Суббота , 5 июля 2025

МӘСЛИХАТ тәжірибе жинау МҮМКІНДІГІ

  • Күлбіл­те­ле­мей ашы­ғын айтай­ық. Сай­лау жари­я­ланға­лы бері, қал­жың-шыны ара­лас әр нәр­сені айтып келе­міз. Әле­умет­тік желінің эмо­ци­я­сы­на сен­сек, үміт арта­тын­дар көп.

Бірақ әле­умет­тік желі­де­гі әр өңір­де тұра­тын қауым­ның бәрі можа­ри­тар­лы жол­мен додаға түсетін кан­ди­дат­тың сай­ла­у­шы­сы емес. Әр кан­ди­дат­тың сай­ла­у­шы­сы – өзі түсетін өңір­дің халқы. Сон­ды­қтан әле­умет­тік желі­де­гі «лай­ық» пен пікір­ге емес, шынайы жағ­дай­ға тал­дау жасаған дұрыс.

«Сай­ла­у­ға түс­сең­ші, пар­ла­мент­ке бар­саң­шы» – деп, желі­де де, өмір­де де айтып жатқан­дар көп. Әрине, сенім артқа­сын айта­ды. Сенім­ді ақтау – ауыр жүк. Сон­ды­қтан нақты шеші­мім­ді айтайын.

Көп ойла­на келе, Аста­на қала­сы­ның мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­да­ту­рам­ды ұсын­дым, өтіні­шім­ді жұма күні жаз­дым… Неге қала­лық мәс­ли­хат, неге пар­ла­мент мәжілісі емес?

Себебі, бірін­ші­ден, Аста­на­ның аты­нан түсіп жатқан пар­ла­мент­ке лай­ы­қты кан­ди­дат­тар көп. Аста­на­дан беріл­ген екі-ақ орын, оған мен сый­лай­тын Арман Шора­ев, Сұл­тан­хан Жүсіп аға­ла­ры­мыз түсіп жатқан­да, олар­мен таласқа­ным, олар­дың дауы­сын бөліп, азай­туға ықпал еткенім әбес­тік болар.

Екін­ші­ден, өзім мек­теп дирек­тор­лы­ғы­на үш жыл уақы­тқа үлкен мақ­сат қой­ып кел­ген­мін. Қазір­ге екі жыл бол­ды, енді бір жыл уақы­тым бар. Сон­ды­қтан орта жол­дан тастап кету – ата-ана және қоғам алдын­дағы жау­ап­сыздық болар. Ұлт­тық мек­теп жоба­сын толық аяқтап, біраз тір­лік істеп кетуім керек. Ал мәс­ли­хат депу­тат­та­ры өзінің негіз­гі жұмысы­нан кетпейді.

Үшін­ші­ден, сая­си тәжіри­бе­міз кере­мет емес, біз­ге әлі бұл жақта өсу, тәжіри­бе жинау керек. Ал мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на түсу, мүм­кін­дік болып жат­са, мәс­ли­хат депу­та­ты болу – сол тәжіри­бе жина­уға мүмкіндік.

Төр­тін­ші­ден, әрине, ол – сай­ла­удағы әділ­дік, мүм­кін­дік. Оны ойла­май, бағам­да­май, мен депу­тат бола­мын деп айқай­лай беру – ақы­мақтық болар. Пар­ла­мент­ке өтетіні­ме сен­бей­мін. Енді мәс­ли­хатқа мүм­кін­дік бар деп ойлаймын.

Сон­ды­қтан бар мүм­кін­дік­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, Аста­на дең­гей­ін­де білім сала­сы­на, ұлт­тық мәсе­ле­лер­ге, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ге барын­ша әсер ете ала­тын­дай мәс­ли­хатқа баруға шешім қабыл­да­дым… Әзір­ге артық әңгі­ме айтып қой­ып заң­сызды­ққа ұрынбайық.

Аят­жан АХМЕТЖАНҰЛЫ

«ДИВАН БАТЫРҒА» СЕНІП ҚАЛМАЙЫҚ!

  • Елге таны­мал қоғам бел­сен­ділері сай­ла­у­ға ат қосып жатыр. Бұл дұрыс, елде сая­си бәсе­ке арта­ды. Бәсе­ке арт­са, сая­си мәде­ни­ет қалыптасады. 

Деген­мен айта кететін екі жайт бар. 

Біраз адам әле­умет­тік желі­де­гі «под­пис­чик­теріне» сеніп, депу­тат болу­дан дәмелі. Бірақ дауыс беретін сай­лау уча­сто­гы­ң­дағы элек­то­рат пен әле­умет­тік желі­де­гі оқыр­ман­дар – еке­уі екі бөлек ауди­то­рия. «Фейс­бук» пен «Инстра­грам­дағы» досың, оқыр­ма­ның – ол рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша сені оқи­тын кісілер. Ал жеке ман­дат бой­ын­ша нақты бір округ­тен сай­ла­у­ға түс­сең, сен соңғы­ла­ры­ның қол­да­уы­на ие болуың шарт. Олар сені мүл­де оқы­мауы да мүм­кін. Кезін­де ресей­лік бло­гер Вар­ла­мов Омбы қала­сы­ның мэрі бола­мын деп сай­ла­у­ға түсу­ге тал­пы­нып, қажет­ті он мың қол­ды да жинай алмаған. 

Енді сай­ла­у­шы­ларға қаты­сты. Ертең «сын сәті тақа­ды, 1 ай бойы қат­ты­рақ бақы­рып, көрін­ген әкім-қара, мини­стр­ді сына­сам, сай­ла­уда жеңіп шығуым мүм­кін» деп, небір аузы­мен орақ орған шешен­дер шыға­ды. Сөй­тіп, аузы­на кел­генін айта­тын талай «диван баты­рға» да куә боламыз. 

Бір қызы­ғы – солар­дың айтқа­ны­на иман­дай сеніп, ұйып тың­дай­тын­дар көп бола­ды. Сон­дай «хай­пов­щик­тер­ге» ұрын­бай­ық. Бұл енді қауіп­ті құбылыс.

Алдағы сай­ла­уда ел-жұр­тқа айқай­ла­май, аттан­да­май, шыны­мен елге қыз­мет етіп жүр­ген бел­сен­ді тұлға­лар­ды таң­да­сақ. Ісі мен сөзі сай келетін депу­тат­ты­ққа лай­ық аза­мат­тар­ды ірік­те­уі­міз қажет. Шата­стыр­май­ық. Қоғам­ның дең­гейі өсетін уақыт келді.

  • Ongar_onlaine telegram арнасы

Парламент

САЙЛАУЫНА

қатысамыз!

  • Елде пар­ла­мент сай­ла­уы жари­я­лан­ды. Биыл мәжіліс­ке тек қана пар­ти­я­лық тізім­мен емес, жеке округ­тер бой­ын­ша мажо­ри­тар­лы жүй­е­мен өту­ге де болады. 

Соңғы үш жыл­дан астам уақыт бойы күрес­сек те, билік біздің пар­ти­я­ны тір­ке­ген жоқ. Құры­л­тай съезін өткі­зе­міз деген­де, түр­лі аран­да­ту­лар­ды ұйым­да­сты­рып, ондаған бел­сен­ді­мізді пой­ы­здан түсіріп, ақыр соңын­да жиы­ны­мы­здың шырқын бұзды.

Бірақ бұл – күрес тоқта­ды деген сөз емес. Алдағы уақыт­та біз Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны ресми тір­ке­уден өткі­зу жұмысын қай­та жандандырамыз. 

Ал қазір­гі айт­пағы­мыз: Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны құру жөнін­де­гі ұйым­да­сты­ру коми­тетінің бел­сен­ділері­мен ақыл­да­са келе, бел­гілі сарап­шы­лар­мен, сая­сат­та­ну­шы­лар­мен кеңе­се оты­рып, біз алдағы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на қаты­са­мыз деген шешім қабыл­да­дық! Мәжіліс сай­ла­у­ы­на тек қана Алма­ты қала­сы бой­ын­ша емес, Қаза­қстан­ның басқа да өңір­лері­нен аза­мат­тар қаты­са­ды деген бай­ла­мға келдік. 

Пар­ла­мент атқа­ру­шы билік­тің айтқа­нын орын­дап, дегенін жасап оты­ра­тын нота­ри­ус бол­мауы тиіс. Пар­ла­мент халы­ққа қажет­ті заң қабыл­дай­тын, елдік, ұлт­тық мүд­дені қорғай­тын, ақиқат­ты айта­тын биік мін­бер болуы керек! Бар­лық демо­кра­ти­я­лық елдер­де солай.

Алдағы уақыт­та кан­ди­дат ретін­де құжат­та­ры­мы­зды тап­сы­ра­мыз, ресми түр­де тір­ке­уден өту­ге тал­пы­на­мыз. Бар­лы­ғын ашық түр­де сіз­дер­ге хабар­лап, көр­сетіп оты­ра­мыз. Біз­бен бір­ге болы­ңыз, ағайын!

Инга ИМАНБАЙ

  • Редак­ци­ядан: Қаңтар үшін қия­нат­ты болып, үйқа­мақта оты­рған Дем­пар­тия жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай­дың жары Инга Иман­бай дүй­сен­бі күні Алма­ты қала­сын­дағы № 3 сай­лау окру­гі бой­ын­ша депу­тат­ты­ққа кан­ди­дат ретін­де тір­ке­лу­ге өтініш берді.

САЯСИ ОЛИМПТЕ

Ертісбаевтай суайт

БОЛҒАН ЕМЕС

  • Мем­ле­кет үшін жемқор ұры қауіп­ті ме, жоқ әлде прин­ципсіз ала­яқтың зия­ны көбірек пе? Менің­ше, прин­ципсіз адам әлдеқай­да қауіпті.

Неге дей­сіз­дер ғой? Ұры­ны ерте ме, кеш пе ұстап, жаза­сын беру­ге бола­ды. Оның қыл­мыстық іс-әре­кет­терінің ізі мін­дет­ті түр­де қала­ды. Кел­тір­ген шығы­нын да қара­пай­ым мате­ма­ти­ка­лық әдістер­мен өлшеп-санау қиын емес. Ал ұста­ны­мы мың құбы­ла­тын, бүгін былай, ертең олай сөй­лей­тін, кеше­гі сөзі­нен ертесіне-ақ тай­қып шыға келетін ада­мға Қыл­мыстық кодек­сте жаза қарас­ты­рыл­маған. Ондай бап кодек­сте жоқ.

Солай бола тұра, прин­ципсіз суайт билік­ке кел­се, мем­ле­кет­ке де, қара халы­ққа да анағұр­лым көп залал әке­леді. Оның екі­жүзді табиға­ты, сөз­дерінің тұрақ­сызды­ғы елді әбден ада­сты­ра­ды. Қалың бұқа­ра­ны алжа­сты­рып қана қой­май, тұта­стай мем­ле­кет­ті бос әуре-сар­саңға салып кетеді.

  • ҚР пре­зи­ден­тінің кеңес­шісі Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев­тың «Вре­мя» газетін­де (28.12.2011 ж.) шыққан «Я сле­жу и за мет­лой, и за оппо­зи­ци­ей» деген сұх­ба­ты­на салы­нған сурет.

Сон­дай, өзі де, сөзі де пәтуәсіз, зама­ны­на қарай мың құбы­ла­тын хаме­леон­ның ең айшы­қты үлгісі Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев дер едім. Қаза­қстан­ның сая­си олим­пін­де дәл Ерті­с­ба­ев­тай суайт болған емес. Сая­си аре­на­да жүр­ген 30 жылын­да оның плат­фор­ма­сы­ның, соған сәй­кес рито­ри­ка­сы­ның қан­ша рет өзгер­генін санау үшін екі қол­дың сау­сағы да жет­пес. Бірін­ші пре­зи­дент­пен нары­қтық эко­но­ми­ка­ны қол­дап, ком­му­ни­стік өткен­ге аузы көпір­ген­ше лағ­нет айту­дан шар­ша­маған ол бүгін­де сол ком­му­ни­стер­дің пар­ти­я­сын басқа­рып отыр. Бүгін пар­ти­я­ның съезін өткізіп, сай­ла­уда 30–40% алып, жеңіс­ке жет­сек, пар­ла­мент­ке өзім бастап бара­мын депті. 

Сіз­ге қай­дам, менің түсіні­гім­де ондай адам­ның пар­ла­мент­те оты­рға­ны – үлкен қауіп. Не өз ұста­ны­мы жоқ, не елге ұсы­на­ры жоқ, пар­ти­яға да қатар­дағы мүше­лер­дің дауыс беруі арқы­лы емес, жоға­ры жақтың пәр­мені­мен кел­ген сая­сат­кер-сымаққа қан­дай сенім болуы мүмкін? 

Айт­пақ­шы, бір қызық айтай­ын. «Қаза­қтар­да мем­ле­кет­тілік болған жоқ» деген пікір­ді бірін­ші болып Путин неме­се Назар­ба­ев айт­ты деп ойлай­сыздар ма? Жоқ, олай емес екен. Ол иде­я­ны алғаш тық­па­лаған дәл осы Ерті­с­ба­ев. Сен­бе­сеңіз­дер, сонау 2008 жылы Закон.кz сай­ты­на бер­ген сұх­ба­тын оқып көріңіздер.

Түй­ін­ді өздеріңіз шығарарсыздар.

Мұх­тар ТҮМЕНБАЙ

ДУМАН думаннан ҚАЛДЫ

  • Алма­ты облы­сы Қас­ке­лең қала­сын­дағы № 12 бір­ман­дат­ты сай­лау окру­гі жур­на­лист, YouTube-тегі «ND» кана­лы­ның авто­ры Думан Мұхам­мед­кәрім­ді заң талап­та­ры­на сай емес деп, мәжіліс сай­ла­у­ы­на үміт­кер ретін­де тір­ке­мей қой­ды, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Комис­сия жур­на­лист ел ішін­де сегіз ай еш жер­де тір­ке­уде тұр­маған деп отыр. «Алма­ты облы­сы бой­ын­ша поли­ция депар­та­мен­тінің көші-қон қыз­меті басқар­ма­сы­ның (ПД КҚҚБ) жау­а­бы­на сәй­кес, кан­ди­дат Думан Мұхам­мед­кәрім Аста­на, Орал, Көк­ше­тау қала­ла­рын­да, Ақмо­ла мен Алма­ты облы­ста­рын­да тір­ке­уде болған. 2021 жылғы 21 жел­тоқ­сан­нан бастап, тір­ке­уден алып тасталған. 2022 жылғы тамы­здан қазір­гі уақы­тқа дей­ін Алма­ты облы­сы­ның Іле ауда­нын­да тір­кел­гені аны­қталған. Алма­ты ПД КҚҚБ-сы

көр­сет­кен мәлі­мет­тер негізін­де кан­ди­дат Мұхам­мед­кәрім­нің өтіні­шін Кон­сти­ту­ци­я­ның 51-бабы­ның 4‑тармағында бел­гі­лен­ген талап­тарға сай қанағат­тан­дыр­маған (Ел аумағын­да 10 жыл тұрақты тір­ке­уде тұру тала­бы). Яғни, кей­ін­гі 10 жыл ішін­де елі­міздің аумағын­да тұрақты тұру тала­бы­на сәй­кес емес», – деді комис­сия төрай­ы­мы Ұлту­сын Бархинова.

Комис­сия оты­ры­сын жур­на­лист Мұхам­мед­кәрім өзінің «ND» арна­сын­да жария етті. Комис­сия оты­ры­сын­да жур­на­лист бұған келіс­пей­тінін айтқан, алай­да оты­ры­сқа қаты­сып оты­рған көші-қон қыз­метінің өкілі Мұхам­мед­кәрім «сегіз айдай база бой­ын­ша тір­ке­уде бол­маған» деп қысқа қай­ыр­ды. «Келіс­пе­сеңіз, әрине, сотқа беру­ге құқы­ғы­ңыз бар», – деді комис­сия төрай­ы­мы Бархинова.

Жур­на­лист комис­сия шеші­міне қар­сы және бұл шешім­нің «сая­си аста­ры бар» дейді.

«Кей­ін­гі 10 жыл ішін­де елі­міздің аумағын­да тұрақты тұру» тала­бы­на сәй­кес емес деуі – заң­сыз. Мен жур­на­л­ис­пін, бір­не­ше қала­да тұрға­ным рас. Деген­мен мен ел ішін­де тұр­дым ғой. Негіз­гі тір­ке­уім – Алма­ты облы­сы Іле ауда­нын­да, тұрақты түр­де. Ал жұмыс бабы­мен өзге қала­лар­да тұрған­да, сол жақта уақыт­ша тір­ке­у­ге тұрып кел­дім. Бұған дей­ін Аста­на қала­сын­да пәтер жал­дап тұрға­ным­да, пәтер иесі мені уақыт­ша емес, тұрақты тір­ке­у­ге қой­ған екен. Сөй­тіп, мен пәтер­ден шығып кет­кен­нен кей­ін, мені тір­ке­уден де шыға­рып жібер­ген. Мен оны кей­ін көлік алған­да, ара­да сегіз ай өткен­де бір-ақ біл­дім. Көші-қон қыз­меті айтып оты­рған «сегіз ай база­да бол­мауым­ның» себебі – осы», – дей­ді Думан Мұхаммедкәрім.

Жур­на­лист комис­сия шеші­мінің үсті­нен сотқа шағым­дан­бақ. Бірақ «ол шағы­мым­ды сот қарап біт­кен­ше, қай­та құжат тап­сы­рып үлгер­ме­уім әбден мүм­кін» деп отыр.

Бір­не­ше жыл мем­ле­кет­тік теле­ар­на­да жұмыс істе­ген Думан Мұхам­мед­кәрім кей­ін­гі жыл­да­ры YouTube желісін­де­гі «ND» арна­сы­ның авто­ры ретін­де қоғам­дық-сая­си мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты хабар­ла­ры­мен таны­лған. Ол арна­сын­да Қаңтар оқиға­сы тура­лы виде­о­лар жари­я­лап келеді.

Azattyq.orgDAT-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн