Четверг , 3 июля 2025

Назарбаевтың «Самкасы» ТОҚАЕВ ҚОЛЫНА ӨТЕ МЕ?

Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің көмек­шісі Қанат Бозым­ба­ев «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның» дирек­тор­лар кеңесінің құра­мы­на кір­ді, деп хабар­ла­ды сей­сен­бі күні Нұр-Сұл­тан­да ақпа­ратқа қанық дерек көзіне сіл­те­ме жасаған Қаз­ТАГ тілшісі.

Ал сей­сен­бі күні ресми тараған ақпа­ратқа қараған­да, ҚР пре­мьер-мини­стрі Асқар Мамин бұл ұлт­тық ком­па­ни­я­ның дирек­тор­лар кеңесінің төраға­лы­ғы­нан кет­кен. Агент­тік тіл­шісінің сұх­бат­та­сы Бозым­ба­ев­тың алдағы уақыт­та қор­ды басқа­руы да мүм­кін екен­ді­гін жоққа шығармады.

Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, «Бас кіт­па­ха­на­шы» Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен кез­де­су­ден кей­ін, Мамин қор­дың жетек­шілік қыз­метін пре­зи­дент Тоқа­ев­тың ада­мы­на өткізіп беретін сияқты. Расын­да, Қаз­ТАГ-тың басқа дерек көзінің ақпа­ры­на сіл­те­ме жасаған хаба­рын­да, пре­мьер-министр Асқар Мамин дирек­тор­лар кеңесінің құра­мы­нан шыға­ры­лған көрінеді.

Егер Назар­ба­ев­тың «Сам­ка­сы» аталған ұлт­тық қор­дың бас­шы­лы­ғын­да дәл осын­дай схе­ма­дағы өзгерістер болған жағ­дай­да, «Самұрық-Қазы­на­ның» тұтқа­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қолы­на өтуі тиіс. Ал бұл қор қаза­қстан­дық өндірісте­гі негіз­гі және ауқым­ды актив­тер­ге иелік ететінін ескер­сек, ел эко­но­ми­ка­сы­ның жетек­ші тетік­тері Назар­ба­ев­тың уысы­нан шыға­ды деген сөз.

Бірақ тағы бір қар­сы тарап­тағы сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, «кіта­п­ха­на­шы» Назар­ба­ев «алтын жұмыр­тқа» туа­тын «Сам­ка­сын» бөтен біре­у­ге өз еркі­мен беруі мүм­кін емес. «Шама­сы, бұл ара­да да Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік пост­ты «тап­сы­рып кет­кені» сияқты, тағы бір құй­ты­рқы­лық болуы мүм­кін. Бұл ауыс-түй­істің мән-маз­мұ­ны­ны ресми ақпа­рат тараған соң нақыт­ла­нуы мүмкін.

Еске сал­сақ, Бозым­ба­ев пре­зи­дент көмек­шісі қыз­метін 2019 жыл­дың жел­тоқ­са­ны­нан бастап атқа­рып келеді. Оған дей­ін ол энер­ге­ти­ка мини­стрі, оның алдын­да Пав­ло­дар облы­сын басқарған. Ал пре­мьер Мамин «Самұрық-Қазы­на» қоры­ның дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы болып, 2019 жыл­дың науры­зы­нан бастап қыз­мет атқарған.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн