Четверг , 3 июля 2025

Назгүл Қожабек: Адамның тегі ТЫМ НӘЗІК

Әр төр­тін­ші бала­ны шеше­сі жалғыз бағып оты­рған елде мек­теп оқулы­ғы­нан «Жеті ата­сын біл­ме­ген – жетесіз» деген мәтел­ді алып тастай­тын кез кел­ді деп ойлаймын.

О баста жеті ата­ның атын біліп қана қою емес, берісі – жеті ауыл­ды түген­деп жүру, ас пен той­дан қал­дыр­мау, қинал­са – көмек­ке жету, жау­гер­шілік­те қорған болу – ер-аза­мат­тың мін­деті сана­ла­тын қауым­да­сып күн кеш­кен заман­да өзек­ті болған мәтел қазір тек бала­лар­ды кем­сіту­ге себеп қана. 

– Соны­мен, бала­лар, «Жеті ата­сын біл­ме­ген – жетесіз» деген мәтел бар, ертең жеті ата­ла­ры­ң­ды айтып келіңдер.

– Апай, мен жеті атам­ды біл­мей­мін, мамам да біл­мей­ді, әкем жоқ. Сон­да мен жетесіз­бін бе?

Осы диа­лог­та мұғалім не деп жау­ап береді дей­сіз­дер? Анау заман­дағы «жете» деген сөздің не екенін түсін­діріп беру­ге екі мұғалім­нің бірінің өресі жете ме? Мен сенбеймін. 

Ал бала­лар­дың логи­ка­лық түсіні­гі бір­ден қоры­тын­ды шыға­ра­ды: «Мынау жеті ата­сын біл­мей­ді, демек, жетесіз». Бала «жетесіз» деген не екенін біл­ме­се де, әйте­уір өзі сияқты емес, анау бала «бір­деңесіз», демек, мұның өзі­нен бір­деңесі кем. 

Иә, бұл менің басым­дағы про­бле­ма. Үлкен ұл бесін­ші сынып­та оқып жүр­ген­де бір шығып еді, бүгін тағы да «мама, мен жетесіз­бін бе?» деген сұрақты естідім. Иә, жау­ап бере алма­дым. Кезін­де бала­ла­ры­ма түбін­де жеті ата­сын өзім түген­де­ту­ге тура келеді-ау деген нәр­се үш ұйы­қ­та­сам түсі­ме кір­ме­ген. Кей­ін әкесіне: «Ойбай, өзің кет­сең де, жеті атаң­ды айтып кет» деудің неме­се «неме­ре­леріңіз­ге жеті ата­сын үйретіңіз» деп, соны өзі ойла­маған ата­сы­ның алды­на бару­дың тағы қисы­нын тап­па­дым. Мен сияқты қатын – бәлен­бай миллион. 

Оның үстіне әулет­тің ақсақа­лы беру­ге тиіс тәр­би­ені, ата­лар үйре­ту­ге тиіс нәр­сені мек­теп түген­де­мей-ақ қой­сын­шы осы. Адам­ның тегі – тым нәзік нәр­се. Мек­теп­ке барған бала – рудың, әулет­тің өкілі емес, елдің кіш­кен­тай аза­ма­ты. Оған гео­гра­фия, мате­ма­ти­ка мен физи­ка керек. Жеті ата­сын түген­де­уді отба­сы­на қал­ды­ры­ңыз. Шеше­сі сәл сана­лы адам бол­са, бала ес біл­ген­ше, бір ама­лын қылар. Өйт­кені бала­сы ата­ла­сы­ның қызын алып қоя ма деген үрей жалғы­з­ба­сты ана­ның бәрін­де бол­ма­са да – көбін­де бар. Біз ол жағын қадаға­ла­у­ға тыры­са­мыз. Ондай бол­ма­са, бала өскен соң, әкесі өлген­де бір іздей­ді, сол кез­де тауып алар. Әйте­уір мек­теп­тің «жетесіз» дегенін есті­мей өссе – болды.

Иә, айт­пақ­шы. Сол «жетесіз» бала бағып оты­рған қатын­дар­дың бәрі сол бала­ла­рын жеті ата­сын білетін еркек­тен, әйт­пе­се тіп­ті жеті ата­сын білетін, тегін түген­деп жүретін, дастар­ханға бата беретін ақсақал­дың ұлы­нан тапқан. Бірақ «мен жетесіз­бін бе?» деген сұрақты өзі ғана естиді.

Comments

Қуат АДИС:

– Оқулы­ққа енгіз­ген­де­гі мақ­са­ты да бар шығар. Оның жау­а­бын мини­стр­лік пен кітап­ты құра­с­ты­рған­дар бере жатар. Алай­да осы мәтел жал­пы халық ара­сын­да қол­да­ны­ста жүр­гені дұрыс. Бала әкесіз өссе де (қан­дай жағ­дай­да да), жеті ата­сын біл­гені жөн. Өйт­кені бізді, қаза­қты ұстап тұрған осы – тек.

Жұбай­лық өмір­дің бұзы­луы­на көбіне ер аза­мат­тар кінәлі. Әсіре­се ара­да бала бол­са. Отба­сы­ның жау­ап­кер­шілі­гі бүтін­ді­гі ер аза­мат­тың мой­ы­нын­да. Әйел адам­ның бала­ны өмір­ге әке­луінің өзі ерлік. Сон­ды­қтан біз­ге бұл мәтел­ді емес, ажы­рас­қан әйел тура­лы «толық емес отба­сы», «бүтін емес отба­сы» деген ресми ата­у­лар­ды құр­ту керек. Бүгін­гі қоғам­да осы сұм­пайы сөз көп айты­ла­ды. Әсіре­се – мек­теп­те. Бұл сон­да ана мен бала­сы­на ауыр тимей­ді ме? «Сенің отба­сың толық емес» деген сөз кез кел­ген бала­ның намысын кел­тіреді ғой… 

Еркек отба­сын тастап, басқа әйел алып кет­сін, ішім­дік­ке салы­нып кет­сін неме­се басқа­дай жағ­дай­да ажы­рас­ып кет­кені­мен, шеше­сін­де қалған бала сол әкесінің тегін­де бола­ды. Өйт­кені соның қаны­нан жара­лып тұр. Оны ешкім де жоққа шыға­ра алмай­ды. Сон­ды­қтан әйел адам ажы­рас­қан соң, бұры­нғы күй­е­уі­нен қан­ша көңілі қал­са да, атарға оғы бол­май, жек көр­се де, бала­сы­на өзінің жеті ата­сын үйре­туі тиіс!

Сәкен ЕСІРКЕП:

– Көп­ке жақ­сы­лық жасаған­нан – бір­ге жаман­дық жаса­маған абза­лы­рақ. Бұл жағ­дай маған да таныс. Екі жасым­нан тек анам­ның қамқор­лы­ғын­да өскен мен үшін мек­теп­те мұғалім­нің жеті ата­мы­зды сұрай­тын кезі ауыр тиетін. Көп бала сау­сақта­рын сана­ма­лап шыққан­да, не айта­ры­ң­ды біл­мей­сің. Бәрі бетіңе қарай­ды, жаңағы мақал тағы бар. Сабақта ешкім­ге дес бер­ме­сең де, тосы­лып қала­тын сәт. Есейе келе жеті ата­ны да танып, біл­дік қой. Бірақ бала кез­де­гі сызат әлі есімде.

Назгүл ҚОЖАБЕК:

– Қуат Адис, бала­ның намысын «сенің отба­сың толық емес» деген сөз емес, бір­де-бір рет әкесі келіп, мек­теп­тен алып кет­пе­гені өлтіреді. 

Қай­рат МҰСАБЕКҰЛЫ:

– Өзіңіздің тегіңізді үйре­те беріңіз. Наға­шы жеті ата­сын айта береді әзір­ше, кей­ін ер жет­кен­де өз ата­ла­рын біліп алады. 

Онда тұрған ештеңе жоқ.

Жеті ата­сын білетін еркек­тен тап­тым деп отыр­сыз, әкең­нен не атаң­нан сұрап ал, міне, теле­фо­ны (т.б.) деу­ге не қисын керек? Жеке басы­ңы­здың про­бле­ма­сын шешу үшін, бүкіл ұлт­ты тексіз қылу – не әңгіме?! 

Тек­ті білу керек, білесің бе деп сұрау да керек – мек­теп­те де, үйде де, дала­да да.

Назгүл ҚОЖАБЕК:

– Kairat Mussabekuly, «мен­дей қатын мил­ли­он» дедім. Бала да мил­ли­он. Ондай қисы­нға сал­сақ, қаза­қтың шире­гі жетесіз қазір.

Бибай­ша БЕЙСЕТАЕВА:

– Бұл – қоғам­дағы қаны шығып тұрған про­бле­ма. Бұл – ушы­ққан шиқан­ның басы. Мек­теп­те­гі 30 бала­ның он бесінің ата-ана­сы ажы­рас­қан. Біздің қоғам жап­пай ажы­рас­у­дың қиын­ды­ғын енді сезіне баста­ды. Бұның зардаб­ын әлі бар­мағын тісте­ген­де, қаны шыға­тын­дай болып оты­рып тар­та­ды. Сол жеті ата­сы­ның ақы­лын тың­да­маған­ның нәти­же­сі осы болып отыр емес пе?

Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­дан алы­стаға­ны­мыз бізді неге алып кел­ді? Анау ауған­дық ағай­ын­дар ара­да қан­ша уақыт өткен­де, елге келу үшін жеті ата­сын түгел­деп отыр емес пе?

Сіз бала­ла­ры­ңы­зға: «Сен тек­ті ата­ның ұлы­сың, сен біздің үлкен махаб­ба­ты­мыз бен адал неке­ден туған­сың. Ата-тегің міне, біліп жүр», – деп үйретіңіз. Әрине, түсін­бес­тік бол­ды деп айтып оты­руы­ңыз керек.

  • Пікір­сай­ыс Назгүл Қожа­бек­тің ФБ-парақ­ша­сы­нан ірік­теліп алын­ды. Жаз­ба­лар­дың тыныс бел­гісі­нен басқа­сы – қаз-қал­пын­да жарияланды.

Айтпақшы

ЕКІ ӘЙЕЛІ БАР ЕКІ САТИРИК

Екі күн екі сати­рик­тің әңгі­месіне қарық бол­дым. Аста­на­дан кел­ген Көпен ағам еке­уміз бел­гілі сати­рик, әрі ком­по­зи­тор Жары­лқа­сын Дәу­лет­тің үйіне бас сұқтық. Достық рәуі­ш­те. Бай­ы­рғы қаза­қтар­дай әншей­ін-ақ бара салдық.

Рас, әуелі теле­фон шал­дық. Теле­фон шалған Көпе­кең. Әңгі­менің ұзын-ырға­сы: «Келіп қалып едім. Құди­яр қожа еке­уміз үйге кіріп-шық­сақ па деп едік…» – бол­ды. Жары­лқа­сын да осы теле­фон қоңы­ра­уын күтіп оты­рған­дай: «Онда қазан көтер­тіп, мон­шаға от жағып қояй­ын», – деді. Көпе­кең: «Олай бол­са, қона­тын шығар­мыз», – деп еді, Жары­лқа­сын тіп­ті қуа­нып кетті.

Бар­дық. Мәз­біз. Үше­уміз де. Сағы­ны­сып-ақ қалып­пыз. Мына төтен­нен кел­ген тәжта­жал адам­дар ара­сын алшақта­тып-ақ жібер­ген екен. Кез­дей­соқ қиюла­са кет­кен мына кез­де­су­ге мәре-сәре бол­дық. Сөз­ден сөз шығып, «Қал­ды­бек­ті де шақы­рып алай­ық» дестік. Алай­да ол жүре­гіне жасаған ота­дан әлі де толық айы­ға қой­маған­ды­қтан – келе алма­ды. Бол­ма­са, екі Шәуіл­дір­лік пен екі Шаян­дық тең болар едік. Тең емес, Шаян­ды­қтар басым түсер еді. Қал­ды­бек­тің қар­дай бораған әңгі­месі ара­сы­на біз сөз қысты­ра алмас едік. Оның үстіне Шаян­ды­қтар «Облыс әкі­мі шыға­тын аудан» мәр­те­бесіне қол жет­кіз­гелі, атта­ры озып тұр. Жә, ол бөлек әңгіме. 

Шәй­ла­нып отыр­мыз. Жары­лқа­сын­ның бәй­бі­ше­сі – Рау­шан­ды бұрын­нан тани­мын. Бәй­бі­ше деуім, тағы бір әйел бой көр­сетіп жүр. Жары­лқа­сын­ның сөз сап­та­уы­нан екін­ші әйелі екенін шамаладым. 

Үйлен­генін білетін­біз. Бірақ екі әйелі де бір дастарқан басын­да бас қосып жүреді деп ойла­мап­пын. Алай­да әңгі­ме бары­сын­да екі әйел­дің апа­лы-сіңлі­дей тату екенін біліп қана қой­май, бірінің бала­сын екін­шісі бауы­ры­на басқа­нын есті­ген­де, тіп­ті қай­ран қал­дым. Оған қоса Жары­лқа­сын­ның екін­ші қосағы­нан бес бала сүй­іп оты­рға­нын біл­ген­де бар ғой, аузым ашыл­ды да қал­ды. Ойнақтап жүр­ген бес бала басы­ма әрқи­лы ой сал­ды… Ой салған­да, ата-баба дәстүрі­нен жаңы­лып, өмір­ге келуі тиіс қан­ша­ма бала­ның оба­лы­на қалып жүр­гені­мізді іштей мойындадым.

Әйт­се де, Жары­лқа­сын мен Көпе­кең­де жазық жоқ. Ол еке­уі мен айтып оты­рған «обал­шы­лар» сана­ты­на қосыл­май­ды. Көпе­кең де екін­ші әйелі­нен сүй­ген Жұба­ны­шы­мен теле­фон арқы­лы ауық-ауық сөй­лесіп қояды. Мені­мен сөй­ле­стіреді. Қызы­ғып-ақ қаласың. 

Мон­шаға түстік. Ет жедік. Мен әңгі­мені «әйел шару­а­шы­лы­ғы­на» әкеліп тіре­умен бол­дым. Мен үшін бәрі қызық. Қызық емес – таң­сық. Жары­лқа­сын бол­са, баяғы­ның байы сияқты. Екі әйелін де қабағы­мен жұм­сап отыр. Тіп­ті үшін­ші­де де ойы бар-ау деп қалдым.

Жал­пы Жары­лқа­сын­ның үйін­де өткен екі күн­дік дема­лы­сы­ма риза­мын. Бір­та­лай тәжіри­бе жинақта­дым. Тағы да барамын-ау!..

Құди­яр БІЛӘЛ

  • Фото­су­рет­те оңнан – солға қарай: Жары­лқа­сын Дәу­лет, Көпен Әмір­бек және Құди­яр Біләл.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн