Четверг , 4 сентября 2025

Мәшһүр Жүсіп айтқан СИЫР ЖЫЛЫ КЕЛДІ

Сопы­лар­дың соңғы ұрпағы Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев Пав­ло­дар облы­сы­ның Бая­на­уыл ауда­нын­да өзі туған ауы­лын­да жер қой­на­уы­на 1931 жылы тап­сы­рыл­ды. Ол өзінің өлі­міне он жыл қалған­да – 1921 туы­ста­рын жинап, бір жер­ді көр­сетіп: «Менің маза­рым осы жер­де бол­сын. Мені жатқы­зып емес, оты­рғы­зып жер­лең­дер. Әлсін-әлсін хабар алып тұры­ң­дар, менің денем 40 жыл бұзыл­май сақта­ла­ды», ­– деген екен.

Қай­тыс бола­ры­нан тура он жыл бұрын үлкен келіні Ақзей­нептің інісі Досжанға маза­рын дай­ын­да­та бастай­ды. Өзі қадаға­лап, ұзын­ды­ғын, енін шығар­та­ды. Маза­ры дай­ын болған соң, алыс-жақын ауыл­даста­рын жинап, өз жана­за­сын шыға­рып, құр­бан шал­ды­рып, ас бергізеді.

«73-ке шыққан­ша бал­та­ла­саң да өлмей­мін, 73-тен асқан­да сұра­саң да тұр­май­мын. Мен өлген соң қат­ты әлсірей­сің­дер. Ас беріп, жана­за нама­зым­ды оқыт­пақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесің­дер» деп 1931 жылы басталған ашар­шы­лы­қты күні бұрын болжапты.

Айтқан­дай, оны өзі дай­ын­даған маза­ры­на ашты­қтан әлсіре­ген жұрт зорға апа­рып жер­леп­ті. Өлері­нен бұрын әулие былай деген екен: «Жұт келеді, қалың қазақ қыры­ла­ды, жұт­тан аман қалған­дар 70 жыл құдай­сыз қоғам­да өмір сүреді. Одан кей­ін 30 жыл ұры-қары­лар былы­қты­рған кез бола­ды. Осы­ның бәрі­нен өткен соң, қаза­ққа қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лай­тын заман бола­ды» деп болжаған екен.

Әулие Мәшһүр Жүсіп­тің төрт болжа­мы дәл кел­ді: өзінің қай жылы өлетіні; ашар­шы­лық; 70 жыл елді биле­ген ком­пар­тия; Қаза­қстан­ды 30 жыл ұры-қары­ның билеуі.

Енді бесін­шісі 2021 жылға келіп тұр екен. Содан кей­ін қаза­ққа адал сүт емген, халы­ққа қай­ы­рым­ды бас­шы­лар келеді деп болжаған екен. Соған аман сау жетей­ік! Аз қал­ды. Жоққа жасы­май­ық, барға тасымайық!

Інжу ОРЫНБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн