Четверг , 3 июля 2025

НАЗАРБАЕВ БОЛУДАҒЫ МАҚСАТ НЕ?

ОПАСЫЗДЫҢ 30 ЖЫЛ ОЙРАНЫ

«…Көне­ден өси­ет енбе­ген, ене­ден қаси­ет ембе­ген, тек қана октяб­рят, пио­нер, ком­со­мол, ком­му­ни­стер­дің Құдай­сыз, тамыр­сыз идео­ло­ги­я­сы тамыр-діңін жеп қой­ған бұл бей­бақ ғұмыр бойы ҚАЗАҚТАН ҚАШЫПТЫ!

  • «Ол сонау Тәу­ел­сіздік­тің елең-алаң таңын­да «өз күніңді өзің көр!» деген ұран тастап, өз мем­ле­кетін тона­уды мақ­сат тұтқан, отан­то­на­уды өнер көретін тұтас зыми­ян жемқор­лар арми­я­сын жасақтап шығар­ды! Олар жат елдер­ден «Эдем-бақтар» сатып алып, нәп­сі­да­ри­я­сын­да шалқа­лай жүзіп, шалқып жүр­ді. Ал бұл кез­де қаза­қтың бөбек­тері ішін қырау тұтқан қуы­стар­да бес-бес­тен отқа үйітіліп жатты!..
  • «…Оған Қаза­қтың қаси­ет­ті қоны­сы­нан қуыс түгілі, уыс топы­рақ бұй­ыр­ма­сы анық! Өйт­кені ҢӨҢ әу баста – ұза­ққа созы­лған опа­сыздық сапа­рын бастаған­да-ақ, өз жана­за­сын өзі осы­лай шыға­рып қой­ған: ҚАЗАҚТАН БЕЗГЕНДЕРГЕ ҚАЗАҚИЯДА ОРЫН ЖОҚ! Бұл қағи­да бұдан былай – келер­дің де, кетер­дің де ылғи жады­нан шық­пай­тын Үкім болуы тиіс!

Светқа­ли НҰРЖАН

Бұры­нғы­лар: «Хан мен құл теңе­сетін бір күн бар» дей­тін. «Жеті қат Ғар­шы­дан хабар алған» бұры­нғы­ның сөзін­де қате болу­шы ма еді?! Қате – «жеті жат тәр­би­е­мен» уланған біз­де ғой. Иә, мәуріт­ті сағат соғып еді, теңе­сті де қой­ды. Күні кеше ғана алқаға­нын – ер, қарғаға­нын жер қылған, Отан­ды отыз жыл ойран­даған назар­ба­ев та көп қара­бай­ыр мүжәл­сіз құл­дың дең­гей­іне түсті! Оны бұл Қара Күн­нен тау-тау қылып, ұрлы­қ­пен жинаған дол­лар­ла­ры, мың сан еркек-ұрға­шы­лы жағым­паз­да­ры, бір­не­ше млн. нәгү­мән «нұро­тан­ды­қта­ры» һәм әйлең­кес «ассам­бле­я­шы­ла­ры», іште­гі-тыстағы жұты­қы жем­тік­те­стері мен сүтікі сыбай­ла­ста­ры, жасан­ды заң­да­ры да құтқа­ра алма­ды. Құтқа­ра алмай­ты­нын, қай­дағы бір қай­ма­на, біз біл­дік, өзі неге біл­меді, соған таңмын?..

Ал біз бұл күн­ді ұза-а-ақ күт­тік. Мыса­лы, менің:

Қашып жатыр – алдап-арбап туды алған

Зыр-зыбыл­дар – ақша-масы туғаннан.

Біздің Отан ала­ды Ертең Азаттық,

Тәу­ел­сіздік Түр­месін­де уланған.

Далам менің!

Орда тік­кен мың атам,

Көк бай­рақтай аспа­ны­ң­ды ұнатам.

…Ешқа­шан да Отан екеу болмайды:

Қала­ды әлі Жалғыз Отан – Шын Отан!

Ұлы Отан!.. – деп НӘН-ге (жал­пы, осы­дан кей­ін елдің бәрі оны осы­лай атап кет­ті) хат жазға­ны­ма аттың қасқа­сын­дай 23 жыл өтті! Сол күт­кен заман бүгін ғана келді.

Жо-оқ, мен оны таба­ла­удан аулақ­пын. Өйт­кені НӘН-құл­дың құбы­жық бей­несін құс­ни-сөз­бен екі кісі шынайы кей­пін­де сурет­те­се, бірі – мен шығар­мын деп ойлай­мын. Өлең-жыр­лар­дан бөлек ортақ нәмі «Кіші Қия­мет­те­гі Қаза­қстан» ата­ла­тын неше­ме цикл-поэ­ма­лар: хат-дастан, әфса­на-дастан, хикая-дастан, тіп­ті «бәд­дұға-дастан» да жаз­дым, әттең, уақы­тын­да бәрі түгел жарық көре алма­ды. Себебі олар­ды жари­я­ла­у­ға газет-жур­нал, қажет бол­са, сайт­тар да дай­ын бол­ма­ды. Ал өзім кеше ғана дер­лік ішіне енген әлем­желінің мүм­кін­ді­гі шек­те­улі-тын. Үзіп-жұлып, «Жас Алаш», «ДАТ» газет­тері, «Абай.кз», «Ұлт.кз» сайт­та­рын­да шыққан­да­ры бар. Қалай­да ол шығар­ма­лар­дың бар­лы­ғын бола­шақ қазақ ұрғы­ны шып-шырға­сыз оқы­ры­на күмәнім жоқ. Тым құры­са, «назар­ба­ев-дәу­ренін­де­гі» біздің көкіре­гі­міз­де қат­талған қасірет-аза, өксік-наза, кек пен ыза, арман-арза­ны солар­мен бөлі­сер­міз. Сон­ды­қтан оның қол жет­пес зау биік­те тұрған дөй-талыс шағын­да да айта алған шын­ды­қта­рым­ды қазір­гі құр­ды­мға құлаған бей­ты­ныс уағын­да да айтуға хақым бар деп пәмдеймін…

Шынын­да, назар­ба­ев болу­дағы мақ­сат не?.. Ақиқатқа сал­сақ, ол да сасық сідік­тен, бір қой­ман­шы­ның отба­сын­да қараңғы­да пай­да болған күл-күмірә пен­де-тін. Бірақ Құдай-Таға­ла сұраға­ны­ның бәрін бер­ді. Осы Сын мен өтке­лек­тен өту­ге және дұрыс қоры­тын­ды шыға­руға тиіс едік…

Жә‑ә, бел­гіліні қау­зай бер­ген­де не рауа, Сөзді тастиы­қтап-бежеріп айтай­ық?! Қан­ды қаңтар­дан кей­ін осы НӘН-ге қаты­сты үш пікір тың­да­дым, бір пікір­дің иесі – С.Имашева деген депу­тат әйел, бәл­ки, қыз, екін­шісі – бел­гілі тарих­шы һәм сая­сат­шы Б.Әбдіғали, үшін­шісі – мәжіліс депу­та­ты, ғалым, өзім­нің інім Е.Жаңбыршин. Бірін­шісі: «Шын­дық әркім­нің аузын­да, ал біз ақиқат­ты біле­міз: мәсе­ле ол кісінің жанын­да кім­дер жүр­генін­де емес, ақиқат – ол кісінің тарих­та қала­тын­ды­ғы!» – деп «фәл­са­фа» соқты. Екін­шісі: «назар­ба­ев алға­шқы жыл­дар­да елді кере­мет басқар­ды, соңғы он жыл­ды­қта ғана бағыт­тан жаңыл­ды» деген ырай­да сөй­леді. Ал үшін­ші пікір жобам­ша былай аяқтал­ды: «назар­ба­ев та қаза­қтың бала­сы, ол кісі­ге ден­са­улық, ұзақ ғұмыр тілей­мін, отба­сы мүше­лері түгел аман бол­сын!». Бұл үш пікір үшбу мақа­ла­ны жазуы­ма түрт­кі болды.

Сне­жан­на ханым­ның, бәл­кім, хан­ша­ның «пікірін­ше», НӘН-нің қасы­на кілең ҚАЗАҚТАНБЕЗГЕН кісә­пір­лер­ді жинап алуы маңы­зды мәсе­ле емес көрі­неді! Міне, саған – мәс­саған! Әр қаза­қтың һәм оның ұрпағы­ның сыбаға­сын, Отан­ның қазы­на­сын кім-көрін­ген тексіз­ге және отба­сы­на тона­ту – мәсе­ле санал­май, вор-сал­тан­ның («сүй­ген құл­дың аты көп», бұл да біз таққан «таһаллус»-тұғын) құзғын басын «тарих­та қал­ды­ру­мен» ғана шұғыл­дан­сақ, жетер жері­міз­ге жет­кен екен­біз! Біз емес, ол – НӘН жет­кен екен негіз­гі мақ­са­ты­на: құл-сана­лы ұл, күл-шала­лы қыз өсіріп­піз 30 жыл бойы! Шүкір­лі­гі, мұн­дай­лар­дың аз екен­ді­гі. Мен қар­лы­хан­ша­ның «пікіріне» қосы­лам, ҢӨҢ тарих­та қала­ды, алай­да осы қал­пын­да, яки ғұмы­ры қаза­ққа жылы­маған қара жүре­гі­мен қала­ды! Қай тұсқа қара­сақ та, оның қарау жүре­гі қарақұр­дым құсап үңірей­іп және одан сұп-суық қара жел соғып тұра­тын болады!..

Бұрын да талай айт­тым, тағы реті келіп тұр. ҢӨҢ және оны­мен ығай­ласқан-сыбай­ласқан құлға­на­лар Қазақ халқын­да ұлт бұры­лып қарай­тын, тұтас құр­мет тұта­тын өлі­де де, тірі­де де ешкім қал­дыр­мауды мақсұт тұт­ты. Тарих айна­сы­ның Өткені­нен де, Бүгіні­нен де, Ертеңі­нен де тек өздерінің сұм­пайы кей­іп­терін ғана көр­гісі келіп жан­та­ла­сты. Сөй­тіп, сай­тан­сақал­дар­ды қап­та­тып, оларға негіз­гі қар­жы көзі Сауди­ядан құй­ы­ла­тын «асыл арна» сықыл­ды ТВ ашып беріп, әули­е­лері­мізді қорлатты!

Рухы биік, тұтас ұлт ешқа­шан қазы­на­сын жатқа талат­пай­ды, аузы ала ел ғана бір-біріне қоқи­ла­нып жүр­ген­де жатқа жем бола­ды. Сол үшін ҢӨҢ бастаған ақыр­за­ма­ни ала­яқтар әуелі аулым­ды үшке бөл­ді, сосын аузым­ды «отыз рулы тіс­ке бөл­ді» (Тыныш ақын), сосын дін­ге, тіл­ге, бай мен кедей­ге, омалған мен орал­манға, т.б.-ға бөл­ді. Сол улы идео­ло­ги­я­ның сұрқия сал­да­ры бізді оңдыр­май кет­ті, қазір үш қазақ үш жүз жаққа қарап ұли­тын жағ­дай­ға жетті…

Ал Берік-бауыр­дың «соңғы он жыл» тура­лы айтқа­ны да ақиқат­пен мүл­де қоң­сы қон­бай­ды. Өйт­кені НӘН неме­се ҢӨҢ 95-те заң­ды Пар­ла­мент­ті тарат­ты! Себебі Пар­ла­мент оған: «Сырт­тан құй­ы­ла­жақ инве­сти­ци­я­лар­дың кіріс-шығыс есебі Пар­ла­мент­ке беріл­сін. Әйт­пе­се кор­руп­ция баста­лып кете­ді, сөй­тіп өліп-талып жет­кен Тәу­ел­сіздік­тің тамы­ры­на құрт түсіре­міз де, Мем­ле­кет­тің түбіне жете­міз, келе­шек ұрпақтың қарғы­сы­на қала­мыз!» деген заң­ды талап қой­ды. Сол Пар­ла­мент тара­ты­лған күні – яғни Азатты­қтың төр­тін­ші жылы-ақ ҢӨҢ ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАДЫ! Одан кей­ін­гі жағ­дай­лар әмбе­ге аян. Ұрлы­қтар­ды заң­да­сты­ру үшін екі­па­ла­та­лы «қал­та-пар­ла­мент» жасақтал­ды. Елба­сты­ның (бұл нәм де менің «сүй­гені­ме» таққан көп есім-сой­дың бірі еді, халы­ққа да «ұнаған-ау», көп­ке тара­лып кет­ті) ғана құзы­ры­на бағы­на­тын «ассам­блея» атты ала­ба­жақ алба­сты ұйым дүни­е­ге кел­ді! Бір ғана құзғын­ның бүкіл нәф­са­ни сұра­ны­сын қанағат­тан­ды­ру­ды Басты Ныса­наға алған Кон­сти­ту­ция қол­да­ны­сқа енгізіл­ді! 2000 жылы күл­лі Заң ата­улы­ның бәрі­нен де дәре­же­сі биік, мысы басым «Елба­сы тура­лы заң» күшіне енді!.. О, онда «қаза­қтың Жалғы­зы­ның» ғана емес, отба­сын­дағы һәр­бір жал­мауы­зы­ның да төбесі­нен құс түгілі шір­кей ұшыр­май­тын бет­сіз пәр­мен-бап­тар бар…

Сенім­ді дереккөз­дер­дің айғағын­ша, 1996 жылы ҢӨҢ-нің Швей­ца­рия бан­кін­де 1 млрд дол­лар ұрлық ақша­сы бол­ды! Бұл ұрлық ашы­лып қалып, кеудесі­нен әлі жаны шығып бол­маған Пар­ла­мент­те біраз айқай болған. Оларға жау­ап беру­ге И.Тасмағамбетов шыққан. Себебі күл­лі боқта­ры мен отта­ры­на ТАС-ты лақты­рып оты­ру ҢӨҢ-нің «атакәсібі»-тін… Осы­дан соң-ақ ҚАЗАҚТЫ АЛДАУ, ҚАЗАҚТЫ САТУ ойын­да­ры баста­лып кет­ті. Ең алды­мен адам­зат бала­сы жаса­маған зорақы қыл­мыс жасал­ды: әр қазақ көзінің қара­шы­ғын­дай сақта­уға тиісті қорған­сыз шара­на нәре­сте­лер шетел­ге саты­ла баста­ды! Олар­ды Отан-Ұлт­тан, Ата-Жұрт­тан, Баба-Салт­тан ыры­қ­сыз айыр­ды. Міне, қазір олар­дың алды ержетіп-бой­жетіп, түп-тамы­рын, Ұлт-Тәңірін, ата-ана­сын іздеп, мұхит­тың арғы беті­нен біз­ге қарап жанұ­шы­ра қол созу­да! Ал бұл сатқын­дық – біздің әр қада­мы­м­ы­зды күні-түні аңдып оты­рған күл­лі ғала­ми ұры­ларға: «Келе берің­дер, біз­де қаси­ет тұта­тын еш құн­ды­лық жоқ! Біз БӘРІН САТАМЫЗ!» деген иша­ра белгі-тін!

Содан кей­ін­гі «қой­ы­лым­дар», шынын­да, сол сце­на­рий бой­ын­ша жүр­гізіл­ді. Мем­ле­кет­тік Тіл тура­лы, тағы да ҚАЗАҚТЫ АЛДАУ үшін, ауыт-ауыт өмірі орын­дал­май­тын жалған бағ­дар­ла­ма­лар жасақта­лып отыр­ды. Соны­мен ұлты­мы­здың Ар туы – туған тілі­міз тексіз ұлт­сыздар­дың шұлға­уы­на айнал­ды. Үкі­мет басы­на, жал­пы билік­ке, Пар­ла­мент­ке Ата-Тіл­ден тыр­дай мақұ­рым мақұлқат­тар­ды әкел­ді. Одан ары қор­лай түсу үшін: «Мен мем­ле­кет­тік тіл үшін қол­дан кел­ген­нің бәрін жаса­дым»; «Қазақ пен қазақ қаза­қ­ша сөй­лес­сін» деген «ғасыр тұжы­рым­да­ры» айтыл­ды. Бірақ өзі – «алам­нан таң­дап сүй­ген ардақты­ла­ры­мен», жең ұшы­нан жалғасқан жан­баққы­ла­ры­мен, «төсек­жорға­лы» сал­дақ-құма­ры­мен, отба­сын­дағы арам­сідік­тері­мен ешқа­шан сені мен менің Ұлы Тілі­міз­де сөй­лесіп көр­ме­геніне еш шүһбәм жоқ! Шынын­да, Құдай­дың Ақиқа­тын ғана айту үшін жаралған Қаза­қтың қаси­ет­ті тілі ондай арам­за­да­лар­дың аузы­на ергіз­де сыймас-дүр!..

Содан соң «Қаза­қта бұрын мем­ле­кет бол­маған»; «Бұрын біз­де мем­ле­кет­тік шека­ра бол­маған» (аста­ры – «Бәрі менен баста­ла­ды») деген сорақы бай­лам­дар да, Ғылым ака­де­ми­я­сын жою, ауыл шару­а­шы­лы­ғын опат қылу, өндіріс ошақта­рын талқан­дап, заң­сыз жеке­ше­лен­ді­ру, адам­дар­дың таба­нақы­мен құрған меке­ме­лерін тар­тып алу, т.б. көп­те­ген жобаға сый­мас, жораға көн­бес қыл­мыстар да сол діл­сөк­кі, құл­тек­ті, күл­төк­кі жыл­дар­дың еншісінде.

Содан кей­ін ДІНСАТУ бастал­ды, – тағы да ҚАЗАҚТЫ АЛДАУ үшін биік мін­бер­лер­ден: «Біздің руха­ни темірқа­зы­ғы­мыз – Қожа Ахмет Иас­са­уи жолы! Біздің табан тірер түп­кі нүк­те­міз осы ілім» деп жүр­ген ҢӨҢ шырақ, дін атын жамы­лған жаһан­на­ми қані­шер­лер – уаһаб­шы-саляф­тарға саты­лып, олар­ды, яки Әзірет Сұл­тан жолын­дағы момын құл­дар­ды бір күн­де (2010 ж. 18 тамыз, Рама­зан айы) жой­да­сыз жала, арсыз бәле­лер­мен түр­ме­ге тықты! Бір қыл­мысын дәлел­дей алма­са да, алдын 14 жылға дей­ін абақты­ға қамап, дүни­е­ден өткен­дерін қабірі­нен қазып алып, арты­нан көм­бей кет­ті! Ажал­ды­ла­рын өлтір­ді, мүжәл­сіз­дерін тентіретті!..

Әлем­де тұңғыш рет саля­фит қані­шер­лер «заң­мен», Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның заңы­мен қорғал­ды, әлгі Құдай­дан басқа пана­сы, қаза­қтан басқа қара­сы жоқ қорған­сыз сор­лы­ларға: «Уахаб­бит, сала­фит сықыл­ды «иттер» қап­тап кет­ті» деп, олар­дың ожда­ни хұқын қор­лаған!» деген масқа­ра айып­тар тағыл­ды! Мұның бәрі арай жүз-шарай көз – бар­ша­мы­здың көз алды­мы­зда өтті: мем­ле­кет­тік теле­ар­на­лар арқы­лы әлі сот үкі­мі шық­паған жазы­қ­сыз жан­дар­дың үсті­нен бәле мен жала­ның қара бора­ны бора­ды! Бүгін­гі Ұлт көсе­мі тура­лы фильм түсіріп жүр­ген жүгір­мек­тер уаһаб­шы­ларға саты­лып, «Ақиқат» аты хара­мы фильм түсіріп, жала­у­ла­тып бақты!

Ал бұл кез­де саты­бал­дысы, тіле­уха­ны, таза­бе­ко­ві бар – әща­ды сала­фит­тер ҚазҰУ-дың сарай­ын­да «Түр­кістан – шірік­стан!» деген тақы­рып­та айтыс өткізіп жат­ты! Ләкін ҢӨҢ-нің өзі сол кез­де (2011 ж. сәуір­дің 11 жұл­ды­зы) сол қаси­ет­ті шаһар­да: «Біздің табан тірер руха­ни ілі­мі­міз Қ.А.Иассауи жолы бол­мақ» деген аяр сөзін ақы­рғы рет айт­ты… Міне, мәсе­ле қай­да жатыр?.. Жә, бұл әлі Тарих алдын­да талай қау­за­ла­тын тақы­рып болған соң, бұдан ары тоқталмаймыз…

30 жыл­да бір­де-бір өнер­кәсіп орын­да­рын ашпас­тан, тек шикі­за­тқа тәу­ел­ділік­те ұстап, ұры­лар­дың қанағат­сыз жем­са­уы­на лай­ы­қталған КЕНСАТУДЫҢ соңы ЖЕРСАТУҒА жет­кізді! Иә, өзіңіз біліп отыр­сыз ғой: сонау б.д.д. бәлен­бай­ын­шы жүз­жыл­ды­қтар­да өмір кеш­кен Алып Ер Тұңға, Мүде қаған баба­ла­ры­мы­здан кеше­гі Кене­са­ры-Сыды­ққа шей­ін «бір сүй­е­мі 18 000 ғала­мға тең» саналған Қаза­қтың құт­ты топы­рағы дүни­е­жүзілік жылы­мқұрт­тарға, оның ішін­де Ақыр­за­ман­ның ала­пат күші Яжуж-Мәжу­ж­ге саты­лып кете жаздады!..

Тобақа­зы­ққа тірел­ген бұл кеп­ті осы тұстан шиы­рып (өйт­кені мұны әлі әр қыры­нан күл­лі ұлт-ұрғы­ны­мы­з­бен талай талқы­ла­ры­мыз хақ), негіз­гі айт­пағы­мы­зға көшей­ік. Соны­мен, назар­ба­ев болу­дағы мақ­сат не? Әлгі дәй­ек-мысал­дар­дан мағұ­лым бол­ды: көне­ден өси­ет енбе­ген, ене­ден қаси­ет ембе­ген, тек қана октяб­рят, пио­нер, ком­со­мол, ком­му­ни­стер­дің Құдай­сыз, тамыр­сыз идео­ло­ги­я­сы тамыр-діңін жеп қой­ған бұл бей­бақ ғұмыр бойы ҚАЗАҚТАН ҚАШЫПТЫ! Қашқан­ды­ғы­ның хас бел­гісі – бұл өз әулеті­мен өгей тіл­де ғана қаты­нас орнат­ты. Соның себебі­мен оның арам­без ұрпағы – жер бетін­де ҚАЗАҚ атты ұлт бар екенін, ол ұлт Қаза­қстан мем­ле­кетінің иесі екенін, күн­дер­дің күні болған­да, ақы­сын талап ететінін, қажет бол­са, ақы­рып теңдік сұрай­ты­нын мүл­дем ойла­нып көр­ген жоқ! Олар бұл мем­ле­кет­ті есеп­сіз көп ақша жасай­тын кеңістік деп қана ұқты. Ал әулет­тің екін­ші бөле­гі харам­бай­лық іздеп жүр­ген­де саляф­та­нып тын­ды (олар­дың қалай ол қан­ды тұза­ққа шық­пас­тай болып түс­кен­дері, кім­дер себеп­ші болған­да­ры тура­лы нақты деректер бар, уақы­ты кел­ген­де бәрі де әйгіленеді).

Сөй­тіп, ҢӨҢ-нің ошағы Отан­ның, күл­лі инса­ни­ят­тың қатер­лі хас дұшпа­ны­на айнал­ды. Әрине бұларға да Қазақ болу­дың түк­ке кере­гі жоқ-тын. Олар­дың шын пиғыл, ең соңғы әре­кеті осы­нау «қан­ды қаңтар­да» күл­лі әлем алдын­да әшке­ре бол­ды. Өйт­кені ҢӨҢ құпия әскер­лерін әлгі қай­рат, самат сықыл­ды сатқын туы­ста­ры мен мәсі­мов, тіле­уха­нов, таза­бе­ко­втер­дің сілім­тік сала­фит­тері­нен жасақта­ды! Ал олар күн­дер­дің күні болған­да, мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ бол­ды, жазы­қ­сыз жан­дар­дың қанын төк­ті, қала­ла­ры­мы­зды өртеді!

Ол айна­ла­сы­на «13? ұлт­тан» құралған ала­пес ассам­бле­я­мен қамал салғы­сы кел­ді, олар­дың жәді­гөй, жат­тан­ды, жағым­паз ұран­да­ры­мен қоректенді.

Ол тен­тіре­ген телім­сек, қаңғы­ған келім­сек­тер­ді шірі­те бай­ыт­ты: маш­ке­вич, шоди­ев, ибра­ги­мов, хра­пу­нов, школь­ник, кула­гин, қап­таған ким­дер мен цой, нилер, тере­щен­ко, мит­тал, мәсі­мо­втер һәм Қаза­қтан без­ген мамин бастаған сан­даған вор­лар осы тіз­бек­те! Ол сонау Тәу­ел­сіздік­тің елең-алаң таңын­да «өз күніңді өзің көр!» деген ұран тастап, ӨЗ МЕМЛЕКЕТІН ТОНАУДЫ МАҚСАТ ТҰТҚАН, ОТАНТОНАУДЫ ӨНЕР КӨРЕТІН тұтас зыми­ян жемқор­лар арми­я­сын жасақтап шығар­ды! Олар жат елдер­ден «Эдем-бақтар» сатып алып, нәп­сі­да­ри­я­сын­да шалқа­лай жүзіп, шалқып жүр­ді. Ал бұл кез­де қаза­қтың бөбек­тері ішін қырау тұтқан қуы­стар­да бес-бес­тен отқа үйітіліп жат­ты! Біздің «Өрт», «Ертек тың­дау», т.б. сықыл­ды кере­гесі отқа оранған, тере­зесі түтін­ге тұн­шы­ққан шығар­ма­ла­ры­мыз сол кез­дер­де жазылған…

«Құл құтыр­са, құды­ққа қар­мақ сала­ты­ны» рас екен, ҢӨҢ «ақы­ры бір өлім бар екенін «мой­ын­дап», қаси­ет­ті Түр­кістанға өзіне арнап дүр­бе сал­дыр­ды. Көше­лер­де­гі Баба хик­мет­тері жазы­лған гра­нит тастар­ды қоқы­сқа таста­тып, ҢӨҢ аты­на телін­ген шат­пақтар­ды мәр­мар­ларға жазып, Түр­кістан көше­леріне сам­са­тып қой­ды! Міне, Қ.А.Иассауи хик­мет­тері мың жыл бойы менің жүре­гім­де жасап келеді, ал «мәң­гі бәңнің» шат­ты-бұт­ты­ла­ры ол көше­де бір жыл да баян­дап тұра алма­сы аян болып қалды…

Әули­ені жеңіл­дік­ке санаған­да сөй­те ме?! Әзірет Сұл­тан бабам Алла­ның ақиқат ілі­мін тұн­шы­қты­рған кісә­пір­ді жаны­на жатқы­зып қояды деп ойлау қан­дай міскін­дік, нет­кен иман­сыздық еді?! Тіп­ті бір әкім­сы­мақ қаси­ет­ті шаһар­дың атын тағы да кісә­пір­дің аты­мен ата­уды да ұсын­ды-ау! Міне, ақыр­за­ман­дық азғын­дық деген – осы!

Соны­мен, ғұмыр бойы Қаза­қтан қашқан ҚАЗАҚБЕЗЕР, ҚАЗАҚБИЗАР кісә­пір 2022 жыл­дың қар­лы һәм қан­ды қаңта­рын­да сол ҚАЗАҚПЕН бет­пе-бет кел­ді! Қаза­қтың алды­ңғы – 300, кей­ін­гі – 70, соңғы 30 жыл­дық КЕГІМЕН, НАЛАСЫМЕН, ҮШ НАМЫСЫМЕН, теже­усіз тоналған күл­лі РУХАНИ, ДҮНИЯУИ қазы­на­сы­ның ҚҰНЫМЕН қар­сы ұшы­рас­ты! Ұшы­рас­қа­ны сол, зәресі ұшып кет­ті, ал ұша­тын има­ны мүл­де жоқ-ты, өлі тұлы­бы­ның қай­да ұшқа­ны (қашқа­ны) тіп­ті қызық та бол­май қал­ды. Сөй­тіп, үкі­бай-сүкі­бай­ла­ры ҢӨҢ тура­лы жалған ақпар­лар тара­тып, онсыз да алағы­зған елдің, еле­гіз­ген ердің жүй­кесін­де ойнап, ала­шай­тан­ды­қта­рын одан ары жалға­сты­рып бақты. Өзі жыл­ты­ң­дап, «мәуіл­де­ме» жасаған болды…

Мен кезін­де «Ұлт.кз» сай­тын­да жари­я­ланған «Шыңғыс хан­мен «шай­қас» атты даста­ным­да Хан Шыңғы­стан қашқан мақтан­шақ Хорезм шах Теке­штің кебін­сіз, теңіздің бір ада­сын­да жанын­да жалғыз қалған атқос­шы­сы­ның шапа­ны­на ора­нып жатып өлгенін үшбу назар­ба­ев бей­несін­де сурет­те­гем. Әрине, сәу­е­гей емес­пін, ләкін «тарих­ты ұмыт­саң, қай­та­ла­на­ры» – ақиқат: менің сол айтқа­ным келе жатыр, оған Қаза­қтың қаси­ет­ті қоны­сы­нан қуыс түгілі, уыс топы­рақ та бұй­ыр­ма­сы анық! Өйт­кені ҢӨҢ әу баста – ұза­ққа созы­лған ОПАСЫЗДЫҚ САПАРЫН бастаған­да-ақ, өз жана­за­сын өзі осы­лай шыға­рып қой­ған: ҚАЗАҚТАН БЕЗГЕНДЕРГЕ ҚАЗАҚИЯДА ОРЫН ЖОҚ! Бұл қағи­да бұдан былай – келер­дің де, кетер­дің де ылғи жады­нан шық­пай­тын Үкім болуы тиіс!

«Назар­ба­ев сабағы» нені үйре­те­ді: Қаза­қтан туып, Қаза­қтың жоғын жоқтап, намысын қуып өтпе­сең, Қаза­қтың нанын ғана жеп, қанын қасы­қтап ішіп кетем десең, онда сені ҢӨҢ-нің бақ­сыз, құт­сыз, талай­сыз тағ­ды­ры ғана күтіп ала­ды, мей­лі отыз жыл, бәл­кім, жүз жыл­дан соң! Бір қал­шыл­даған қар­лы қаңтар­да қар­сы алды­ң­нан шыға­ды осы Ақиқат азу тісі сақыл­дап!.. Міне, дәл сол сәт­те Мәшһүр Жүсіп уәлидің: «Қаза­қтың бәрі – азапта, қаза­қтан кет­кен­нің жаны – тоза­қта!» деген удай ащы ақиқа­ты өзе­гіңді өттей тілері хақ…

Сөзім­нің тыңғы­сын өз бауы­рым Еділ­дің (Жаң­быр­шин): «назар­ба­ев та қаза­қтың бала­сы» деген сөзіне қаты­сты аяқтағым келеді. Абай атам қаси­ет­ті Кәлам-Шәріп­тен алып айтқан қағи­да­сын­да: «Адам­заттың бәрін сүй – бауы­рым деп» дей­ді. Өйт­кені әрбір адам­ның жүре­гін­де Мей­ірім­ді Иенің бөл­ше­гі, яки Нұры­нан бөл­ген Рух атты асы­л­зат бар. Адам­затты сол үшін сүй­есің. Бұл инса­ни­ят пен хай­у­а­нат­тың айы­рым бел­гісі. Мұны біл­мей тұрып, тақ түгілі атқа міну харам! Оны біл­ме­сең, «ең әуелі – эко­но­ми­ка, басты­сы, қарын тоюы керек!» деп, сан­ды­рақтай бастай­сың. Ал ол сан­ды­рақтың соңы­ның немен аяқта­ла­ры­на ңөң-міскін­нің бей­о­па тағ­ды­ры дәлел. Егер пен­де бей­бақ Алла­ның «хали­фам бол!» деп, ама­нат қылып бер­ген Рухын ібіліс­ке сатып жібер­се, ол – қазақ түгілі адам сана­тын­да да бола алмай­ды. Демек, ол біз сүю­ге тиіс адам­зат қата­рын­да жоқ деген сөз.

Тағы да Мәшһүр Жүсіп әули­е­ге жүгі­ну­ге тура келіп тұр: «Құдай­дың ұрған құлын қоса ұрма­саң – Алла­ның сүй­ген құлы бола алмай­сың!..». Әули­енің ешқа­шан өтірік айт­пай­ты­ны­на сен­сек, кел, енде­ше: «Енді­гәрі руха­ни-дүни­я­уи қазы­на­сы есе­леп, есеп­сіз тоналған ҚАЗАҚИЯ ҚАҒАНАТЫНЫҢ тіз­гініне қаза­қтан без­ген­дер жар­мас­па­сын; Елдің тұтқа­сын кемел ұлдар мен салих құл­дар ұста­сын!» деп, жүмілә болып күні-түні дұға қылайық!

Әмин!

Көздіой­ық қонысы,

Маңғы­стау уәлаяты,

22.01.22 ж.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн