Вторник , 1 июля 2025

Мәслихатқа партиясыз КІРЕ АЛМАЙСЫҢ


Ресми баспасөзде сайлау туралы заң мен кейбір басқа да заңдарға жергілікті өкілдік органдарға партиялық тізім бойынша сайлауды қарастыратын түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы заңы жарияланды. Заңға өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

Бұры­нғы заң бой­ын­ша, мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на сай­ла­у­ға өзін-өзі ұсы­нған­дар, қоғам­дық ұйым мен сая­си пар­ти­я­лар өкіл­дері түсе ала­тын. Жаңа заң бой­ын­ша, енді мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат­ты сая­си пар­тия ғана ұсы­на ала­ды. Заң­да пар­ти­я­лар­дың пар­тия тізі­міне өз мүше­сі емес адам­дар­ды қоса алмай­ты­ны айты­лған. Заң жоба­сын пар­ла­мент­те талқы­лау кезін­де кей­бір заң­гер­лер мен аза­мат­тық бел­сен­ділері бұл ұсы­ны­сты пар­ти­яда жоқ адам­дар­ды жер­гілік­ті өкіл­дік орган­дарға сай­ла­нуы мүм­кін­ді­гі­нен айы­ра­ды деп сынаған. 

Заң жоба­сы пар­ла­мент­те талқы­ла­нып жатқан­да, жоба­да аудан­дық маңы­зы бар қала әкім­дерін, ауыл, кент және ауыл­дық округ әкім­дерін төте сай­лау тура­лы нор­ма болған. Бірақ 14 мау­сым күні пар­ла­мент сена­ты заң жоба­сы­нан әкім­дер­ді төте сай­лау тура­лы бап­тар­ды алып тастап, құжат­ты мәжіліс­ке қай­тарған. 20 мау­сым күні мәжіліс сенат­тың ұсы­ны­ста­ры­мен келісіп, жоба­ны пре­зи­дент­тің қол қоюы­на жол­даған. Заң жоба­сы 10 күн­нен соң күшіне енеді. 

Azattyq.org

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн