Суббота , 5 июля 2025

Назарбаев Қазақстанды ТҰТАСТАЙ жекешелендіріп алған ба?!

  • Осы газет­тің өткен апта­дағы саны­нан «Пере­чень объ­ек­тов семьи Назар­ба­е­ва, под­ле­жа­щие воз­вра­ту» деген тізім-мате­ри­ал­ды оқып, жағам­ды… ұста­мақ тұрғай, жұлып ала жаз­да­дым. Сұм­дық! «Қолы­нан кел­ген қоны­шы­нан баса­ды» деген­нің масқа­ра дәлелі!

Назар­ба­ев, шынын­да, Қаза­қстан­ды жеке мен­ші­гі етіп алған секіл­ді. Пре­зи­дент­тік­ке сай­ланған күні Құран Кәрім­ге оң алақа­нын төсеп тұрып, елге, халы­ққа әрқа­шан адал қыз­мет ету­ге ант бер­ген сәті менің де көз алдым­да. Мешіт­ке барып жүр­гені де. Мына тізім-мате­ри­ал оның ант беру рәсі­мін жасаған күн­нің ертеңін­де-ақ халы­қты алда­уға кіріс­кенін, мешіт­ке барып жүр­гені кәдім­гі көз­бо­я­у­шы­лық екенін айғақтаған.

Назар­ба­ев­тың жемқор­лы­ғы, шетел­дер­де жиыр­ма шақты сал­та­нат­ты зәулім сарайы, вил­ла­ла­ры, шипа­жай­ла­ры, кеме­лері, ұшақта­ры, тағы басқа дүние-мүлік­тері бары нақты­лап жазыл­ды да.

«ДАТ-тың» бай­ы­рғы автор­ла­ры­ның бірі – қалам­гер Ғаб­бас Қабы­шұлы­ның бұдан бір жыл бұрын, ақпан айын­да шыққан «Тал­тү­сте тонау» деген мақа­ла­сы мен­де сақта­у­лы. Сол мақа­ла­дан бір үзінді:

  • «…Англия пар­ла­мен­тінің мүше­сі Мар­га­рет Ходж ақпан­ның 3‑і күн­гі мәжілі­сте «Жемқор­лы­ққа қар­сы күрес тура­лы» сөй­леп, Қаза­қстан­ның арам ақша­лы 28 оли­гар­хы­на санк­ция салу керекті­гін айтып, атта­рын тізіп бер­ді. Оның тең жар­ты­сы – елдің бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың әулеті. «Көш­бас­шы», әрине, Әбі­шұ­лы. Үш қызы және күй­еу бала­ла­ры: Тимур Құлы­ба­ев пен Қай­рат Шәрі­п­ба­ев, інілері: Болат Назар­ба­ев, Самат Әбі­шев пен Қай­рат Сатыбалды, ең кішілері – Дариға­ның ұлы Айсұлтан.

Назар­ба­ев­тар­дың бір ғана Лон­дон­дағы дүние-мүл­кінің сома­сы 330 мил­ли­он фунт стер­линг екен! 1 ф/с = 626 тен­ге. Кәне, шыға­рып бай­қағын, Қаза­қстан­ның неше жылғы мем­ле­кет­тік бюд­жетіне тең екен!».

Мұндағы Тимур Құлы­ба­ев­тың өзі де, әйелі Дина­ра Нұр­сұл­танқы­зы да – мил­ли­ар­дер. Еке­уінің «табыст­а­ры» бес мил­ли­ард дол­лар шама­сын­да. Мыса­лы, «газ-мұнайшы»Тимур Асқарұ­лы Құлы­ба­ев қан­дай еңбе­гі­мен шылқа бай­ы­ды? Бар­лау жұмыста­ры­мен қара тер болып жүріп, газ­дың, мұнай­дың жаңа көз­дерін тауып, олар­ды иге­рудің жол­да­рын ашты ма?

Интер­нет атты көмек­ші­міз бар ғой. Мынау тізім-мақа­ла­ны оқы­ған соң, бір «қызық» ой жаға­лап, интер­нет­тен Н.Назарбаевтың ат-атақта­ры, мара­пат­та­ры барын сұрап едім, тауып бере қой­ды. Өйдөйт! Өзі­міз­де, шетел­дер­де он бес­ке жуық көше­ге аты қой­ы­лып­ты, оннан астам ескерт­кі­ші бар. Өзі­міз, шетел­дер бер­ген атақ, сый­лық екі жүз­ден астам. Орден-медалінің саны кеше­гі ең атаққұ­мар Бреж­нев пен Хру­щев­тың алған­да­ры­нан (177+42) екі есе көп шығар. Мен бәрін санап әуре болған жоқ­пын, шолып шыққа­ным­ды айттым.

Тізім-мақа­ла­ның қосым­ша тақы­ры­бы «Под­ле­жа­щие воз­вра­ту» деп тұрға­нын көр­діңіз­дер. Сон­да кім қай­та­рып ала­ды? Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаев пен оның коман­да­сы ма? Пар­ла­мент пе? Бас про­ку­ра­ту­ра мен Жоғарғы сот па? Ата­маңыз. Назар­ба­ев қалып­та­сты­рған ескі жүйе жаңарған жоқ. Тоқа­ев – көкесінің шәкір­ті. Өзінің жар­лы­ғы­мен «Нұр-Сұл­тан қала» деп аталған қала­да ұста­зы­на биік ескерт­кіш орна­тып, оны ашқан сал­та­нат­тағы сөзі­нен бір үзінді:

«Елба­сы выдви­нул мно­же­ство меж­ду­на­род­ных ини­ци­а­тив и вывел нашу стра­ну на пере­до­вую гло­баль­ной поли­ти­ки. Весь мир зна­ет его как вели­ко­го поли­ти­ка, исто­ри­че­скую лич­ность. Нынеш­нее и буду­щее поко­ле­ние Казах­ста­на долж­ны рав­нять­ся на вели­ко­го сына сво­е­го наро­да!» (Москва­ның «Зав­тра» газеті­нен. 04.07.2021 ж.).

Сәкен ЕЛШІБЕК,

Семей қала­сы

Ресей Қазақстанға БАСЫП КІРЕ МЕ?

«Тоқаевтың тұсында мұндай қауіп жоққа тән…» – дейді АҚШ елшісі. 

Бай­ден әкім­шілі­гі Орта Ази­я­ны ойран­да­уға жол бер­мей­ді. Көр­шінің көңіліне кір­бің түсір­мей­тін Тоқа­ев­тың сая­са­ты – ел қамын ойлаған­нан туған амал. 

Қаза­қтар­дың көме­гі­мен Баты­стың бло­ка­да­сын айна­лып өткен­ді көз­дей­тін Кремль Ақор­да­ның қар­сы­лы­ғы­на тап болған. Агрес­сор­ды қол­ты­ғы­нан демей­тін­дей қазақ билі­гінің ақы­лы таяз емес…

АҚШ елшісі Дани­ель Розен­блум­мен сау­ал­дасқан Dalainside алпа­уыт елдің Қаза­қстанға қаты­сты ұста­ны­мын біл­ді. Алма­ты­да бір топ жур­на­л­испен пікір­лес­кен Розен­блум теріс­кей­ден төнетін қауіп­ке қаты­сты бой­дағы үрей мен күдік­ті сәл-пәл сей­ілт­кен­дей болды. 

«Гео­са­я­си тұрғы­да Тоқа­ев­тың “жеті жылы” ыңсыз-шың­сыз, айғай-сүреңсіз өте­ді. Ресей бүгін-ертең Қаза­қстанға басып кіреді деген қауіп­ті көріп тұрған жоқпыз. 

Ақ үйде­гі ана­ли­тиктер Кремль­дің басқан ізін аңдып отыр, олар Путин­нің аузы­нан шыққан әр сөз­ге тал­дау жүр­гі­зеді. Даб­ыл қағар­лық жағ­дай туса, Ақор­да­ны түр­лі канал­дар арқы­лы алдын ала құлағ­дар ете­міз. Ресей­дің шабуы­лға дай­ын­да­лып жатқа­нын Киев­ке де ерте бастан ескерт­кен едік. Аме­ри­ка еге­мен­дік пен аумақтық тұта­стық мәсе­лесіне сер­гек қарай­ды. Путин­нен қауіп күтетін кез кел­ген мем­ле­кет­ке кон­суль­та­ция беру­ге әзір­міз», – дей­ді елші.

Розен­блум Кремль­мен жүз шай­ы­сқы­сы кел­мей­тін Тоқа­ев­тың сая­са­тын түсі­неді. Жағра­фи­я­сын­да Ресей­мен көр­ші болу­ды жазған Қаза­қстанға көп­век­тор­лы сая­сатқа арқа сүй­е­уден өзге жол жоқ. 

«Дей тұрған­мен, Ақор­да­ның аумақтық тұта­стық пен еге­мен­дік­ке қаты­сты ұста­ны­мы айқын. ДНР мен ЛНР секіл­ді ква­зиқұры­лым­дар­ды мой­ын­да­удан үзіл­ді-кесіл­ді бас тар­тып, Мәс­ке­удің бетін қайтарды.

Санк­ция құр­са­уын­дағы Ресей­ге жәр­дем­дескен ел авто­мат­ты түр­де Баты­стың жауы­на айна­ла­ды. Тоқа­ев өз қолын өзі шап­пас болар…» – дей­ді мұның соңы жақ­сы бол­ма­сын мең­зе­ген АҚШ елшісі. 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн