Вторник , 1 июля 2025

«НАЗАРБАЕВ КЕТСІН!» – әкімдікке келген аналар осылай деді

4 науры­зда Алма­ты­дағы Науры­з­бай ауда­ны әкім­ді­гі алды­на бірі – көп бала­лы, бірі – жалғы­з­ба­сты, кей­бірі екі-үш бала­лы отыз шақты ана кел­ген. Олар­ды әкім­дік өкіл­дері «үкі­мет бағ­дар­ла­ма­ла­рын­дағы жеңіл­дік­тер­ді түсін­ді­ру үшін жина­лы­сқа шақырған».

Түстен кей­ін жина­ла бастаған ана­лар­ды поли­цей­лер бақы­лап тұр­ды. Жиы­нға барған «Азаттық» тіл­шілерін поли­ция мен әкім­нің орын­ба­са­ры аудан әкім­ді­гінің ғима­ра­тын­да өтіп жатқан жиы­нға қаты­стыр­май, күшпен шығарған.

Нара­зы­лар­дың көбі үй мен тір­ке­у­ге қаты­сты мәсе­ле­лерін айтуға кел­ген. Олар «үкі­мет бағ­дар­ла­ма­ла­ры тиім­сіз» деп, «пре­зи­дент­тің орнын боса­ту­ды» талап еткен. «Бағ­дар­ла­ма­ла­ры уақыт­ша» Назар­ба­ев­тың «сай­ла­у­ға түсуіне қар­сы­мыз!» деп айқай­лаған аналар.

Жина­лы­стан шыққан ана­лар­дың бірі «Азатты­қ­пен» сөй­лесіп, «сөзі­мізді де, тала­бы­мы­зды да ешкім тың­даған жоқ” деді. Өзін үш бала­лы, жалғы­з­ба­сты мүге­дек ана деп таны­сты­рған Лау­ра Бай­мол­да­но­ва: «Үш жыл­дан бері әкім­дік­ке келіп жүр­мін. Мар­дым­ды көмек жоқ. Жал­да­ма­лы пәтер­де тұра­мын, [үкі­мет] бағ­дар­ла­ма­ла­ры тиім­сіз», – деді.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн