Четверг , 3 июля 2025

«МӘҢГІЛІК» СЕНІМДІ КӨМЕКШІ

ҚАЛАЙ «ИУДАҒА» АЙНАЛДЫ?

Крис РИКЛТОН


  • Кәрім Мәсі­мов – Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бұры­нғы төрағасы

Тәуел­сіздік жыл­да­ры Қазақстан­дағы ең ықпал­ды сая­сат­кер­лер­дің бірі болған Кәрім Мәсімов мем­ле­кет­ке опа­сыздық жаса­ды деген айып­пен 18 жылға сот­тал­ды. Билік Қаңтар қырғыны үшін бар кінәні Қауіп­сіздік коми­тетінің бұрынғы бас­шы­сы­на ауда­ра сал­ды ма?

Wikileaks жари­я­лаған АҚШ-тың дипло­ма­ти­я­лық теле­грам­ма­ла­ры­ның ішін­де қазір түр­ме­де оты­рған қаза­қстан­дық сая­сат­кер Кәрім Мәсі­мо­втің аста­на­дағы қым­бат түн­гі клуб­тар­дың бірін­де жалғыз билеп жүр­гені тура­лы есеп болған.

Бұл есеп­те 2008 жылы сол кез­де­гі пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мов Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­сы­мен және Аста­на әкі­мі­мен бір­ге жаны­на орта жастағы үш әйел­ді алып (сая­сат­кер­лер­дің жұбай­ла­ры болуы мүм­кін), түн­гі клуб­та сауық құрға­ны айтылады.

Өзге­лері орта­да көңіл көтеріп жүр­ген­де, Мәсі­мов «Шоко­лад» түн­гі клу­бы­ның сахна­сы­на шығып, доста­ры бол­ды­рып қалған­нан кей­ін де, 20 минут бойы жалғыз билеген.

Шетел­дік ақпа­рат құрал­да­ры жары­са жазып, пре­мьер-мини­стр­дің өзі де мой­ын­даған оқиға сая­сат­тың ұшар басы­на көтеріліп, билік Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін тығы­ры­ққа тірел­ген­де, бар кінәні арқа­лап, сахна­да жалғыз қалған Кәрім Мәсі­мов­ке тап­тыр­мас теңеу сияқты.

  • Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мо­вті қабыл­дап отыр. Аста­на, Ақор­да, 19 қазан, 2015 жыл

Қауіп­сіздік коми­тетінің 57 жастағы, жек­пе-жек өнеріне әуес бұры­нғы бас­шы­сы – 238 адам­ның өмірін қиған Қаңтар оқиға­сы үшін жау­а­пқа тар­ты­лған жалғыз шенеунік.

24 сәуір­де Аста­на­да өткен жабық сот оты­ры­сын­да Мәсі­мов «мем­ле­кет­ке опа­сыздық жаса­ды» деген айып­пен 18 жылға сот­тал­ды. Оның үш орын­ба­са­ры 3–16 жыл ара­лы­ғын­да бостан­ды­ғы­нан айырылды.

Мәсі­мов­ке бәрі­нен де Назар­ба­ев­тың сөзі ауыр тиген шығар. Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Мәсі­мо­втің ісіне қаты­сты жур­на­ли­стер сұрағы­на жау­ап беріп, бір кез­дері адал сері­гі болған Мәсі­мо­вті Иса пай­ғам­барға сатқын­дық жасаған Иуда Эска­ри­о­тқа теңеді.

«Мәсі­мов­пен көп жыл бір­ге жұмыс істе­дім. Бірақ қай­дан білесің? Иса да жанын­да жүр­ген Иуда сатқын екенін бай­қа­ма­ды ғой», – деді Назарбаев.

Сая­сат­та­ну­шы Ғазиз Әбі­шев теле­грам-арна­сын­дағы үкім тура­лы жаз­ба­сын­да Мәсі­мо­вті «Қаза­қстан­ның сая­си алаңын­да «тірі қалған» тәжіри­белі сая­сат­кер деп атап, оның қате­ле­с­кенін айтады.

«Билік үшін тала­ста басты­сы – өз күшіңді жоға­ры баға­лап, қар­сы­ла­ста­ры­ң­ды осал көр­меу, сәт­тілік­ке сеніп қал­мау. Түп­теп кел­ген­де, әркім қара басы­ның қамын күйт­тей­ді» деп жаз­ды сая­сат­кер Abishev Analytics арнасында.

Билік Қаңтар қырғы­ны үшін бар кінәні Мәсі­мо­втің мой­ны­на арта салған жоқ па?

ЫҚПАЛДЫ АУТСАЙДЕР

Мил­ли­ард­таған дол­лар­дың арқа­сын­да еле­усіз елді мекен­нен тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің аста­на­сы­на және Назар­ба­ев­тың мақта­ны­шы­на айналған Цели­но­град­та 1965 жылы өмір­ге кел­ген Кәрім Мәсі­мов те ойда-жоқта жарқ ете қалды.

Мәсі­мов Қаза­қстан­дағы оқуын тәмам­даған соң, Пекин уни­вер­си­тетін­де қытай тілін үйренді.

1991 жылы Совет Одағы тараған­да, Қытай­дағы сауда өкіл­ді­гінің заң бой­ын­ша кеңес­шісі еді. 1994 жылы Қаза­қстан­ның аты­нан Гон­конг­тағы тап сон­дай органға бас­шы болды.

35 жасын­да көлік және ком­му­ни­ка­ция мини­стрі болғанға дей­ін Мәсі­мов банк сек­то­рын­да бас­шы­лық қыз­мет­тер­де істе­ді. Ол алғаш сая­сатқа ара­ла­сып, мини­стр­лік тіз­гінін ұстаған­да, ман­да­рин диа­лек­тісін жақ­сы білетін, Мәсі­мо­втен 12 жас үлкен және Назар­ба­евқа жақын Қасым-Жомарт Тоқа­ев үкі­мет­ті басқаратын.

2007 жылы Мәсі­мов Қаза­қстан­дағы ең жас пре­мьер-министр бол­ды. 2009 жылы бүкіләлем­дік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты еңсеріп, бір жыл­дай Назар­ба­ев әкім­шілі­гін басқа­рып, 2014 жылы қай­та­дан үкі­мет басы­на келді.

Аты-жөнін жасы­рын қал­ды­ру­ды өтін­ген пре­мьер-мини­стр­дің сол кез­де­гі шетел­дік кеңес­шісі Мәсі­мов­пен түн­гі 1‑де таны­сқа­нын айтады.

– Мәсі­мов басқа шене­унік­тер сияқты еңбекқор еді. Біз­ден кешірім сұрап, дастарқан жай­ғы­зды, – дей­ді ол.

Дипло­мат Тоқа­евқа тән деп айты­ла­тын сыпайы мінез Мәсі­мо­вте де бар еді.

– Жылы жүзді, талқы­ла­у­ға ашық адам. Шетел­дік­тер­мен сөй­лес­кен­де өз ойын ашық айта­тын. Қаза­қстан әлем­де қан­дай орын ала­ты­нын жақ­сы түсі­нетін­дей көрі­нетін. Басқа шене­унік­тер ашу­ла­нып кететін нәр­се­ге Мәсі­мов жай күлім­сіреп, қай жерін түзе­ту кере­гін айта­тын, – дей­ді ол.

Бұры­нғы кеңес­шінің сөзін­ше, Ұлы­бри­та­ни­я­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі Тони Блэр­ді Назар­ба­ев режи­мінің ими­жд­мей­кері ретін­де жұмысқа шақы­руға Мәсі­мов ықпал еткен.

Мәсі­мов – алға­шқы­лар­дың бірі болып Twitter-ге тір­кел­ген шенеунік.

Ол өзін модер­ни­за­тор деп біл­ді. Ұлты ұйғыр оған айна­лаға шынайы көз­бен қарай­тын, әр қада­мы­на сақ сая­сат­кер болуға тура келді.

– Ол Назар­ба­ев­тың сенім­ді көмек­шісі бол­ды. Оның билі­гін тар­тып ала­мын деп ойлаған жоқ. Мәсі­мов батыл әрі тәкап­пар көрін­ді, – дей­ді алты жыл бұрын Мәсі­мов­пен кез­дескен шетел­дік дипломат.

Әртүр­лі ақпа­рат көз­деріне қараған­да, Мәсі­мов Назар­ба­евқа адал болуы­мен қатар, бұры­нғы пре­зи­дент­тің күй­еу бала­сы, елде­гі ірі банк­тер­дің біріне иелік ететін оли­гарх Тимур Құлы­ба­ев­пен де жақ­сы араласқан.

  • Мәсі­мов Назар­ба­евқа адал болуы­мен қатар, бұры­нғы пре­зи­дент­тің күй­еу бала­сы, елде­гі ірі банк­тер­дің біріне иелік ететін оли­гарх Тимур Құлы­ба­ев­пен де жақ­сы араласты.

Мәсі­мов көлік және ком­му­ни­ка­ция мини­стрі бол­май тұрып, «Халық банк­ті» басқарды.

– Олар жақ­сы тан­дем еді. 2000-жыл­да­ры Назар­ба­ев­тың үлкен күй­еу бала­сы Рахат Әли­ев қуғы­нға ұшы­раған­нан кей­ін, Құлы­ба­ев басты тұлғаға айнал­ды және оның мүд­десі күн­нен-күн­ге арта бер­ді. Мәсі­мов еке­уі биз­несін бір­ге жүр­гізді. Құлы­ба­ев бюро­кра­ти­я­лық қиын­ды­қтар­дан өтті, Мәсі­мов оған сая­си тұрғы­дан қол­дау көр­сет­ті. Ол кез­де Мәсі­мов Назар­ба­ев­тың қар­жы­лық, қоғам­дық және жеке мәсе­ле­лер бой­ын­ша кеңес­шісі бола­тын, – дей­ді ірі халы­қа­ра­лық ком­па­ни­яда мем­ле­кет­тік орган­дар­мен бай­ла­ныс сала­сын­да істей­тін, бұрын Мәсі­мов­пен сөй­лес­кен қызметкер.

Мамыр­да Назар­ба­ев Аста­на­дағы өзінің аты беріл­ген уни­вер­си­тет­тің инве­сти­ци­я­лық қыз­метіне Мәсі­мов жау­ап­ты деді. Осы­ған дей­ін ақпа­рат құрал­да­рын­да Назар­ба­ев уни­вер­си­теті тура­лы зерт­теу жари­я­ла­нып, Назар­ба­ев қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры арқы­лы мил­ли­ард­таған дол­лар актив­тер­ді басқа­рып оты­рға­ны айты­лып еді.

Науры­зда Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті Мәсі­мо­втің жер­гілік­ті және шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дан пара алға­нын рас­тай­тын дәлел­дер тапқа­нын хабар­ла­ды. Қым­бат үй мен шаба­дан толы ақша­ның суреті салы­нған бас­пасөз-хабар­ла­ма­сын­да тер­ге­ушілер Мәсі­мов­ке сый­ға тар­ты­лған зәулім үйден 17 мил­ли­он дол­лар ақша тапқа­ны жазылған.

Мәсі­мо­втің АҚШ мем­ле­кет­тік депар­та­мен­тінің бұры­нғы қыз­мет­кері Дэвид Мер­кель басқа­ра­тын PR-науқа­ны бұл ақпа­рат­ты «айып­та­лушы­ның беделіне нұқ­сан кел­тіру­ге тал­пы­ныс» деп бағалады.

ӨТПЕЛІ РӨЛ

Бір кез­дері пре­мьер-мини­стр­мен жұмыс істе­ген шетел­дік кеңес­ші 2016 жылы Мәсі­мов Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бас­шы­сы болып тағай­ын­далға­нын есті­ген­де таңғалға­нын жасырмады.

– Назар­ба­ев оны клан­дарға еш қаты­сы жоқ адам деп ойлап, әртүр­лі рөл­дер­ді сеніп тап­сыр­ды. Бірақ Қаза­қстан­да жұмыс істеп жүр­генім­де, сіз­дер­де модер­ни­за­ци­яға қар­сы адам­дар мен модер­ни­за­тор­лар бол­ды. Мәсі­мов сон­дай модер­ни­за­тор­лар­дың бірі еді, – дей­ді ол.

Не десек те, Мәсі­мов Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бас­шы­сы қыз­метіне бекер кел­ген жоқ.

Мер­кель­дің Karimmasimov.com сай­тын­дағы ақпа­ратқа сәй­кес, Назар­ба­ев пре­зи­дент қыз­меті­нен кетуді ойлаған­да, ол билік­ті бей­біт жол­мен Тоқа­евқа тап­сы­ру­да маңы­зды рөл атқарды.

Мәсі­мо­вті сына­у­шы­лар оның коми­тет­те­гі рөлі 2019 жылы билік­ке кел­ген­нен кей­ін бұры­нғы пре­зи­дент­тің жақын­да­ры мен сая­си серік­те­стерінің орта­сын­да қалған Тоқа­ев­тың беделін тек­се­ру бол­ды дейді.

Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен ол қыз­мет­тен кет­кен­де орны­на қал­ды­рған Қасым-Жомарт Тоқа­ев Аста­на эко­но­ми­ка фору­мы кезін­де. Нұр-Сұл­тан (қазір­гі Аста­на), 16 мамыр, 2019 жыл

Тоқа­ев­тың билі­гін барын­ша шек­теу үшін, Назар­ба­ев Қауіп­сіздік қыз­метін өмір бойы басқа­ру құқы­ғын алды. Бұл Тоқа­ев­тың ықпа­лы­на күмән­ді күшей­тіп, жаңа пре­зи­дент­ті Мәсі­мов сияқты тұлға­лар­ды жұмыстан шыға­ру мүм­кін­ді­гі­нен айырды.

Көп ұза­май Тоқа­ев пен Назар­ба­ев­тың ара­сы бұзыл­ды деген қау­е­сет тарады.

Сарап­шы­лар Назар­ба­ев­тың төңіре­гін (бұл топқа Мәсі­мо­втің де қаты­сы бар) «кіта­п­ха­на» деп ата­ды. Өйт­кені олар­дың жина­лы­сы көбіне пре­зи­дент кіта­п­ха­на­сын­да өтетін.

2021 жылы Изра­иль­дің Pegasus тыңшы бағдар­ла­ма­сы­ның көме­гі­мен әшке­ре­лен­ген ақпа­ратқа қараған­да, Қаза­қстан үкі­меті Тоқа­ев­ты ол билік­ке кел­мей тұрып аңдып, бақы­ла­у­ға тап­сы­рыс берген.

Мем­ле­кет­тің ныса­на­сы­на ілік­кен­дер­дің тағы бірі – 2008 жылғы сол бір кеш­те Мәсі­мо­втің жанын­да болған сынып­та­сы, Қаза­қстан­ның бола­шақ пре­мьер-мини­стрі Асқар Мамин.

Дәл осы бағ­дар­ла­ма­мен теле­фо­ны­нан ақпа­рат ұрланған Димаш Әлжа­нов аңду опе­ра­ци­я­сын Мәсі­мов басқарған деп топшылайды.

– Ол қоғам­ды үсті­нен, ал режим­ді іші­нен бақы­ла­у­ға жау­ап­ты бол­ды. Мәсі­мов бұл опе­ра­ци­я­ны Назар­ба­ев­тың сұра­уы­мен жүр­гізді деп ойлай­мын, – дей­ді сая­сат­та­ну­шы әрі бел­сен­ді Әлжанов.

Мәсі­мов­ке қар­сы сот про­цесі жабық өткен­дік­тен, оған нақты қан­дай айып­тар тағы­лға­ны, істің жай-жап­са­ры белгісіз.

Қол­да бар ақпа­ратқа қараған­да, Мәсі­мов 5 қаңтар­да Қауіп­сіздік кеңесінің оты­ры­сы­на қаты­сқан­нан кей­ін біраз уақыт­тан соң қамауға алынған.

Ресми деректер­де ол 6 қаңтар күні ұстал­ды деп айты­ла­ды. Бұл кез­де елде сұй­ы­л­ты­лған газ баға­сы­ның көтерілуіне қар­сы басталған бей­біт нара­зы­лық жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке ұла­сып, Алма­ты­да және Қаза­қстан­ның тағы бір­не­ше қала­сын­да әкім­шілік ғима­рат­тар өртеніп, көлік­тер қира­ды, дүкен­дер тоналды.

Басқа ақпа­рат көз­деріне сүй­ен­сек, Мәсі­мов 5 қаңтар­да ұсталған.

Бұл деректер­дің қай­сысы рас екені бел­гісіз, өйт­кені ресми мәлім­де­ме 8 қаңтар­да бір-ақ шықты.

Бұл кез­де Қаза­қстанға Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы шарт ұйы­мы­ның әскері келіп, Тоқа­ев­тың пози­ци­я­сы едәуір нығай­ып қалған.

Қаңтар оқиға­сы кезін­де Назар­ба­ев бір­де-бір мәлім­де­ме жасаған жоқ. Кей деректер­ге қараған­да, ол Қауіп­сіздік кеңесінің оты­ры­сы­на да қатыспаған.

Тоқа­ев интер­нет­ті өшіріп, бар­лық ақпа­рат арна­сын бақы­ла­уда ұстап отырды.

Кей­інірек Тоқа­ев «Назар­ба­ев­пен сөй­лесіп, оны Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы қыз­меті­нен кету­ге көн­дір­генін» айтады.

Пре­зи­дент өзіне Аста­на­дан қашу­ды ұсы­нған­дар болға­нын айту­ды да ұмытпады.

«Кез кел­ген мем­ле­кет­тік төң­керістің мақ­са­ты – әртүр­лі адам­дар­дың билік­ке келуі», – деді басын­да Алма­ты­ға «20 мың тер­ро­рист шабуыл жаса­ды» деп мәлім­де­ген Тоқаев.

Мәсі­мов мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға тал­пы­нған бол­са, ол мұны басқа ықпал­ды сая­сат­кер­лер­дің көме­гін­сіз, жалғыз өзі іске асы­ра ала ма?

Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін Тоқа­ев «жап­пай тәр­тіп­сіздік­тің өршуіне Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті кінәлі» екенін атап өтті.

Мәсі­мо­втің бірін­ші орын­ба­са­ры, Назар­ба­ев­тың неме­ре інісі Самат Әбі­штің жайы не болады?

2019 жылы Тоқа­ев пре­зи­дент болған кездің өзін­де көбі Назар­ба­ев­тың орнын Самат Әбіш баса­ды деп болжап еді.

Мәсі­мо­втің басқа үш орын­ба­са­ры­мен салы­сты­рған­да, Әбіш күдік­ті емес, куә­гер ретін­де тер­гел­ді. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін біраз уақыт бойы халық Самат Әбіш қыз­меті­нен боса­тыл­ды ма, жоқ па деген сұрақтың жау­а­бын білмеді.

– Мәсі­мов мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға тыры­сты деген идея ақы­лға қон­бай­ды. Ақыл­ды сая­сат­кер еді. Ол ешқа­шан қазір­гі Тоқа­ев сияқты басты рөл­де­гі актер бола алмай­ты­нын жақ­сы білетін, – дей­ді Әлжанов.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн