Пятница , 4 июля 2025

МӘҢГҮРТСТАН

  • Бұрын­да­ры интер­нет әле­мін­де жүр­ген «Мәң­гүрт­стан» деп аталған роман-анти­уто­пия жуы­қта кітап болып шықты. Еске сала кетей­ік, «Ақтан Төкіш» деген автор­дың аты­мен жари­я­ланған бұл шығар­ма бұдан 7–8 жыл бұрын интер­нет пай­да­ла­ну­шы­лар ара­сын­да біраз қызы­ғу­шы­лық туды­рып еді. Түр­ме­де 28 жыл оты­рып шыққан кей­іп­кер­дің аты­нан 2050 жыл­дарғы Қаза­қстан­ды сурет­тей­тін бұл роман-анти­уто­пи­я­ның шынайы авто­ры – «Фейс­бук­тың» қаза­қстан­дық сег­мен­тіне бел­гілі бло­гер, қараған­ды­лық жас ғалым Айнаш Кер­ней (фото).

Оқыр­ман қауым­ның қызы­ғу­шы­лы­ғын туды­руы мүм­кін деген сенім­мен төмен­де біз «Мәң­гүрт­стан» рома­ны­нан үзін­ді жари­я­лай оты­рып, кітап­ты сатып алу үшін мына теле­фон­дарға хабар­ла­суға бола­ты­нын еске саламыз:

8−701−299−90−28 – Алма­ты қала­сы бойынша;

8−778−408−08−46 – Қарағанды.

Редак­ция

Тамақта­нып алып, қалаға шықтық. Келіс­кені­міз бой­ын­ша, Сәбит менің қасым­да бола­ды. Аста­наға дей­ін қашық емес, авто­бу­спен бір сағат қана жол. Сәбит жол үстін­де кеше­гі кеш­те ұмыт қалған май­да-шүй­да әңгі­ме­лерін айтып келеді.

Қаза­қстан­да қазір 25,5 мил­ли­он халық тұра­ды екен, оның 13 мил­ли­о­ны ғана қаза­қстан­ды­қтар. Сәбит­тің айтуын­ша, 12,5 мил­ли­он шетел­дік­тер­дің жар­ты­сы осы жер­де туған­ды­қтан, қаза­қстан­дық аза­мат­ты­ққа ие. Бірақ бұл цифр­лар нақты емес, 2029 жылғы деректер. Оның түсін­діруі бой­ын­ша, санақ жүр­гізіл­ген кез­де оңтүстік­тің, әсіре­се батыс аймақтың көп­те­ген адам­да­ры жасы­ры­нып қалған неме­се шетел­ге шығып кет­кен. Бұлай етудің басты мақ­са­ты – жал­дық келісім бой­ын­ша, жалға беріл­ген мерзім­де жер­гілік­ті халы­қтың саны (қаза­қтар мен қаза­қстан­дық аза­мат­ты­ғы бар­лар, олар­дан туған бала­лар) сол орда­ның халқы­ның кем деген­де 50 пай­ы­зын құра­уы тиіс. Санақ қоры­тындысы бой­ын­ша, қаза­қстан­ды­қтар елде сәл ғана жар­ты­сы­нан көбін құрай­ды екен, бірақ аймақтар­ды ара­лаға­ным­да, күді­гім көбейе түсті.

– Қалған 3 мил­ли­он қаза­қстан­ды­қтар қай­да? – дедім шыдамай.

Сөйт­сем, ақша­сы бар адам­дар басқа елдер­ге көшіп кетіпті.

Айт­пақ­шы, Қаза­қстан­ды басқа­ру­шы­лар Лон­дон­да тұра­ды, сол жақта тұрып елді басқа­ра­ды. Елдің әр сала­сын­да өзінің үлесі бар адам­дар істерін атқа­ру­шы іскер­лер­ге тап­сы­рып қой­ған, өздері сая­си тұрақты, табиға­ты бұзыл­маған, әле­умет­тік жағы­нан ауқат­ты елдер­де өмір сүреді, бай адам­дар сана­ла­ды. Олар­дың бала­ла­ры да Қаза­қстан­да тұр­май­ды, бірақ Қаза­қстан­ның бай­лы­ғы­ның арқа­сын­да ауқат­ты өмір сүріп жатқа­нын біледі. Тіп­ті ортаңқол ауқат­ты адам­дар­дың өздері шетел­дер­де өмір сүреді. Бұл дәстүр қазір жап­пай модаға айналған.

Жастар жағы, жап­пай дер­лік деу­ге бола­ды, шетел­дік білім алған­дар. Көп жағ­дай­да сол жақта қалып қояды. «Неге олай екенін кей­ін өзің түсіне жатар­сың», – деді Сәбит. Зей­нет­кер­лер аз, көп­шілі­гі зей­нет жасы­на жет­пей өледі. Бала туу күрт төмен­деп кет­ті, әр отба­сын­да бір ғана бала­дан туа­ды, екі бала туу – сирек жағдай.

Ақмо­ла облы­сын­да неме­се қазір­гі аты­мен айтқан­да, Қазақ орда­сын­да 1 мил­ли­он халық тұра­ды, оның 100 мыңы шене­унік­тер, 350 мыңы әртүр­лі қыз­мет көр­се­ту сала­сын­да жұмыс істей­тін­дер, 50 мыңы – педа­гог пен дәрі­гер­лер, 100 мыңы – өзін-өзі асы­ра­у­шы­лар. Бұл адам­дар­ды кіш­кен­тай Қаза­қстан­ның бел­сен­ді бөлі­гі деп сана­сақ, қалған бөлі­гінің 300 мыңы – бала­лар, 50 мыңы – зей­нет­кер­лер, 50 мыңы – мүге­дек­тер, оның ішін­де мүге­дек болып туған­дар көп. Елде жұмыс­сыздар жоқ, олар өзін-өзі асы­ра­у­шы­лар санатында.

Сәбит бұры­нғы билік­те болған бар­лық absentee(жоқ адам­дар) дей­тін­дер­ді боқтап келеді. Олар демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­те өмір сүрудің қан­ша­лы­қты жақ­сы екенін біле тұра, мүм­кін­дік­тері бола тұра, Қаза­қстан­ды сон­дай елге айнал­ды­руға түк істе­меді. Елде­гі дүниені түгелі­мен қира­тып, ішіп-жеп, өз халқын қал­ды­рып, дап-дай­ын шетел­де­гі сал­та­нат­ты сарай­ла­ры­на кет­ті де қалды.

Шетел­де тұра­тын ел бас­шы­ла­ры елде не болып жатқа­ны­нан еш хаба­ры жоқ, ол жағы­ның оларға қажеті де жоқ. Жал­гер­лер тиісті жал­дық пұл­да­рын уақы­ты­лы төлеп отыр. Жалға беру­ден түс­кен ақша­ның басым бөлі­гі сыр­тқа кетіп жатыр, қалған бөлі­гі мем­ле­кет­тік аппа­ратқа, жәр­де­мақы мен зей­не­тақы­ға, қалған ақша­лар 2015 жылға дей­ін алы­нған ел қары­зын төле­у­ге жұм­са­ла­ды. Тағы бір бөлі­гі кезін­де аты шыққан Бола­шақ ұрпақтың қоры­на төле­неді. Мек­теп, кли­ни­ка­лар жеке мен­шік­те, яғни мем­ле­кет халы­ққа білім беру және ден­са­улық сақтау мәсе­лесі­мен айна­лы­спай­тын бол­ды. Сәбит­тің айтуын­ша, Қазақ орда­сын­да ештеңе өндіріл­мей­ді, өсіріл­мей­ді, бар­лы­ғы басқа орда­лар­дан тасылады.

Мен үнде­мей тың­дап келе­мін, олар­ды ой еле­гі­нен кей­ін жалғыз оты­рған­да өткі­зе­мін. Әуелі бұл шал­дар­дың айтқан­да­ры рас па, жоқ па, соған көзім­ді жет­кізіп алай­ын. Енді Сәбит­тің елі­міздің мұн­дай құл­шы­лы­ққа қалай жет­кені жай­лы әңгі­месін күтіп отырмын.

Икс саға­ты туып, жап­пай таза­лау біт­кен соң, елді қай­та бөлу, өзгер­ту бастал­ды. Бөліп ала­тын ештеңе қал­мап­ты, бәрін билік­те оты­рған­дар әлдеқа­шан бөліп алған, тағы бір бөлік­тер­ді шетел­дік­тер­ге сатып жібер­ген. Жер сату бастал­ды. Оны май­да-шүй­да емес, ірі дең­гей­де жүр­гізді: шұрай­лы егістік, жай­ы­лым­дық, шабын­дық, орман­ды шатқал­дар бірін­ші болып сатыл­ды, сосын аудан­дар­ды сата баста­ды. Одан соң шека­ра­дағы жер­лер­ді олар­мен шек­тесіп жатқан көр­ші меме­ле­кет­тер­ге сату басталды.

Билік­те­гілер елді бір­не­ше ордаға бөліп алып, жеке-жеке биле­мек­ші болып еді, бәріне көн­гіш халық нара­зы­лық біл­ді­ре баста­ды. Бірақ одан ештеңе шық­па­ды. Елде көш­бас­шы бола­тын ешкім қал­ма­ды. Шетел­де жүр­ген режим­нің қар­сы­ла­ста­ры билік­тің мұн­дай аван­тю­ра­сы­на қар­сы әлем­дік қауым­да­сты­қты қар­сы қой­ды. Билік амал­сыздан бұрын­нан сақтап келе жатқан вари­ант­ты – «Аймақтар­ды дамы­ту» бағ­дар­ла­ма­сын ұсын­ды. Бұл бағ­дар­ла­ма­ның мәні – енді шетел­дік­тер­ге тек қана қаз­ба бай­лы­қтарға бай аудан­дар­ды емес, облы­стар­ды іштерін­де­гі азып-тозған ауыл, аудан­да­ры­мен қосып, түгелі­мен жалға беру. Халы­ққа – бұл жұмыс уақыт­ша шара, бұл шара­ның нәти­же­сін­де аймақтарға қар­жы­лық арна­лар ақша төгіп, бұл аймақтар­дың қарқын­дап дамуы баста­ла­ды деп түсіндірді.

Көп­шілік бұған көн­ді, себебі елдің өз билі­гінің қолы­нан ештеңе кел­мей­тінін білетін. Дамы­ған елдер­ден келетін басқа­ру­шы­ларға сен­ді. Жалға берудің шар­ты халық ара­сын­да талқы­ланған жоқ. Бұл іске шетел­дер­ден шақы­ры­ла­тын атақты сарап­шы­лар кел­се, жақ­сы болар деп үміт арт­ты. Кей­інірек билік басын­дағы­лар жал­дық келісім­шар­ттың кей­бір ерекше арты­қ­шы­лы­қта­рын жария қыл­ды. Мыса­лы, қаза­қстан­дық жұмыс­шы­лар мен қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы­ның шетел­дік­тер­мен теңе­стірілетін­ді­гі, әр аймақтағы жер­гілік­ті халы­қтың саны 50 пай­ы­здан кем бол­мауы, сапа­лы білім беру мен ден­са­улық сақтау қыз­метін қам­та­ма­сыз ету. Қазақ елінің жерін жалға беру жөнін­де келіс­сөз­дер басталған­нан кей­ін, жиыр­ма жыл­дық үзілі­стен соң, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы жанын­дағы Қамқор­лық кеңесі жұмысын жалғастырды.

Жоқ, бұл жер­де бір кәдік бар, бұлай болуы мүм­кін емес нәр­се, бүкіл бір елді халқы­мен қосып, елу жылға жалға беру мүм­кін емес дей­мін ішім­нен Сәбит­ті тың­дап оты­рып. Теле­ди­дар­ды көре­мін, ескі газет­тер­ді оқып шыға­мын, сосын барып бір қоры­тын­ды жасай­мын. Мен күдік­ті болып бара жатқандаймын.

Қала­да көше­лер­ді ара­лап, ұзақ жүр­дік. Бар­лық жер­де­гі жазу­лар бақы­рай­ып, ағы­л­шын тілін­де жазы­лған. Аста­на­ны бір жағы­нан таны­ған­дай­мын да, екін­ші жағы­нан таны­май да қал­дым. Біраз жер­лері өзге­ре де қой­мап­ты, тозып ескір­ген, күң­гірт басқан сияқты. Бірақ адам­да­ры жарқы­рап, «мен­мұн­да­лап» киін­ген болып көрін­ді. Көше­лер­де тек қана әде­мі маши­на­лар жүріп жатқа­нын көр­дім. Ертістің сол жағын­да кезін­де мақта­ныш қиқу­мен салы­нған үйлер онша көбей­ме­ген. «Аста­на мақта­ны­шы» және Мини­стр­лер үйлерін орны­нан таба алма­дым. Сәбит олар­дың жиыр­ма­сын­шы жыл­да­ры өртеніп кет­кенін айт­ты. Ақор­да мен «Қаз­мұ­най­га­з­дың» да ғима­рат­та­рын көр­медім, «Бәй­те­рек» қана орнын­да қалып­ты. Сәбит «Бәй­те­рекке» көтерілу­ге ұсы­ныс жаса­ды. Мен бұрын ол ғима­рат­та бол­маға­ным­ды, ради­у­сы екі кило­метр кеңістік­ті көру үшін ғана жүз метр биік­тік­ке көтеріл­мей­мін деп, бас тарт­тым. Егер осы кең дала­да жан-жағы бір­не­ше кило­метр­ге созы­ла­тын үлкен қала­ны салған бол­са, адам­зат бала­сы­ның еңбе­гінің жемісін таң­да­на мақта­ну үшін шығуға болар еді. Қазір­гі өте қай­ғы­лы көріністің қан­дай қызы­ғы бар?..

Ақтан ТӨКІШ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн