лер­дің аса қажет екен­ді­гіне тоқталған Ерлан Тыным­бай­ұ­лы театр ұжы­мы­на табыст­ар тілеп, алғыс айтты.

– Қаза­қтың бел­гілі бард ақы­ны Табыл­ды Досы­мо­втың өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғын арқау еткен «Сәй­гүлік» музы­ка­лық дра­ма­сын жал­пы көре­рмен жақ­сы қабыл­даға­нын біле­мін. Бүгін Әзір­бай­жан Мәм­бе­тов теат­рын­да көп­шілік­тің көңілі­нен шыққан сол қой­ы­лым­ды тама­ша­ла­удың сәті түсті. Шынын­да да, «Сәй­гүлік» таң­да­у­лы құрам, тың шешім, өзге­ше фор­мат үйлесім тапқан ғажап туын­ды екен. Бір тұлға­ның өмірі арқы­лы тұтас кезеңнің кар­ти­на­сын қам­туға тыры­сқан. Театр ұжы­мы алдағы уақыт­та да тың дүни­е­лер­мен қуан­та­ды деп сене­мін, – деді ол.

Біреу біліп, біреу біл­мес, сон­ды­қтан қалың оқыр­ман үшін айта кетей­ік. Табыл­ды Аяшұ­лы Досы­мов – 1965 жылы 15 шіл­де күні Аты­рау облы­сы, Индер­бор кен­тін­де туып, 2010 жылы 19 қазан­да, 45 жасын­да қай­тыс болған қаза­қтың тұңғыш бард ақы­ны. Ол әкесі Аяш пен ана­сы Нағи­ма­ның жалғыз пер­зен­ті. Дауыл­паз ақын, күрес­кер батыр Махам­бет Өте­місұлы­ның кез кел­ген өлеңін жатқа біл­ген. Күре­стен облы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық, халы­қа­ра­лық жары­старға қаты­сқан. 1990 жылы Қаз­МУ-дің жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін бітіріп, арнайы жол­да­ма­мен Аты­ра­уға келіп, облы­стық теле­ви­зи­я­ның құры­луы­на атса­лы­сқан. Әр жыл­да­ры облы­стық Нұр­мұ­хан Жан­төрин атын­дағы мем­ле­кет­тік филор­мо­ни­яда, Индер аудан­дық тіл басқар­ма­сын­да, облы­стық Махам­бет қорын­да, «Жел­тоқ­сан­ның жебесі» атты жас талап­тар тобын­да шығар­ма­шы­лық және бас­шы­лық жұмыстар­ды атқар­ды. Ол – «Жана­рым­ның жарқы­лы», «Ұна­та­мын мен сені», «Жай­ы­қтың толқын­да­ры», «Табыл­ды­ның әні» атты өлең­дер мен ән мәтін­дері жинақта­ры­ның авто­ры. Шығар­ма­шы­лық қыз­меті, қоғам­дық өмір­де­гі бел­сен­ділі­гі үшін Рес­пуб­ли­ка­лық «Үкілі үміт» бай­қа­уы­ның дипло­ман­ты, облы­стық Жастар сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты ата­нып, ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің «Мәде­ни­ет қай­рат­кері» бел­гісі­мен марапатталған.

– Табыл­ды Досым өз өлеңіне өзі әуен шыға­рып, оны гита­ра­мен өзі орын­дай­тын әмбе­бап, яғни бард сти­лін­де­гі ақын. Қаза­қтың сал-серілері­нен соң мұн­дай бір­не­ше өнер­дің тіз­гінін қатар ұстаған тұлға­лар өте көп емес. «Сәй­гүлік» музы­ка­лық дра­ма­сын­да көбіне оның сту­дент­тік, жастық шағы сахна­ланған. Ол Жел­тоқ­сан көтерілісіне де қаты­сқан, сон­ды­қтан Алма­ты­да басы­нан кеш­кен оқиға­ла­ры да қам­ты­ла­ды, – дей­ді қой­ы­лым авто­ры Қазы­бек Аманжол.

Қалай деген­де де, Мәм­бе­тов теат­ры Тәу­ел­сіздік күні мере­кесі мен Жел­тоқ­сан көтерілісі қаты­су­шы­ла­ры­ның құр­метіне ерекше тар­ту жасады.

Өйт­кені онда Табыл­ды бей­несі арқы­лы көп нәр­се айты­лып, ол өте әсер­лі жет­кізіледі. Бұл қой­ы­лым­ды көр­ген әрбір көре­рмен, әсіре­се жастар тәу­ел­сіздік пен қан­ды қасірет тарихы­на үңіліп, терең тебірен­бе­уі мүм­кін емес. Оның маңы­зы мен құн­ды­лы­ғы да осында!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн