Суббота , 5 июля 2025

Назарбаев тұралатқан тілді ТОҚАЕВ ТҰРҒЫЗА АЛА МА?

Қазақ тілін басқа мем­ле­кет­тер­дің тілін­дей етіп, өз тұғы­ры­на қалай көте­ре­міз? Осы­ған орай бір мысал келтірейін.

Ака­де­мик Салық Зима­нов «елба­сы» Н.Назарбаевқа кіріп, «Қазақ тілінің жағ­дайы мүш­кіл, егер түбе­гей­лі қолға алма­сақ, бола­шағы бұлы­нғыр бала­тын түрі бар…» деген­де пре­зи­дент: ”Неге осы Шаха­нов та, сен де қазақ тілін айта бересің­дер?! Ірге­міз­де орыс отыр емес пе?!» деп, орны­нан атып тұрып, қат­ты ашу­ла­нып­ты. «Доға­ры­ң­дар бұл мәсе­лені!» — деген пре­зи­дент­пен ара­да болған сөзді Салық Зима­нов сол күні үйін­де болған ака­де­ми­к­тер А.Қошанов, К.Ормантаев, К.Аухадиев, К.Үшпаевтың көзін­ше біз­ге айтып бер­ген еді.

Осы­дан шыға­тын бір-ақ қоры­тын­ды: Қазақ тілінің осын­дай мүш­кіл жағ­дай­ға тап болға­ны­на кім кінәлі екені айт­па­са да түсінік­ті. Ана тілінің мәр­те­бесін көте­ру тура­лы ака­де­ми­к­тер Рабиға Сызды­қо­ва мен Әбдуәлі Қай­дар да айтып та, жазып та кет­кен. Осы ғұла­ма­лар­мен талай рет пікір­лес­кен­де, мұң­да­рын шаққан да болатын.

Назар­ба­ев­тың 3 тіл­де сөй­леп, үш тіл­ді мең­ге­ру керек деген­нен кей­ін, Үкі­мет пен Білім мини­стр­лі­гі оның пай­да­сы мен зия­нын елек­тен өткіз­бей, іске кірісіп, қазақ тілінің дамуы­на нұқ­сан кел­тіретін бағ­дар­ла­ма жасап,оны оқу жүй­есіне енгізіп те үлгер­ді. Сон­ды­қтан, бүгін­де орыс­ша ойлап, орыс тілін­де сөй­лей­тін­дер­дің саны көбей­ме­се, азай­май тұр. Ең өкіні­штісі – уақыт­ты жіберіп алдық.

Мүм­кін мен қате­ле­сетін шығар­мын, бірақ келе­шек­те бір-ақ тіл – біз үшін қазақ тілін жетік мең­гер­ген жет­кілік­ті бола­ды. Себебі – жасан­ды интел­лект, робот­тан­ды­ру, жоғарғы инфор­ма­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­ның арқа­сын­да көзді ашып жұмған­ша, қазақ тілінің (кез кел­ген тіл­дің) бала­ма­сы қол­ма-қол ауда­ры­ла сала­ды. Сон­ды­қтан қазақ тілін – Ана тілін қаза­қтың 100%-ы білетін болады.

Қазақ тілін өз тұғы­ры­на көтер­ме­сек, біздің ел болуы­мыз екі талай, бізді бола­шақ кешір­мей­ді. Ол үшін не істеу керек? 

1.Президент Ұлт­тық Құры­л­тай шақы­рып “Қазақ тілінің бола­шағы тура­лы КОНЦЕПЦИЯНЫ» арнайы Жар­лы­ғы­мен қабыл­да­уы керек. 

2.Үкімет “Қазақ тілін Мем­ле­кет­тік қол­дау тура­лы 7 жыл­дық Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма“ жасап, Пар­ла­мент­ке ұсы­нуы керек. Ана тілін дамы­ту­ды бұры­нғы­дай, ешқан­дай қар­жы­мен шек­те­меу керек.

 3.Парламент «Мем­ле­кет­тік тіл – ҚАЗАҚ ТІЛІ тура­лы», арнайы заң қабыл­да­уы қажет. Ондай заң тек біздің елде ғана жоқ.

Уақты­сын­да мен моде­ра­тор болып, М.Шаханов, А.Осман , С.Ғаббасов, Д.Көшім, Н.Уали т.б. тіл білі­мінің ғалым­да­ры қосы­лып жасаған “Қазақ тілі – Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң­ның жаңа жоба­сын «елба­сы­ға» ресми жібер­ген­біз. Ал менің өзім сол кез­де­гі Мем­ле­кет­тік хат­шы Қ.Саудабаевтың қолы­на «Пре­зи­дент­ке жет­кізіп беріңіз» деп, табыст­аған едім. Одан еш нәти­же шықпады.

4.Барлық билік жүй­есіне, Қазақ тілін бел­гілі бір дең­гей­де игер­ме­ген адам, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке қабыл­дан­ба­уы керек. Әрине Қазақ тілін жет­кілік­ті дең­гей­де білу­ге мүм­кін­дік, қысқа уақыт беру қажет.

Осын­дай кешен­ді іс-шара­сыз, біз мына өгіз аяң жүрісі­міз­бен Қазақ тілінің мәр­те­бесін көте­ре алмаймыз.

Ора­за­лы СӘБДЕН, академик

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн