Суббота , 5 июля 2025

НАЗАРБАЕВ кімнің бүлдіршіндерін ОЙЛАП ЖҮР?

Сая­си науқан қай­наған қазан айы­ның орта­сын­да қаза­қстан­дық ресми БАҚ пен Ақор­да­ның аула­сын­дағы «бай­ла­у­лы басы­лым­дар» бүкіл әлем­ге тараған бір ақпа­рат­ты қал­та­рыс қалдырды. 

Әрине, «басы бай­лы» медиа оны өз ерік­тері­мен емес, Ақор­да «айт­па» деген соң, үнсіз қалған сияқты. Әйт­пе­ген­де Нұр­сұл­тан көке­лерінің әр сапа­рын айқай­ла­тып, аспан­да­тып жари­я­лай­тын ресми меди­а­ның үн-түн­сіз қалуы мүм­кін емес еді.

Қош, соны­мен ол не ақпа­рат? Ел-жұр­тқа енді­гі мәлім болған­дай, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа 17 қазан­да Фин­лян­ди­яға ресми сапар­мен барған еді (онда айтар­лы­қтай мем­ле­ке­та­ра­лық келісім-шар­ттар мен уағ­да­ла­сты­қтар жасал­маған болуы керек, әйт­пе­се сол «бай­ла­у­лы БАҚ» бұл сапар­дың қоры­тын­ды­ла­рын жер-көк­ке сый­ғы­з­бай жазар еді).

Міне, сол сапар кезін­де Қаза­қстан пре­зи­ден­ті шетел­дік жур­на­ли­стер алдын­да біраз ағы­тыл­ды (оның егжей-тег­жей­ін газет­тің ішкі бет­тері­нен оқып алуға бола­ды). Біз­ге қызы­ғы – Қаза­қстан­да 2020 жылы өтуі тиіс пре­зи­дент­тік сай­лау төңіре­гін­де айтқандары.

Жур­на­ли­стер­мен бри­финг кезін­де пре­зи­дент Назар­ба­евқа: «Сіз 2020 жылғы сай­ла­у­ға қаты­са­сыз ба?» деген сұрақ қой­ыл­ды. Мұн­дай сұрақтың бола­рын Нұре­кеңнің өзі де нобай­лаған болуы керек, айтар жау­а­бын табан асты­нан суы­рып алған­дай бұрқыратты:

«Бұл соңғы кез­дері маған өте жиі қой­ы­ла­тын сұрақ. Егер мен 2020 жылы кет­сем, кіш­кен­тай бүл­дір­шін­дері­міздің жақ­сы өмір сүруін кім қам­та­ма­сыз ете­ді?» – деп, ойлан­ба­стан сұраққа сұрақ­пен жау­ап бер­ді. «Ал егер шынын айт­сам, мүм­кін, сіз­дер мені бұл тақта аз оты­рған жоқ деп ойлай­тын шығар­сыздар. Әр бес жыл сай­ын мені сай­лап отыр­ды және үлкен басым­ды­қ­пен», – деп, Н.Назарбаев жау­а­бын жалға­ды (Facebook-тегі «Насто­я­щее вре­мя. Азия» ақпа­рат­тық бағ­дар­ла­ма­сын­дағы видео­дан қазақшаланды).

Иә, «кіш­кен­тай бүл­дір­шін­дері­міздің жақ­сы өмір сүруін кім қам­та­ма­сыз ете­ді?». Рито­ри­ка­лық жауап-сұрақ!

Өзі­нен басқа «қам­та­ма­сыз ететін» кім бар? Сот­та­лып, аты­лып, айда­лып кет­кен­дер­ден кім қал­ды? Расын­да, ешкім жоқ. Аны­ғын­да – ешкім­ді қал­дыр­ма­ды! Өзі маңай­ы­на жинап алған өңшең Мәмин сияқты «марқасқа­лар» мыңқ етер түр таныт­пай­ды. Екі қай­та­ра пре­мьер болған Маси­мов сияқты «маң­маң­гер­лер» халы­ққа масыл боп біт­кен. Қалған бала-шаға­ның жағ­дайы бел­гілі: жар­ты­сы – жемқор, қалға­ны – парақор. «Таза­мын» деген­дер­дің өзі ертең­гі күн­нің қамы­м­ен тен­дер­ден там-тұм тұз­дық тартқандар.

Ал «біз де бір ата­ның бала­сы­мыз, ел басқа­руға тал­пы­ны­сы­мыз бар» деген­дер­дің тірісі – түр­ме­де, қашып құты­лған­дар – шетел­дер­де бас сауға­лап жүр. Тіп­ті сол қашқан-пысқан­дарға бүй­ре­гі бұрған бло­гер­лер­дің өзі топ-тобы­мен сотқа тар­ты­лып жатыр. 

Кім қал­ды? Егер тақтан кетіп қал­са, «кіш­кен­тай бүл­дір­шін­дері­міздің жақ­сы өмір сүруін кім қам­та­ма­сыз ете­ді?». Әрине – өзі ғана!
Бірақ мұн­дағы халы­қтың бір сұрақ қоюға хақы­сы бар: Назар­ба­ев­тың ойлап жүр­гені қай бүл­дір­шін – өзінікі ме, өзгенікі ме?
Өзгенікі бол­са, олар мек­теп­те­гі тегін тамақтан қағы­лған, өзінікі бол­са – ол да өсіп қал­ды… 2020 жыл­ды күте тұрайық…

Ермұрат БАПИ

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн